Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен!


Емделу және көзден сақтану ниетімен білезік не жіп тағу –



бет2/4
Дата10.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#127125
1   2   3   4

Емделу және көзден сақтану ниетімен білезік не жіп тағу – екінші топтағы серік қосу амалдары қатарына жатады. Шөл қандыру ниетімен су ішу, денсаулығын емдеу ниетімен дәрі ішу секілді, Аллаһтың табиғи құбылыстарына ешкім қарсы келмейді. Аллаһ Тағаланың заңдастырған табиғи істері, Аллаһтың Жалғыздығы сеніміне қайшы келмейді. Ал енді емге, көзге еш қатысы жоқ білезік не жіп таққаннан адам баласы сауықпайды, неге десеңіз ауруды жіберуші де оны емдеуші де Жалғыз Аллаһ Тағала. Имам Ахмадтың риуаяты бойнша Умран ибн Хусейн, р.а., Пағамбар, с.ғ.с., бір ер кісінің қолындағы білезікті көріп: «Бұл мыстан жасалған секілді», - деді де: «Пәле саған? Бұл не?», - деп сұрады. Ол кісі: «Бұл мені әлсіздіктен сақтайды», - деді. Сонда Пайғамбар, с.ғ.с., оған: «Бұл сені әлсіреткеннен басқа ештеңе істемейді. Шеш оны. Егер сен сонымен өлсең, онда ешқашан жақсылық көрмейсің2», - деді.

Бірде Пайғамбардың, с.ғ.с., сахабасы Хузефа бин әл-Яман, р.а., бір аурудың көңілін сұрап барғанда оның білегіндегі ыстығын басу үшін таққан жібін жұлып алып мына аятты оқыды: «Олардың көбі Аллаһқа иман келтірмейді. Сондай-ақ олар серік қосады» («Юсуф» сүресі, 106 аят)

Егер адам баласы сол білезікті, жіпті оның күші жоқ ол жай ғана себепші көзден аурудан, шын мәнінде бәрі Аллаһтың қолында, дейтін болса, мінеки бұл осы жағдайда екінші топтағы серік қосу қатарында болады. Ал егер адам осы білезік пен жіптердің өзіндік күші бар, десе онда ол бірінші топтағы серік қосу қатарына кіреді. Неге десеңіз, бүкіл сауықтырушы, күш беруші т.б. осы сияқты қасиеттерді Аллаһтан басқа біреуде бар деп білу, ол Аллаһқа серік қосу - бірінші топтағы серік қосу болып табылады.
Көз моншақ және тұмар тағу екінші топтағы серік қосу амалдары қатарына жатады. Пайғамбар, с.ғ.с.:«Кімде-кім тұмар және көз моншақ тағып, оны өзіне жақсылық әкеледі, не бәле-жаладан сақтайды, деп жүрегімен сенсе, онда Аллаһ, ол адамға қорғанын бермейді. Кім ұлу тас іліп, ол мені көзден сақтайды деп жүрегімен сенсе – Аллаһ оны қорғамайды», - деп айтқан. имам Ахмад Окба ибн Амир арқылы риуаят еткен. Және бір хадистерде пайғамбардың, с.ғ.с.: "Кім көз моншақ және тұмар ілсе сол Аллаға серік қосты», - деген сөздері келтіріледі. Бұның Аллаһқа серік қосу болып табылатын себебі, бұл амалда Аллаһтан басқа, бөлек біреуден (сол тұмардан, не тастан) жамандықтан сақтау жайлы өтініш, сұраныш болып тұр. Аллаһ Тағала айтты емес пе: «Аллаһ егер саған бір зиян келтірсе, сонда оны Өзінен басқа еш айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір игілік тигізсе, Оның әр нәрсеге толық күші жетуші» («әл-Анғам» сүресі, 17 аят) Бұл серік қосудың түрі жоғарыда білезік пен жіп туралы айтып кеткендей ниетіне қарай екінші топтағы серік қосу те бірінші топтағы серік қосу те болуы мүмкін.

Ал енді біздің арамыздағы үлкен мәселелердің бірі, Құран аяттары жазылған тұмарларды тағуға болады ма? Бұл сұрақта Пайғамбардан, с.ғ.с., кейінгі алғашқы мұсылмандар, ізбасарлар арасында-ақ, сондай-ақ қазіргі кездегі ғалымдардың арасында да түрлі көз қарастар бар: бірі рұқсат деп тапса, ал екіншісі рұксат емес деп санаған. Рұқсат емес, деп санағандардың ойынша тұмар тағуға тыйым, Құран аяттары түрінде болса да бәріне тиісті. Бұған дәлел ретінде олар былай дейді:



1)1Тұмар тағуға тыйым, барлық тұмарларға қатынасты, оның ішінде еш бір тұмар дараланбаған.

2) Егер Құран аяттары жазылған тұмарларды тағуға рұксат берілсе, онда бүкіл тұмарларға рұқсат беру жолы ашылады. Ал зұлымдық жолы бір ашылса, оны жӘбу өте қиын болады.

3) Егер Құран аяттары жазылған тұмарды адам тағып жүрсе, онда Құран аяттары, тұмар тағып жүрген адамдармен бірге ласты (дәретқана, монша секілді) жерлерде болады, ал бұған рұқсат жоқ.

4) Құран аяттарын тұмар етіп тағу – бұл Құранды толық бағаламаған және Құранның мағанасына қарсы келу болып табылады. Неге десеңіз, Құранды Аллаһ Тағала бізге тұмар ретінде тағып жүру үшін емес, оны бүкіл адамзатқа тура жол ретінде, ақ пен қараны айыратын басшылық ретінде жіберді.
Үшкіру, ұшықтау, аластау–бұл да екінші топтағы серік қосу амалдары қатарына жатады. Бұған сіреңкені жағып не болмаса басқа бір затты жағып адамның басын айналдырып «ұшық, ұшық», - деу, немесе түсі-ніксіз бір нәрселерді айтып адамды сумен, не болмаса басқамен үшкіру және үйдің түкпір-түкпірін отпен аластау жатады. Бұл амалдарды жасағанда, оны бір аурудан сауығу үшін, не болмаса бір пәлені кетіру үшін, не болмаса көз тимес үшін жасайды. Бұл амалдарды жасағанда олар әруақтардың атын атап, не болмаса жын-шайтандардың атын атап жатса онда бұл амал бірінші топтағы серік қосу қатарына өтіп кетеді. Әрине бұл амалдардың бәрі Аллаһқа серік қосу болып табылады.

Бірде сахабалардың бірі Абдуллаһ ибн Масғұд, р.а., өзінің әйелінің мойнында бір жіпті көріп, неғылған жіп екенін сұрады. Әйелі: «Бұл жіпке аурулардан қорғау үшін үшкіріп берген», - деді. Сонда ол әйелінің мойнынан жібін жұлып алып: «Абдуллаһтың жан ұясы Аллаһқа серік қосудан аулақ, мен Пайғамбардың, с.ғ.с.:: "Көз моншақ, тұмар, үшкіру, дуалау Аллаһқа серік қосу болып табылады", - дегенін естігенмін», - дейді. Әйелі оған: «Менің көзім тартады. Мен бір яхудиге барып ол маған көзіме бір нәрсе оқып үшкіріп бергенде, көзімнің тартуы қояды», - деді. Абдуллаһ бұған былай деп жауап берді: «Бұл шайтаннан, ол қолымен сенің көзіңді ұстағанда сенің көзің тартылып, ал яхуди саған үшкіргенде шайтан ісін кояды. Сен Пайғамбардың, с.ғ.с., мына дұғасын айтсаң: «Иә адамдардың Раббы, Аллаһ! Кеселден құтқарып сауықтыр, Сен сауықтурушысың, Сенің еміңнен жақсы ем жоқ. Кеселдің ізі де қалмайтындай етіп емде", - сен үшін осы жеткілікті болар еді», - дейді.

Бұл серік қосудың түрі жоғарыда білезік пен жіп туралы айтып кеткендей ниетіне қарай екінші топтағы серік қосу те бірінші топтағы серік қосу те болуы мүмкін.

Біз мұны мұсылмандардың Құран оқып дем салуымен шатастырмауымыз керек. Дем салуды ислам ғалымдары төмендегі үш жағдай орындалғанда рұсат берген:



Біріншіден, дем салғанда Құран аяттарының оқылуы.

Екіншіден, Құран аяттарының араб тілінде оқылуы.

Үшіншіден, дем өзінен өзі әсер етпейтінін, тек қана Аллаһтың қалауымен ғана әсер ететінін білу керек.

Дем салу – ол Аллаһтан сұрау, дұғаның бір түрі ретінде жасалады. Ал Аллаһтан сұраудың сауапты іс екенін, ғибадаттың бір түрі екенін Пайғамбардың, с.ғ.с., көп хадистерінен білеміз.


Ырым (түңілу)2бұл да екінші топтағы серік қосуға жатады. Бұның мағынасы, ол кейбір көрінген заттарды, естілген дыбыстарды және сол сияқтыларды жамандыққа жору жатады. Егер адам бір іс істейін деп жатып, оны ырым, сол ісінен қайтарса - онда ол серік қосуға кірді деген сөз. Мысалы, алдынан мысық кесіп өтіп ол сол жолдан қайтса – бұл Аллаһқа серік қосқан болады. Неге десеңіз, ол Аллаһқа шын көңілмен бой ұсынбайды. Барлық жақсылық пен жамандықты жіберуші Аллаһ емес пе? Ал, ол болса мысыққа сүйенеді (сенеді). Сонда ол мысықты, Аллаһқа серік етсе, тіпті бұл амал бірінші топтағы серік қосу қатарына шығып кетеді. Пайғамбар, с.ғ.с.: «Кімді ырым, райынан қайтарса ол Аллаһқа серік қосқаны», – деген. Пайғамбардан, с.ғ.с.: «Бұның күнәсін қалай өтеуге болады?», - деп сұрағанда, Пайғамбар, с.ғ.с.: «"Иә Аллаһ! Сенің жақсылығыңнан басқа жақсылық жоқ. Және Сенің ырымыңнан басқа ырым жоқ. Және Сенен басқа құдай жоқ", - деп айту», - деген.

Егер адам, ырымды көріп ішкі жан-дүниесі қобалжып, бәлкім қорқып, бірақ Аллаһқа тауекел етіп алған бетінен қайтпаса онда оның қобалжығанынан, не қорыққанынан оның иманына келіп-кетер зияны жоқ. Алла Тағала Өзінің Кітабында былай деді: «...Ал кім Аллаға тәуеккел қылса, сонда Ол оған жетіп асады...» («ат-Таляқ», 3 аят)

Ал енді ырымға қарсы – жақсылыққа жору рұқсат етілген. Бұл бір болған жағдайлардан бір нәрсені көріп, не естіп оны жақсылыққа жору жатады. Пайғамбар, с.ғ.с., жақсылыққа жоруды жақсы көрген. Бір хадисінде, «Пайғамбардың, с.ғ.с.: «Мен жақсылыққа болжауды жақсы көремін», - деген сөзіне: «Жақсылыққа болжау дегеніміз не?», - деп сұрағанда: «Ол – жылы сөз», - деп жауап берген.

Жақсылыққа болжауға мысал келтірсек, ол ауырып жатқан адамның. "Сен сауығыпсың", - деген сөз естіп, ол сөзді: «Мен жақында сауығады екенмін», - деп жақсылыққа болжауы жатады.


Көрер-көзге істеу1бұл екінші топтағы серік қосу. Әбу Сағид, р.а., Пайғамбардың, с.ғ.с., келесі сөздерін жеткізген: «"Мен үшін сендерге Масих Дажжалдан да қорқыныштысын айтайын ба?" Адамдар: "Айт, иә Аллаһтың елшісі",- деді. Ол: "Бұл – жасырын серік қосу: адам басқа адамдардың қарап тұрғанынан намазын әдемілеуі", - деді» имам Ахмад риуаяты бойнша

Пайғамбар, с.ғ.с., айтты емес пе: «Әр істің ниетімен байланысы бар. Адамға істеген ісінің ниетіне қарай сауабы беріледі...», деп. Көрер-көзге орындалған діни амалдың ниеті Аллаһтың ризалығы үшін емес, сол көріп тұрған адамдардың алдында мақтану болып табылады. Сондықтан, ол амалдан адамға сауап жазылмайды, сауап жазылмақ түгіл ол үлкен күнәләрдің бірі, серік қосуға кіреді. Оның серік қосу болу себебі құлшылық тек қана Аллаһқа ғана арналады. Ғибадатқа адамдардаң алдында мақтану қосылмау керек. Ал бұдан басқа жағдай, егер бір адамды жасаған ғибадаты үшін басқа біреу мақтаса, ал ол ғибадатты адам тек қана Аллаһ ризалығы үшін орындаған болса, онда біреудің мақтағанынан ол адамның иманына келіп-кетер қатер жоқ. Әбу Зарр, оған Аллаһтың ризалығы болсын, мынандай хадис жеткізеді: «Бірде Пайғмбардан, с.ғ.с., жақсылық істеп оны мақтайтын адам туралы сұрағанда, Пайғамбар, с.ғ.с.: «Бұл – тезінен келген қуаныш»,- деп жауап берген» Муслим риуаяты бойнша.


Мәңгілік өмірге арналған амалдарды осы дүние үшін жасау– екінші топтағы серік қосу болып табылады. Аллаһ Тағала Өзінің Кітабында былай дейді: «Кім дүние тіршілігін әрі оның зейнетін қаласа, дүниеде олардың еңбектерін толық береміз; сондай-ақ олар онда (осы дүниеде) кемшілікке ұшыратылмайды. Соларға Ақіретте тозақ отынан басқа еш нәрсе жоқ. Дүниедегі жасағандары жойылып кетті. Негізінде олардың істегендері босқа.» («Һұд» сүресі, 15-16 аяттар)

Діни амалдарды, осы дүниенің рахаты үшін істеу «Аллаһтың Жалғыздық» сеніміне қайшы келеді, демек оның осы ниеті араласқан бүкіл сауабты істерін Аллаһ алдында жоққа шығарады. Бұл көрер-көзге істеуден де жаман. Неге десеңіз адам мақтан үшін бір рет не екі рет ары кетсе адамдар қарап тұрған кезде ғана жасайды, ал діни амалдарды осы дүние қызығы үшін жасайтын адамның ниеті мәңгі болмаса да ұзаққа созылады. Негізінде біз бұл екеуінен де алыс болып, сақтануымыз керек.

Әбу Хурайраның, оған Аллаһтыңың ризашылығы болсын, жеткізуімен, ол мынандай әңгіме айтады: «Мен сендерге осы үйде Аллаһтың елшісі, с.ғ.с., екеумізден басқа ешкім болмағанда маған Пайғамбардың, с.ғ.с., айтып берген хадисін айтамын», - деп тұрғанда кенеттен есінен танып құлады. Есіне жиысымен және сол сөздерін қайталды да, тағыда ет бетінен орылып түскендей құлады. Осылай бірнеше рет қайталанды2. Дегенмен, сосын өз-өзіне келіп былай деді:

«Аллаһтың елшісі, с.ғ.с., маған мынаны айтып берді: "Ахірет күні бүкіл қауым тізерлеп тұрғанда Жоғары Мәртебелі Алла Тағала Өзінің құлдарына Сот жүргізу үшін түседі. Ең бірінші Оның шақырған адамдары, Құранды басынан аяғына дейін жаттаған, Аллаһ жолында өлген және көп дүниесі болған, (үш түрлі адам) болады. Аллаһ Тағала Құранды жатқа білгеннен: "Мен сені Өзмнің пайғамбарыма түсіргенге үйретпедім бе?" – дейді. Ол. "Иә Раббым!", - деп жауап береді. Аллаһ: «Сен сол Мен үйреткенмен не істедің?", – деп сұрайды. Адам: "Мен күнімен-түнімен намаз оқыдым" – деп жауап береді. Сонда Аллаһ: «Сен өтірік айтасың!", – дейді. Періштелер де оған: «Сен өтірік айтасың!", – дейді. Аллаһ оған: «Сен: «Пәленше, қари», - деп айтсын дедің – бұл сөз (өміріңде) айтылды3», - дейді.

Сосын көп дүниесі болғанды алып келеді де Аллаһ одан: "Мен сенің байлығыңды ештеңеге мұқтаж болмағаныңша көбейтпедім бе?", – дейді. Ол. "Иә Раббым!", - деп жауап береді. Аллаһ: «Сен сол берген несібеммен не істедің?", – деп сұрайды. Адам: "Мен туыстық қарым-қатынасты ұстандым және садақа бердім", – деп жауап береді. Сонда Аллаһ: «Сен өтірік айтасың!", – дейді. Періштелер де оған: «Сен өтірік айтасың!" – дейді. Аллаһ оған: «Сен: «Пәленше жомарт», - деп айтсын дедің – бұл сөз айтылды1», - дейді.

Сосын Аллаһ жолында өлгенді (шахидті) әкелдіріп, Аллаһ одан: «Сен не үшін өлдің?», – деп сұрайды. Ол: «Маған Сенің жолыңда соғыс, деп әмір берілді, мен өлгенімше соғыстым», - деп жауап береді. Сонда Аллаһ: «Сен өтірік айтасың!", – дейді. Періштелер де оған: «Сен өтірік айтасың!», – дейді. Аллаһ оған: «Сен: «Пәленше батыр», - деп айтсын дедің – бұл сөз айтылды2», - дейді.

Содан соң Аллаһтың елшісі, с.ғ.с., мені тіземнен қағып былай деді: «Йә Әбу Хурайра! Аллаһтың жаратылыстары ішінен осы үшеуімен – Ақірет күні тозақ отының жануы басталады.»
Құрамында Аллаһқа серік қосуы бар сөздер.
Аллаһтың елшісі, с.ғ.с., құрамында серік қосу бар сөздерді сөйлеуге және қалжыңдағанда Аллаһтың есімдерін, Құранды және Алланың елшісін атауға тыйым салған.
«Аллаһтың қалағаны мен пәленшенің қалағаны», - деп айтуекінші топтағы серік қосу болып табылады. Құталидан, р.а.: «Бір яһуди3 Пағамбарға, с.ғ.с., келді де: "Сендер серік қосасыңдар, сендер Аллаһтың қалағаны мен сенің қалағаның, - деп айтасыңдар, және Қағбамен ант етесіңдер", - дейді. Сонда Пайғамбар, с.ғ.с., сахабаларға – ант еткісі келетіндеріне, антты былайша: "Қағбаның Құдайымен ант етемін", сондай-ақ: "Аллаһтың қалағаны, содан соң сенің қалағаның", - деп айтуларына әмір етеді.» ан-Насаи риуаяты бойнша

Ибн Аббастан, р.а.: «Бір адам Пайғамбарға, с.ғ.с.: «Аллаһтың қалағаны мен сенің қалағаның», - деп айтқан. Сонда Пйғамбар, с.ғ.с., ол адамға: «Сен мені Аллаһқа ұқсас етіп алдың ба? Жалғыз Аллаһтың қалағаны болады,» - деген. ан-Насаи риуаяты бойнша.


«Егер де» сөзі туралы. Әбу Хурайрадан, р.а., ол Пайғамбардың, с.ғ.с., былай деп айтқанын естіген: «Өзіңе пайда беретін істе табанды болып берілме, Аллаһтан көмек сұра. Егер сен бір жағдайға тап болсаң еш уақытта: "Егер де мен осыны-осыны істесем, бұлай болмас еді...", - деп айтушы болма. Тек қана: "Бұны Аллаһ Өз қалауынша тағдыр етті", - деп айт, неге десең. "Егер де", - сөзі Шайтанның азғыруына жол ашады». Муслим риуаяты бойынша
Аллаһтың аттарымен, не тек қана Аллаһқа тән сипаттармен есімдеу жайлы. Құран кәримде және көптеген хадистерде Аллаһ Тағаланың сипаттарына қарай көптеген аттары аталған. Мысалы Рахман – Рахымды, Рахим – Мейірімді, Уаххаб – Сыйлаушы, Мужииб – Жауап беруші, сияқты т.б. есімдері бар. Аллаһ Тағалаға құрмет ретінде Алланың есімдерімен ешкімге ат қоюға болмайды. Сіздер еш уақытта сәбиіңіздің атын "Аллаһ", - деп қоймайсыз ғой, сол сияқты Алла Тағаланың басқа есімдерімен біреуге ат қоюға болмайды. Ал Аллаһтың есімдеріне "абд" деп, яғни құлы деп қосып есімдеу абзал саналады. Мысалы, АбдуЛлаһ – Аллаһтың құлы, АбдурРахман – Рахымдының құлы, АбдурРахиим – Мейірімдінің құлы , АбдурРаззақ – Ризық берушінің құлы сияқты т.б. есімдер. Бұл жөнінде Әбу Шурех, р.а. былай дейді: «Бұрын менің есімім әл-Хакам (яғни Алланың –«Үкім шығарушы», деген аты) болатын. Сонда Пайғамбар, с.ғ.с.: «Әл Хакам – ол Аллаһ және Үкім шығару Оның қолында.» – дейді. Сосын Пайғамбар, с.ғ.с., мені тұңғыш ұлымның есімімен атады, яғни Әбу Шурейх – Шурейхтың әкесі деп». Әбу Дауд
Адамды Аллаһтан басқаның құлы деп есімдеу жайлы. Мысалы, Абдуррасуль – елшінің құлы, Абдульқааб – қағбаның құлы, не болмаса АбдульМасих – Исаның құлы деген сияқты Аллаһтан өзге басқалардың құлы деп атауға болмайды. Біз сен кімнің құлысың дегенде, Аллаһтың құлымын демейміз бе. 4

Уақытты (Заманды) сөгу (яғни ұрысу)– ол Аллаһ тарапына ренжу, ашулану болып табылады. Неге десеңіз, Аллаһ бәрінің Қожасы емес пе!? Ол күнді түнмен және түнді күнмен ауыстырмай ма? Ал Оның ісіне кім сөкпек тұрмақ ренжуі мүмкін? Және бір хадистерде Пайғамбардың, с.ғ.с., былай деп айтқаны келтіріледі: «Аллаһ Тағала: "Адам баласы заманды сөгіп, Мені ренжітеді, ал Мен заманмын, күн мен түнді ауыстырамын». Бұған: "Қазір заман жаман", "Уақыт өзгеріп кетті", - деген сияқты т.б. сөздер жатады.
Желді және ауа-райын сөгу жайлы. Убай ибн Қааб Пайғамбардың, с.ғ.с., былай деп айтқанын естіген: «Желді сөкпеңдер. Егер одан ұнамайтын бір нәрсе көрсеңдер: "Иә Аллаһ, біз Өзіңнен осы желдің жақсылығын және барлық оған бұйырылғандарының жақсылығын сұраймыз, және саған осы желдің жамандығынан және оған бұйырғандарының жамандығынан Өзіңе сиынамыз", - деп айтыңдар». ат-Тирмизи риуаяты бойнша. Жел дегеніміз, Аллаһтың әмір еткен және тағдыр еткен құбылыстарының бірі. Демек желді сөгу Аллаһтың әмірін сөгу болып табылады. Егер біз барлық табиғи құбылыстарды (ауа-райы, жер сілкіну және т.б.) Аллаһ жазмыш еткен нәрселер екенін айтатын болсақ, онда оны сөгу дұрыс болмайды, ал Аллаһ Тағала оның бәрін жақсырақ біледі.

Ислам барлық көпқұдайшылдыққа

апаратын жолдарды жабады.
Ислам таза тек қана бір Аллаһқа құлшылық ету дінін әкелді. Және күпірліктің, Аллаһқа серік қосудың бүкіл түрімен күреседі. Көпқұдайшылдықпен, яғни Аллаһқа серік қосумен күрестің ең тиімді тәсілдерінің бірі, ол сол серік қосу амалдары жасалмай жатып алдын алу – соған апаратын бүкіл жолдарды жӘбу.
Пайғамбарды, с.ғ.с., дәріптеуде шектен шығу– бұл серік қосуға апаратын жолдардың бірі болып табылады. Омар, р.а., Пайғамбардың, с.ғ.с., былай деп айтқанын естіген: «Христиандардың Мариямның ұлы Исаны мадақтағандай мені дәріптеуші болмаңдар, өйткені мен тек құлмын, сондықтан да: "Аллаһтың құлы және Оның елшісі" - деңдер» Муслим риуаяты бойынша. Бұл келтірілген хадисті біз Пайғамбардың, с.ғ.с., өзінің үмметіне бағыттаған ескертуі деп қана түсінуге болмайды. Бұл ескертудің мағынасы тереңде жатыр. Мұсылмандардың Пайғамбарға, с.ғ.с., деген терең сүйіспеншілігі мен құрмет сезімі тым шектен асып кетуінен, Аллаһқа серік қосуға, тыйым салынған нәрселерге ұрынып қалудан сақтандырады. Дәріптеудің соңы – Мариям ұлы Исаны құдай деп, немесе үшеудің бірі деп шатасқан христиандардың кебін кигізуі мүмкін.

Имам Ахмад Анастан, р.а., мына хадисті келтіреді: «Бір күні бір адам Пайғамбарға, с.ғ.с., қарап: - "Иә Мұхаммад, иә біздің қожамыз және біздің қожамыздың ұлы, иә біздің арамыздағы ең жақсы және біздің арамыздағы ең жақсының ұлы!", - дей бастағанда, Аллаһтың елшісі, с.ғ.с., оны айтып тұрған жерінен тоқтатып: "Иә мұсылмандар, бұлай сөйлеуді тоқтатыңдар, мұндай іске сендерді шайтан азғырмасын! Мен Мұхаммад Абдуллһтың ұлы, Аллаһтың құлымын және Оның елшісімін. Аллаһтың атымен ант етемін, мен сендердің Құдіретті, Ұлы Аллаһтың еркімен иеленген орнымнан жоғары көтерулеріңді қаламаймын!», - деді».


Қайырымды адамдарды шектен тыс дәріптеу1бұл көпқұдайшылдыққа, яғни серік қосуға апаратын жол. Егер Пайғмбар, с.ғ.с., өзін дәріптеуде астамшылық көрсетпеңдер деген болса, онда басқа адамдар жайлы ол он жерден, не жүз жерден қайырымды болса да оларды мақтауда шектен шығу нағыз серік қосуға апаратын жол болып табылады. Жер бетінде Аллаһтан басқаға құлшылық ету Нұх қауымында қайырымды адамдарды дәріптеуден басталған. Құрандағы ол қауымның Уаад, Сууа, Яғус, Наср атты пұт құдайлары жайлы әл-Бухари Ибн Аббастан р.а. мынандай хадис келтіреді: «Бұл есімдер Нұх қауымының қайырымды адамдарының есімі болған. Артынан олар өлгеннен кейінгі қалған ұрпаққа шайтан: "Солардың отырған орындарына ескерткіш салыңдар және оларды сол адамдардың атымен атаңдар», - деп азғырды. Сонда олар оны істеді, бірақ сол ескерткіш орнатқандар дүниеден өтісімен-ақ, білімдер ұмытылып оларға (яғни ескерткіш тастарға) құлшылық ету басталды».

Енді біздің де арамызда көпқұдайшылыққа апаратын осы жолдың көп тарағанын көріп отырмыз. Оған мысал ретінде Ахмед Яссауи, Арыстанбаб, Бәйдібек ата, Домалақ ана секілді дүниеден өткен қайырымды адамдарды шектен тыс дәріптеушілерді көреміз. Сол адамдардың өлген жерлеріне мазарлар салғанда ешкім олардан қажетін сұрайды деп ойламады, тек қана соларға құрмет ретінде салды, ал енді оларға әулилердің басын аралау, деп қаншама адам оларды біз бен Аллаһтың арамыздағы байланысшымыз деп серік қосуға кірсе, ал енді бірі солардан бата тілеп, не қажеттерін сұрап серік қосу жасап жатқандарын көреміз. Және біздің арамызда ғана емес бүкіл мұсылмандардың арасындағы індеттердің бірі – ол ұстаздарын шектен тыс дәріптеу. Олар дәріптеуде ол адамдарға, Аллаһ Тағалада ғана бар сипаттарды оларда да бар дейді. Мысалы оларды ғайыпты біледі, яғни ұстазымның көріп-келдік қасиеті бар, өзінің шәкірттерін кез-келген уақытта басқа жерде болса да көреді, олар шәкірттерін өздерінің оларға Аллаһ берген нұрымен қорғайды, не болмаса біз Аллаһ Тағаладан игілікті (нұрды) тікелей ала алмаймыз оны ұстазымыз арқылы аламыз деген сияқты ойларда болу жатады. Әрине бұл бірінші топтағы серік қосу амалдарына жатады. Бұндай ойда болған адам Аллаһтан кешірім басқа ешқашан ол күнәні қайталамауға серт беруі керек.



«Мәйіт басына мүсін қою – кеңістік дәуірден қалған, Исламға және ұлттық әдет ғұрпымызға үш қайнаса да сорпасы қосылмайтын әдет» Ә. Дербісәлі
Мазарларды (яғни қабірлерді) ұлықтау2бұл Аллаһқа серік қосуға апаратын жол болып табылады. Бұл көпқұдайшылыққа апаратын жолдың түрінен ислам дініне көп қатер бар және бүгінгі күнде кеңінен етек жайған іс. Ислам діні мазарларды ұлықтауға жол ашатын мына төмендегі істерді істеуге рұқсат етпейді:

1. Мазарларды мешіт етуге болмайды. Муслим өзінің хадистер жинағында Пайғамбардың, с.ғ.с., жан тапсырар алдында былай дегенін келтіреді: «Сендерге дейін болғандар, өздерінің пайғамбарларының мазарын мешіт қылып алатын. Сендер олай істемеңдер. Мен оған тыйым саламын»

2. Мазарлар жаққа қарап намаз оқуға болмайды. Бұл дегеніміз, мазарды құбла жаққа жасауға болмайтындығы, яғни елді жерде зираттың құбла бағытында болмауы керектігі.

3. Мазарлада шырақ жағуға болмайды. Хадисте былай делінеді: «Мазарларын мешіт қылғандарға және онда шырақ ілгендерге Аллаһтың... қарғысы болады».

4. Қабірлердің үстін бейіттеу, яғни бір нәрсе салуға (тұрғызу, күмбездеу) және оның үстін гипспен жӘбуға болмайды. Бұған Пайғамбар, с.ғ.с., рұқсат етпеген.

5. Мазарларда қабірлер үстіне жазу жазуға болмайды. Жәбірдің, р.а., жеткізуімен: «Пайғамбар, с.ғ.с., қабірлерді гипспен жӘбуға және онда жазулар жазуға тиым салған» (Муслим риуаяты бойнша)

6. Мазарларды биіктетуге, көтеруге болмайды. Әлидің жеткізуімен: «Пайғамбар, с.ғ.с., оны жорыққа жіберіп жатып былай деген: "Биік қабырлерді көрсең, оны тегістемей кетпе» Муслим риуаяты бойынша

7. Мазарлардың басында мейрамдауға болмайды. Әбу Хурайра, р.а., Пайғамбардың, с.ғ.с., былай деп айтқанын естіген: «Үйлеріңді қабір сияқты етпеңдер1 және менің мазарымда мейрамдамаңдар. Мен үшін дұға жасаңдар. Сендер қай жерде болсаңдар да сендердің дұғаларың маған жетеді». Бұл хадисте мазарларда мейрамдамаңдар дегені – ол мазар басында жиналыстар жасау, онда жиналып отыру сияқты іс-әрекеттер жатады. Егер Пайғамбар, с.ғ.с., өзінің қабірінің басында мейрамдамаңдар десе, онда басқа қабырлерде тыйым бірнеше есе өседі.

Бұған мысал ретінде әулие, қадірлі адамдардың басына құрылыс жасау, күмбездер жасау - солардың басына барып сиынуға әкеліп соқтырып жатқаны бәрімізге бегілі.


Тірі жанды бейнелеу ол Аллаһтың жарату қабілетіне еліктеу болып табылады. Айша, р.а., Пайғамбардың, с.ғ.с., былай деген сөздерін бізге жеткізген: «Ахірет күні Аллаһтың жарату табиғатына еліктеген әр-бір адамын ауыр жаза күтеді» Муслим риуаяты бойынша. Ибн Аббас, Пайғамбардың, с.ғ.с., былай дегенін естіген: «Әр бір, тірі жанды бейнелеген отта болады. Және оның әрбір бейнелегеніне жан беріліп, ол оны қинайды» Муслим риуаяты бойынша. Бұл хадистерден біздің ұғатынымыз әр бір жаны бар мақұлықты2 бейнелеуге, яғни суретін салуға тыйым салынады.


АЛЛАҺТЫҢ ПЕРІШТЕЛЕРІНЕ ИМАН
Періштелер біз үшін ғайып әлем. Олар да жаратылыс, яғни оларды да Аллаһ жаратқан. Оларда үстемдік, не құдайлық қасиеттер жоқ. Аллаһ оларды нұрдан жаратып, оларға Өзінің бұйрықтарына толық бағынып, бұлжытпай орындайтын қабілет берген. Аллаһ Тағала Өзінің Кітабінда былай дейді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет