Қан айналымының реттелуі


нейрогуморальды факторлар арқылы



бет3/3
Дата31.03.2023
өлшемі25.27 Kb.
#471464
1   2   3
Журек қантамырлар жүйесінің реттелесі

нейрогуморальды факторлар арқылы реттеледі. Артерия қабырғасның бірыңғай салалы бұлшық етіне тамырды қозғалтатын жүйкенің тамырды кеңейтетін және тамырды тарылтатын екі түрі келеді.Олар тамыр арналарын тарылтуы немесе кеңейтуі мүмкін. Осы жүйке талшықтары бойынша жүретін импульстері сопақша мидың тамырды қозғалтатын орталығында пайда болады. Тамыр қабырғаларындағы жүйке ұштары қанның химиялық құрамы мен қысымының өзгеруіне әсер етіп,оларда қозу тудырады.Бұлшық еттің тамырды тарылтатын жүйкелері бойынша өтетін жүйке импульстерінің әсерінен тамыр қабырғасы жиырылады да,артерия арнасы тарылады.Қанның мүшелерге ағуы азаяды. Керісінше, жүйке импульстері тамырды кеңейтетін жүйкелер бойынша түскенде,артерия арнасы ұлғаяды да,мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі артады. Тамырлар арнасының реттелуі тамақпен немесе әрт үрлі мүшелерден секрет түрінде түсетін қандағы химиялық заттардың әсеріне де байланысты. Мысалы,бүйрек үсті безінің адреналин гормоны тамырларды тарылтады да,ал барлық мүшелерде түзілетін гистамин капиллярларды кеңейтеді. Әр түрлі мүшелердегі тамырлардың кеңеюі мен тарылуы организмде қанның қайтта бөлінуіне себепші болады. Тамырлары кеңейген сәтте жұмыс істеп тұрған мүшеге қан көп бағытталады, жасушаларына оттек пен қоректік заттар көп түседі.Ал жұмыс істемейтін мүшеге аз түседі.Мысалы,спортшылардың жаттығуы кезінде өкпелері мен жүрек бұлшық еттерінің қанмен қамтамасыз етілуі артады,ал басқа мүшелерінде азаяды. Организмнің қалыпты күйінде барлық қан айналымға түспейді, белгілі бір бөлігі қан қорында болады.Қанды қорға жинақтайтын мүшелерге көкбауыр,бауыр,тері астындағы май клетчаткасы жатады.Қансыраған кезде қан бұл мүшелерден жалпы қан ағысына түседі де,қан қысымын сақтауға мүмкіндік береді.

Жүректің нервтік реттелуі орталық нерв жүйесінен келетін нерв импульстарымен парасимпатикалық және симпатикалық нервтер арқылы іске асады. Тұңғыш рет жүрекке парасимпатикалық нервтердің әсерін 1845 жылы ағайынды Веберлер анықтады. Жүрекке келетін парасимпатикалық нервті электр тоғымен тітіркендіргенде жүректің жұмысы баяулай бастап, тоқтауға дейін барған.


Парасимпатикалық нервтердің ұшын электр тоғымен тітіркендіргендегі эффект тітіркендіргіштің күшіне байланысты. Берілетін токтың күші әлсіз болғанда жүрек етінің тартылып жиырылуы баяулай бастайды, оны теріс хронотропты эффект дейді. Онымен қатар жүрек еті жиырылуының амплитудасы азаяды, ол теріс инотропты эффект деп аталады. Электр тоғының күшін күшейткенде, жүректің жұмысы токтауға дейін барады, осы уақытта жүрек етінің қозғыштығы төмендейді, оны теріс батмотрофты эффект дейді, Жүрек етінің өткізгіштігі де төмендейді теріс дромотрофты эффект деп аталады.
Алғашқы рет жүрекке симпатикалық нервтердің тигізетін әсерін зерттеген 1867 жылы И.Ф.Цион, одан кейін И.П.Павлов болды. Жүректің симпатикалық нервісін тітіркендіргенде парасимпатиқалық нервке қарама-қарсы эффект береді. Симпатикалық нервтерді тітіркендіргенде жүректің қызметі күшейе бастайды оң хронотропты эффект, жүрек ритмі күшейместен оның етінің жиырылуы күшейеді оң инотропты эффект жүрек етінің қозғыштығы жақсарады- оң батмотропты эффект. Жүрек етінің өткізгіштігі жоғарлайды — оң дромотропты эффект.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет