Анамыздың бақиға аттанғанына төрт жыл болды. Әкеміздің қолында жеті бала



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата13.03.2024
өлшемі0.93 Mb.
#495163
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Тастамашы ана

 


 
Министрге хат 
Мен қонақтар кеткен күннен бастап өзімді қояр жер таппадым. Басымда тек бір-ақ 
ой — университет! Бірақ оған қалай түсуге болады? Қандай емтихандар 
тапсырады? Өзімді мазалаған шегі жоқ сұрақтарға жауап іздеп кітапханадағы түрлі 
журналдарды парақтап шықтым. Біреу-міреуден сұрауға батылым бармады. Сен 
шынында да сол жаққа барғың келе ме, бірақ ол жерде сені ешкім күтіп тұрған жоқ 
деп мазақтаса не істеймін?.. 
Менің ізденгенім бәрібір жемісін берді. Сол кезде тағы да бір мәселе шықты — 
университетке түсу үшін толық орта білім керек екен. Мен әлі тоғызыншы 
сыныпта оқып жүрмін. Университетке екі жылдан соң түсуге де болады ғой. Бірақ 
балалар үйінде 11-сыныпты бітіргенге дейін рұқсат берілген ешкімді білмеймін. 
Тоғызыншы сыныптан кейін барлығын техникумдар мен училищелерге жіберетін. 
Қалай істеуге болады? Бұл сұрақ маған маза бермеді. Құлағымның түбінде Гүлшат 
Әмірқызының: «Сенің орның — университетте. Сенің қолыңнан келеді...» деген 
сөзі үнемі жаңғырып тұрды. 
Мен енді балалар үйінің әлжуаз баласы емеспін. Қалай болғанда да тоғызыншы 
сыныптамын. Бұрын бізге тек үлкендер ғана тиісетін. Енді олар жоқ. Тәрбиешілер 
де қазір бізге қол көтере алмайды. Мүмкін тікелей директорға барып мені балалар 
үйінде мектепті аяқтағанымша тұрғызуын сұрасам ба екен? Егер рұқсат етпесе ше? 
Оның үстіне кәсіптік-техникалық училищеге барасың десе ше?! Жоқ! Ондай болса 
тоғызыншы сыныптан кейін құжаттарымды алып туған деревняма кеткенім артық. 
Ол жерде біздің өз үйіміз бар, мектепті аяқтағанша сол жерде тұрамын. Одан кейін 
— Уфаға кетемін! 
Бірақ көп ұзамай бізді Мавлида Нұрғалиқызының өзі шақыртты. Біз бесеу едік. 
Директордың бір қызық әдеті бар еді — ешқашан адамның көзіне тік қарамайтын. 
Бұл жолы да көзқарасы біз жақта емес, төбеде, терезе жақта болды. 

Бізге тез арада Уфаға есеп беруіміз керек, — деді ернін шүршитіп. — 
Сондықтан да сендерді шақырттым. Уақыт жоқ, жақында балалар үйінен 
кетесіңдер. Бізден қайсыңды қай оқу орнына жіберетінімізді сұрап ақпарат 
беріңдер деп жатыр. Қане, өз пікірлеріңді айтыңдар, — деп сол кезде ғана біз 
жаққа қарады. 

Мен суретші болғым келеді, — деді үшінші топтағы қыз. — Оған көркесурет 
училищесінде оқытады екен. 
Директор оған бірден жауап берді. Сөйлемей тұрып қатты күліп жіберді. 

Сен арманда, бірақ орныңды біл, — деді ол күлкісін тыймастан. — Сенде, 
әрине, сурет бойынша «бес», бірақ басқа сабақтардың бәрінен «үш» қой. 
Мен сен үшін уфалық комиссияның алдында ұятқа қалғым келмейді. 

Апай, маған мұғалім соған түс деп ақыл-кеңес берді, — деп қызарыцп кеткен 
қыз арманын қорғауға тырысты. 

Жо-жо-жоқ! — Мавлида Нұрғалиқызы орнынан атып тұрып кетті. — саған 
сондай алысқа барудың қажеті қанша? Аудан орталығындағы кәсіптік-
техникалық училищеге бар. Сурет салуды ұнатасың ба — онда бояушының 
оқуын оқы. Мен, мысалға суретші мен бояушының айырмашылығын көріп 
тұрған жоқпын. 


Сонымен, төрт түлекпен мәселе шешілді. Директор оларды аудандық училищеден 
ары жібергісі келмеді. Кезек маған да келді. 

Ал, Ілияс, сен қайда оқығың келеді? 
Мен оған өзімнің арманымды қалай жеткізетінімді білмедім. Сөздерім ауызымнан 
шығуға даяр тұр, бірақ оларды айту сондай қорқынышты. 

Сен не, тіліңді жұтып қойғанбысың? — деп Мавлида Нұрғалиқызы қолымен 
үстелді ұрып қойды. — Әлде бұлттарда ұшып жүрсің бе? 

Жоқ, — деп әрең сөйледім. 

Қайда оқуға түсесің? 
Барлығы тек маған қарады. Көздерінен байқап тұрмын, балалар да менің не 
айтатынымды тағатсыздана күтіп тұр. Не болса, сол болсын, шешімді ақырын ғана 
айттым: 

Университетте. 
Таңданысынан директор ауызы ашылған қалпы үнсіз тұрып қалды. Ол көзін менен 
басқаларға жүгіртіп, олардан қайта маған қарады. 

Міне, сен жоғары ұштың-ақ! Байқа, ешкім естімесін — күлкіге қаласың! — 
деп дәптерін үстелдің үстіне тастады да қатты күлді. Одан кейін маған 
ренішті жүзбен тқарады да қарсылықпен райымнан қайтаруға ұмтылды, — 
сендердің пікірлеріңді сұрағанымыз ол армандарыңды орындаймыз дегеніміз 
емес. Сен сияқтыларды Уфада күтіп тұр екен! Екіншіден, біз он бірінші 
сыныпты аяқтағанша ешкімді балалар үйінде қалдырмаймыз. Сен не, 
ерекшесің бе? 

Онда тоғызды бітірген аттестатымды алып өзімнің деревняма кетемін. Сол 
жерде орта мектепті аяқтаймын да... 
Мавлида Нұрғалиқызы ары қарай сөйлетпеді: 

Олай болмайды! Содан кейін сен үшін жауап беріп жүрер жайым жоқ. 
Жақында тәрбиешіңе педучилищеге түскің келетінін айтыпсың. Енді тіпті 
құтырып кеттің — университетке деп желігіп тұрсың. 

Сіз өзіңіз сұрадыңыз ғой менің арманымды, содан кейін айттым. 

Оны маған емес, білім министріне айту керек. Сондықтан мына тізімді 
тезірек жіберуіміз керек. Ал сен болсаң бұл жерде уақытты алып тұрсың, — 
деп директор ұрысуын ары жалғастырды. — Сен өзің шамаң жететін бірдеңе 
айтуың керек. Қане, университет туралы ұмыт, сені техникумға 
орналастырайық. Мысалы, электриктің мамандығы кімнен кем? 

Ешкімнен кем емес. Бірақ ол маған ұнамайды. 

Егер ұнамаса, ұнайтын болады! 
Біз директордың бөлмесінен шықтық. Ешкімнің де көңіл күйі болмады. Бұл 
әңгімеден кейін мен тағатымнан мүлде айырылдым. Егер директор шынында да 
мені техникумға жіберсе не болады! Ешкім құжаттарымды қолыма бермейді. Бірақ 


қалай болса да мен Мавлида апайдың ұсынысымен келісе алмадым. Өзің жақсы 
көрмейтін іспен қалай айналысасың? Жарайды, оқып шығып, диплом алдым дейік. 
Ары қарай? Жаным қаламайды... 
Ұйқысыз түндердің бірінде басыма бір тың ой келе қалды. Директор ана жолғы 
тізімді білім министрі талап етіп жатқанын айтып еді. Қызық, ол қандай адам екен? 
Оның да жүрегі бар шығар. Әлде министрдің өзіне хат жазып көрсем бе екен? 
Келесі күні ол жайында мұғалімдерден сұрастырып алдым. Министрліктің мекен-
жайын да тауып алдым. Ешкім ол жайында білмеуі үшін бөлмеде өзім ғана қалған 
кезде хат жазуға отырдым. Бірінші мен өзімнің кім екенімді, қайдан екенімді, қалай 
оқитынымды айтып таныстырдым. Маған қандай пәндер ұнайтынын да жаздым. 
Өзімнің университетке түскім келетін ойымның бар екенін де хабарладым. 
Директордың оған кедергі болып тұрғанын, тіпті менің туған деревняма да 
жібергісі келмейтінін де жаздым. «Орта білімді алған соң мен өз күшіммен 
университетке түсетін боламын, бірақ, сізден өтінерім — менің 11 сыныпты 
аяқтағанымша балалар үйінде тұруыма көмектесуіңізді сұраймын», — деп 
қорыттым. 
Бір ай өтер-өтпестен бізге Уфадан министрліктің өкілі келді. Сөйлесу үшін мені 
директордың бөлмесіне шақырып алды. 

Егер Ілияс осылай оқығысы келсе, қалсын, — деді әлгі әйел. — Оның 
қалауына кедергі жасамайық. Шынында да, оның қолынан келер... 
Ақырында сыныптастарым тоғызыншы сыныпты аяқтап кетіп жатқанда мені 
балалар үйінде қалдырды. Бірақ министрге жазған хатым үшін маған көп рет таяқ 
жеуге тура келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет