Қанат атаманов азия чемпионы журналистермен жүздесті



жүктеу 17.08 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі17.08 Kb.
Қанат АТАМАНОВ
АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ ЖУРНАЛИСТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Жуырда облыс орталығындағы "Жеңіс" олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жеңіл атлетикадан Азия чемпионы Татьяна Юрченко жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында жас спортшының жаттықтырушысы Петр Литвиненко Татьянаның үстіміздегі жылдың ақпан айында Қазақстан құрамасының сапында ересектер арасында жеңіп атлетикадан еткен Азия біріншілігіне қатысып, онда үздік нәтиже көрсеткендігін хабарлады. Бапкердің айтуынша, Қытайдың Ханчжоу қаласында еткен бәсі биік додада спортшы қыз екі алтынға қол жеткізген. Атап айтқанда, 800 метр қашықтықта және 4x400 метрлік эстафетада топ жарған.

Белгілі болғанындай, аталмыш біріншілікте ел құрамасы 4 алтын, 3 күміс және 2 қола медальге қол жеткізген екен. Тілшілермен кездесу барысында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенті, жеңіл атлетикадан Қазақстанның спорт шебері, жоғары спорт шеберлігі мектебінің түлегі Татьяна спортқа қалай келгені және алдағы жоспары туралы әңгімелеп берді. Оның айтуынша, спорттағы алғашқы қадамы ауыл мектебінің 7-сыныбында оқып жүрген кезінде жыл сайынғы нормативтерді тапсырудан басталған. Ал кейін айы оңынан туып, оқушылар арасында өткен спартакиададағы жеңісі оның өмірін түпкілікті спортпен байланыстыруға себепкер болған.

Өз тәрбиеленушісінің спорттық мансабындағы қол жеткізген нәтижелеріне тоқталып өткен Петр Литвиненко Татьянаның 2012 жылы Шри-Ланкада өткен жасөспірімдер арасында Азия чемпионатына қатысып, 800 метр қашықтықта үшінші орынға, ал 4x400 метрлік эстафетасында бірінші орынға түрақтағанын, өткен жылы 800 метр қашықтықта Қазақстан жеңімпазы атанғанын мақтанышпен жеткізді. Азия біріншілігінде екі бірдей алтынға қол жеткізген жас спортшы болса бапкері мен жанкүйерлерінің сенімдерін ақтап, спорт деген үлкен әлемде нық қадам басуда.



Кездесу соңында өзінің әр жаттығуын алдағы жеңістеріне бастап апаратын баспалдаққа балаған спортшы қыз алдағы жоспарларымен де бөлісті. Оның айтуынша, желаяқ қыз үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Оңтүстік Кореяда ететін Азия ойындарына қатысып, жеңістің биік тұғырына көтерілуді көздеп отыр.

// Солтүстік Қазақстан. - 2014. - 27 наурыз


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет