Қандөз ауылдық округіндегі 2013 жылы атқарылған жұмыстары жайлы қысқаша мәлімет Елбасының «Қазақсан 2050»



Дата25.02.2016
өлшемі59.04 Kb.
#22895
Қандөз ауылдық округіндегі 2013 жылы атқарылған жұмыстары жайлы қысқаша мәлімет
Елбасының «Қазақсан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа бағыты атты жолдауында айтылғандай жергілікті және мемлекеттік басқаруға аса мәнберіліп отырғанын айта келе, қазіргі таңда барлық әкімдердің атқарған жұмысына тоқсан сайын есеп беруі еліміздегі елбасы саясаттың оң бағыты екенін барлықтарыңыз жақсы білесіздер. Сол себепті Қандөз ауылдық округіндеде 2013 жылы атқарылған жұмыстың нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар.

Қазіргі таңда Қандөз ауылдық округі 3 елді мекеннен тұрады. Олар Қандөз, Қалғансыр, Қашқанкөл ауылдары. Округтің жалпы жер көлемі 8689, оның ішінде ауылшаруашылығы мақсатындағысы 2043га

Округ бойынша 253 отбасында 1511 халық тұрады. Олардың арасында 1 Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген, 1 Чернобль апатына қатысушылар бар. Сондай-ақ 10 «Батыр ана», 38 «Алтын алқа», 22 «Күміс алқа» иегерлері тұрады.

Ауыл халқының негізгі кәсібі мал мен егін шаруашылығы. Сонымен қатар мал шаруашылығымен айналысатын «Бердібек» шаруа қожалығы бар.

Тағы айтыла кететін мәселе малдың барлығы сырғаланып, таңбаланып дәрі-дәрмек егу іс-шара жұмыстары жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Ауылдық округ бойынша жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтар есепті жылы ауыл шаруашылық дақылдарын егіп тиісті өнімін алды. Округ көлемінде ауыл шаруашылық дақылдарын егумен айналысатын «Алға», «Божбан», «Айтжан» шаруа қожалықтары әлеуметтік жұмыс орнына азмаматтарды тартып, аудандық жұмыспен қамту орталығы және өз есептерінен 6 азамат-азаматшаларға 6 айға жалақы беріп, зейнетақы қорларына аударымдар жасады.

Округтің қамтуында №240 Ғ. Мұратбаев атындағы 1 орта мектеп және мектеп ішінде 20 балалық шағын орталық, мектепке дейінгі бүлдіршіндерді тәрбиелейтін №22 «Балдырған» атты бала-бақша жұмыс жасайды. Мектепте 44 жоғары білімді ұстаздар 355 оқушыға білім береді. Мектеп жанынан 20 балаға арнап интернат ашылған және толық дәрежеде жұмыс істеп тұр. 2012-2013 оқу жылында25 оқушы мектеп бітіріп, оның 13 оқушысы Ұлттық Біріңғай Тестілеуге (ҰБТ) қатысып, орташа 73,7 % білім деңгейін көрсетті. 7 оқушы білім грантына ие болды.

№22«Балдырған» Қандөз елді мекенінің халқы үшін қалыпты жұмыс атқарып келеді. 50 бүлдіршінді 2-топқа бөліп тәрбие берсе, оларға 3 мезгіл тамақ ұйымдастырылған. «Балапан» бағдарламасы бойынша сабақ жоспарын жүргізіп, даталы мерекелерді атап өтуді дәстүрге айналдырған.

Былтырғы жылға дейін 20 төсектік жаңа типтегі Қандөз ауылдық ауруханасы 3 ауылдық округтің халқына медициналық қызмет көрсетіп, халықтың ризашылығын алып келген. Қазіргі кезде 10 төсектікке айналып отыр. Оның өзі де күндіз ғана жұмыс жасайды, сонда науқас адамды күнде жетектеп алып барып, алып қайтуы керек. Статсанарға жату үшін ауданға барып жолдама алып келуі керек. Осы жағы қиындық келтіріп отыр....

Қандөз елді мекенінде АТС байланысы толығымен сандық жүйеге көшіріліп, сиымдылығы 128 нүктеге жеткізілді, оның 8 нүктесі мекемелерге орнатылса, 120 нүктесі жеке тұрғындарға қойылған және қала аралық байланыс жақсартылып, қызмет көрсету аясы едәуір жақсарды. Осыған қоса «Beeline» ұялы телефон қондырғысы мен «Kcell» телефон қондырғысы орнатылып, халық игілігін көруде. Сондай-ақ Қаратөбе аулына орнатылған желісіз телефон СДМА телефон мұнарасы арқылы, ауыл тұрғындарына қосымша 108 телефон нүктесі қойылды, оның ішінде Қалғансыр елді мекеніне 17, Қашқанкөл елді мекеніне 8 телефон нүктесі жұмыс істеп тұр. Бір сөзбен айтқанда телефон байланысы толық шешімін тапқан. Сондай-ақ «Хабар», «Қазақстан» және «Қазақ радиосы» толқындарын тарататын антена жұмыс істейді. Қазіргі таңда облыс тұрғындарына ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тарату желісі арқылы 37 Қазақстандық телеарна тегін көрсету мүмкіндігі қарастырылған, ауыл тұрғындары арасында әкімгершілік тарапынан ықпал жасалып, осындай қабылдағыштар 37 үйге орнатылды .

Ауыл кітапханасында 8929 дана кітап қоры 345 дана кітапқа толығып, 9274 данаға жетіп отыр. Ауылдық клубта 2 қызметкер жұмыс жасайды. №240 мектептің және ауыл жастарының, ауыл азаматтарының көмегімен түрлі мәдени шаралар өткізілді. Мысалыға 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде іс шара ұйымдастырылып, Қандөз ауылдық округі әкімгешілік демеушілігімен 85 ана, қыз-келіншектерге сый-сияпат жасалынды. 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнінде ауылдағы жеке кәсіпкер Адырбеков Қайраттың демеушілігімен «Армысың - әз Наурыз» тақырыбында іс-шара өтіп, «Арқан тарту», «Күрес», «Қол күрес», «Алтыбақан тебу», «Кір тасын көтеру» т.б, халқымыздың құндылықтарын насихаттайтын ұлттық ойындарға ұласып жоғарғы дәрежедегі көрсеткішті көрсетті. Тағы басқа да ауыл азаматтарының демеушілігімен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» мақсатында спорт ойындарынан жарыстар өткізілді.

Жергілікті бюджеттен абаттандыруға 1000,0 мың тенге қаржы бөлініп, оған Қандөз ауылдық округіне қарасты Алмалы көшесіне тас төселіп жаңартылды.Сонымен қатар республикалық және жергілікті бюджеттен 14816,0 теңге бөлініп, оған Ғ.Мұратбаев және Б.Сейілбеков көшелерінің 1км 580 метр жері орташа жөндеуден өтті.

2013 жылы Қандөз ауылдық округіне бөлінген қаржыны толығымен игеріп, өз дәрежесіндегі жұмыстар атқарды.

Есепті мерзімде 5 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, 139,5 мың тенгенің жұмысы атқарылды.

Күнделікті халық тұтынатын товарларды сатумен айналысатын 4 жеке кәсіпкер және 1 монша қызметі тіркелген. Биылғы жылы ауылдық округ көлемінде өткізілген іс-шараларға және тұрмысы төмен отбасыларға, облыстық, аудандық жәрмеңкелерге жеке кәсіпкерлермен азаматтар атынан демеушілік көрсетілді. Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясы бойынша тұрмысы төмен отбасыларға жеке азаматтар атынан демеушілік көрсетіліп мектепке қажетті құрал-жабдықтар алып берді. 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы тұрмысы төмен көп балалы 5 отбасына сый-сияпат жасалды. Тағы да тұрмысы төмен 2 отбасына ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тарату желісі «Отау тв» спутниктік антеннасы тегін құрылды.

Елбасымыздың қолдауымен қазіргі таңда «Жастар біздің - болашағымыз» атты ұранмен жастарға қолдау көрсетіліп жатыр. Болашақта елдің өркендеуіне жастардың қосар үлесі көп. Сол себепті бізде ауылымызды көркейту үшін жастарға қолдау көрсетуіміз қажет. Сондай қолдаудың бірі елбасының «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2012 жылы ауыл жастарының 5-уі алғашқы көтерме жеңілдігін алса, 2013 жылы ауылдық дәрігерлік емхананың аға дәрігері Сыздықова Мерей тұрғын үй алу үшін 2 300,0 мың теңге көмегін алды.

Елбасының сардарлы саясаты арқылы ауыл халқының арасында жұмыссыздықты азайту үшін қолдан келген барлық іс-шараларды жасауымыз керек. Мысалы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша ауылымызда көшелерді орташа жөндеу жұмыстарына ауылымыздың 5 азаматын жұмысқа тарттық. Сонымен қатар «Жұмыспен қамту - 2020» бағрдарламасының ІІ бағыты бойынша 2012 жылы 1 азамат  500,0 мың теңге несие алып өз кәсібімен айналысуда, ал 2013 жылы 4 азамат 2 450 ,0 мың теңге несие алып кәсіптерін жандандыруда.

Ол азамататар


  1. Жанибеков Бекхайыр – 400,0 мың теңге

  2. Сәрсенов Бауыржан – 700,0 мың теңге

  3. Еримбетов Серік – 900,0 мың теңге

  4. Қарымбаев Дүйсенбай – 450,0 мың теңге жеңілдетілген несие алып мал шаруашылығымен айналысы, мал басын көбейту жұмыстарымен айналысып жатыр.2014 жылға дакәсіпкерлікпен, шаруашылықпен айналысатын азамат-азаматшалардың несие алуына әкімгершілік тарапынан жоғарғы мекемелерге ұсыныс берілуде

Қандөз елді мекенінің орталық көшелері арқылы 1,9 км жерге су құбыры тартылған. Ал, аяқ су мәселесі көптеп шешімін таппай келе жатқан күрделі мәселе. Жыл сайын айтылып жүр, көп қаржыны қажет ететіндіктен әзірге мүмкіндік болмай отыр. Бірақ ауыл тұрғындары қарап отырған жоқ, өз күштерімен аулаларынан баспа насос қаздырып есік алдарын көгертіп келеді. Аяқ су мәселесі бойынша 2013 жылы ауылымызды көркейту-көгалдандыру үшін СНП -500/10 жылжымалы су насосы алынды. Биылғы жылдан бастап халықты біріктіріп осы су насосы арқылы аяқ су мәселесін ретке келтіреміз.

Дегенмен ауылдық округ көлемінде әлі де атқарылатын жұмыстар баршылық. Атап айтар болсақ:

1. Электр қуаты тартылған жарамсыз электр бағаналарын жаңадан орнату жөнінде тиісті орындарға ұсыныс енгізу.

2. Ауыл әкімшілігінің өз кеңсе ғимараты жоқ. Қазіргі таңға дейін бұрынғы шаруашылықтан қалған, қазір жеке тұлғаға тиесілі, тозығы жеткен ескі ғимараттың бір шетінде жұмыс жасап отыр. Оған қоса ауылдық кітапхананың да бөлмесі осы ғимаратқа тәуелді. Жылу жүйесі де жоқ. Уақыт талабымен жұмыс ырғағына сай қызметкерлердің жұмыс жасауға мүмкіндіктері шектеулі. Бұл мәселе осыған дейін де бірнеше рет көтеріліп, оң шешімін таппай келе жатқан ауқымды мәселе.

3. «Қазпошта» байланыс бөлімшесі орналасқан әбден тозығы жеткен үйдің орнына жаңа пошта үйінің салынуына қозғау салу.

4. Ауылдың аяқ су мәселесін түбегейлі шешу мақсатында, егер Сырдаия өзенінің су деңгейі жақсы деңгейде ағатын болса, бұрынғы Көктөбе елді мекені арқылы келетін каналды мамандармен пікірлесіп, тиісті мекемелердің тексеруінен өткізіп, аяқ судың ағып келу мүмкіндігіне көз жеткізу арқылы каналды іске қосу үшін жұмыс жасау.



Алдағы уақытта өзімізге жүктелген жұмыстарды түбегейлі атқарып, ауылдық округтің заман талабымен өсіп өркендеуіне лайықты жұмыс жүре береді деп сендіремін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет