Андрон мәдениеті — қ


Қарахан мемлекеті X ғасырдың ортасында Жетісу мен Шығыс Түркістанның (



бет53/56
Дата04.03.2024
өлшемі214.29 Kb.
#494212
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Қазақстан тарихы

Қарахан мемлекеті
X ғасырдың ортасында Жетісу мен Шығыс Түркістанның
(
Қаштар) аумағында әлеуметтік қүрылымы салыстырмалы түрде
мейілінше дамыған, өзінен бүрынғы мемлекеттік қүрылым-
дардың көптеген ерекшеліктерін іріктеп алған Қарахан мемлекеті
пайда болды. Осыдан бастап түркі тайпалары қаған титулын мүра
еткен рудың жоғары мәртебесін ғана мойындап, оған бүрын
болып көрмеген жеке билік тізгінін берді. Орта Азия мен
Қашғариядағы жаңа түрік империясының бастамасы ғылымда
Қарахандар мемлекеті атауымен белгілі. Онда билік IX ғасырда
қүрылған екі тайпалық одақтың - чигили мен ягманың
ақсүйектері арасында бөлінді. Сырт көзге жеке-жеке кағандар
басқаратын батыс және шығыс болып екіге бөлінген тәрізді
көрінді. Жаңа мемлекет билеушісінің бірі Сатүқ Боғра хан
Абдол-Керім есімін алып, 960 жылы ислам дінін қабылдап,
Дослан Қарахан титулын алғаннан кейін мемлекет Қараханидтер
деп аталды. Бас қағандық шығыс қағанының қолында болды,
оның ордасы Қашғарда және Баласағүнда (Қырғызстанда
Тоқмақ қаласына жақын мандаты Боран) орналасқан. Чигили
тайпасынан шыққан ол Боғра Қара-хан титулын иемденіп,
Таразды, кейін Самарқандты ордасы етті. 893 жылы қарахандар
мен саманилер арасында Орта Азиядағы билік үшін талас болды,
бүл күрес саманилердің толықтай тізе бүгуімен аяқталды. Орта
Азия толығымен қарахан иелігіне өтті.
. айдаумен жиі айналысты, ал жатақтар қыстақтарда егін
шаруашылығына қатысты шаруаларға көмектесті. Шаруашылык.
өнімдерін айырбастау барысында олардың өзара қарым-қатынасы
күшейді. Қарахан мемлекеті алғашқы кезде түрік қағанатының
дәстүрлерін жалғастырғанымен, оны экономикалық және
әлеуметтік түрғыда қайталауды жөн көрмеді. Саяси жүйе
Орталық Азиядағыдай емес өзгеше түрде пайда болып,
қалыптасты. Мүнда пайда болған әуелгі феодалдық әскериленген
қүрылымы (иқта) жаңа ақсүйектер тобын дүниеге әкелді, ол Орта
және Алдыңғы Азияның түрік империясында жедел әрі толық
дами бастады.
ОғыздарМафазат әл-гузз (Оғыздар даласы) оғыздар мемлекеті IX
ғасырда Сырдарияның ортаңғы және төменгі ағысында, Арал
маңы мен Батыс Қазақстанның кең даласында пайда болды.
Оғыздар коптеген рулық бөлімдері бар тайпаларға бөлінді,
айталық, X ғасырда тайпаларының саны 22-ге жетті. «Диуани
лүғат ат түрк» шығармасында оғыз тайпаларының мынадай
тізімдері келтіріледі: қынық, баяндүр, ива, салур, афшар, бектілі,
букдүз, баят, язгыр, имур, қарабүлақ, игдыр, урегир, тутырка,
ула-йондулуг, тюгер, джебни, беджене, джувулдар, джаруклуг.
Оғыздар қүрамына негізінен арал-каспий аймағының ежелгі
түркіленген түрғындары, сонымен қатар Жетісу мен Сібірдің
көшпелі түрік тайпалары мен рулары енді. Оғыз тобының негізі
Жетісуда қалыптасты, бірақта түрік империясы қүлағаннан кейін
батысқа қарай жылжу процесінде Орталық және Батыс
Қазақстанның көшпелі түрғындары есебінен толықты. Әсіресе
далалық жерде орналасқан оғыздар арасында монголоидтік түр
басым болды, дегенмен олардың ішінде еуропеоидтық-
монголоидтық түрлерде кездесті.
Әл-Масуди: «Түріктердің ішіндегі ең бойы аласалар да, ең
көзі қысықтары да оғыздар» деп жазды. Ортағасырлық авторлар
олардың бетінде сақал-мүрты сирек және жалпақ мүрынды
екендіктерін келтіреді. Батыс Қазақстандағы оғыз қорғандарынан
табылған бас сүйектер олардың моңғолдық түрге де, еуропалық
түрге де жататынын дәлелдейді. Ең жедел түрдегі этникалық
ассимиляция процесі ең алдымен Орта Азияның оңтүстік-шығыс
аймақтарындағы оғыздардың арасында жүргені анық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет