Анықтамалық ақпарат Нақты материал кітабына берілген түсініктемелер



жүктеу 165.88 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі165.88 Kb.

Анықтамалық ақпарат

Нақты материал кітабына берілген түсініктемелер

Жалпы бөлімі


Осы Нақты материал кітабына қатысты мынадай анықтамалар қолданымды (егер жеке түсініктеме арқылы басқасы белгіленбесе):

– АҚШ долларының орташа сараланған бағамы – есептеу шарттары мен әрекет ету тәртібі "Шетел валюталары индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында белгіленген (http://www.kase.kz/files/normative_base/ind_currency.pdf), шетел валюталарының биржалық нарық индикаторы;

– сауда-саттық көлемі – нарықтың қандай да бір секторындағы немесе секторларындағы мәмілелердің жиынтық көлемі, бұл ретте репо операциялары мен валюталық своп нарықтарындағы сауда-саттық көлемі осындай операциялардың ашылу мәмілелері бойынша есептеледі;

– биржалық айналым – нарықтың қандай да бір секторындағы немесе секторларындағы мәмілелердің жиынтық көлемі, бұл ретте репо операциялары мен валюталық своп нарықтары бойынша осындай операциялардың ашылу мәмілелері және жабылу мәмілелері есептеледі.

Биржалық нарықтың түрлі секторларындағы сауда-саттықтар көлемі мен биржалық айналымның АҚШ долларындағы баламасы, аталмыш көрсеткіштердің есебіне кіретін, әрбір мәмілені жасасу күнінде KASE таңертеңгілік сессиясында қалыптасқан теңгенің АҚШ долларына орташа сараланған бағамы бойынша есептелген.

Акциялар және акционерлер


1 кесте. 2011 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша KASE акционерлернің тізімі

2010 жылы KASE акционерлері атанған тұлғалар қанат белгісімен белгіленген.

2011 жылдың 01 қаңтарына Биржада 5,0 млн жарияланған акция тіркелді, олардың ішінен 515 043 акция орналастырылды.

KASE мүшелері


5 кесте. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің саны

2010 жылдың 13 қаңтарынан бастап "Мүшелік туралы қағида" атты KASE ішкі құжатына енгізілген түзетулер өз күшіне енді, оларға сәйкес KASE-дегі мүшелік санаттарының жүйесі өзгертілді. Осыған орай, кестедегі мәліметтерді салыстыру есептік жылдың басына емес, 2010 жылдың 13 қаңтарына келтірілген.


2010 жылғы Қазақстан биржалық қаржы нарығының статистикалық сипаттамасы


6 кесте. Соңғы 10 жылдағы биржалық нарық құрлымының динамикасы (млрд USD) және Қазақстанның ЖІӨ-дегі биржалық сауда-саттықтардың үлес салмағы

Қорытынды жолда көрсетілген жылдардағы сауда-саттық көлемі жиынтығының Қазақстан ЖІӨ-не арақатынасы келтірілген. Биржалық айналым туралы мәліметтер анықтамалық мақсаттарда, сондай-ақ тек биржалық айналымды ғана жариялайтын, 2000-2007 жылдардағы KASE есептерімен салыстыру үшін келтірілді.



8 кесте. Структура объема биржевых торгов в 2010 году (млн USD, %)

Үлестік бағалы қағаздар мен борыштық корпоративтік бағалы қағаздар қайталама нарығының сауда-саттығы көлемінде эмитенттердің бағалы қағаздарды орналастыруы (немесе сатып алуы) бойынша мәмілелер көлемі теориялық тұрғыдан болуы мүмкін, егер де мұндай мәмілелер KASE-де сатып алу-сату секторында жасалған және сауда-саттық қатысушылары оларды бастапқы нарық мәмілелер ретінде тіркемеген болса.

Кестеде сауда-саттық көлемі бойынша мәліметтер келтірілген. Бұл репо операциялары мен валюталық своп операцияларының тек ашылу мәмілелер бойынша ғана есептелетінін білдіреді.

Үлестік бағалы қағаздар


Осы бөлімдегі тақырып атауында және бұдан әрі бағалы қағаздар деп, кестелерде немесе суреттерде көрсетілген даталарда және/немесе кестелерде және/немесе суреттерде көрсетілген кезеңдерде KASE ресми тізімінің "акциялар" және "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторларында тұрған, сондай-ақ, егер өзгесі жеке түсініктермен көрсетілмесе, "Бейлистингілік бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілген бағалы қағаздарды айтамыз.

9 кесте. 2011 жылдың 01 қаңтарындағы KASE тізімі

Кестеде келтірілген әрбір үлестік құралдардың соңғы бағасы осы құрал үшін соңғы нәтижелі сауда-саттық күні арасында (тақырып атауындағы кестеде көрсетілген күнге дейін) Биржа сауда жүйесінде аталмыш құралмен жасалған, мәмілелер бойынша есептелген орташа сараланған баға болып табылады.

Эмитенттің KASE-дегі нарықтық капитализациясы "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатының 3 бабы 4 тармағына сәйкес (http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf) есептеледі. Алынған мәндер аталған KASE ішкі құжатының 3 бабы 5 тармағының 1) тармақшасына сәйкес АҚШ долларына ауыстырылды. Бұл ретте, егер KASE ресми тізіміне қандай да бір эмитенттің тек қана артықшылықты акциялары ғана енгізілген болса, мұндай эмитенттің KASEдегі нарықтық капитализациясы есептелмейді.

Эмитенттің нарықтық капитализациясының көрсеткіші осы эмитенттің жай акцияларына жауап беретін, құралдар жолында кестеде жарияланады.



10 кесте. 2010 жылғы KASE тізіміндегі өзгерістер

Жаңа эмитент деп үлестік бағалы қағаздары бұрындары KASE ресми тізімінде ешқашан болмаған, компанияны айтамыз, ал бірінші листинг деп ешқашан KASE-нің листингілік компаниясы болмаған, эмитенттің үлестік бағалы қағаздары листингін айтамыз.



12 кесте. KASE тізімінің салалық құрылымы (нарықтық құны бойынша акциялар)

Кестені әзірлеу үшін MSCI Barra және Standard & Poor’s "Global Industry Classification Standard" (GICS®) салалық классификаторы қолданылды. Бағалы қағаздары кестеде көрсетілген даталарда KASE ресми тізімінің "акциялар" секторында тұрған, компаниялар жоғарыда аталған классификатор критерийлеріне сәйкес экономиканың қандай да бір салаларына жатқызылды.

Экономиканың әрбір секторы үшін осы секторға жатқызылған компаниялардың барлық орналастырылған (эмитенттің өзі қайта сатып алған акцияларды қоспағанда) акциялардың жиынтық нарықтық құны есептелген болатын. Есептеулер "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатының 3 бабы 4 тармағына сәйкес (http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf) теңгемен жүзеге асырылды.

Алынған мәндер аталған KASE ішкі құжатының 3 бабы 5 тармағының 1) тармақшасына сәйкес АҚШ долларына ауыстырылды.



13 кесте. 2010 жылғы KASE-дегі үлестік бағалы қағаздар сауда-саттығының көлемі (айлар, тоқсандар және секторлар бойынша)

"Орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар" ІРО, яғни арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар әдісі арқылы шектелсіз тұлғалар үшін листингілік компаниялардың акцияларын KASE сауда жүйесінде орналастыру болып табылады. "Өзге сауда-саттықтарға" арнайы сауда-саттықтар әдісімен KASE сауда жүйесінде жасалған, қайталама нарықтың орындалған мәмілелері жатады. "Регламенттік сауда-саттықтар" бағаналарында KASE СЖ-де үздіксіз кері аукцион әдісімен, сондай-ақ тікелей мәмілелерді жасау әдісімен жасалған, орындалған мәмілелердің жиынтық көлемі келтірілген.



14 кесте. 2009 жылғы KASE ресми тізімінің санаттары бойынша үлестік бағалы қағаздардың сатып алу-сату мәмілелерінің көлемін бөлу

Кестені әзірлеу кезінде биржаның өткізген арнайы мамандандырылған сауда-саттығы шеңберінде жасалған мәмілелер, сондай-ақ тұрақсыз сипаттағы аса ірі мәмілелер есептемеді.



15 кесте. 2009 және 2008 жылдардағы үлестік бағалы қағаздар нарығы бойынша салыстырмалы статистикалық мәліметтер

Кестенің "Нарықтық мәмілелер" бөлімінде KASE-де үздікстіз кері аукцион әдісімен сатып алу-сату секторында жасалған, орындалған мәмілелер бойынша (сату, орналастыру немесе бағалы қағаздарды қайта сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар шегінде жасалған, мәмілелерді қоспағанда) мәліметтер келтірілген. Аталмыш сектор әдетте қайталама нарықтағы сауда-саттықтар үшін қолданылады. Алайда мұнда эмитенттердің бағалы қағаздарды орналастыруы бойынша мәмілелер де жасалуы мүмкін. Егер мұндай мәмілелерді сауда-саттық қатысушылары бастапқы нарық мәмілелері ретінде тіркемесе, Биржа оларды жеке статистикалық топқа бөле алмайды.

Кестенің "Тікелей мәмілелер" бөлімінде KASE–де тікелей мәмілелер жасау әдісімен сатып алу-сату секторында жасалған, орындалған мәмілелер бойынша мәліметтер келтірілген. Аталмыш сектор әдетте қайталама нарықтағы сауда-саттықтар үшін қолданылады. Алайда мұнда эмитенттердің бағалы қағаздарды орналастыруы бойынша мәмілелер де жасалуы мүмкін. Егер мұндай мәмілелерді сауда-саттық қатысушылары бастапқы нарық мәмілелері ретінде тіркемесе, Биржа оларды жеке статистикалық топқа бөле алмайды.

Кестенің "Арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар" бөлімінде KASE–де өткізілген, арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар аясында жасалған, орындалған мәмілелер бойынша мәліметтер келтірілген.



3 сурет. 2010 жылғы сатып алу-сату секторында үлестік бағалы қағаздармен жасалған биржалық мәмілелер жеке түрлерінің көлемі мен үлесі

Бағалы қағаздарды сату, орналастыру және қайта сатып алу бойынша Биржаның өткізген арнайы мамандандырылған сауда-саттығы шегінде жасалған мәмілелер, сондай-ақ тұрақсыз сипаттағы аса ірі мәмілелер есебінсіз, орындалған мәмілелер бойынша мәліметтер келтірілген.



16 кесте. 2009 және 2010 жылдардағы KASE-дегі акциялар сауда-саттығы көлемінің салалық құрылымы

Кестені әзірлеу үшін MSCI Barra және Standard & Poor’s "Global Industry Classification Standard" (GICS®) салалық классификаторы қолданылды.

Кесте тиісті кезеңдерде KASE СЖ-де жасалған (арнайы мамандандырылған сауда-саттығы шегінде жасалған мәмілелер, сондай-ақ тұрақсыз сипаттағы аса ірі мәмілелер есебінсіз), акцияларды сатып алу-сатудың орындалған мәмілелерінің жиынтық сомаларының негізінде құрастырылды.

Кестедегі сұрыптау 2010 жылдағы акциялар сауда-саттығының көлеміндегі сала үлесінің мәні бойынша орындалды. Анықтамалық ақпарат ретінде кестеде 2010 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша KASE ресми тізімінің салалық құрылымы келтірілген.



18 кесте. 2009 жылғы KASE қайталама нарығындағы ең өтімді акциялар ондығы

Кестені құру үшін "Бағалы қағаздар өтімділігі көрсеткішін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес (http://www.kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf) кесте атауында көрсетілген кезеңге әрбір атаудағы акция үшін өтімділік көрсеткішінің мәні (Kl) қолданылған.

Кестедегі сұрыптау Kl мәнінің төмендеуі бойынша орындалды (неғұрлым Kl жоғары болса, соғұрлым өтімділігі жоғары, және, тиісінше, кестедегі жайғасымы жоғары).

19 кесте. 2008 және 2009 жылдары KASE-дегі акциялармен сауда-саттықтардың инвесторлардың негізгі санаттарының разрезіндегі брутто-айналым

Кестеде келтірілген мәндер сату, орналастыру және қайта сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтарда жасалған мәмілелерді қоса, акцияларды сатып алу-сатудың орындалған мәмілелері көлемі бойынша есептелген мәндер келтірілген. Бұл ретте арнайы мамандандырылған сауда-саттықтардағы акциялардың жалғыз сатушысының (немесе сатып алушының)1 жайғасымы алынып тасталды. Бұған қоса, есептен тұрақсыз сипаттағы аса ірі мәмілелер алынып тасталды.



20 кесте. 2009 жылғы акциялардың биржалық қайталама нарығының ең белсенді операторлары ондығының рэкингі

Рэкинг ""Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерінің белсенділік көрсеткішін есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес (http://www.kase.kz/files/normative_base/members_activity.pdf) құрастырылды.



21 кесте. 2011 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша KASE индексінің өкілеттілік тізімі

– free-float – "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатының 5 бабы 7 тармағына сәйкес (http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf) есептелетін, кестенің тақырыбы атауында көрсетілген датаға еркін айналыста болған, осы атаулыдағы акциялар үлесі.

– free-float құны – кестенің тақырыбы атауында көрсетілген датаға еркін айналыста болған, осы атаулыдағы акциялардың жиынтық нарықтық құны.

– Акциялар құнынындағы үлесі – қажет болғанда шектеуші коэффициентпен шектелетін ("Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатының 8 бабы), KASE Индексінің өкілеттілік тізімінде тұрған, барлық атаулыдағы акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы осы атаулыдағы акцияның жиынтық нарықтық құнының үлесі.



22 кесте. 2011 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша KASE Индексінің өкілеттілік тізіміне кіретін, акциялардың бірқатар сипаттары

Бір жылғы бағасының өзгеруі – кестеде көрсетілген атаулардың әрқайсысы үшін 2010 және 2009 жылдары соңғы нәтижелі сауда-саттық күні қалыптасқан, орташа сараланған бағалар арасындағы айырмашылығы пайызбен көрсетілген.

Fee float үшін айналымдылық көрсеткіші KASE-дегі аталмыш атаулыдағы акциялармен жасалған мәмілелер көлемі еркін айналыстағы, осы атаулыдағы акциялар көлемімен тең келуі мүмкіндігін қарастыратын, күндердегі кезеңнің ұзақтылығын көрсетеді.

$1 млн инвестициялар үшін айналымдылық көрсеткіші инвестор үшін, баламасы 1 млн АҚШ долларына тең сомасына аталмыш атаудағы акцияларды сатып алуға қажетті, жұмыс күндерінің санын көрсетеді. Көрсеткіш 1 000-ның мың USD-дағы бір күндік сауда-саттықтың орташа көлеміне арақатынасы ретінде есептеледі.



6 сурет. 2010 жылғы KASE индексі өкілеттілік тізімінің салалық құрылымының өзгеруі

Кестені құру кезінде MSCI Barra және Standard & Poor’s "Global Industry Classification Standard" (GICS®) салалық классификаторы қолданылды.

Акциялары көрсетілген даталарда KASE Индексінің өкілеттілік тізімінде тұрған компаниялар, жоғарыда аталған классификатор критерийлеріне сәйкес, экономиканың тиісті саласына жатқызылды. Бұдан кейін осы даталарға әрбір секторда эмитенттері осы секторға жатқызылған, еркін айналыстағы барлық акциялардың жиынтық нарықтық құны есептелді.

Акциялардың жиынтық нарықтық құны "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатының 4 бабы 5 тармағына сәйкес (http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf) шектелім коэффициентін есептеумен анықталды.



7 сурет. 2009 жылғы жеті өтімді жай акцияның бескүндік сырғымалы орташа Price to Book көрсеткішінің динамикасы

Price to Book көрсеткішін есептеу кезінде, мәмілелер жасау датасына ең өзекті болған, KASE–дегі акциялар эмитенттерінің қаржылық есеп беруі қолданылды. Бұл ретте аудиттелген қаржылық есеп беруге басымдылық танытылды.


Корпоративтік борыштық бағалы қағаздар нарығы


23 кесте. 2011 жылдың 01 қаңтарына KASE ресми тізімі

Миллион теңгеде орналастырылған облигациялардың жиынтық атаулы құнын есептеу үшін, шығарылым валютасы АҚШ доллары болып табылатын, облигация номиналы, 2009 жылдың 31 желтоқсанындағы таңертеңгілік (негізгі) сессияда қалыптасқан, теңгенің АҚШ долларына орташа сараланған бағамы бойынша қазақстандық теңгеде қайта есептелген; шығарылым валютасы теңге мен АҚШ долларынан басқа, облигация номиналы, 2009 жылдың 31 желтоқсанына Ұлттық Банк белгілеген, тиісті валютаның теңгеге бағамы бойынша қайта есептелген.

Әрбір атаулының орналастырылған облигацияларының жиынтық нарықтық құны олардың жиынтық атаулы құнының, олардың атаулы құнына пайызбен көрсетілген, осы атаудағы облигациялармен орындалған соңғы мәміле бағасына көбейтіндісі болып табылады.

Алдындағы абзацта көрсетілген, АҚШ долларындағы көрсеткіш баламасы 2010 жылдың 31 желтоқсанындағы таңертеңгілік (негізгі) сессияда қалыптасқан, теңгенің АҚШ долларына орташа сараланған бағамы бойынша есептелді.



24 кесте. 2010 жылғы KASE тізімдеріндегі өзгерістер

Жаңа эмитент деп борыштық бағалы қағаздары бұрындары KASE ресми тізімінде ешқашан болмаған, компанияны айтамыз, ал бірінші листинг деп ешқашан KASE-нің листингілік компаниясы болмаған, эмитенттің борыштық бағалы қағаздары листингін айтамыз.

KASE ресми тізімінің буферлік санатында орналасқан облигациялар үшін санатты арттыру датасы ретінде оларды "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстыру датасы көрсетілген.

Бұған қоса, кестеде облигациялардың айналыста болу мерзімінің аяқталуына байланысты, олардың делистингі туралы ақпарат бар.



25 кесте. KASE ресми тізімінің салалық құрылымы

Кестені әзірлеу үшін MSCI Barra және Standard & Poor’s "Global Industry Classification Standard" (GICS®) салалық классификаторы қолданылды. Борыштық бағалы қағаздары кестеде көрсетілген даталарда KASE ресми тізімінде тұрған, компаниялар осы классификатор критерийлеріне сәйкес экономиканың қандай да бір салаларына жатқызылды.

"Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты Биржаның ішкі құжатына сәйкес кестеде көрсетілген даталарға жоғарыда аталған секторлардың әрқайсысының нарықтық капитализациясы есептелді.

Есептеулер теңгеде жүзеге асырылды, алынған мәліметтер кестеде көрсетілген датаға қолданыста болған, АҚШ долларының теңгеге орташа сараланған бағамы бойынша АҚШ долларына есептелді.



26 кесте. 2010 жылғы KASE-дегі корпоративтік борыштық бағалы қағаздар сауда-саттығының көлемі (айлар, тоқсандар және секторлар бойынша)

"Сатып алу-сату" бағаналарында қайталама және бастапқы үздіксіз кері аукцион әдісімен (егер мұндай мүмкіндік жоққа шығарылмаса), сондай-ақ тікелей мәмілелерді жасау әдісімен жасалған (негізінен қайталама нарықта, алайда мұнда да бағалы қағазды орналастыруы немесе эмитенттердің сатып алуы жоққа шығарылмаған), орындалған мәмілелердің жиынтық көлемі келтірілген.



27 кесте. 2009 және 2010 жылдардағы KASE-дегі корпоративтік борыштық сауда-саттығы көлемінің салалық құрылымы

Кестені әзірлеу үшін MSCI Barra және Standard & Poor’s "Global Industry Classification Standard" (GICS®) салалық классификаторы қолданылды.

Кестені құрастыру үшін, борыштық міндеттемелері кестеде көрсетілген кезеңдерде KASE ресми тізімінде тұрған, компаниялар жоғарыдағы классификатордың критерийлеріне сәйкес экономиканың тиісті секторына жатқызылды. Бұдан кейін кестеде көрсетілген әрбір сектордағы кезеңге осы секторға жатқызылған компаниялардың аталған бағалы қағаздарының сауда-саттығының көлемі есептелді. Бұл ретте бағалы қағаздарды орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар шегінде жасалған мәмілелер есептелмеді.

Есептесулер теңгеде жүзеге асырылды, алынған мәндер тиісті мәліметтерді жасау күні шетел валюталарының таңертеңгілік (негізгі) сауда-саттықтарда қалыптасқан, теңгенің АҚШ долларына бағамы бойынша АҚШ долларына ауыстырылды.



28 кесте. 2010 және 2009 жылдардағы корпоративтік борыштық бағалы қағаздар нарығы бойынша салыстырмалы статистикалық мәліметтер

Кестенің "Нарықтық мәмілелер" бөлімінде KASE-де үздікстіз кері аукцион әдісімен сатып алу-сату секторында жасалған, орындалған мәмілелер бойынша мәліметтер келтірілген. Аталмыш сектор әдетте қайталама нарықтағы сауда-саттықтар үшін қолданылады. Алайда мұнда эмитенттердің бағалы қағаздарды орналастыруы бойынша мәмілелері де жасалуы мүмкін. Егер мұндай мәмілелерді сауда-саттық қатысушылары бастапқы нарық мәмілелері ретінде тіркемесе, Биржа оларды жеке статистикалық топқа бөле алмайды.

Кестенің "Тікелей мәмілелер" бөлімінде KASE–де тікелей мәмілелер жасау әдісімен сатып алу-сату секторында жасалған, орындалған мәмілелер бойынша мәліметтер келтірілген. Аталмыш сектор әдетте қайталама нарықтағы сауда-саттықтар үшін қолданылады. Алайда мұнда эмитенттердің бағалы қағаздарды орналастыруы бойынша мәмілелер де жасалуы мүмкін. Егер мұндай мәмілелерді сауда-саттық қатысушылары бастапқы нарық мәмілелері ретінде тіркемесе, Биржа оларды жеке статистикалық топқа бөле алмайды.

29 кесте. 2010 жылғы ресми тізімінің санаттары бойынша корпоративтік борыштық бағалы қағаздардың сатып алу-сату мәмілелерінің көлемін бөлу

Кестені құрастыру кезінде әрбір мәмілені жасау датасындағы жағдай бойынша KASE ресми тізімінде корпоративтік борыштық бағалы қағаздар диспозициясы есептелді.



30 кесте. 2009 және 2010 жылдары KASE-дегі корпоративтік борыштық бағалы қағаздар сауда-саттықтардың инвесторлардың негізгі санаттарының разрезіндегі брутто-айналым

Кестеде келтірілген мәндер корпоративтік борыштық бағалы қағаздарды сату, орналастыру және қайта сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтарда жасалған мәмілелерді қоса, оларды сатып алу-сатудың орындалған мәмілелері брутто-айналымы (сатып алу көлемі + сату көлемі) бойынша есептелген мәндер келтірілген. Бұл ретте арнайы мамандандырылған сауда-саттықтардағы акциялардың жалғыз сатушысының (немесе сатып алушының)2 жайғасымы алынып тасталды. Бұған қоса, есептен тұрақсыз сипаттағы аса ірі мәмілелер алынып тасталды.



31 кесте. 2010 жылғы акциялардың биржалық қайталама нарығың ең белсенді операторлары ондығының рэкингі

Белсенділік рэкингі ""Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерінің белсенділік көрсеткішін есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес (http://www.kase.kz/files/normative_base/members_activity.pdf) құрастырылды.


Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы


11 сурет. 2000–2010 жылдардағы МБҚ түрінде шығарылған, Қазақстанның мемлекеттік қарызының динамикасы

Теңгеге деноминацияланған мемлекеттік қарыз көлемінің АҚШ долларындағы баламасы кестеде келтірілген әрбір кезеңнің соңына Ұлттық Банк бағамы бойынша есептелді.

Кестеде қарыздың атаулы құны оған кеткен қызметтің құнысыз есептелді.

Кестеде келтірілген ақпарат ресми статистика емес. Дегенмен, Биржа барынша дәйекті және ресми ақпарат көздерінен тәуелсіз ақпаратты ұсынуға барлық іс-әрекеттерді жасады.



34 кесте. 2010 жылы Қазақстанның Қаржы министрлігінің МБҚ KASE-де орналастыруының нәтижелері

Кірістілік деп сатып алушы үшін өтеуге кірістілікті түсінеміз.

Жұлдызшамен белгіленген мәндер, сауда-саттықты өткізу сәтіне белгілі болған, инфляция деңгейі бойынша есептелген, болжалмалы өтеуге кірістілік болып табылады.

Кестедегі мәліметтер KASE–дегі бағалы қағаздардың сауда-саттық кодтары бойынша алфавиттік тәртіпте сұрыпталған.



36 кесте. 2010 жылы қазақстандық МБҚ қайталама биржалық нарығындағы мәмілелер көлемінің құрылымы

KASE қайталама нарық секторында кестеде көрсетілген облигациялармен жасалған, орындалған мәмілелер көлемі кестеде ескерілді.

"Х" – осы тұрпаттағы облигациялар айналыста болған жоқ.

38 кесте. 2010 жылғы МБҚ биржалық қайталама нарығының ең белсенді операторлары ондығының рэкингі

Белсенділік рэкингі ""Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерінің белсенділік көрсеткішін есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес (http://www.kase.kz/files/normative_base/members_activity.pdf) құрастырылды.


Репо операцияларының нарығы


48 кесте. 2010 және 2009 жылдардағы репо биржалық нарығының қатысушылары

Кесте Ұлттық Банкі жайғасымын ескерусіз құрастылды.



49 кесте. 2010 жылғы репо нарығының ең белсенді операторлары ондығының рэкингі

Белсенділік рэкингі ""Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерінің белсенділік көрсеткішін есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес (http://www.kase.kz/files/normative_base/members_activity.pdf) құрастырылды.


Шетел валютасының нарығы


52 кесте. 2010 және 2009 жылдарда KASE-дегі USD/KZT нарығы бойынша салыстырмалы статистикалық мәліметтер

Кесте, валюталық своп операцияларының заты ретіндегі АҚШ долларына қатынасына өткізілген, валюталық своп операцияларын есептеумен құрастырылды.



56 кесте. 2009 жылғы шетел валюталары нарығының ең белсенді операторлары ондығының рэкингі

Белсенділік рэкингі ""Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерінің белсенділік көрсеткішін есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес (http://www.kase.kz/files/normative_base/members_activity.pdf) құрастырылды.


Анықтамалық ақпарат


58 кесте. KASE негізгі листингілік талаптары

Арнайы кәсіпорынның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) гарантымен шығарылған, облигациялар листингі кезінде, листингілік талаптар осы облигациялардың эмитенттеріне емес, мұндай гарантына қолданылады.

Базалық активтері Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, депозитарлық қолхаттардың листингі кезінде листингілік талаптар осы базалық активтерге және оның эмитентіне қатысты қолданылады.

Туынды бағалы қағаздар үшін листингілік талаптар ҚҚА және АӨҚО ҚРА-мен келістірілген, қор биржасының ережелерімен белгіленеді.

Инфрақұрылымдық және секьюритизацияланған облигациялар, инвестициялық (соның ішінде индекстік) қорлардың және халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары, шетелдік мемлекеттік бағалы қағаздар үшін, сондай-ақ бағалы қағаздар листингінің жеңілдетілген процедурасын қолдану үшін, АӨҚР Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы тізіміне енгізілген немесе енгізілуі болжанған бағалы қағаздар эмитенттеріне және осындай бағалы қағаздарға талаптар орнату туралы" бұйырығымен, және ҚҚА Басқармасының 2008 жылдың 08 мамырындағы № 04.2-09/119 "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жеке санаттарына қойылатын талаптар туралы" қаулысымен жеке листингілік талаптар белгіленген.

59 кесте. 2009 жылғы KASE негізгі индикаторлардың динамикасы

Нарықтар капитализациясының көрсеткіштері және қор индекстері "Қор нарығы индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжаттарына сәйкес есептелді. Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер көлемінде үздіксіз кері аукцион әдісімен сатып алу-сату секторында жасалған, тек орындалған мәмілелер ғана есептеледі. Шетел валюталар бойынша аталмыш валюта үшін негізгі болып табылатын сессия қорытындысы бойынша орташа сараланған бағамы келтіріледі; сауда-саттық көлемі ретінде бір күндегі барлық валюталық құралдармен, ашылу мәмілелері бойынша валюталық своп операцияларын қоса, барлық сессиялардағы сауда-саттықтардың толық көлемі келтірілген.



61 кесте. 2009 жылы бағалы қағаздары KASE тізімдерінде тұрған, корпоративтік эмитенттер кодының тізімі

"Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерін, қаржы құралдарын және бағалы қағаздар эмитенттерін кодтау тәртібі туралы нұсқама KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/code_fins.pdf мекен-жайы бойынша жарияланады.



1 Термин "Сауда-саттықтарды өткізу әдістемелері туралы қағида" атты KASE ішкі құжатының (http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf) 9 бабы 1 тармағындағы түсіндірмесінде қолданылады.

2 Термин "Сауда-саттықтарды өткізу әдістемелері туралы қағида" атты KASE ішкі құжатының (http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf) 9 бабы 1 тармағындағы түсіндірмесінде қолданылады.

2010 жылдың есебіне берілген нақты материал


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет