Анықтамалық АҚпарат: сіздің РӨЛІҢіз және кәсіби ұмтылыстарыңыз 4 III 1-тарау 6



бет26/40
Дата09.09.2022
өлшемі4.75 Mb.
#460482
түріАнықтамалық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40
1, 2 модульдер

Даму салалары деген не?


Өмірінің алғашқы жылдары балалардың бойы ғана емес, салмағы да өседі. Олар бірнеше бағытта немесе салада дамиды. Жалпы, осындай салаларға келесілер кіреді:



      • Физикалық даму – қимыл-қозғалысты меңгеру, тепе-теңдікті сақтау және денедегі ірі бұлшық еттерді (мысалы, жүгіру, секіру және баспалдақпен көтерілу үшін қажет болатын арқадағы және аяқтардағы бұлшық еттерді) және ұсақ бұлшық еттерді (мысалы, ұсақ заттармен іс- әрекеттер жасау үшін немесе қарындаш ұстау үшін қажет болатын саусақтардағы бұлшық еттерді) пайдалану қабілетін дамыту; аталмыш үдерістер сәйкесінше ірі және ұсақ моториканы дамыту атауымен белгілі.

      • Әлеуметтік-эмоциялық даму – бұл баланың қарым-қатынас орнату және сақтау қабілеті. Кіші жастағы балалар достасуды, топтық ойындарға қатысуды, өзгелерге жанашырлық танытуды, ынтымақтасуды, әділдік және белгілі бір әрекеттерді кезек-кезекпен орындау, сонымен қатар, әлеуметтік ортада ненің лайықты және лайықсыз екені сияқты ұғымдардың мәнін түсінуді үйренеді. Балалар өз-өзіне деген сенімділігін, өзін-өзі құрметтеуді және эмоцияларын тізгіндеуді дамытады.

      • Танымдық даму – оқу-үйрену және күрделірек ақыл-ой қабілетінің барған сайын артуы. Балалар өмірінің алғашқы жылдары білімқұмарлығы дамиды және олар «қалай?», «қашан?» және «неге?» деген сияқты сұрақтар қоюды үйренеді. Балаларда зейін қою ұзақтығы артады, олар тапсырмаларға көңіл бөлуді және мәселе шешуді үйренеді, түстерді ажырата бастайды, сандар мен әріптерді оқып үйрене бастайды.

      • Коммуникативтік даму – сөз түсіну, қажеттіліктерін, ойларын және эмоцияларын ауызша жетізу қабілеті. Өмірінің алғашқы жылдары балалар былдырлаудан бір немесе екі сөзді қосып айтуға көшеді, ал кейін толық сөйлемдерді қолдану арқылы сөйлеп үйренеді. Бала алған әсерлерін сипаттауды, өткен, осы және келер шақ туралы әңгімелеуді, әңгімеге қатысуды үйренеді. Балада өзіне оқып беретін кітаптардағы әңгімелерді және хикаяларды тыңдауға құштарлығы оянады.

      • Бейімделу дағдылары – балада қоршаған ортаға бейімделу және күнделікті қайталанатын іс- әрекеттерді жасауға үйренісу дағдыларының дамуы. Ерте балалық шақ аяқталарда балалардың көпшілігі ересектердің көмегінсіз киіне алады, тамақ іше алады, жуына алады, тісін тазалай алады және дәретханаға бара алады. Сонымен қатар, олар тамақтану кезінде қасық пен шанышқы ұстауды, ойыншықтарын және кітаптарды жинауға көмектесуді және қарапайым тәртіппен өмір сүруді, мысалы белгілі бір уақытта ұйықтауды, ойнауды және тамақтануды үйренеді.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет