Page 28
Ф-ОБ-001/033
29
2. Оңтүстік Қазақстан облысының туристік бағыттарының анықтамалық
ақпараттық жүйесін құру
Жүйе болып кез келген объект түсініледі. Ол бір бүтін сияқты, сонымен
қатар әр тектес элементтер жиынтығының қойылған мақсатына жету негізіне
біріктірілген болып қарастырылады. Жүйе құрамы бойынша да, басты мақсаты
бойынша да бір-бірінен ерекшеленеді.
Информатикада «жүйе» түсінігі кең таралған. Көптеген жағдайда ол
техникалық жабдықтар мен программалар жиынтығына қолданылады. Жүйе
болып компьютердің аппаратты бөлігі аталуы мүмкін. Жүйе, сонымен қатар
көптеген есептерді басқару мен енгізу процедураларымен толықтырылған
қолданбалы есептерді шешуге арналған программа болуы мүмкін.
«Жүйе» түсінігіне «ақпараттық» сөзінің қосылуы оның құрылу және
жұмыс істеу мақсатын көрсетеді. Ақпараттық жүйелер есептерді шешуде
шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу, іздеу,
беруді қамтамасыз етеді. Олар мәселелерді анализдеуге және жаңа өнімдер
құруға көмектеседі.
Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа жету үшін ақпараттарды сақтау,
өңдеу және беруге пайдаланатын әдістер мен қызметші әдістердің өзара
байланысқан жиынтығы.
Ақпараттық жүйенің қазіргі түсінігі дербес компьютердің ақпараттарды
қайта өңдеудің негізгі техникалық әдістері ретінде пайдалануды қамтамасыз
етеді. Ірі өндірістерде дербес компьютерлермен қатар ақпараттық жүйенің
техникалық қоры құрамына мэйнфрейм немесе суперЭЕМ кіреді[6].
Ақпараттық жүйелердің даму сатылары
Бірінші ақпараттық жүйелер 50-ші жж. пайда болды. Бұл жылдары олар
есептерді өңдеуге және еңбек ақыны есептеуге арналған болатын.
60-шы жылдар ақпараттық жүйелерге деген көзқарастың өзгеруімен
ерекшеленеді. Бұл жылдары алынған ақпарат көптеген параметрлері бойынша
периодтық есеп беру үшін қолданыла бастады. Ол үшін көптеген функцияларға
қызмет көрсете алатын мүмкіндігі бар компьютерлік жабдық қажет болды.
70-ші жж. мен 80-ші жж. басында ақпараттық жүйелер шешім қабылдау
процесін жеделдететін және қолдайтын басқарушы бақылауының әдісі ретінде
кеңінен пайдалана бастады.
80-ші жж. аяғында ақпараттық жүйелерді пайдалану концепциясы тағы да
өзгеріске ұшырады. Бұл кезеңнің ақпараттық жүйелері дер кезінде ақпаратты
беру арқылы өндірістерге табыс әкелуге, тауарлар мен қызметтер құруға,
өтімділіктің жаңа нарығын табуғы, өзіне теңдес серікті қамтамасыз етуге, төмен
бағамен өнімді шығаруды қамтамасыз ету және т.б. көмектесті.
Ақпарат дәстүрлі материалдық ресурстар, мысалы, мұнай, газ, пайдалы
қазбалар т.б сияқты қоғамдағы маңызды, бағалы ресурстардың бірі болып
табылады.
Ақпараттық технология - құбылыстардың немесе процестердің,
обьектілердің жағдайы туралы жаңа сапалы ақпарат алу үшін қажетті өңдеудің,
Достарыңызбен бөлісу: |