Ф-ОБ-001/033
31
ü математикалық әдістер мен интеллектуалды жүйелер және т.б. енгізу
кезінде есептерді шешудің рационалды варианттарын алу;
ü оны автоматтандыру негізінде ауыр жұмыстардан жұмысшыларды
босату;
ü ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету;
ü мәліметтерді қағазбен алудан магнитті дискілер немесе ленталарға
ауыстыру, бұл компьютерде ақпараттардың қайта өңделуін рационалды
өндіруге және қағаздағы құжаттар көлемін төмендетуге әкеледі;
ü ақпараттар тобының құрылымын және фирмада құжат айналым
жүйелерін жетілдіру;
ü өнімдер мен қызметтерді өндіруге кететін шығындарды азайту;
ü бірегей қызметтерді тұтынушыларға беру;
ü оларға берілген әр түрлі жеңілдіктер мен қызметтер есебінен сатып
алушылар мен жабдықтаушыларды фирмаға әкелу.
Ақпараттық жүйелердегі басқару құрылымының ролі
Басқарудың ақпараттық технологиясының мақсаты болып, барлық фирма
қызметкерлерін ақпараттық қажеттіліктермен қамтамасыз ету табылады. Бұл
басқарудың барлық деңгейінде пайдалы болуы мүмкін.
Бұл технология басқарудың ақпараттық жүйе ортасындағы жұмысқа
бағытталған және мәліметті өңдеудің ақпараттық технологиясымен шешілетін
тапсырмалармен салыстырғанда, шешілетін тапсырмалардың құрылуы төмен
жағдайларда пайдаланылады.
Басқарудың ақпараттық жүйесі фирманың әртүрлі басқару деңгейіндегі
немесе функционалдық бөлімшелердегі жұмысшылардың ұқсас ақпараттық
қажеттіліктерін қанағаттандыруға сәйкес келеді. Оларға ұсынылған ақпарат
фирманың болашақтағы, қазіргі және өткендегі мәліметтерінен тұрады. Бұл
ақпарат реттеуші немесе арнайы басқарушылық есеп түрінде болады.
Басқарушылық бақылау деңгейінде шешім қабылдау үшін ақпарат
шоғырланған түрде болуы керек, себебі мәліметтердегі өзгеру тенденциялары
анық көрінуі керек. Бұл кезеңде мәліметтерді өңдеудің келесідей мәселесі
шешіледі:
Достарыңызбен бөлісу: |