Анықтамалық ақпараттық жүйесін құру


Page 48 Ф-ОБ-001/033



бет47/84
Дата02.12.2022
өлшемі192.89 Kb.
#466270
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   84
туризм диплом

Page 48


Ф-ОБ-001/033
49
Ақпараттық жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау
шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне
ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.
Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін
өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге
сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы –
математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа
ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы
ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай
қолданудың ұйымдастыру – құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық
жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын
таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның
ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар
жатады.
Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың,
жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік
басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы
арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде
болып бөлінеді. Ақпараттық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары,
экономикадағы нарықтық қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар
жиынының сапалық және сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен
ақпараттық жүйені қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле
түсуде. Осының барлығы ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің
ұйымдастыру – құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру - әдістемелік
шешімдеріндегі ұйымдастырумен жабдық-тау есептерінің өзгеруіне әкеледі.
Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар:
Техникалық жабдықтау - бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді
қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық
кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы
жүзеге асады.
Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:
1. Ақпаратты алу.
2. Ақпаратты түрлендіру.
3. Ақпаратты тұтыну.
Бірінші саты – экономикалық объектілердегі қызмет барысында
туындайтын бастапқы ақпаратты жинауды және тіркеуді орындайтын
операциялар тобын қамтиды. Бұл операцияның мақсаты мекемелердің,
кәсіпорындардың, аймақтардың және басқалардың қызметін бейнелейтін
ақпарат алу.
Екінші саты – ақпаратты түрлендіру операцияларының тобы, кеңістік және
уақыт бойынша мәндердің, түрлердің, құрылымдардың өзгеруін орындайды[8].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет