Анықтамалық есеп берулер кезіндегі мәліметтерді енгізу үшін немесе құжаттарды толтыру үшін қолданылатын бір типті объектілер. Көбінесе анықтамалықтар болып қызметкерлер, мекемелер, материалдар тізімі болып табылады


С:Кәсіпорын жүйесінің берілген элементтерінің формасын жасау үшін арнайы форманың диалогы қолданылады



бет3/5
Дата26.06.2016
өлшемі1.28 Mb.
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5

1С:Кәсіпорын жүйесінің берілген элементтерінің формасын жасау үшін арнайы форманың диалогы қолданылады.


Диалог дегеніміз бұл қандай бір ақпаратты жасау үшін және қарау үшін арнайы жасалған экранның формасы. Диалогтың көмегі арқылы бағдарлама қолданушыдан қажетті ақпаратты сұрайды немесе қолданушыға қандайда бір ақпаратты қарау үшін көрсетеді. Диалогтың терезесі экранның тіктөртбұрышты аймағы болып табылады. Ол ақпаратты шығаруға және басқаратын элементтерді көрсетуге мүмкіндік туғызады. Диалогты тағайындау - қолданушыға ақпаратты шығару мен қараудың ыңғайлы формасын ұсынады.

Формалардағы ақпаратты жасау үшін диалог редакторының келесі типтегі элементтері қолданылады:


Кесте 1 – Элементтер жиынтығы




• мәтін;

• шығару өрісі;

• көп жолдың бөлігі(кесте);

• тізбек;

• тізім;

• кестенің мәні;

• тізбегі бар өріс;

• флажок;

• батырма;

• сурет;

• шекара.



Мәтін. Диалогтың экранында мәтінді шығаруға көмектеседі. Мәтіндік өріс статистикалық немесе ақпараттық болуы мүмкін. Статистикалық мәтіннің өрісінің мазмұны ақпаратты диалогқа енгізгенде өзгермейді. Ақпараттық мәтіндік өрісте әртүрлі ақпарат шығарылуы мүмкін және оның мазмұны диалогпен жұмыс жасағанда өзгертілуі мүмкін.


Шығару өрісі. Шығару өрісі ақпаратты енгізгеннен кейін ол сақталып, өңделуі үшін қолданылады.

Көп жолдың бөлігі(кесте). Көп жолдың бөлігі(кесте)— ақпаратты кестеге енгізілуін ұйымдастыратын арнайы диалогтың элементі.

Тізбек. Кестемен байланысты арнайы элемент, көп сатылы тізбек құрылымы ретінде ұсынылады. Мысалы: Тауарлардың көпсатылы анықтамалықтары.

Тізім. Тізім элементі қолданушыға тізімдердің мәнің көрсету үшін және олардың біреуінің мәнің таңдап алуға арналған.

Кестенің мәні. Бұл элемент кестенің мәнің ұсыну үшін қолданады.

Тізбегі бар өріс. Бұл элементтің атқаратын қызметі тізім элементімен бірдей болып келеді. Айырмашылығы бұның таңдау батырмасы бар.

Флажок. Бұл элемент қолданушыға қосу/сөндірудің мүмкіншілігін қамтамасыз етеді.

Батырма. Бұл элемент стандартты батырманы жасауға көмектеседі. Батырма қандай да бір процедураны орындауға мүмкіндік туғызады.

Сурет. Сурет элементі диалогтың терезесінде суреттің орналасуын қамтамасыз етеді. Бұл элемент ешқандайда функционалдық жүктемені меңгермеген, тек қана рәсімдеу үшін қолданылады.

«Шекара» элементі басқа элементтерді қоршаған шекара салады. Ол арқылы терезенің атың жасауға мүмкіндік беріледі.


Бақылау сұрақтары:
1) Құжаттың модулі дегеніміз не?

2) Нумератор дегеніміз не?

3) Нумератордың негізгі міндеті не?

4) Диалог дегеніміз нені білдіреді?

5) Мәтіндік өрісті қалай түсінесің?

6) Шығару өрісі дегеніміз не?



8 Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартында (БЕҚС)

желілік технологияларды қолдану
8.1 Желінің физикалық құрылымы

1С: Кәсіпорын жүйесін орнатудың бірнеше варианттары жіберіледі: локалдік орнату, әкімшілік орнату, желілік орнату.

Локалдік орнату 1С:Кәсіпорынның бір қолданушы үлгісінің варианты болып табылады.

Әкімшілік орнату кезінде локалдік желінің серверінде каталог құрылады, оған 1С: Кәсіпорын дистрибутивінен керекті файлдар көшіріледі. Оларды көшірудің мақсаты: біз бұл каталогтан SETUP.EXE программасын жіберген кезде 1С: Кәсіпорынның желілік орнатудың немесе локалдік орнатудың процедураларын істеуіміз керек. Бұл кезде менюде, жүйелік каталогта, орнату программасы жіберілген компьютерде ешқандай өзгерістер болмайды.

Желілік орнату әкімшілік орнату кезінде құрылған каталогтан SETUP.EXE программасын жіберу кезінде істелуі мүмкін. Желілік орнатудың локалдік орнатудан айырмашылығы:

- желілік орнату кезінде қолданушының комьютеріне 1С: 1С: Кәсіпорын жүйесін жүйесінің бағдарламалық файлдары көшірілмейді.

Желілік орнату қолданған релизге байланысты екі желілік режимдерде жұмыс істеуге негізделеді: Net – релиз (файл- серверлік жүйені құрады) және SQL – релиз (клиент- серверлік жүйені құрады).

Файл- серверлік принципте негізделген мәліметтерді өңдеуді жұмыс станциясы жүргізеді, ал сервер қосымша дисктік құрылғы қызметін атқарады. Есепті орындау кезінде барлық мәліметтер қоймасы немесе оның бөлігі желімен жұмыс станциясына өткізіледі және онда жұмыс станциясының процессорымен өңделеді.

Осы жүйенің жұмыс істеу жылдамдығы өңделген мәліметтер қоймасының көлеміне байланысты. Ол мәліметтер қоймасының көлемі 200-300Мб – тан асқан кезде дұрыс жұмыс істемей қалады, ал 1Гб – ке жеткен кезде тіпті істен шығады.

Кесте 2 – Байланыс жүйелері

Диалогты шақыру үшін конфигуратордың барлық ашық терезелерін жабу керек және Конфигуратрдың басты менюінің «Операциялар» менюінен "Распределенная ИБ — Автообмен" пунктін таңдау керек.

Автообмен (Автоауыстыру) диалогі әрбір перефирийлік ақпараттық база үшін тиеу (загрузка) және түсіру (выгрузка) белгілерін орнатады және автообменді орындайды.

Диалогты жіберген кезде қандай ақпараттық базаларға тиеуді және түсіруді істеу керегі анықталады және олар тиеу және түсіру тізімдерінде белгіленеді.


8.2 Монитор режимі
1С: Кәсіпорын жүйесінің желілік версиялары жұмыс кезінде желіде трафик құрады. Қазіргі кезде белгілі желілер Ethernet (жіберу қабілеттілігі 10 МБит/с) және Fast Ethernet (100 МБит/с). Ethernet және Fast Ethernet жақсы мінездемелердің қамтамасыз етуі үшін бір локалді желіде қосыла алады.

Қолданушы мониторы 1С: Кәсіпорын жүйесін желілік режимде әкімшілік ету үшін арналған қосымша құрылғы болады.

Монитор белсенді қолданушылар тізімін қарауға рұқсат береді, яғни сол уақытта ақпараттық базамен жұмыс істеп отырған қолданушылармен. Сонымен қатар, монитор әр уақыт кезеңдерінде қолданушылармен орындалатын әрекеттерді тіркейтін журналын талдауды рұқсат етеді (қолданушылар жұмысының тарихы).

1С: Кәсіпорын –да қолданушы мониторы жіберудің 2 режимінде қолданылады. Қолданушылар мониторының негізгі функциялары (белсенді қолданушылар тізімін және тіркеу журналын қарау) «1С:Кәсіпорын» жіберу режимінен шақырылуы мүмкін. Сонымен қатар «Монитор» жіберудің аранайы режимі бар, ол қолданушы мониторының функцияларына рұқсат береді. Негізгі функциялардан басқа «Монитор» режимін жіберген кезде тіркеу журналының тарихын архивациялау орындалады.

8.3 1С: Бухгалтерияның клиент- серверлік өткізуі
Қарапайым файл- серверлік жүйе ақпарат көлемді болғанда жұмыс жасалмайды ( ақпарат көлемі 1Г Байтқа дейін болуы керек). Клиент серверлік жүйенің негізгі ерекшелігі және артықшылығы осыдан тұрады: олар файл серверлік жүйе жұмыс жасай алмайтын көлемдегі қоймалар қорымен жеткілікті жылдамдықпен жұмыс жасайды ( « жұмыс жасай алмайды » оның қызметтілігі сонымен қатар жылдамдығы да комерциялық қосымша үшін жеткіліксіз деген мәнде ).

Мұнда SQL серверлік жүйе үшін 100Мбит қабілеттілікпен жіберу міндетті емес. SQL сервермен жұмыс жасағанда жұмыс стнциясы қойма дерегін өзіне желімен көшірмейді. Ол жай желі бойынша серверге жеткілікті шағын сұраныс жібереді, сұраныс орындалатын. мысалы таңдау жүргізеді және сұраныстын қорытындысын кері жұмыс станциясына жібереді.

Осылай, қойманы көшірмегендіктен трафик желі бойынша біраз төмендейді, ал желі бойынша тек сұраныс пен оның орындалу нәтижесі ғана жіберіледі.

Енді сервермен SQL-жүйесінде не болатынын қарайық. Алынған жұмысты өзі орындайды, сондықтан егер SQL-жүйемен 10 пайдаланушы жұмыс жасаса, онда серверге бір уақытта 10 қолданушы жұмыс жасап жатқан бағдарламаның 10 данасын жібергенмен бірдей бұл сол секілді ( мысалы, 1С—тің 10 локалдық көшірмесі ). Мұндай жүйелер үшін көп процессорлық нұсқадағы RISC процессормен компьютерлерді қолдану керек (SUN Microsystems өнімінің біреуін ). Және де, деректермен жұмыс жасау көлемі ГИГАБАЙТ ондығына жету мүмкін. Өйткені деректер жұмыс орнында орналасқандықтан, сервердің дискінде оларға қол жеткізу өте жылдам, келесі өңдеу үшін желі бойынша жіберуді талап етпейді. Барлық сұраныстар серверге түседі, қарапайым файлды , сұраныстарды тиімді орындау және оларды жою бойынша көптеген мүмкіндіктер бар. Бұл мүмкіндіктер MS SQL Server-дің бағдарламалық қамтамасыздандыруында тағайындалған, «1С» тен қолданушылардан қолданушы бағдарламаның бір бөлігін осы мүмкіндіктерді толық мөлшерде пайдалананып жазу керек.


8.4 1С клиент-сервердің қосымша артықшылықтары
Сенімділік. Клиент- серверлік жүйе транзакциялармен қоса жұмыс істейтін механизм,сонымен қатар олардың шегінуібар. Файлда -1С бағдарламасының серверлік болжамаларында транзакциялармен жұмысжасау механизмі бар.бірақ оларды іске асыру әдістерінде біраз айырмашылық бар. Файл- серверлік болжамдарында транзакция механизмі жұмыс станцияларының бірінде келеңсіз жағдайдың дұрысталғанына дейін барлық мәлметтер қоймасына бітеу жасағандай болып келеді. Транзакцияны бастаған қайта келтіру тек жұмыс станцияның жұмысқа жарамдығы жағдайында ғана мүмкін. Клиент- серверлік жүйеде бұл механизм біраз қиын (SQL-сервердің бағдарламалық қамтамасыздан-дыруында іске асатын – біздің жағдайда MS SQL Server 6.5 ). Ол транзакцияның басында мәліметтер қоймасының бекіту жасаусыз, мәліметтер қоймасынан қима алуға мүкіндік береді. Мұндай қималар өте көп болуы мүмкін: әр жұмыс станциясы үшін- өзінікі. Тарнзакциянының алдында Жұмыс станциясының тоқтап қалуы болған жағдайда транзакция қарапайым түрде көшіріліп алынуы мүмкін (яғни транзакция болдыртқанға дейінгі мәліметтер қоймасы сол күйінде қалпына келтірілуі мүмкін ). Көшіру жұмыс станциясының сұранысы бойынша ( оның жұмысқа жарамдығы сақталған уақытта ) немесе жұмыс станциясын қайта іске қосқаннан кейін, немесе SQL- жүйесінің жетекшісімен іске асырылады.

Осылай жұмыс станциясының істен шығуы мәліметтер қоймасын толық сақтап қалуы үшін онша қауыпты емес. Одан басқа SQL- жүйесі транзакция журналы деп аталатын журнал жүргізеді. Мәні бойынша мәліметтер қоймасы оның бастапқы түрінде және транзакция журналына жазылған өңделген түрінде сақталады. Сақтаудың бұндай түрі барлық жүйенің жұмыс жасауы барысында мәліметтер қоймасын мұрағаттауға жасауға мүмкіндік береді. Мәліметтер қоймасының жағдайы мұрағатауға дейінгі кезінде белгінеді, бітпеген транзакциялар қалдырылады, ал негізгі қойма және аяқталған транзакциядан тұратын транзакция журналының бөлігі мұрағатқа жазылады. Мұрағаттау үрдісі оңай автоматтандырылады, яғни оператордың болуы міндетті емес, өйткені SQL- серверде ол үшін қосымша құрылғылар бар.

Қорғаныс. Жалпы мәліметтердің сақталымдығы көп шамада қолбалы есептерден тәуелді (1С- сатудан немесе 1С- есеп беруден ), бірақ кез келген жаңа бастаушы хакер жай ғана паролін тауып алатын әдеттегі нұсқамен салыстыру бойынша клиент- серверлік нұсқада мәліметтерді қорғау SQL- сервермен ұсынылатын құрылғыларға сүйенеді

Қолданғанда иілгіштігі (икемділігі ). SQL-сервердің негізіндегі жүйелерондаған тіті жүздеген қолданушыларға қиын желілік конфигурациялар жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда жасаушыға жүйені тиімдеу үшін, оны қиындықтары бойныша топтарға және қарау мүмкіндік әдісіне қарай бөлуге көптеген мүмкіншіліктер беріледі. Серверлер- репликаторлар, мысалы жойылған офистары, қоймалары бар тармақталған жүйелі үлкен ұжымның есеп жүйесін ұйымдастыру үшін жақсы механизм береді. Мұндай жүйедегі жұмыс қазіргі уақытта мәліметтерді синхрондау және орынын ауыстыру үшін үзіліссіз 32- 128Кбит тұрақты байланыс каналдарын ұйымдастыру үшін қажетбіздің телефондық сымдарында іске асырылады және онша қымбат емес ( әрине ірі бірлестіктің масштабында ).



SQL 1С болжамының жетіспеушілігі- бұл құны. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың құны ғана емес және ол жұмыс жасайтын темір құны және қызмет жасау құны. Не істеуге болады- SQL бұл жоғары технология өнім. Ал жоғары технологиялық өнім әдетте қымбат болады және сауатты қызметкермен іске асырылуы керек, сондықтан SQL жүйеменсауатты жұмыс жасауға қабілетті жүйелік жетекші қарапайым файл- серверлік жүйе үшін маманнан қарағанда қымбат болып келеді.
8.5 MS SQL Server- мен байланыс үшін желілік хаттама таңдау
1С жүйесімен жұмыс жасау барысында С: SQL үшін Кәсіпорын MS SQL Server- дің мәліметтер қоймасының серверімен байланыс үшін қолданылатын желілік хаттама 1С: 1С: Кәсіпорын жүйесінің өнімділігіне үлкен әсер етуін ескеру қажет жұмыс станциясына Microsoft Data Access немесе MS SQL Server- дің клиенттік бөлігі орналастырған кезде MS SQL Server енгізу үшін Named Pipes- желілік хаттама таңдалады. Бұл хаттама ешқандай қосымшаларды талап етпейдіжәне тәжірибе көрсеткендей әр түрлі желілік конфигурацияларда тұрақты және сенімді жұмыс жасайды. Бірақ оның жетіспеушіліктері бар: ол желіні қатты жұмысқа толтырады, басқа қолданушыларға жұмыс жасауға кедергі жасайды және басқа хаттамалардың жұмыстарын ұстайды, әсіресе, егер жұмыс станциялары ретінде опрациондық жүйесі Windows 95/98 басқарылатын компьютерлер қолданылса.

MS SQL Server- мен байланыс үшін NWLink IPX/SPX және TCP/IP хаттамалар кеңінен қолданылады. Өнімділігі бойынша бұл хаттамалар бір- бірінен ( TCP/IP бірнеше жылдамырақ )ажыратылмайды және конфигурациялық желіден олардың біреуін таңдаға болады. Жұмыс хаттамасын таңдау "Client Network Utility"(SQL Server 7.0 )- тың көмегімен іске асырылады.

Сондықтан SQL 1С:Предприятие жүйесінің жұмысының жылдамдығы төмен деген шағым болған жағдайда MS SQL Server- мен байланыс үшін қалыпты өнімді қамтамасыздандыратын хаттаманың болуын көз жеткізу қажет. Біршекті Win95желісі үшін NetBIOS ( NetBEUI,а IPX/SPX) хаттамасы тиімді нұсқа болып келеді. Желі өзі өте жылдам жұмыс жасайды және хаттама оңай тағайындалады. Жалғыз жетіспеушілігі NetBIOS көпсегменттік желі бойынша аралап жүре алмайды, бірақ бұны жетіспеушілігі деп атау қиын. Егер бір желіде 6-7 компьютер қолданылса олар барлығы сервердің ролін атқаратын компьютерге кіру рұқсаты болуы керек.
Бақылау сұрақтары:


  1. 1С: Кәсіпорын жүйесін орнатудың бірнеше варианттарын атаңыз?

  2. Әкімшілік орнату кезінде локалдік желінің серверінде не құрылады?

  3. Желілік орнату қолданған релизге байланысты екі желілік режимдерде жұмыс істеуге негізделеді. Атаңыз?

  4. 1С: Кәсіпорын –да қолданушы мониторы жіберудің неше режимінде қолданылады?

  5. Мұрағаттау үрдісі оңай автоматтандырылады, яғни оператордың болуы міндетті емес, өйткені SQL- серверде бұл үшін нелер бар?

3 Практикалық жұмыстар
Практикалық жұмыс №1. Кадрлық есептің жүйесі
Мақсаты: Кадрлық есептің кіші формасын құрастыру.

Қазір біз кәсіпорын қызметкерлерінің кадрлық есебінің кіші-жүйесін құрамыз. Ол қызметкерлерді жұмысқа алуға, жұмыстан шығаруға және кадрлық құжаттармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Әр конфигурация жеке каталогта (папкада) сақталуы керек.



  1. Кез-келген дискіде жаңа папка құрыңыз, мысалы, «С:\Ваша фамилия»

  2. 1С:Предприятиені жіберіңіз. Ақпараттық базаның тізімі ашылады.

1С:Предприятие бір компьютерде бірнеше базамен жұмыс жасай алады. Мысалы, бір базады кадрлық есеп жүргізіледі, келесі базада – тауар тіркелімі, үшіншісінде – А фирмасының бухгалтерлік есебі, төртіншісінде – Б фирмасының бухгалтерлік есебі жүргізілуі мүмкін.

  1. Добавить батырмасын басыңыз. База тізімінде көрсетілетін ақпараттық базаның атын көрсетіңіз, мысалы, «Ваша фамилия». Базаның атауы әр түрлі болуы мүмкін, ол ештеңеге тәуелді емес.

  2. Келесі алаңда сіз 1-ші қадамда құрған папкаңыздың жолын көрсетіңіз. «...» батырмасын басыңыз, папкаға кіресіз және Выбрать батырмасын басыңыз.

Папка компьтердің локальді қатты дискінде орналасуы мүмкін, мысалы «С:\KADR» немесе желідегі басқа компьютерде, мысалы, «\\Server\KADR».

  1. ОК басыңыз. Ақпараттық базалар тізімінде жаңа жол пайда болады. Оны өзгерту үшін Изменить батырмасын басуға болады. Мысалы, ақпараттық базаны басқа жерге көшірсеңіз немесе ақпараттық базаға басқа атау бергіңіз келсе. Тізімнен ақпараттық базаны алып тастау үшін Удалить батырмасын басу керек. Бұл жағдайда ақпараттық база тізімнен ғана жойылады, бірақ дисктен жойылмайды.

  2. Конфигуратор жұмыс жасау режимін көрсетіңіз.



Сурет 1 – 1С:Кәсіпорынының режимдерінің формасы
1С төрт түрлі режимде жұмыс жасай алады:

  • Предприятие – ақпараттық базаны пайдалану режимі. Бұл режимде кәдімгі қолданушылар жұмыс жасайды, берілгендерді енгізеді, есептерді басып шығарады, т.б. Бұл режимде конфигурация құрылымын өзгертуге болмайды.

  • Конфигуратор – конфигурлеу режимі (программалау). Бұл режимде программистер жұмыс жасайды, жаңа анықтамалықтар, есептер құрады, бағдарламалық модульдер жазады. Бұл режимде ақпараттық базаға берілгендерді енгізуге болмайды.

  • Монитор – берілген уақытта ақпараттық базамен жұмыс жасап отырған қолданушыларды қарап отыру режимі. Ақпараттық базамен жасалатын барлық операциялар тіркелу Журналында тіркеледі. Монитор режимінде нақты объектте нақты қолданушылардың жасап жатқан барлық операцияларының протоколын алуға болады, сонымен қатар фильтрдің басқа да шарттарын қоюға болады.

  • Отладчик – программистерге арналған режим, олардың программада бір жұмыстары орындалмай жатса. Осы жерде программаның қадам бойынша қалай орындалатынын қарауға болады. Бұл жағдайда программа Предприятие режимінде жүргізіледі.

  1. Базаны конфигуратор режимінде жүргізу үшін ОК-ді басыңыз.

  2. Құрылған папкада әлі ештеңе болмағандықтан, 1С берілгендер базасы қандай форматта сақталатындығын сұрайды: DBF немесе SQL-Server файлдарында. «DBF файлдары» форматын көрсетіңіз және ОК батырмасын басыңыз.



Сурет 2 - «DBF файлдары» формасы


  1. Конфигуратор іске қосылады. Біз өте жиі жұмыс жасайтын Конфигурация ағашын ашыңыз. Ол үшін Конфигурация мәзірін басыңыз => Конфигурацияны Ашу немесе батырмасын басыңыз. Конфигурация ағашының терезесі ашылады. Оған ыңғайлы өлшем беріңіз.


Сурет 3 – Конфигуратор формасы
Бұл терезеде конфигурацияның анықтамалықтар, құжаттар, есептер және т.б. сияқты объекттері берілген. Қандай да бір тармақты ашу үшін қосу таңбашасын екі рет басу керек немесе оның атауын екі рет басу керек.

  1. Меңзерді Анықтамалықтар жолына қойып, батырмасын басыңыз (немесе тышқанның оң жақ батырмасын басып Жаңа анықтамалықты таңдаңыз). Осылай анықтамалықтар конструкторы терезесі ашылады.

Конструкторлар программистерге белгілі бір іс-әрекет жасауда көмек үшін берілген. Жаңа ғана біз анықтамалықтар конструкторын көрдік. Тағы 1С-те құжаттар конструкторы, есептер конструкторы, сұраныстар конструкоры және т.б. бар. Конструктор жасайтын барлық істерді қолмен жасауға болады, бірақ конструктормен тезірек болады. Егер сізге конструктор керек болмаса «Использовать конструкторы при создании новых объектов» флажогын алып тастаңыз.

  1. «Использовать конструкторы при создании новых объектов» флажогын алып тастаңыз да конструкторды жабу үшін Отмена батырмасын басыңыз.

  2. Меңзерді қайтадан Анықтамалықтар жолына орналастарып батырмасын басыңыз (немесе тышқанның оң жақ батырмасын басып Жаңа анықтамалықты таңдаңыз). Бұл жағдайда анықтамалықтар конструкторының терезесі ашылмайды, оның орнына анықтамалықтың құрылымын өзгертуге болатын кәдімгі терезе пайда болады.



Сурет 4 – «Должности» анықтамалығының конструкторының формасы


  1. Анықтамалықтың идентификаторын (атын) беріңіз, мысалы, біз қазір «Должности» анықтамалығын құрамз. Анықтамалықтың идентификаторы өте маңызды, себебі, ол бағдарламалау кезінде қолданылады. Оны жай өзгертуге болмайды, өйткені бағдарламада сол анықтамалық қолданылатын барлық жерлерді өзгерту керек. Анықтамалықтың идентификаторына өте жауапты қараңыз. Идентификатор анықтамалықтың мазмұнын көрсететіндей түсінікті болуы керек, мысалы: «Стран», «Сотрудники», «Товары» т.б.

Объектілердің идентификаторларында, сонымен қатар айнымалыларының атауларында пробелдер болмауы керек, бірақ сандар болады. Идентификаторлар саннан басталмайды.

  1. Атаудың ұзындығына 30 символ беріңіз.

Әр анықтамалықтың алдын-ала берілген екі алаңы бар: «Код» және

«Наименование». Біз атаудың ұзындығын, кодтың ұзындығын, сонымен қатар:

Сандық/Мәтіндік кодтың типін өзгерте аламыз.


  1. «Должности» анықтамалғының құрылымдық терезесін жабыңыз.

  2. Еңбегіңіз босқа кетпес үшін конфигурацияны сақтап қойыңыз.

1С конфигурацияны таза жаңа екендігін анықтап, «словарь данных» жоқ екенін ескертеді. Сол үшін ол осы «словарьді» құрады.

Сурет 5 – Базаны құрастыруға рұқсат сұрау формасы
«Да» батырмасын басыңыз.

Біз ақпараттық базаның құрылымын өзгертіп жатқандықтан, 1С ақпараттық базаның реорганизациялауына рұқсат сұрайды. Үлкен конфигурацияларда (бағдарламаларда) бұл өте ұзақ және ауыр процесс болуы мүмкін, ал бізде әзірге барлығы оңай.



Сурет 6 – Метамәліметтер мен жұмыс жасау формасы
«Да» батырмасын басамыз.

1С базаның құрылымын анализдейді және өзгертулері бар тізімдерін терезін көрсетеді.




Сурет 7 – Қабылдау формасы
«Принять» батырмасын басыңыз.

Базаны реорганизациялаудан кейін «Реорганизация информации закончена» деген хабарландыру шығады.

15. «Сотрудники» анықтамалығын құрамыз. (Меңзерді «Справочники» анықтамалығына орналастырып «Новый» батырмасын басыңыз). «Сотрудники» анықтамалығының атауын (идентификаторын) береміз.

16. Атаудың ұзындығына 100 символ береміз.

Атауында қызметкердің аты-жөні сақталатын болады. Кейде өте ұзын аты-жөндер болады, мысалы: "Александровский-Петровский Александр Александрович".

Сурет 8 – Қызметкерлер анықтамалығының формасы


  1. Біздің бұл анықтамалықта тағы да бір «Должность» алаңы болады. Реквизиттердің тізімі қазір бос. «Добавить» батырмасын басқанда, реквизиттердің құрылымын өзгертетін терезе ашылады. Реквизит, атрибут және алаң – бұл барлығы бір. Жай «реквизит» атауына үйрену керек.



Сурет 9 – Қызмет реквизитінің формасы

  1. Реквизитке «Должность» атауын беріңіз. Реквизит типіне біз алдын-ала құрған «Справочник.Должности» типін көрсетіңіз. Бұл берілген реквизиттің мәні «Должности» анықтамалғнан таңдалады. «ОК» батырмасын басыңыз.

  2. «Оклад» реквизитін құрыңыз (типі Число, «Точность» үтірден кейін 2 белгі)



Сурет 10 – «Оклад» реквизитінің формасы


  1. «ДатаПриема» және «ДатаУвольнения» деген екі реквизит құрыңыз (типі «Дата»).

  2. Конфигурацияны сақтаңыз.

Енді бізде екі анықтамалық бар және кейбір берілгендерді енгізуге болады.

  1. 1С:Предприятиені Предприятие режимінде іске қосамыз. Мұны дәл Конфигураторда істеуге болады, ол үшін батырырмасын басу керек. 1С:Предприятие терезесі шығады.

  2. «Должности» анықтамалығын ашыңыз. Ол үшін «Меню => Операции => Справочники => Должности». Анықтамалық терезесі ашылады.

Анықтамалыққа тез кіру үшін біз меню құрамыз, ал әзірге жай осылайша.

Сурет 11 – Қызметі анықтамалығының кесте түріндегі үлгісі
24. батырмасын немесе INS батырмасын басып, бірнеше қызмет түрін жазыңыз. Мысалы, Директор, Бухгалтер, Программист.

Байқасаңдар кодтар автоматты түрде беріледі, бірақ оларды өзгертуге болады. Ондайда кодтардың өтімділігі сақталуы тиіс. Өтімділіктің параметрлерін конфигураторда өзгертуге болады, мысалы, оны мүлдем алып тастауға болады, керек болмаса.

Өз күйі бойынша «По наименоваии» сұрыптауы орналасқан. Бұл қызмет түрінің атауының бірінші әріпін жазғанда автоматты түрде керекті мамандық түріне әкеледі. Сұрыптаудың басқа да түрін орнатуға болады: коды бойынша немесе реквизиті бойынша. Ол үшін тышқанның оң жақ батырмасын басып, Сұрыптауды таңдау керек. Біз мұны жасамаймыз, қалай бар, солай қалдырамыз.

25. «Должности» анықтамалығын жабамыз да, «Сотрудники» анықтамалығын ашамыз. (Операция => Справочники => Сотрудники).



Сурет 12 – Қызметкерлер анықтамалығының кесте түріндегі формасы
26. Бірнеше қызметкерлерді енгіземіз. Мысалы, Иванов – директор, Петров – Бухгалтер, Сидоров – Программист.

Байқасаңдар, қызмет түрін көрсеткенде «Должности» анықтамалығы ашылады. Қызмет түрін таңдау үшін екі рет тышқанмен шертіңіз.

Шынайы өмірде қызметкерді жұмысқа алу «Приказ о приеме на работу» деген кадрық құжатпен жүргізіледі. Сондықтан біз қазір соны жасаймыз.

27. 1С:Предприятиені жауып, базаны Конфигуратор режимінде іске қосамыз.

28. Енді жаңа «ПриемНаРаботу» деген құжат құрамыз. (меңзерді «Документы» апарып, Жаңа дегенді басыңыз). Құжаттың атауына «ПриемНаРаботу» атауын беріңіз.


Сурет 13 – Жұмысқа қабылдау құжатының конструкторы
29. «Сотрудник» реквизит шапкасын қосыңыз. Жол мен ұзындық түріне 100 символын беріңіз. ОК батырмасын басыңыз.

Құжаттың шапкасы мен кестелік бөлігі бар. Шапкада құжатқа толығымен қатысы бар реквизиттер бар. Мысалы, НомерДок, ДатаДок және т.б. Кестелік бөлікте жолдар бар. Мысалы, бір «Накладная» құжатында бірнеше тауар бойынша ақпараттар сақталған. Мұндай жағдай 1С-те қарастырылыған.

Айта кететін жайт, кез-келген құжатта екі алдын-ала берілген шапка рекквизиттері бар «НомерДок» және «ДатаДок».

30. Құжаттың берілгендерді енгізуге ыңғайлы форамсы болу керек. Терезенің асыңғы жағындағы «Форма» батырмасын басыңыз.

31. Біз бұл жерге бірінші рет кіргендіктен, 1С бізге автоматты түрде құжаттың формасын құруды сұрайды.

Сурет 14 – Құжатты құру формасы

Біз барлығын қолмен жасаймыз дегендіктен, «Отмена» батырмасын басамыз.

32. Бізге келесі түрдегі форманы құру керек.

Сурет 15 – Құжатқа қабылдау формасы
Форманың керек өлшемін беріңіз. Форамаға «Прием на работу» мәтіндік жазбасын оранластырыңыз. Ол үшін бірінші батырмасын басыңыз, кейін формаға басыңыз. Айта кететін жайт, осы батырманың жанында басқа да батырмалар бар, кейінірек соларды да байқап көрулеріңе болады.

Шрифт өлшемін үлкенірек жазыңыз, қанша дегенмен бұл атау ғой. Ол үшін жазудың үстінен оң жақ батырманы шертіп, «Свойства» таңдап, «Шрифт» салымын таңдаңыз, «Шрифт по умалчанию» дегеннен жалаушаны алып тастаңыз және шрифт өлшеміне 12 беріңіз. Сіз сонымен қатар басқа да көрсеткіштерді өзгертулеріңізге болады, мысалы, түсінмәтіннің жазылуын және т.б.



Сурет 16 – Мәтіннің қасиетінің формасы
Формаға НомерДок жолын енгізіңіз. Ол үшін батырмасын басыңыз, сонда терезе шығады. Бұл жерде НомерДок шапкасының реквезитіне жалаушаны орналастырыңыз, ОК батырмасын басыңыз және форманың кез-келген жеріне басыңыз. Сол жерде НомерДок жолы пайда болады. Оның өлшемдерін беріңіз және оны форманың керек жеріне орналастырыңыз.

Жанына «№» жазуы бар жазбаны орналастырыңыз. Осыған ұқсас жолмен формаға қалған реквезиттерді: ДатаДок, Сотрудник, Должность орналастырыңыз. Олардың жанына жазбаларды орналастыруды ұмытпаңыз. «ОК» және «Закрыть» батырмаларын форманың ортасына орналастырыңыз (көлденеңнен). Ол үшін оларды тышқанмен (екеуін бірге) белгілеңіз және батырмасын басыңыз. Соның жанындағы басқа да батырмаларды қызық үшін қолданып көріңіз.

Енді бұл құжатқа жаңа қызметкер туралы ақпараттарды енгізуге болады. Содан кейін қолданушы ОК батырмасын басқанда, сіздің бағдарламаңыз «Сотрудник» анықтамалығына жаңа элемент (жаңа жол) қосуы керек. ОК батырмасына басқанда құжат алдымен сақталуы керек, содан кейін өткізілуі керек.

Құжаттардың өткізілуі - өте маңызды түсінік. Қолданушы үшін құжатты өткізу ол оны жұмысқа өткізуді білдіреді. Құжатты өткізу барысында ақпараттық базада өзгертулер жүргізіледі: берілгендер кестеге қосылады, складтағы товар қалдықтары ұлғаяды немесе азаяды, жаңа бухгалтерлік өткізулер құрылады және т.б.

Құжатты өткізу кезінде нақтылы не өзгеретінін программист анықтайды. Өткізу кезінде «ОбработкаПроведения()» анықталған процедурасы орындалады. Дәл осы жерде программист жүйеде барлық өзгерістерді жасайтын бағдарлама жазады. Қазір бізге сол жерге жету қажет. Ол «Модуль документа» дегенде сақталады.

«Модуль документа» ашу үшін құжаттың экрандық формасын жабу керек. Экранда құжаттық құрылым терезесі ғана қалады. Астында «Модуль документа» деген батырма бар, соған басу керек. Бағдарламадағы мәтінді өзгертуге арналған терезе ашылады.

Оның ішінде «ОбработкаПроведения» деген процедура бар, бірақ оның ішінде әзірге онша маңызды ешнәрсе жоқ. Әзірге мағынасына онша мән бермей, келесі мәтінді жазыңыз.

Бірақ, дұрыстап қарағанда, кейбір жазуларды түсінуге болады. Бірінші жол «Сотрудники» анықтамалығына қарастырылып жазылған. Екінші жол әзірге бос жаңа эелемент құрады. Сосын анықтамалық реквезиттері толтырылады, берілгендер құжаттан алынып анықтамалыққа көшіріледі. Және соңында өзгертілген элемент анықтамалыққа жазылады.

Айта кететін жайт, жаңа бастаушы программистер «Записать()» шақыруды ұмытып кетеді. Бұл қақпанға түсіп қалмаңдар. Егер де сіз «Записать()» әдісін шақыруды ұмытып кетсеңіздер, онда сіздің барлық өзгертулеріңіз базада сақталмайды. Көңіл аударыңыздар, 1С тіліндегі әр оператор «;» символымен аяқталады (нүктелі үтір). КонецПроцедуры» сөзінен кейін үтір нүкте қойылмайды, себебі ол оператор емес, ол операторлық жақша (1С-те мұндай түсінік бар). Үтір нүкте сонымен қатар «Цикл» және «Тогда» сөздерінен кейін де қойылмайды, бірақ «КонецЦикла» және «КонецЕсли» сөздерінен кейін міндетті түрде үтір нүкте қойыңыз. Берілген бағдарламада біз я мұндай цикл, я шарт қолданған жоқпыз.

Сонымен бірге комментариилердің қалай жазылатынына көңіл бөліңіз.

// бұл комментарий

Комментарии компилятормен есепке алынбайды және ол бағдарламаны түсінгісі келетін адамға арналған. Комментариилер өте көп те, өте аз да болмауы керек. Бағдарлама комментариилерсіз түсінікті болуы керек. Бірақ қиын жерлерде комментарии көмегімен бағдарлама жұмысының логикасын түсінуге болады. Комментарии мен түсінікті бағдарламалардың жазылуы – ол да жақсы түсінікті көрсетеді. Бұл жұмыста профессионал болыңыздар!

Модуль терезесі мен құжат құрылымының терезесін жабыңыз. Конфигурацияны сақтаңыз. Енді жаңа қызметкерді барлық форма бойынша қабылдауға болады.

1С-ті Предприятие режимінде іске қосыңыз.

Барлық құжаттар «Журналы документовте» сақталады. Сендер мән бермеген боларсыңдар, бірақ «ПриеНаРаботу» құжаты үшін берілгені бойынша «Прочие» журналы таңдалған. Кейін біз барлық кадрлық құжаттар үшін арнайы журнал құрастырамыз, ал әзірге не бар соны пайдаланамыз.

«Прочие» құжаттар журналын ашу үшін «Операции => Журналы документов => Прочие» басыңыз. Құжаттар журналы ашылады.

Сурет 17 – Құжаттар журналының формасы

батырмасын басыңыз немесе INS батырмасын басыңыз. Берілгендерді енгізу үшін «ПриемНаРаботу» құжат формасы ашылады. Құжат номері автоматты түрде беріледі, құжат күні – бүгінгі күн.


Сурет 18 – Қабылдау құжатының формасы
Барлық берлігендерді енгізіңіз: қызметкердің аты-жөні, оның қызмет түрін және жалақысын көрсетіңіз.

«ОК» батырмасын басыңыз. Алдымен құжат жазылады, содан кейін өткізіледі. Өткізу кезінде «ОбработкаПроведении» процедурасы іске қосылады және «Сотрудники» анықтамалығына жаңа жол қосылады. Тексеріп көріңіз.

Егер қате шығатын болса, сіз бағдарламаны дұрыс жазбағансыз. Қайтадан конфигураторды іске қосып, қателеріңізді дұрыстаңыз.

1С бағдарламада синтаксистік қателерді конфигурацияны сақтағанда автоматты түрде тексеруін істеуге болады. Ол үшін конфигураторда «Мәзір Сервис => Параметры» басып «Проверять ошибки автоматически» жалаушасын орнатыңыз.

Көңіл аударыңыз, синтаксистік қателердің жоқтығы бағдарламаның дұрыстығына кепілдік бермейді. Оның баяғыдағыдай қателері болуы мүмкін. Мұндай қателер бағдарламаны орындағанда шығуы мүмкін, кейде өте жасырын түрде болуы керек. Бірақ ең үлкен қате – тапсырыс берушінің талаптарын дұрыс түсінбеу.

Енді кадрлық бұйрық көмегімен қызметкерлерді жұмыстан шығаратын құжат құру керек.

Конфигураторда жаңа «Увольнение» құжатын құрыңыз.

Оған «Сотрудник» типі «Справочник.Сотрудники» және «Дата увольнения» типі «Дата» болатын реквизит шапкасы кіретінін көрсету керек.

Берілгендерді енгізуге ыңғайлы болатын форма құрыңыз.

Сурет 19 - «Увольнение» құжатының формасы

Құжат модулінде «ОбработкаПроведения()» процедурасында келесі мәтінді жазыңыз.

СпрСотр = СоздатьОбъект("Справочник.Сотрудники");


СпрСотр.НайтиЭлемент(Сотрудник);
СпрСотр.ДатаУвольнения = ДатаУвольнения;
СпрСотр.Записать();
Бірінші жол «Сотрудники» анықтамалығына сілтеме құрады. Екінші жол анықтамалықта жұмыстан шығарылатын қызметкерді іздейді. Келесі жол оған жұмыстан шығарылған күнін береді. Және соңғы жол жасалынған өзгертулерді анықтамалықта сақтайды.

«КадровыеДокументы» журналын құрамыз. Ол үшін меңзерді «ЖурналыДокументовке» әкеліп, «Новый» басамыз. Журналдың атын береміз. Бұл жерде басқа ешнәрсенің қажеті жоқ.



Сурет 20 - «КадровыеДокументы» журналының формасы
Енді «ПриемНаРаботу» құжатының құрылымын өзгерту терезесін ашамыз. Терезенің жоғарғы бөлігіндегі «Прочиені» «КадровыеДокументы» журналына ауыстырамыз.

Дәл осыны «Увольнение» құжатына жасаймыз.

Конфигурацияны сақтап қойыңыз.

Енді қолданушы мәзірін құрамыз. Конфигурация терезесінің астыңғы жағында «Интерфейсы» салымы бар.



Сурет 21 – Интерфейстерді ұсыну формасы
Қолданушы бағдарламаның әр категориясына өз интерфейсі құрылуы мүмкін. Интерфейс мәзір пункттерінен және құрал-саймандар тақтасындағы батырмалардан тұрады.

Жаңа интерфейс құрыңыз және оны Администратор деп атаңыз. Интерфейс интерфейстер тізімінде пайда болады.

Интерфейсті екі рет басып «Редактировать менюді» басыңыз. Мәзір өзгертуінің терезесі ашылады.

Сурет 22 – Мәзірді түзетуге арналған форма
Оның мәзірдің барлық бөлімдерін автоматты түрде құратын тамаша батырмасы бар. Мәзір конструкторының көмегімен бізге барлық объектіге қол жететін мәзір құру керек. Егер бұдан да қызық нәрсе жасау керек болса, мысалы, бөлгіштер, онда мұны қолмен жасау керек.

батырмасын басайық және содан кейін «Построить» басамыз. Конструктор автоматты түрде мәзірдің барлық бөлімін құрып береді.

Сурет 23 – Құрастыруға арналған форма
Мәзірді бірден қолданушыға қалай көрінетінін тестілеуге болады. Ол үшін «Пуск» батырмасын басу керек, тестік терезе пайда болады. Мәзірді көріп, тестік терезені жабыңыз.

Айта кететін жайт, сіз мәзір бөлімдерін өзгертіп көруіңізге болады. Мысалы, «Кадровые документы» мәзір бөлімін «Документы» мәзір бөліміне көшіріңіз, ал «Журналы документов» бөлімін алып тастаңыз. Журналды құжаттардан бөлшек көмегімен бөліңіз. Менің ойымша, бұл өте ыңғайлы болады.

Мәзір редакторын жабыңыз.

Конфигурацияны сақтап, оны іске қосыңыз. «Увольнение» құжатының жұмысын тексеріңіз және мәзірді басып көріңіз.

Осымен кадрлық тіркеу үшін оңай жүйені құру аяқталады. Ол қызметкерлерді қабылдау мен оларды жұмыстан шығаруға мүмкіндік береді. Әрине, барлығы өте ыңғайлы. Жұмыстан шығарылғандар жұмыс істейтіндермен бір тізімде сақталады. Біздің жүйеде өте көп жіберулер бар – ақпаратты сақтау үшін арналған реквизиттер өте аз, құжаттардың басып шығарылған формалары жоқ, саймандар тақтасында батырмалар жоқ, кадрлық орын ауыстыру жоқ.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»
umkd -> «Ақпараттық технологиялар» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umkd -> 5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> «шетел тарихнамасының жаңа бағыттары»
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орындарында тарихты оқыту әдістемесі»
umkd -> Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет