4.3. Білімді бақылау және бағалау жүйесі
-
Студентерідің білімін бақылау мен бағалау баллдық-рейтингілік жүйе (БРЖ) бойынша жүзеге асырылады. БРЖ ағымдағы бақылауды, межелік бақылауды және қорытынды аттестаттауды жүргізуді ұйғарады.
-
Ағымдық бақылау оқу үрдісінде студенттің білімін, оның аудиториялық сабақтардағы белсенділігі мен өздік жұмыстарын уақытылы орындауын жүйелі тексеруге бағытталған. Әрі студенттің семестр бойындағы жұмысын, яғни практикалық сабақтарға қатысуын (семинар), ОЖСӨЖ жұмыстарын орындауын, ағымдық бақылауларды тапсыруын бағалау жүргізіледі. Ағымдық бақылау оқытушымен жүргізіледі (лектормен). Ағымдық бақылауды бағалау тәртібі пән бойынша силлабуста көрсетілген.
-
Білім алушылардың оқу пәндері бойынша бақылау түрі -емтихан. Емтихан нәтижесі көп баллды әріптік жүйе бойынша оқу курсы соңындабағаланады. Ағымдық және межелік бақылаудың барлык түрлері мен сәйкес бағаларды оқытушы қояды. Аталған баға белгіленген оқу пәнінің қорытынды бағасының 60 %-ын құрайды. Межелік (рейтингілік) бақылау академиялық кезеңнің 8-інші немесе 15-інші аптасында өткізіледі. Ағымды емтихан пән бойынша қорытынды білім бағасының 40 %-нан кем болмауын қадағалайды.
-
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасын қояр кезде емтиханда алған бағасын қояр кезде емтиханда алған балл мен семестр бойындағы ағымдық үлгерімнің орташа алы ескеріледі.
-
Семестрлік ағымдық балл бірінші және екінші межелік бақылау нәтижесі арқылы анықталады.
-
Қорытынды әріптік баға мен оның балл бойынша сандық баламасы №1 кестеде көрсетілген пайыздың мазмұнымен анықталады.
-
Қорытынды нәтиже оқу пәнін студенттің меңгергеру деңгейімен сипатталынады, БРЖ бағалау өлшемдерімен емтихан ведомостіне енгізіледі және әріптік, баллдық және пайыздық өлшеммен белгіленеді.
-
Қорытынды бағаның есептеу формуласы:
Иэ = РИ * 0,6 + Э * 0,4
Иэ – қорытынды емтихан бағасының пайыздық мөлшері
РИ – қорытынды межелік бақылау бағасының пайыздық мөлшері
Э – емтихан бағасының пайыздық мөлшері
0,6 және 0,4 - коэффиценттер
Кесте №1. Әріптік эквиваленттегі балдар және пайыздағы бағалар
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Баллдардың эквивалент саны
|
Пайыздық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
А
|
4,0
|
100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90 – 94
|
В +
|
3,33
|
85 – 89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80 – 84
|
В -
|
2,67
|
75 – 79
|
С +
|
2,33
|
70 – 74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65 – 69
|
С -
|
1,67
|
60 – 64
|
D +
|
1,33
|
55 – 59
|
D
|
1,0
|
50 – 54
|
F
|
0
|
0 - 49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
-
Бақылаудың барлық түрлерінің қорытындысы нәтижелері бойынша білім алушының академиялық кезеңдегі және студенттің білім рейтингі анықтау, яғни GPA (ОБ) орташа баллы регистр бөлімімен саналады.
Қорытынды орта балл GPA білім алушының жетістіктерінің деңгейінің орташа есептелінген бағасын төмендегі формула бойынша есептеп шығарады:
мұндағы И1; И2; … Иn - пәндер бойынша қорытынды сандық эквивалент;
К1; К2; … Кn – кредиттегі оқытылатын пәндер көлемі;
n – жыл (семестр) бойынша оқытылатын пәндер саны;
Аралық аттестация нәтижесі бойынша (қорытынды бақылау) офис-регистратор студенітердің рейтингісін белгілейді.Студенттердің академиялық рейтингі оқу орнының Ғылыми Кеңес шешімімен белгіленген түрлі академиялык жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдалануға негіз болады.
Студентгердің қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайында ағымдык/межелік және аралық аттестацияны қайтадан өтуі белгілі себептер болмаған жағдайда қарастырылмайды.
Пән бойынша қорытынды баға ағымдық үлгерім бағасы мен қорытынды тексеру бағасынан (емтихан бағасы) құралады. Білім алушымен меңгерген белгілі бір оқу пәні бойынша ағымдық үлгерім бағасы сол пән бойынша қорытынды бағанын 60%пайызын, ал сол пән бойынша қорытынды бақылау бағасынын 30% пайызын құрайды.
Жақсы баға меңгерген кредиттер санын белгілі бір оқу пәні бойынша бекітілген кредиттер санымен толықтыруға негіз болып студенттің транскриптіне қойылады.
Қорытынды бақылауды (емтихан) «қанағаттанарлық емес» бағаға тапсырған жағдайда, оқу пәні бойынша қорытынды баға есептелмейді.
Қорытында бақылауда алынған жақсы бағаны жоғарлату мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Келесі академиялық кезеңде немесе ақылы түрде өткізілетін жазғы семестрде жақсы баға алу үшін сол пәннің оқу жоспарымен қарастырылған оқу жұмыстарының барлық түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алып қорытынды тексеруді қайта тапсырады.
Қорытынды бақылау нысанында "канағаттанарлықсыз" баға алған студенттер сол пәнді қайтадан тыңдап, келесі академиялық кезеңде ақылы негізде қайтадан тапсыруға құқылы.
Академиялық үлгермеушілік - студенттердің оқу пәні бойынша қорытынды бақылаудағы үлгермеушілігі. Академиялық үлгермеушілік емтиханда "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда немесе емтиханға келмеген жағдайда болуы мүмкін. Студент мұндай жағдайда ағымдық академиялық кезеңді аяқтау үшін қажетті кредит көлемін жинақтай алмайды.
Студенттің пән бойынша жалпы бағасы ағымдық жөне межелік бақылаудың барлык, түрі, сондай-ақ СОӨЖ орындау барысы нәтижесі үшін және қорытынды бақылау нәтижесі бойынша қойылады.
Студенттің біржылдық академиялық үлгерімінің қорытынды деңгейі төмендегі формула бойынша анықталады:
Мұнда:
О1+О2+Оn -пән бойынша балдың сандық баламасы; К1, К2...Кn - кредитпен оқитын пәндердің көлемі;
N - жыл бойы оқыған пондерінің көлемі;
GPA - орташа балл.
Әрбір студент өзінің академиялық рейтингі туралы дәйекті мәліметтерді деканаттан, тіркеу бөлімінен біле алады.
Деканат студенттін орташа балы (GPA) бекітілген орташа балдан жоғары болып, кейбір сабақтардан "қанағаттанарлықсыз" бағаларының болуына қарамастан келесі курсқа көшіруді жүзеге асырады. Курстан курсқа көшу үшін студенттің балы бекітілген орташа балдан (GPA) кем болмауы керек.
Студент курсты оқып бітіргеннен кейінгі барлық бағаларымен жинактаған кредит көлемі транскриптке енгізіледі. Транскрипт - студенттің бір немесе бірнеше оқу орындарында қалыптасқан білімі мен дағдыларының академиялық деңгейін бейнелейтін ресми құжат.
4.4. Емтихан сессиясын өткізу тәртібі
Емтихан сессиясының мерзімділігі мен ұзақтылығы университеттің ғылыми кеңесі бекіткен академиялық күнтізбе мен жұмыс жоспарына сәйкес анықталады. Университетте оқу семестрінің аяқталуы бойынша ұзақтылығы үш аптадан тұратын екі емтихан сессиясы қарастырылған - қысқы және жазғы. Жазғы емтихан сессиясының нәтижесі бойынша студенттерді курстан курсқа ауыстыру туралы ректордың бұйрығы шығарылады.
Студенттер жұмыс және дербес оқу жоспарларында қарастырылған барлық емтиханды қатаң түрде оқып тапсыруы тиіс, сондай-ақ барлық оқу түріне арналған бірыңғай бекітілген бағдарлама бойынша тапсырады.
Студенттердің қорытынды рейтингісі және төлем ақысы бойынша факультет деканы емтихан сессиясын тапсыруға рұқсат береді. Студент пән бойынша емтиханға жіберіледі егер қорытынды рейтинг мөлшері 50%-дан жоғары болса.
Емтихан тапсыруға бөгде адамдардың қатысуына оқу бөлімінің меңгерүшісі, тіркеу бөлімінің меңгерүшісі және факультет деканының рұқсатынсыз рұқсат етілмейді.
Емтихан нәтижесі ведомосқа қойылады және қорытынды бақылау өткізілген күні жарияланады. Емтихан ведомосының көшірмесі емтихан аяқталған соң үш күннен кешіктірілмей деканатқа және кафедраға тапсырылады. Құрама емтихан ведомосы үш күндік мерзімде емтихан сессиясы аяқталған соң деканатқа тапсырылады.
Емтиханның қорытындысы бойынша бағаларымен келіспейтін студенттер аппеляцияға беруге құқы бар (Қосымша Д).
Берілген курстың оқу жоспарының талаптарын толық орындаған, барлық емтиханды табысты тапсырған және орташа өту баллдарының белгіленген деңгейін жинаған студент университет ректорының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.
Курстан курсқа көшу үшін орташа өту балл университеттің шешімімен белгіленеді және жыл сайын оқу-әдістемелік кеңесте қарастырылады.
Белгіленген мерзімде емтиханды ауырып немесе басқа себепті жағдайлармен тапсыра алмаған студенттерге факультет деканы өзінің жарлығымен олардың тапсыруына жеке мерзім белгілейді және бұл шешім тіркеу бөліміне тапсырылады.
Академиялық үлгермеушілікті жою үшін студент Тіркеу бөліміне (Қосымша Б) өтініш беріп, жеке оқу жоспарын толтыруы, қайта дәріс тыңдауы қажет және ақылы негізде осы пән бойынша басқа қарастырылатын сабақтарға қатысуы тиіс, бақылаудың қорытынды түріне рүқсат ала алады.
Үлгермеушілікті жою жазғы семестрде оқу үрдісінің белгіленген кестесімен және академиялық күнтізбе мерзімімен жүзеге асады.
Әрбір емтихан сессиясының нәтижесі транскриптке (The transkript) енгізіледі, оның біреуі деканатта сақталады, ал екіншісі - студенттің қолына беріледі.
4.5. Апелляция
Апелляция - студенттердің біліміне обьективті емес баға қоюда қалыптасқан факторларды айқындау мен жою мақсатында жүргізілетін іс - жосығы (процедура).
Апелляция егер жиынтық (суммарлық) рейтингке эсер еткенде немесе студенттердің білімінің қорытынды бағасын көтерген жағдайда ғана белгіленеді.
Апелляция студенттің бастамасы бойынша келесі жағдайда жүргізіледі:
-
тестілік тапсырмалардың ішінара дүрыс құрылмағаны болса;
-
тестілік тапсырманың дүрыс жауабы болмаса;
-
тестілік тапсырманың бірнеше дүрыс жауабы болса;
-
тестілік тапсырма пэннің оқу-әдістемелік топтамасында баяндалған оқу бағдарламасы шегінен тыс шыққан болса;
Апелляция емтихан өткеннен кейінгі келесі күні белгіленген үлгі бойынша студенттің өтініші негізінде жүргізіледі.
4.6. Студенттерді оқудан шығару
Студенттерді оқудан шығару университет ректорының бүйрығымен ресімделеді.
Студент мына жағдайларда университеттен шығуы мүмкін:
-
өз еркімен;
-
ақылы оқытудың келісім-шарт талаптарын орындамағанда;
-
студент университеттен басқа ЖОО-ға ауысқанда;
-
медициналық көрсеткіші бойынша;
-
Үш рет қайтадан оқу нәтижесі бойынша академиялық үлгермеушілік болған жағдайда;
-
бір академиялық кезеңде кем дегенде 12 кредитті меңгермегенде:
-
Университет Жарғысын (оқу пәндерін және ішкі тәртіп ережесін) бұзғаны үшін;
Университеттен шығарылған студенттерге белгіленген үлгіде академиялық анықтама (Тгаnscгірt) беріледі.
Студент оқудан шыққан жағдайда оның университетпен байланысы аяқталады. Білімі туралы өзінің құжатын алу үшін студент белгіленген тәртіпте университетпен есептесуі қажет, жүгіртпе (обходной) қағазын толтырады және оны университеттің статистика бөліміне тапсырады.
-
Студенттердің ауысуы және оларды қайта қабылдау
-
Күндізгі оқу түрінің студенттерінің ауысуы мен қайта қабылдау туралы өтініші қысқы немесе жазғы каникул кезінде жұмыс оқу жоспарының айырмасын тапсыруымен қарастырады.
-
Күндізгі және сырттай, кешкі оқу түрінде білім алушылардың ауысу мен қайта қабылдауына өтініш мекеме жетекшісі қайта кезекті академиялық кезең басталмас бұрын бес жұмыс күн ішінде өтінішті қабылдайды.
-
Сырттай оқу түрінің студенттерінің қайта қабылдауға өтініші кезекті емтихан сессиясына оқу сабақтарының басталуына дейін, ал басқа жоғары оқу орындарына ауысу туралы өтініш қысқы немесе жазғы каникул кезінде қарастырылады.
-
Ауысқанда және қайта қабылданғанда жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықтар және академиялық кезеңде оқып кеткен пәндері анықталады.
-
Жұмыс оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықтар білім ұйымы жетекшісімен оқу карточкасы немес транскриптті бойынша бұрын меңгерілген пәндерінің сағаттарын, кредит санын есепке ала отырып анықталады.
-
Егер оқу жоспарындағы пәндердің оқу айырмашылығы кем дегенде міндетті компонентке жататын 5 пәннен аспаса, онда студенттерді тиісті курсқа ауыстыру мен қайта қабылдау жүзеге асады.
-
Курстан курсқа ауысудың негізгі шарты білім алушының үлгерімнің орта балы (GPA) ЖОО белгілеген ауысу балынан кем болмауы керек.
-
ЖОО-на ауысу мен қайта қабылданудың негізгі шарты 15 кредиттен кем емес оқу жоспарымен бір академиялық кезеңді толық аяқтаған болуы керек.
Сондай-ақ, білім алушы кез келген оқу түріне, мамандығына және зі таңдаған жоо-на қайта қабылдану кезінде оқудан шығару мерзіміне тәуелсіз ауысуына болады.
-
Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдауда курсы пререквизиттерді есепке ала отырып анықталады. Меңгерген кредиттер білім алу траекториясына сәйкес қайта есептеледі.
-
Пән айырмашылықтарын анықтауда қорытынды бақылау түрі есепке алынбайды.
Сынақ әріптік минималды D (1.0; 50-54%) максималды А (4,0; 95-100%) бағалауына теңестіріледі.
-
Білім алушының курстан курсқа көшуі жазғы сессиясы қорытындысы бойынша және жинаған көшу балы қорытындысын есепке ала отырып жүзеге асырылады. Курстан курсқа көшу ЖОО жетекшісі бұйрығымен жүзеге асады.
-
Білім грантымен білім алушы көшу балын жинаған және келесі курсқа көшкен жағдайда академиялық қарызы болса, оны ақылы түрде жояды, бірақ бұл жағдайда білім гранты сақталады.
-
Білім грантымен білім алушы өзге ЖОО-на білім грантын сақтап ауыса алады.
Мақсатты грантпен оқуға түскен білім алушы басқа ЖОО-на ауысқан жағдайда білім гранты сақталмайды.
-
Оқу жылының қорытындысы бойынша жазғы семестрде де көшу балын жинай алмаған білім алушы қайталап оқу курсына қалдырылады.
Өайталап оқу курсына қалдырылған білім алушы бұрын қабылданған жеке оқу жоспарымен немес жаңа оқу жоспарымен білім алады.
-
Қайталап оқу курсына қалдырылған білім алушы білім гранты иегері грантынан айырылады және ары қарай ақылы түрде білім алуын жалғастырады.
-
ЖОО шығарылған білім алушы кез келген оқу түріне, мамандыққа, ЖОО-на қайта қабылдануына болады. Қайта қабылдаудың студентке қоятын міндетті шарты болып кем дегенде бір академиялық кезеңді аяқтау болып табылады.
-
Ақылы түрде білім алушы білім алудың ақысын төлемегендіктен оқудан шығарылған жағдайда, оқу қарызын толық төлеген соң оқудан шығару күнінен бастап төрт апта ішінде қайта қабылдануына болады.
-
Білім алушылар қатарына қайта қабылдау оқу жоспарындағы пәндерді жою тек ақылы түрде жүзеге асады.
-
Бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысу тек ақылы түрде жүзеге асады.
-
Басқа ЖОО-нан ауысқан жағдайда студент Офис-тіркеуші және мамандық эдвайзерімен бірге жазғы семестрге пән айырмашылықтарын жою үшін (Б қасымшасы), жеке оқу жоспарын бекіту үшін (Ж қосымшасы) өтініш жазуы керек.
-
Қылы негізде білім алушы студент университет Ғылыми кеңесінің шешімімен мемлекеттік білім алу грантына көшуге құқығы бар. Сонымен бірге ол студенттің бағасы «А» до «В-» дейін болуы керек.
-
Оқу жоспары пәндердегі академиялық айырмашылығын жою үшін білім алушы академиялық кезең ішінде барлық оқу сабаұтарына қатысып, барлық ағымдық бақылауды тапсырып, қорытынды бақылауға рұқсат алады.
-
Оқу жоспары пәндердегі академиялық айырмашылық уақытында жойылмаса, академиялық қарыз болып саналады.
-
1-топтық емтихандық сессияға қатыспаған және сол себепті оқудан шығарылған сырттай оқу түріндегі студенттер ағымдағы оқу жылындағы 2-топ емтихандық сессиясына қатыса алмайды.
4.8 Жазғы семестрді ұйымдастыру
-
Жазғы семестр жұмыс оқу жоспары және академиялық күнтізбемен белгіленген мерзімде ұйымдастырылады және қосымша білім алу немесе академиялық үлгермеушілігін жою мақсатында ақылы негізде өткізіледі.
-
Жазғы семестрде оқу ақысы әр пәнге, оған бөлінген кредиттср санына байланысты болады және әр пән үшін кредиттер саны бойынша университет бухгалтериясына ақысы төленеді.
-
Жазғы семестр ұзақтығы 6 апта, осы уақыт ішінде пән толығымен оқытылады. Жазғы семестрге жалпы саны 7-8 кредиттен құрайтын үш пәннен артық жіберілмейді.
4.Жазғы семестрге тіркелетіндер:
-
университеттегі кез-келген мамандық бойынша қосымша оқу курсын меңгеруге ниетті, үлгерімі жақсы студенттер;
-
емтихан тапсыра алмаған немесе рейтинг қорытындысы бойынша емтиханға жіберілмеген студенттер;
-
қайта қабылданғанда, басқа жоғары оқу орнынан ауысып келгенде және академиялық демалыстан шыққан кездегі оқу пэндерінде айырмасы бар студенттер.
Қосымша оқу курстары келесі талаптарды ескере отырып жария етіледі:
-
студент келесі курсқа академиялық үлгермеушіліксіз көшірілген болуы керек;
-
топ рентабельді және кемінде 5 адамнан түруы керек;
-
қосымша курстар саны студенттің GРА-сының жылдық деңгейімен анықталады, GРА неғүрлым жоғары болса, студент көбірек қосымша сағат сұрай алады.
Жазғы семестрді ұйымдастыру тәртібі:
-
студент жазғы сессия аяқталғаннан кейін тіркеу беліміне жазғы семестрге қатысқысы келетіні жөнінде уәжді (мотивті) өтінішін береді (қосымша Б);
-
оң шешім қабылданған жағдайда тіркеу бөлімі жазғы семестрге сабақ кестесін жасайды да студент ақысын телеген соң бірінші проректорға бекіттіреді.
Жазғы семестр пәндерінің тізбесі хабарландыру тақтасына оның басталуынан 1 ай бұрын ілінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |