Анықтамалық-КӨрсеткіш қарағанды 2022 мазмұНЫ


 Уни­вер­си­тет ғи­ма­рат­та­рын­да­ғы тәр­тіп



бет24/35
Дата18.11.2022
өлшемі3.95 Mb.
#465148
түріАнықтамалық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
АНЫҚТАМАЛЫҚ-КӨРСЕТКІШ

10. Уни­вер­си­тет ғи­ма­рат­та­рын­да­ғы тәр­тіп

10.1. Уни­вер­си­тет ғи­ма­рат­та­рын­да­ғы тәр­тіп пен қолайлылыққа (жұ­мыс­қа жа­рам­ды жи­һаз­дың, оқу жаб­дық­та­ры­ның бо­луы, қалып­ты тем­пе­ра­ту­ра мен жа­рық­ты қам­та­ма­сыз ету) бұл міндеті­не лауазым­дық нұс­қау­лық­қа сәй­кес кіретін про­рек­тор, сондай-ақ ти­іс­ті бө­лім­ше­нің бас­шы­сы жауап бе­ре­ді. Оқу зертханала­ры мен ка­би­нет­тер­де­гі жаб­дық­тар­дың жа­рам­ды­лы­ғы мен оқу құ­рал­да­ры­ның са­бақ­қа дайын бо­луы­на ка­фед­ра жә­не зертха­на, оқу ка­би­нет­те­рі­нің мең­ге­ру­ші­ле­рі, әдіс­кер­лер, лаборанттар жауап бе­ре­ді.


10.2. Уни­вер­си­тет аума­ғын­да тыйым са­лы­на­ды:

  • ти­іс­ті бө­лім­ше­нің қа­лып­ты жұ­мыс жа­сауын қи­ын­да­та­тын әре­кет­тер­ге;

  • шы­лым ше­гу­ге;

  • спирт­тік ішім­дік­тер­ді пай­да­ла­ну­ға;

  • құ­мар ойын­дар­ға;

  • мас күй­де, ал­ко­голь­дік, есір­ткі­лік не­ме­се улан­дыр­ғыш заттар­мен ма­сай­ған күй­де ке­лу­ге;

  • жа­ну­ар­лар­мен ке­лу­ге (зерт­теу­лік мақ­сат­тар­дан бас­қа).

10.3. Уни­вер­си­тет ғи­ма­рат­та­рын­да сырт ки­ім­мен жә­не бас киім­мен жү­ру­ге тыйым са­лы­на­ды.
10.4. Қыз­мет­кер­лер­ді, бі­лім алу­шы­лар­ды не­ме­се бас­қа да тұлға­лар­ды, со­ны­мен қо­са ав­то­кө­лік­тер­ді Уни­вер­си­тет ғимаратына жә­не аума­ғы­на кір­гі­зу тәр­ті­бі, со­ны­мен қо­са мү­лік­ті Уни­вер­си­тет аума­ғын­да ауыс­ты­ру не­ме­се Уни­вер­си­тет аума­ғы­нан тыс жер­ге шы­ға­ру тәр­ті­бі бел­гі­лі тәр­тіп­те бе­кі­ті­ле­тін Университеттің ны­сан­да­рын­да кір­гі­зу тәр­ті­бін ұйым­дас­ты­ру туралы Ере­же­мен, Уни­вер­си­тет жа­тақ­ха­на­ла­рын­да тұ­ру ережелері­мен, со­ны­мен қо­са Уни­вер­си­тет­тің Қауіп­сіз­дік қызметінің ке­лі­сі­мі­мен Уни­вер­си­тет бө­лім­ше­ле­рін­де әзір­ле­не­тін ере­же­лер­мен анық­та­ла­ды.
10.5. Уни­вер­си­тет бас­шы­лы­ғы оқу ор­ны­ның кү­зе­ті­лу­ін, жабдық­тар­дың, мү­лік­тің жә­не бас­қа да зат­тар­дың сақ­та­лу­ын, соны­мен қо­са оқу жә­не тұр­мыс­тық бөл­ме­лер­де қа­жет­ті тәр­тіп­ті қам­та­ма­сыз ету­ге мін­дет­ті. Мү­лік­тің сақ­та­луы­на, ғи­ма­рат­тың өртке қар­сы жә­не са­ни­тар­лық жағ­дайы­на лауазым­дық нұсқаулықтар­ға сәй­кес же­ке­ле­ген құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің бас­шы­ла­ры, ал қа­жет бол­ған жағ­дай­лар­да рек­тор­дың бұй­ры­ғы­мен ти­іс­ті лауазым­дық тұл­ға­лар жауап бе­ре­ді.
10.6. Ме­ре­ке күн­де­рі жә­не де­ма­лыс күн­де­рі, со­ны­мен қо­са төтен­ше жағ­дай­лар­да тұр­ғын үй жә­не тұр­мыс­тық ғи­ма­рат­тар­ды қо­са ал­ған­да Уни­вер­си­тет­тің бар­лық ғи­ма­рат­та­рын­да Уни­вер­си­тет бас­шы­лы­ғы ерек­ше жұ­мыс жә­не мү­лік­ті қол­да­ну тәр­ті­бін бе­кі­туі, со­ны­мен қо­са қыз­мет­кер­лер­дің ке­зек­ші­лік етуі ен­гі­зі­луі мүм­кін.
Жұ­мыс­тан тыс уақыт­та бө­лім­ше­лер­де жос­пар­лан­ған са­бақ­тар мен жұ­мыс­тар­ды жүр­гі­зу­ді құ­ры­лым­дық бө­лім­ше бас­шы­ла­ры Уни­вер­си­тет Қауіп­сіз­дік қыз­ме­ті­нің бас­ты­ғы­мен ке­лі­се­ді жә­не ол рек­тор­дың бұй­ры­ғы­на сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
10.7. Оқу ғи­ма­ра­ты бөл­ме­ле­рі­нің (ка­фед­ра­лар, дә­ріс­ха­на­лар, ка­би­нет­тер, зер­тха­на­лар) кілт­те­рі оқу ғи­ма­ра­ты кү­зе­ті­нің кезекшісін­де бо­луы ти­іс жә­не ти­іс­ті бө­лім­ше­лер қыз­мет­кер­ле­рі­не қол қою ар­қы­лы бе­рі­луі ке­рек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет