Академиялық адалдықтың мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
2.1 Осы Ереженің мақсаты – академиялық адалдық регламентін белгілеу, білім беру үдерісіне қатысушылардың (білім алушылардың, профессор-оқытушылар құрамының, әкімшілік-басқару және оқу-көмекші персоналдың) санасында Академиялық адалдық ережесін сақтау қажеттілігі туралы түсінікті қалыптастыру.
2.2 Академиялық адалдық саласындағы міндеттер:
1. Мамандарды даярлау сапасын арттыруға жәрдемдесу.
2. Білім алушылардың, ПОҚ және қызметкерлердің академиялық адалдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдай жасау.
3. Проблемалық мәселелер мен жағдайларды реттеу арқылы академиялық адалдықты бұзу жағдайлардың алдын алу.
2.3 Академиялық адалдық қағидаттары:
1) адалдық – білім беру үдерісі субъектілерінің өз міндеттерін мұқият орындауы.
2) автордың және оның құқық мирасқорларының құқықтарын қорғау – авторлықты тану және басқа біреудің сөзін, ойларын дұрыс жеткізу және бағаланатын жұмыстарда ақпарат көздерін көрсету арқылы авторлық құқық объектісі болып табылатын туындыларды қорғау;
3) ашықтық –білім беру үдерісіне қатысушылардың арасындағы айқындық, өзара сенім, ақпаратпен және идеялармен алмасу;
4) теңдік – білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің құқықтары мен бостандықтарын өзара құрметтеу, білім беру үдерісіне қатысушылардың осы Ережені сақтауы және оны бұзғаны үшін тең жауапкершілікке тартылуы.
Академиялық адалдықты бұзу түрлері
Алдау – белгілі бір жағдайларға, оқиғаларға, фактілерге қатысты саналы түрде жаңылыстыру. Академиялық ортада бұл:
Плагиат — басқа адамның немесе ғылыми ұжымның ғылыми еңбегін өз еңбегі ретінде ұсыну, сондай-ақ бөтен туындыны өз атынан жариялау, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталған авторлық құқықты бұзу;
Көшіру – білім алушылардың үлгерімін ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау, сондай-ақ қорытынды мемлекеттік аттестаттау өткізу барысында бағаланатын жұмыстарды орындау кезінде пайдалануға тыйым салынған материалдарды қолдану.
Бұрмалау – ақпаратты, пікірді немесе деректерді әдейі бұрмалау/ауыстыру (жалған медициналық анықтаманы ұсыну; білім алушылардың оқу жетістіктері базасына рұқсатсыз қол жеткізу; оқу құжаттарын, деректер мен есептер нәтижесін қолдан жасау; электрондық және қағаз сынақ кітапшасына жалған баға мен қол қою; барлық деңгейдегі жұмыстар мен құжаттарда бағаларды түзету).
Бағаланатын жұмысты, тест тапсырмаларын орындау барысында ақпаратты немесе техникалық құрылғыларды заңсыз пайдалану және тарату; бағаланатын жұмыстың кез келген жауабын заңсыз жолмен иемдену; рұқсат етілмеген жасырын бейне- немесе аудиожазба жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |