Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Типография менеджері (полиграфия) (шығарушы)



бет122/126
Дата24.04.2016
өлшемі2.72 Mb.
#79035
түріАнықтамалық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126

Типография менеджері (полиграфия) (шығарушы)

Лауазымдық міндеттері. Редакторлық баспалық бөлімшенің тапсырыстарын қабылдаған полиграфиялық ұйымдардың тапсырыстарының уақытылы орындалуын жүзеге асырады. Жарнама берушілер мен полиграфиялық ұйымдармен полиграфиялық және рәсімдеу жұмыстарын, басылымның редакциялық және өндірістік процестері кестесінің орындалуына шарттардың жобаларын дайындауға қатысады. Тапсырыстарды рәсімдеп, теруге дайындалған қолжазбаларды, суреттерді, сондай-ақ корректуралық баспа-таңбалар мен басылымның сигналды нұсқаларын полиграфиялық ұйымдарға белгіленген мерзімдерде тапсырады. Теру, басу және тираждар жасау бойынша кестелердің орындалуына есеп жүргізеді, басылымның жинақтығын және полиграфиялық орындаудың сапасын бақылайды. Басылымды шығару кестесін орындау барысының бұзушылықтарын алдын алу немесе жою бойынша шаралар қабылдайды. Суреттердің пленкалары мен сынамаларын уақытылы жасалуын және олардың жеткізілуін бақылайды. Полиграфиялық ұйымдардан корректуралық баспа-таңбаларын, басылымның сигналды нұсқаларын қабылдайды, олардың сапасының техникалық баспа айрықшалықтарының талаптарына және жасалған шарттардың талаптарына сәйкестілігін тексереді. Осы талаптар бұзылған кезде белгіленген тәртіппен корректуралық баспа-таңбаларды қосымша тексеруге қайтарады. Полиграфиялық ұйымдардан басылым тираждарын қабылдауға қатысады.


Білуге тиіс: редакциялық-баспа жұмысының негіздері; басылымның редакциялық және өндірістік процестерінің кестесін әзірлеу тәртібі; полиграфиялық жұмыстардың орындалуына тапсырысты рәсімдеу тәртібі; полиграфиялық ұйымдар орындаған жұмыстардың ережесі мен оларға қойылатын талаптар; полиграфиялық өндіріс технологиясының негіздері; экономика мен менеджменттің, еңбекті ұйымдастырудың негіздері, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбекті қорғау және еңбек қауііпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта (толық) білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы болуы тиіс.




Кіші редактор

Лауазымдық міндеттері. Редактордың басшылығымен қолжазбаларды теруге тапсыру үшін техникалық дайындықты жүзеге асырады. Түпдеректер бойынша қанатты сөздер мен сандық деректерді, библиографиялық сипаттамасының толықтығын және мәтіндегі түпдеректерге сілтемелердің болуын, нышандардың дұрыс жазылуын және бірізділігін, өлшем бірліктерін, суреттердегі, мәтіндегі белгілердің бірдей болуын тексереді. Қолжазбаны қайта басып шығарған соң салыстырып оқиды, жіберілген қателерді түзетеді, формулаларды, арнайы таңбалар мен әріптерді, сирек қолданылатын алфавиттерді, шетелдік мәтінді жазады. Полиграфиялық ұйымдарға жіберілетін қолжазбалардың жинақтылығын тексереді, баспа нұсқаларының беттерін нөмірлейді. Редактордың тапсырмасы бойынша авторлық түзетулерді жұмыс нұсқасына көшіреді. Қабылданған қолжазбаларды және авторлардың, сыртқы редакторлар мен материалды басуға дайындауға қатысатын, баспалық шарттар мен еңбек шарттары (келісімшарттар) жасалған басқа да адамдардың орындау мерзімдерін тіркейді. Қолжазбалар мен корректуралық баспа-таңбаларын дайындау және өту кестесінің орындалуы барысына жедел есеп жүргізеді. Авторлық қаламақыларды төлеу үшін бухгалтерияға өтінімдер дайындайды. Бөлімдегі іс қағаздарды жүргізеді, авторлық қолжазбаларды және оған қатысты құжаттарды қолданыстағы белгіленген ереже тәртібімен сақтайды.


Білуге тиіс: редакциялық баспа жұмысының негіздері; ғылыми-әдістемелік әдебиеттер, ақпараттық және нормативтік материалдарды редакциялау әдістері; қолжазбаларды шығаруға, корректуралық баспа-таңбаларын басып шығаруға дайындау тәртібі; қазақ тілінің (орыс тілінің) грамматикасы мен стилистикасы; корректура ережелері мен стандартты корректуралық белгілер; терминдерге, белгілерге және өлшеу бірліктеріне қойылатын мемлекеттік стандарттар; қолданыстағы шартты қысқартулар; полиграфиялық өндірісі технологиясының негіздері; іс қағаздар жүргізу негіздері; экономиканың, еңбекті ұйымдастырудың негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбекті қорғау және еңбек қауііпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім болуы тиіс, жұмыс стажына талап қойылмайды.

Корректор
Лауазымдық міндеттері. Мәтіннің әр түрлі элементтерінің графикалық және лексикалық бірізділігін қамтамасыз ету, орфографиялық және пунктуациялы қателерді жою, терудің техникалық ережелерін сақтау, сондай-ақ мазмұндық және стильдік сипаттағы кемшіліктерді түзету мақсатында түзетілген қолжазбаларды оқуды және корректуралық баспа-таңбаларын оқуды жүзеге асырады. Қолжазбаларды оқу кезінде олардың жинақтылығын (титул парағының, кіріспенің, суреттердің, анықтамалық аппараттың болуын және т.п.), мазмұнындағы бөлімдердің реттік нөмірлерін тексереді, олардың атауын мәтіндегі тақырыптармен салыстырады, терминдердің, нышандардың дұрыс жазылуын және бірізділігін, өлшем бірліктерінің, шартты қысқартулар, суреттер мен мәтіндегі белгілердің бірдей болуын қамтамасыз етеді. Жекелеген әріптер мен белгілердің жазылуындағы көмескілікті жояды, мәтіндегі абзацтарды дұрыс бөледі, стилистикалық кемшіліктерді редактормен келіседі. Басылымдағы кестелердің, сілтемелердің, формулалардың дұрыс рәсімделуін, библиографиялық сипаттаманың толықтығын және мәтіндегі қанатты сөздерге, сандық деректерге тиісті сілтемелердің болуын тексереді. Терушіге дефистерді, тирелерді, көп мәнді сандарды және т.б. теруге нұсқау береді. Қолжазбаларды оқу ерекшеліктерін ескере отырып, редакторлық паспортты толықтырады. Баспа-таңбаларын оқыған кезде терілген мәтіннің түпнұсқаға сәйкестігін тексереді. Қолжазбаны терген немесе қайта басқан кезде жіберілген орфографиялық, пунктуациялық және техникалық қателерді түзетеді. Полиграфиялық өндірістің жалпы ережелері мен техникалық редактордың нұсқауларына сәйкес мәтіннің, тақырыптардың, ескертулердің және басылымның басқа да ерекшеленетін бөліктерінің дұрыстығын тексереді. Қолжазбаны теруге, бауға және жарыққа шығаруға қол қояды.

Білуге тиіс: редакциялық баспа жұмысының негіздері; қолжазбаларды шығаруға, баспа-таңбаларын басып шығаруға дайындау тәртібі; қазақ тілінің (орыс тілінің) грамматикасы мен стилистикасы; қолжазбаны оқу техникасы; корректура ережесі мен стандартты корректуралық белгілер; терудің техникалық ережесі; терминологияға, белгілерге және өлшеу бірліктеріне қойылатын мемлекеттік стандарттар; қолданыстағы шартты қысқартулар, шет тілдеріндегі библиографияда қолданылатын шартты қысқартулар; түзеу жұмысының қолданыстағы нормативтері; полиграфиялық өндірісі технологиясының негіздері; экономика, еңбекті ұйымдастырудың және Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбекті қорғау және еңбек қауііпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет