Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Патенттік және өнертапқыштық жұмыстар бөлімінің бастығы



бет38/126
Дата24.04.2016
өлшемі2.72 Mb.
#79035
түріАнықтамалық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   126

Патенттік және өнертапқыштық жұмыстар бөлімінің бастығы



Лауазымдық міндеттері. Ұйымда жоғары техникалық деңгейінің, патент қабілеттілігін және жобалық-конструкторлық әзірлемелердің, өнертабыстардың, технологиялық процестердің және шығарылатын өнімнің патенттік тазалығын қамтамасыз ету бойынша, жаңа техникалық шешімдердің мемлекеттік басымдылығының патенттік қорғау туралы ұсыныстарды дайындау, оларды лицензиялық негізінде іске асыру, шетелдік ғылыми-техникалық әзірлемелерге лицензияларды сатып алу бойынша, сонымен қатар, қызметкерлер мен қызметкерлердің ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту, оларды рационализациялық әрекет пен өнертабушылыққа қызықтыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Ұйымның техника мен технологияның жаңасын әзірлеу немесе ескісін жаңарту бойынша өндірістік әрекеттерінің жоспарлардың құруын қамтамасыз етеді, технологиялық процестер мен жабдықтауды жобалау, өндірістің түйінді мәселелерін шешу үшін рационализациялық және өнертабушылық жұмыстарының тематикалық жоспарларын дайындау кезінде патенттік материалдардың құрамындағы техникалық шешімдерді пайдалану бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысады. Ойластырылған әзірлемелер тақырыбы бойынша, патенттік материалдарды пайдалануда кеңес беру мен көмек көрсету бойынша, сонымен қатар, бөлімшелерге түсетін рационализациялық ұсыныстар мен өнертабыстарды уақытымен қарастыру және оларға қорытынды жасау бойынша патенттік материалдарында мамандардың қажеттілігін айқындау жөнінде жұмысты ұйымдастырады. Патенттік зерттеулердің жүргізілуін, патенттік материалдардың іздеуін, таңдауды, өнертабыстың техникалық деңгейдің зерттеуін және бағалауын, оларды пайдалану бойынша ұсыныстардың әзірлеуін басқарады. Жобалау-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарының патенттік сараптамасының өткізуін, сонымен қатар, патенттік тазалыққа тексеріліс жүргізілетін кезеңдердің анықталуын, техникалық құжаттамада пайдаланған патенттік материалдардың уақытында көрсетудің бақылауын ұйымдастырады. Ұйымдарға патенттік материалдарды қабылдау бойынша ұсыныстардың әзірлеуін қамтамасыз етеді. Өнертабыстар деңгейінде орындалған техникалық шешімдерінің мемлекеттік басымдылығын қорғау бойынша, және олардың мәнін ашатын мәліметтерді мезгілсіздік жариялауын алдын алу немесе басқаша жаю бойынша, өнеркәсіптік үлгілер мен тауарлық белгілерін құқықтық қорғау бойынша шараларды қолданады. Өндірісте өнертабыстарды, өнеркәсіптік үлгілерді және рационализациялау ұсыныстарының пайдалануына, сонымен қатар, шығарылатын өнімнің техникалық деңгейіне бақылау жүргізеді, рационализациялық ұсыныстар мен өнертабыстардың есебі мен жүйеленуін, енгізілген өнертабыстардың картотекаларының жүргізілуін, патенттік қордың жаңа ақпараттық технологияларын қолданумен жинақтауын және оған анықтамалық аппаратын құрылуын, рационализациялық ұсыныстар мен өнертабыстардың экономикалық тиімділігін есептеу, авторлық сыйақы өлшемін анықтау дұрыстығын қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді патенттік қорымен, патент жүргізу негіздерімен, конструкторлық әзірлемелер мен өнертабыстардың патенттік тазалығына талаптарымен таныстыру жұмысын жүргізеді, сайыстарды, рационализаторлар мен өнертабушылардың жұмыстарының көрмесін, техникалық құжаттаманы дайындауда, қажетті есептерді жасауда, зерттеу үлгілерін жасау және сынауда көмек көрсету бойынша кеңес берулерді, озық рационализатор және өнертабушы атағын беруге ұсыну үшін қажетті материалдардың рәсімдеуін ұйымдастырады. Ұйым бөлімшелерінде өнертабушылық және патенттік-лицензиялық жұмысының күйін талдайды, оны жетілдіру бойынша, сонымен қатар, өнеркәсіптік меншікті патенттеу, оған лицензияларды сату және сатып алу бойынша ұсыныстарды әзірлейді, рационализация мен өнертабушылық бойынша шараларды жүргізуге қаржыны жұмсау дұрыстығын бақылайды. Патенттеуге белгіленген өнертабыстардың, басқа құжаттаманың рәсімдеуін және патенттік-лицензиялық жұмыс бойынша, рационализациялық әрекет пен өнертабушылықтың іс жүргізуін, орнатылған есептіліктің дайындауын қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлерін басқарады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заң шығарушы мен басқа да нормативті құқықтық актілері және басқа да халықаралық құжаттары, патент жүргізу бойынша әдістемелік материалдары, рационализация мен өнертабушылықты ұйымдастыру; ұйымның техникалық даму перспективалары; әзірленетін құрылғыларға қойылатын техникалық талаптары; ұйымның өнім өндірудің негізгі технологиялық процестері; ұйымның технологиялық жабдықтауы және оның жұмыс істеу принциптері; ұйымның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымы; өнертабушылық негіздері; патент жүргізу негіздері; патенттік зерттеулерді жүргізу тәртібі мен әдістері; патенттік жұмысы, ұйымдағы рационализация мен өнертабушылықты ұйымдастыру; техникалық деңгейі мен техниканың даму тенденцияларын талдау әдістері; электрондық-есептеу техника мен телекоммуникациялардың осы заманғы құралдары; патенттік қорды құру мен жүргізу ережелері; патенттік материалдар, рационализациялық ұсыныстар мен өнертабыстарды есептеу және жүйелеу тәртібі; өнертабысты шетелде патенттеу үшін өтініш пен басқа да материалдар, лицензияларды сату және сатып алуды рәсімдеу ережелері; рационализациялық ұсыныстар мен өнертабыстарды рәсімдеу және қарастыру тәртібі; негізгі шет мемлекеттерінің патенттік сипаттамалар құрылымы; өнеркәсіптік үлгілер мен тауарлық белгілер туралы ережелер; патент жүргізу мен өнертабушылық жұмысын ұйымдастыру отандық және шетелдік озық тәжірибесі; өнертабушылық құқығы; экономика, еңбек өндірісі мен басқаруды ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнама негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және патенттік немесе рационализация мен өнертабушылықты ұйымдастыру бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Кадрларды даярлау бөлімінің бастығы



Лауазымдық міндеттері. Ұйымның мақсаттар мен стратегияларға, кадрлық саясатына, техниканың, технологияның және басқаруды ұйымдастырудың бағыттары мен даму деңгейіне, бұйымдардың, жұмыстардың (қызметтердің) жаңа түрлерін игеруіне, қызметкерлердің бар ресурстары мен қызығушылықтарына сәйкес бәсекеге қабілеттілігі бар өнімді өндіру бойынша еңбектің жоғары тиімділігіне жету және ұстау үшін ұйым қызметкерлерінің кәсіби білімінің деңгейін, іскерлік мен әдеттерін үнемі жоғарылатуын қамтамасыз етеді. Ұйымның барлық санатты қызметкерлерінің үздіксіз оқыту жүйесінің құрылуын және тиімді функцияларын қамтамасыз етеді. Ұйым персоналын дамыту стратегиясын, кәсіби даму бағдарламасын әзірлеуге қатысады. Белгілі деңгейлі және дайындық профилі кадрларда ұйымның жалпы қажеттілік, құрылымдық бөлімшелердің өтініштері негізінде, аттестаттау мен қызметкерлердің жеке даму жоспарлар нәтижелерін есепке алып оларды дайындаудың, қайта дайындаудың және біліктілігін жоғарылатудың жоспарлауын іске асырады, оқытудың бағыттарын, формаларын, әдістерін және мерзімдерін анықтайды. Персоналды оқыту және сынақ мерзімінен өткізу бойынша кәсіби оқыту ұйымдармен, біліктілікті жоғарылату, соның ішінде шетелдік курстарымен келісім-шарттарды жасауды, оқуға шығындарды анықтауды қамтамасыз етеді, жасалған келісім-шарттарға сәйкес қызметкерлерді оқуға жіберуді ұйымдастырады, шетелде оқуға қажетті құжаттарды рәсімдейді. Ұйымдастыру-әдістемелік басқаруды, ұйым құрылымына кіретін кәсіби білім ұйымдардың және біліктілікті жоғарлату курстардың материалдық базасын жабдықтау мен дамытуды, оқу процесіне автоматтандырылған оқу құралдарын және жаңа техника мен жаңа технологиялық процестер бойынша әртүрлі автоматтандырылған жаттықтыру кешендерін енгізуді іске асырады. Оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлер, жастардың ұстаздарын және мамандар мен жоғары білікті қызметкерлер арасынан нұсқаушылар кадрларын таңдауды ұйымдастырады, оқу бағдарламаларына сәйкес кадрларды кәсіби оқытудың барлық түрлері үшін оқу режимін орнатады. Жастарды кәсіби бағыттау және кәсіби таңдауды ұйымдастыру, бұқаралық мамандарға оқыту үшін контингентті таңдау ғылыми әдістерін пайдалану бойынша жұмыстарды басқарады, кәсіби бағыттау қызметімен байланыс орнатады. Ұйым туралы арнайы шығарма мен басқа ақпараттың дайындалуын қоса өндірісте жас мамандар мен қызметкерлердің үйрену жүйесінің функцияларын, «ашық есік күндерін» өткізуді, жұмысқа шығу рәсімін, бағдарламалардың іске асырылуын, тәжірибелік оқытуды, ұстаздықты дамытуды қамтамасыз етеді. Студенттер мен оқушыларға өндірістік тәжірибені ұйымдастырады. Өндірістік оқытудың оқытушылары мен нұсқаушыларымен жеке еңбек шарттарының жасалуын қамтамасыз етеді. Сабақтардың жүйелілігі мен сапасын, оқушылардың үлгерімін, оқу мерзімдерін сақтауын, оқу жоспарлар мен бағдарламалардың орындалуын, орнатылған құжаттаманың дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді. Өндірістік оқытудың ұстаздарының, оқытушыларының, нұсқаушыларының кәсіби дайындық пен педагогикалық біліктілігін жоғарылату бойынша шараларды әзірлейді. Оқытудың сапалық нәтижелерін және оның тиімділігін талдау, оқыту мен біліктілікті жоғарлату формалар мен әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу, оқып жатқан ұйым қызметкерлерінің тілектерін ескере отырып, бар ақаулықтарды жою шаралары бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Кадрларды дайындау және біліктілігін жоғарлату бойынша орнатылған есептіліктің құрылуын қамтамасыз етеді. Бөлім жұмысшыларын басқарады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заң шығарушы мен басқа да нормативті құқықтық актілері, кадрларды дайындау және біліктілігін жоғарлату бойынша әдістемелік материалдары; ұйымның құрылымы мен штаты, оның бағдарлауы, мамандандырылуынжәне даму перспективалары; кадрлық саясаты және ұйымның стратегиясы; кадрларды дайындау, қайта дайындау және біліктілігін жоғарлату жоспары, оқу жоспары мен бағдарламалар және басқа да оқу-әдістемелік құжаттаманы құру тәртібі; қызметкерлерді оқыту процесін ұйымдастыру; оқытудың прогрессивті формалары, әдістерін және құралдары; шарттарды жасау тәртібі; дайындау мен біліктілікті жоғарлату тиімділігін талдау әдістері; кәсіби бағыттау мен кәсіби таңдау бойынша жұмысты ұйымдастыру; есепті жүргізу және кадрларды дайындау және біліктілігін жоғарлату бойынша есептілікті құру тәртібі; әлеуметтану, психология және еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнама негіздері; экономика, өндірісі пен басқаруды ұйымдастыру негіздері; есептеу техника, коммуникация мен байланыс құралдары; оларды пайдалану ережелері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және кадрларды дайындау бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет