Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет65/126
Дата24.04.2016
өлшемі2.72 Mb.
#79035
түріАнықтамалық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   126

Біліктілікке қойылатын талаптар


I санаттағы инженер-программист: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, II санаттағы инженер-программист лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс.

II санаттағы инженер-программист: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, санатсыз инженер-программист лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс.



Инженер-программист: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, жұмыс стажы талап етілмейді немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және I санаттағы техник лауазымында жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Инженер-технолог (технолог)



Лауазымдық міндеттері. Жобалауды автоматтандыру құралдарын қолдана отырып, прогрессивтік технологиялық процестерді әзірлейді және прогрессивтік технологиялық процесстерін, жабдықтың және технологиялық жабдықтауды, автоматтандыру және механикаландыру құралдарын, кәсіпорын шығаратын өнімге өндірістің оңтайлы режимдерін және өндірісті бәсекелес өніммен және оны дайындауға арналған материалдық және еңбек шығындарын қысқартуды қамтамасыз ете отырып, жұмыстың күрделілігі бойынша барлық түрлерін ендіреді. Жұмысты орындау тәртібін және бөлшектерді өңдеу мен бұйымдарды жинаудың операциялық бағытын белгілейді. Жабдықты орналастыру, жұмыс орындарын техникалық жарақтандыру және ұйымдастыру жоспарын жасайды, жабдықтың өндірістік қуатын және іске қосылуын есептейді. Уақыттың (өнімділік) техникалық негізделген нормаларын, желілік және тораптық кестелерін әзірлеуге, бұйымдардың конструкцияларын технологиялыққа аяқтауға қатысады, материалдық шығындардың нормативтерін (шикізаттың, материалдардың, құралдардың, технологиялық жылудың, энергияның шығыс нормаларын) жобаланатын технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін есептейді. Технологиялық нормативтерді, нұсқаулықтарды, жинау схемаларын, бағыт карталарын, техникалық деңгейдегі және сападағы өнімнің картасын және технологиялық құжаттаманы әзірлейді, өндірістің технологиялық процестері мен режимдерін түзетуге байланысты техникалық құжаттамаға өзгеріс енгізеді. Әзірленген құжаттаманы кәсіпорынның бөлімшелерімен келіседі. Технологияда көзделген арнайы оснастиканы, құралдарды және икемдеулерді жобалауға арналған техникалық тапсырманы, стандарттық емес жабдықты, автоматтандыру және механикаландыру құралдарын шығаруға арналған техникалық тапсырманы әзірлейді. Басқару бағдарламаларын (ЧПУ жабдық үшін) әзірлеуге, әзірленген бағдарламаларды іске қосуға, оларды пысықтау барысында түзетуге, бағдарламалармен жұмыс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты жасауға қатысады. Патенттік зерттеулер жүргізеді және техниканың және технологияның жобаланатын объектілерінің техникалық деңгейінің көрсеткіштерін айқындайды. Жаңа технологиялық процестерді игеру және оларды өндіріске ендіру жөнінде эксперименттік жұмыстарды жүргізуге, ойлап табуларға және өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдер жасауға, сондай-ақ еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, жаңа техниканы ендіру бағдарламаларын, өндірістік қуатты уақтылы игеру, технологияны жетілдіру бойынша ұйымдық-техникалық іс-шараларды әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын бақылайды. Цехтарда технологиялық тәртіптің және технологиялық жабдықты дұрыс пайдаланудың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Өндіріс технологиясы саласында алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибені зерделейді, материалдардың жұмсалуын қысқартуға, көп еңбек сіңіруді төмендетуге, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өндірістің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және оларды іске асыруға қатысады. Ақаудың және төменгі сападағы және нашар сұрыптағы өнім шығарудың себептерін талдайды, олардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге, сондай-ақ кәсіпорын шығаратын өнімге түскен рекламацияларды қарауға қатысады.Өнімді техникалық бақылау және сынау әдістерін әзірлейді. Патенттік және лицензиялық паспорттарды, ойлап табуларға және өнеркәсіптік үлгілерге арналған өтінімдерді жасауға қатысады.Өндіріс технологиясын жетілдіру жөніндегі рационализаторлық ұсынысты қарайды және оларды пайдаланудың тиімділігі туралы қорытынды береді.

Білуге тиіс: өндірісті технологиялық дайындау жөніндегі қаулы, өкім, бұйрықтар, әдістемелік және нормативтік материалдар; технологиялық процесс жобаланатын бұйымдардың конструкциясы және өнімнің құрамы; кәсіпорын өнімінің өндірістік технологиясы, кәсіпорынның техникалық даму перспективалары; өндірістің технологиялық процестерін және режимдерін жобалау жүйелері және әдістері; негізгі технологиялық жабдық және оның жұмыс істеу қағидаттары; жобаланып отырған озық отандық және шетелдік технологияның техникалық сипаттамалары және экономикалық көрсеткіштері; өндірістің үлгі технологиялық процестері және режимдері; шикізатқа, материалдарға, дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар; стандарттар және техникалық талаптар; шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының нормативтері; ақаулардың түрлері және оның алдын алудың тәсілдері; автоматтандырылған жобалау жүйелерінің негіздері; патенттік зерттеулер жүргізу тәртібі және әдістері; өнертапқыштық негіздері; техника және технология объектілерінің техникалық деңгейін талдау әдістері; есептеу техникасының, коммуникациялардың және байланыстың қазіргі заманғы құралдары; технологиялық процестерді жобалау кезінде еңбекті ұйымдастырудың негізгі талаптары; техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу бойынша басқару материалдары; алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік кәсіпорындардың прогрессивтік өндіріс технологиясының осы өнім саласындағы тәжірибесі; экономиканың негіздері; өндірісті ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы еңбек туралы заңнама негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

I санаттағы инженер-технолог: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, II санаттағы инженер-технолог лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс.

II санаттағы инженер-технолог: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, санатсыз инженер-технолог лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс.

Инженер-технолог: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, жұмыс стажы талап етілмейді немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және I санаттағы техник лауазымында жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Инженер-электроншы
Лауазымдық міндеттері. Электрондық жабдықтың техникалық дұрыс, үздіксіз пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Жабдық жұмысының, техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің перспективалық және ағымдағы жоспарлары мен кестелерін әзірлеуге, оны пайдалануды жақсарту және электрондық техниканы пайдаланудың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады. Электрондық есептеу машиналарын жұмысқа дайындауды, жекелеген құрылғылар мен тораптарды техникалық тексеруді жүзеге асырады, жабдықтың электрондық элементтерінің параметрлері мен сенімділігін бақылайды, ақауларды уақтылы анықтау мақсатында сынақтан өткізіп тексеру жүргізеді, оларды жояды. Электрондық есептеу машиналарының, радиоэлектрондық аппаратураның және жекелеген құрылғылар мен тораптардың элементтері мен блоктарын ретке келтіреді. Электрондық техникаға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оның жұмыс істеу жағдайын, ұтымды пайдалануды, профилактикалық және ағымдағы жөндеуді қамтамасыз етеді. Бекітілген құжаттамаға сәйкес жөндеу жұмыстарын уақтылы және сапалы орындау жөнінде шаралар қабылдайды. Электрондық жабдықты жөндеуді және сынақтан өткізуді, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың сақталуын бақылауды, оны техникалық күтуді жүзеге асырады. Электрондық жабдықтың техникалық жай-күйін тексеруге, профилактикалық тексеруді және ағымдағы жөндеуді жүргізуге, оны күрделі жөндеуден қабылдауға, сондай-ақ пайдалануға жаңадан енгізілген электрондық жабдықты қабылдауға және меңгеруге қатысады. Электрондық есептеу машиналарының техникалық мүмкіндіктерін кеңейту, есептеу кешендерін жасау мақсатында оларға қосымша сыртқы құрылғыларды қосу мүмкіндіктерін зерделейді. Электрондық жабдықты пайдалану көрсеткіштерінің есебін жүргізеді және талдайды, оның жұмыс режимін және пайдалану талаптарын зерделейді, электрондық жабдықты пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі нормативтік материалдарды әзірлейді. Электрондық жабдыққа және оған қосалқы бөлшектерге, жөндеуге арнаған техникалық құжаттамаға өтінімдер, жұмыс туралы есептер жасайды. Электрондық техниканы қосалқы бөлшектермен және материалдармен уақтылы қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады, радиоэлектрондық аппаратураны сақтауды ұйымдастырады.

Білуге тиіс: ақпараттық технологиялар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері; электрондық жабдықты пайдалану және жөндеу мәселелері жөніндегі қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, әдістемелік және нормативтік материалдар; жабдықтың техникалық пайдалану сипаттамалары, конструкциялық ерекшеліктері, мақсаты және жұмыс режимі, оны техникалық пайдалану ережелері; ақпаратты автоматты түрде өңдеу технологиясы; формаға келтірілген бағдарламалау тілдері; техникалық ақпарат тасымалдауыштардың түрлері; қолданылып жүрген санау жүйелері, шифрлар және кодтар, стандартты бағдарламалар мен командалар; математикалық қамтамасыз ету және бағдарламалау негіздері; жұмыстың перспективалық және ағымдағы жоспарларын (кестелерін) және олардың орындалуы туралы есептілік жасау тәртібін әзірлеу әдістері; жөндеу қызметін көрсетуді ұйымдастыру; электрондық жабдықты пайдаланудың және техникалық қызмет көрсетудің алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік тәжірибелері; электрондық жабдыққа, қосалқы бөлшектерге, жөндеу жүргізуге және басқа техникалық құжаттамаға өтінімдер жасау тәртібі; экономика, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасы еңбек туралы заңнама негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

I санаттағы инженер-электроншы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, II санаттағы инженер-электроншы лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс.

II санаттағы инженер-электроншы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм, санатсыз инженер-электроншы лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс.

Инженер-электроншы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, жұмыс стажы талап етілмейді немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және I санаттағы техник лауазымында жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Инженер-энергетик (энергетик)
Лауазымдық міндеттері. Энергетикалық жабдықтың, электрлік және жылу желілерінің, ауа құбырлары мен газ құбырларының үздіксіз жұмыс істеуін, дұрыс пайдалануды, жөндеуді және жетілдіруді қамтамасыз етеді. Өндірістің жылу энергетикалық ресурстарға қажеттілігін айқындайды, энергиялық шаруашылықтарды техникалық қайта жарақтандырудың, дамытудың, энергиямен жабдықтау жүйесін қайта құру мен жетілдірудің қажетті негіздерін дайындайды. Энергиялық шаруашылықты пайдалануға қажетті жабдықты, материалдарды, қосалқы бөлшектерді сатып алуға арналған өтінімдерді жасайды, энергия ресурстарын үнемдеу, кәсіпорын бөлімшелерінің электрге, жылуға және энергияның басқа түрлеріне қажеттіліктері бойынша іс-шаралардың қажетті негіздемелерін есептеуді орындайды, оларды жұмсау нормаларын, олардың энергияға қажеттіліктерін шығара отырып, кәсіпорын бөлімшелерінің жұмыс режимін әзірлеуге қатысады. Жылу және энергияның басқа түрлерінің шығыс нормаларының сақталуын бақылайды. Энергия жүйесінің ең көп іске қосылу сағаттарында энергетикалық жүктемелерді төмендету кестесін жасайды және олардың кәсіпорынның бөлімшесі үшін айқындалған мөлшері шегінде орындалуын қамтамасыз етеді, кәсіпорынға орнатылған энергетикалық, электрлік және табиғатты қорғау құрылғыларын паспорттауды жүргізеді. Энергетикалық қондырғылар мен желілерді өнеркәсіптік сынақтан өткізуге және қабылдап алуға, энергетикалық жабдықтың апаттық себептерін қарауға қатысады және олардың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын құру бойынша іс-шаралар әзірлейді. Релейлік қорғау және автомат құралдарын тексеруді және сынақтан өткізуді ұйымдастырады. Кәсіпорында қолданылатын бақылау-өлшеу, электрлік техникалық және жылу техникалық құралдарына техникалық қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ қысыммен жұмыс жасайтын қазандардың, құбырларды, бу және ыстық судың труба құбырларын, мемлекеттік қадағалау органдарының пайдалануға қабылдауға, тексеруге және растауға арналған электр қондырғыларын және энергия шаруашылығының басқа объектілерін дайындауды қамтамасыз етеді. Энергия жабдығын және электр желілерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және қадағалау жөніндегі нұсқаулықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Энергетикалық жабдыққа арналған стандарттарды және техникалық талаптарды әзірлеуге және ендіруге қатысады. Мердігерлік ұйымдармен жабдықты жөндеуге арналған шарттар жасау үшін қажетті материалдар дайындайды. Энергия жабдығының күрделі және басқа жөндеуден өткізудің орындалуын бақылайды. Алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік тәжірибені зерделейді және түсіндіреді. Энергиялық қондырғылар мен желілерді пайдалану және жөндеу кезінде еңбек қорғау ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді. Бекітілген нысандар мен көрсеткіштер бойынша есептілікті дайындайды.

Білуге тиіс: энергетика саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері; энергетикалық жабдықты және коммуникацияларды пайдалану жөніндегі әдістемелік және басқа нормативтік материалдар; энергетикалық шаруашылықты ұйымдастыру; кәсіпорынның техникалық даму перспективалары; техникалық сипаттамалар, құрастыру ерекшеліктері, жұмыс режимдері және энергетикалық жабдықты техникалық пайдалану ережесі; жоспарлы-алдын ала жөндеу және жабдықты тиімді пайдалану жүйесі; жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және технологиясы; энергетикалық жабдықты бөлшектеу, реттеу, іске қосу және жөндеу әдістері; энергия ресурстарына, жабдыққа, материалдарға, қосалқы бөлшектерге, құралдарға арналған өтінімдерді жасау тәртібі; жабдықты жөндеуге өткізу және жөндеуден кейін қабылдау ережесі; кәсіпорын өнімі өндірісі технологиясының негіздері; энергетикалық жабдықты пайдалану, жөндеу және жетілдіру кезінде еңбекті ұйымдастыру талаптары; энергетикалық жабдықты пайдалану және жөндеу бойынша алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік тәжірибе; экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және маман лауазымында мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы немесе тиісті мамандығы бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіби) білімі және мамандығы бойынша лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Қор инспекторы


Лауазымдық міндеттері. Ақпараттық массивтерді жүргізуді қамтамасыз етеді. Ақпараттық массивтерді пайдаланушыларынан есептік қорларға енгізу үшін, Ақпараттық массивтерді пайдаланушыларымен оларды жүргізу мен пайдалану мәселелері бойынша әрекеттесіп құжаттарды қабылдайды. Құжаттарды өндеудің алгоритм мен технологияларды әзірлеуге қатысады. Есептік қорларды жүргізу мен қолдануды регламенттейтін нормативтік қорға өзгертулер мен толықтырулар бойынша ұсыныстарды енгізеді. Жаңа ақпараттық технологияларды, соның ішінде есептеу-тексеру жұмыстарының тиімділігін жоғарылатуға бағытталған электронды-есептеу техника құралдарын қолданумен әзірлеуге, тестілеуге және енгізуге қатысады.

Білуге тиіс: Ақпараттық массивтер саласындағы заңдар мен нормативтік құқықтық актілері; ақпараттық жүйелерді ұйымдастыру мен жүргізу; ақпаратты өндеу технологиялары; экономика және еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және маман лауазымында мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы немесе тиісті мамандығы бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіби) білімі және мамандығы бойынша лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Кадр жөніндегі инспектор


Лауазымдық міндеттері. Бастапқы есеп жүргізу құжаттамасының бірегейлендірілген нысандарына сәйкес кәсіпорынның, оның бөлімшелерінің жеке құрамының есебін жүргізеді. Еңбек заңдарына, ережелерге және кәсіпорын басшысының бұйрықтарына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және босатуды, сондай-ақ кадрлар жөніндегі басқа да белгіленген құжаттаманы ресімдейді. Қызметкерлердің жеке істерін қалыптастырады және жүргізеді, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерістер енгізеді. Біліктілік, аттестациялау, конкурстық комиссияларға және қызметкерлерді ынталандыру мен марапаттауға ұсынуға арналған қажетті материалдарды дайындайды. Еңбек кітапшаларын толтырады, есебін жүргізеді және сақтайды, еңбек стажын есептеуді жүргізеді, қызметкерлердің қазіргі және өткен еңбек қызметтері туралы анықтамалар береді. Еңбек кітапшаларына қызметкерлерді ынталандыру мен марапаттау туралы жазбалар жасайды. Қызметкерлердің сандық, сапалық құрамы және олардың қозғалысы туралы ақпаратты кәсіпорынның қызметкерлері туралы деректер базасына енгізеді, оның уақтылы жаңартылуын және толықтырылуын қадағалайды. Қызметкерлерге демалыс берудің есебін жүргізеді, кезекті демалыс кестелерін жасауды және сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Зейнетақыны сақтандыру карточкаларын, кәсіпорынның қызметкерлеріне және олардың отбасыларына зейнетақы тағайындау, жеңілдіктер мен өтемақылар белгілеу үшін қажетті құжаттарды ресімдейді. Кадрлардың тұрақтамау себептерін зерделейді, оны төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады. Құжаттарды сақтаудың белгіленген мерзімдері аяқталғаннан кейін оларды мұрағатқа сақтауға дайындайды. Ұйымның бөлімшелеріндегі еңбек тәртібінің жай-күйін және қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Белгіленген есептілікті жасайды.

Білуге тиіс: заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, қызметкерлердің есебін жүргізу және қозғалысы жөніндегі құжаттаманы жүргізу туралы әдістемелік материалдар; еңбек заңнамасы; кәсіпорынның құрылымы және штаты; кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек кітапшаларын және жеке істерін ресімдеу, жүргізу және сақтау тәртібі; жұмысшылар мамандықтарының және қызметшілер лауазымдарының атаулары, жалпы және үздіксіз жұмыс стажы, қызметкерлерге жеңілдіктер, өтемақылар, зейнетақы ресімдеу тәртібі; кадрлар қозғалысының есебін жүргізу және белгіленген есептілікті жасау тәртібі; кәсіпорынның қызметкерлері туралы деректер базасын жүргізу тәртібі; іс қағаздарының негіздері; есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдары; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық пен кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіби) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім, бекітілген бағдарлама бойынша арнайы дайындық және бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс, соның ішінде осы ұйымда кемінде 1 жыл болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет