Субъект өзінің үлестік құралдарымен есептесуі (14 (b)-параграф)
25. Келісімшарт үлестік құрал болмайды, себебі, ол субъект өзінің жеке үлестік құралдарын алуға немесе беруге әкелуі мүмкін. Субъект өзінің акциясының немесе субъектінің өзінің алуға және беруге жататын үлестік құралының әділ құны келісім шарт құқығына, немесе міндеттеме жиынтығына тең болып өзгеретін басқа үлестік құралдың белгілі бір мөлшерін алу мен беруге келісімшарт құқығы, немесе міндеттеме болуы мүмкін. Мұндай келісім шарт құқығы мен міндеттемелер тіркелген жиынтық, немесе өзгерістерге субъектінің өзінің үлестік құралдарының нарық бағасынан өзгерістердің ауыспалы, немесе басқа болуына байланысты ішінара немесе толық бұзылған болуы мүмкін (мысалы, пайыздық мөлшерлеме, тауарларға баға белгілеу, немесе қаржылық құралдар). Мұндай келісім шарттың екі мысалы: (a) субъектінің өзінің жалпы құны CU100 тең үлестік құралын жеткізуге келісім шарт және (b) субъектінің өзінің жалпы құны мұнайдың 100 барреліне тең үлестік құралын жеткізуге келісім шарт. Мұндай келісімшарт субъектіге өзінің жеке үлестік құралын жеткізу жолымен өшіруі тиіс, немесе өшіре алуына қарамастан субъектінің қаржылық міндеттемесі болып табылады. Бұл субъект өзінің үлестік құралының тіркелмеген мөлшерімен келісімшарт бойынша өшіру ретінде пайдаланатындықтан, үлестік құрал болмайды. Осыған орай, келісімшарт субъектінің активінің оның міндеттемелерін шығарғаннан кейін қалған үлесіне құқықты куәландыра алмайды.
26. 27-параграфта көрсетілгенді қоспағанда, субъектінің өзінің үлестік құралдарының тіркелген мөлшерін тіркелген ақша қаражаттарына, немесе басқа қаражат активтеріне айырбасқа беру жолымен өшірілген келісім шарт үлестік құрал болып табылады. Мысалы, келесі тарапқа субъект акциясының тіркелген мөлшерін тіркелген бағамен, немесе тіркелген негізгі жиынтықпен алуға құқық беретін акцияға шығарылған опцион үлесік құрал болып есептеледі. Нарықта пайыздық мөлшерлемелердің ауытқуы нәтижесінде келісім шарттың әділ құнының өзгеруі төлеуге, не алуға жататын ақша қаражаттарының, немесе басқа қаражат активтерінің жиынтығына әсерін тигізбейді, немесе келісім шартты өшіру барысында алуға, немесе беруге жататын үлестік құралдардың мөлшері келісім шарттың үлестік құрал сияқты сыныптастыруына кедергі жасамайды. Барлық алынған орынын толтырулар (мысалы, алынған опцион үшін төленген сыйақы) таза активтер/капиталдан тіке шығаруға жатады. Үлестік құралдың әділ бағасындағы өзгерістер қаржылық есептілікте мойындалмайды.
27. Егер субъектінің өзінің субъектімен келісімшартты өшіру барысында алуға, немесе беруге жататын үлестік құралдары мерзімінен бұрын өшіру құқығымен қаржылық құралға жатса, 15 және 16-параграфтарда көрсетілген барлық белгілер бар және ондағы таратылуы барысында субъектінің таза активінің шамалас бөлігін басқа тарапқа беру бойынша субъектіге міндеттеме жүктейтін шарттарға және 17 және 18-параграфтарда көрсетілген барлық белгілер бар болса және ондағы шарттарға сай болса, онда мұндай келісім шарт қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме болып табылады. Бұл өзіне субъектімен өзінің үлестік құралдарының тіркелген мөлшерін алу немесе басқа тіркелген ақша қаражаттарына немесе басқа қаражат активтеріне айырбасқа беру жолымен өшірілетін келісім шартты енгізеді.
28. 15 және 16, немесе 17 және 18-параграфтарда көрсетілген шарттарды қоспағанда, субъктінің өзінің үлестік құралдарын ақша қаражаттарына, немесе басқа қаражат активіне алуы бойынша міндеттемелерді мазмұндайтын келісім шарт өшірудің дисконттық құнына тең қаржылық міндеттеменің туындауына әкеледі, (мысалы, бағаның дисконттық құны форвардтық РЕПО келісім шартты орындау, опционды, немесе басқа өшіру жиынтығын орындау құны). Бұл келісім шарт өзі үлестік құрал болған жағдайда да әділ болады. Мысалдардың бірі - субъектімен өзінің үлестік құралын ақша қаражаттарына форвард келісім шарты бойынша алу міндеттемесі. Қаржылық міндеттеме бастапқыда 29 ҚСҚЕХС сай мойындалғанда, оның әділ құны таза активтер /капитал құрамынан қайта сыныптастыруға жатады. Соның салдарынан қаржылық міндеттеме 29 ҚСҚЕХС сай өлшенеді Егер келісім шарттың қызмет ету мерзімі өтсе, онда қаржылық міндеттеменің теңгерімдік құны таза активтер /капитал құрамынан қайта сыныптастыруға жатады. Субъектінің өзінің үлестік құралдарын алу келісім шарттық міндеттемелері өшірудің дисконттық құн жиынтығы бойынша, егер бұл сатып алуға міндеттеме келесі тараптың өшіруді талап ету құқығын жүзеге асырғанына тәуелді болса да, қаржылық міндеттеменің түзілуіне әкеледі (мысалы, екінші тараптың субъектіге өзінің үлестік құралдарын тіркелу бағасымен сатуға құқық беретін сатушының шығарған опционы).
29. Субъектімен өзінің үлестік құралдарының тіркелген мөлшерін ақша қаражатының, немесе басқа қаржылық активтің тіркелмеген мөлшеріне беру жолымен өшірілген келісімшарт қаржылық актив, немесе қаржылық міндеттеме болып табылады. Мысалы, субъектімен өзінің 100 үлестік құралын мұнайдың 100 баррель құны мөлшерінде ақша қаражаттары жиынтығына айырбасқа беру бойынша келісім шарт.
Шартты өшіру бойынша бағалау қорлары
30. Қаржылық құрал субъектімен ақша қаражаттарын, немесе басқа қаржылық активтерді, немесе келешек оқиғалардың түсуі немесе түспеуі кейбір анық емес жағдайлардың туындауы жағдайында эмитенттің де, құрал иесінің де бақылауынан тыс құралдардың мысалы, қорлық көрсеткіштердің, тұтыну бағасының, пайыз мөлшерлемесінің, салық заңдылығы талаптарының, немесе эмитенттің келешек жалақысының, пайдалар мен шығындардың, эмитенттің капиталға міндеттемелік қатынастарының өзгеруі сияқты қаржылық міндеттемелер сипатындағы басқа әдіспен өшіруін қарастыра алады. (немесе оны қаржылық міндеттеме сипатындағы басқа әдіспен өшіру). Осыған сай бұл құрал эмитенттің төмендегі жағдайларды қоспағандағы қаржылық міндеттемесі болып табылады:
-
Белгілі бір шарттарда есептерді жүзеге асыру туралы келісім шарт ережелерінің бір бөлігі бірегей болып табылмайды, соған сай ақша қаражаттарымен, немесе басқа қаражат активімен өшіру талап етіле алады (немесе оны қаржылық міндеттеме сипатындағы басқа әдіспен өшіру).
-
Мұндай құрал эмитентінде тек эмитенттің таратылуы жаңдайында ақша қаражатымен, немесе басқа қаражат активімен өшіруді талап етуі мүмкін (немесе оны қаржылық міндеттеме сипатындағы басқа әдіспен өшіру);
-
Құрал 15 және 16-параграфтарда көрсетілген барлық белгілерді игереді және шарттарға сай келеді.
Есептеу нұсқалары
31. Туынды қаржылық құрал бір тарапқа өшіру нұсқасын (мысалы, эмитент, немесе ұстаушы нетто-есепті ақша қаражаттарымен, немесе акцияларды ақша қаражаттарына ауыстыру жолымен) таңдауды ұсынғанда, есептің барлық нұсқасы мұндай құралдың үлестік құрал сияқты сыныптастырылуына әкелетін жағдайдан басқасы қаржылық актив, немесе қаржылық міндеттеме болып табылады.
32. Қаржылық міндеттеме болып табылатын есеп нұсқаларымен туынды қаржылық құралдардың мысалы акцияға опцион, эмитенттің таңдауына тәуелділікте ақша қаражаттарымен, немесе өз акциясын ақша қаражаттарына айырбастау жолымен жасалған нетто-есеп бола алады. Ұқсас жолмен кейбір қаржылық емес бөлімдерді сатып алуға, немесе сатуға, субъектінің өзінің үлестік құралдарын айырбастауға келісім шарттар бойынша есеп қаржылық емес активті жеткізу жолымен, немесе ақша қаражаттарымен немесе басқа қаржылық құралмен нетто-есеп жолымен жүргізілгендіктен, осы Стандарттың қолдану аясына кіреді (4-6 параграфтарды қара). Мұндай келісім шарттар үлестік құралдар емес, қаржылық актив, немесе қаржылық міндеттемелер болып табылады.
Аралас қаржылық құралдар (AG55-AG60 параграфтарды және 9-12 көрнекілік мысалдарды қараңыз)
33. Туынды емес қаржылық құралының эмитенті міндеттеменің құраушы бөлігі сияқты таза актив/капиталдың құраушы бөлігін де мазмұндайтынын анықтау мақсатымен қаржылық құралдың шарттарын бағалауы керек. Мұндай құраушы бөліктер қаржылық міндеттемелер, қаржылық активтер, немесе үлестік құралдар сияқты 13-параграфқа сай жеке сыныптастырылуы керек.
34. Субъект қаржылық құралдың (а) субъект қаржылық міндеттемесін туындататын және (b) құрал иесіне субъектінің үлестік құралында оны айырбастауды өзі шешу мүмкіндігін беретін құраушы бөліктерін жеке мойындайды. Мысалы, қарыздық міндеттеме, немесе субъектімен тіркелген жай акциялар мөлшеріне айырбасталуы мүмкін басқа ұқсас құрал аралас қаржылық құрал болып табылады. Субъектінің көзқарасынан мұндай құралдар екі құраушы бөліктен тұрады: қаржылық міндеттеме (ақша қаражаттарын, немесе басқа қаржылық активті беру келісім шарты) және үлестік құрал (иесіне келісілген мерзім ішінде тұлғаның жай акцияларының бекітілген мөлшерін айырбастауды ұсынатын сатып алушының опционы). Мұндай құралды шығару іс жүзінде мерзімінен бұрын өшіру мүмкіндігімен бір мезгілдік үлестік құрал шығарудағы сияқты экономикалық тиімділік береді және жай акцияларды сатып алу нұсқаларын, немесе акцияларды сатып алуға бөлектелген нұсқамен үлестік құрал шығару. Осыған орай, субъект әрқашан өзінің қаржылық жағдай туралы есебінде міндеттемелердің құраушы бөліктерін жеке көрсетеді.
35. Айырбасталған құралдарды құраушы бөліктеріне сыныптастыру айырбастау мүмкіндігін жүзеге асыру ықтималдығы өзгерісінен кей құралды иеленушілер үшін мұндай мүмкіндікті жүзеге асыру экономикалық тиімді болып көрінуі мүмкін болған жағдайда да, қайта қарастырылмайды. Иеленушілер барлық уақытта күтілгендей әрекеттер жасамай бермейді, себебі, мысалы, мұндай айырбастаудың салықтық зардабы әр түрлі иелер үшін әртүрлі болады. Одан да басқа айырбастау мүмкіндігі уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Субъектінің келісім шарттық міндеттемесі келешекте төлем жасау оның айырбасы өткенше, құралды өшіру мерзімі түскенге дейін, немесе басқа бір операция жүзеге асырылмайынша, орындалмайтын болып қалады.
36. 29 ҚСҚЕХС қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерді өлшеуге қатысты мәселені қарастырады. Үлестік құралдар субъектінің активіндегі барлық міндеттемелерді шығарғаннан кейінгі қалған үлесіне құқықты куәландырады. Осылайша, аралас қаржылық құралдың бастапқы теңгерімдік құны оны құраушы бөліктерге таратылады, таза актив/капитал құраушы бөліктеріне құралдың әділ құнынан міндеттеменің құраушы бөліктері үшін жеке анықталған толық жиынтықты шығарғаннан кейінгі қалған жиынтық қатысты болады. Аралас қаржылық құралға кіргізілген кез келген туынды белгілердің мөлшері (мысалы, сатып алушының опционы) таза актив/капиталды құраушы бөлігін құраған (мысалы, үлес құралында айырбастау мүмкіндігі) жағдайдан басқасы міндеттеменің құраушы белгілеріне енгізіледі. Міндеттемелерді құраушы бөліктер және таза актив/ капитал үшін бекітілген теңгерімдік мәнді жиынтық бастапқы мойындау барысында барлық уақытта құралға тұтасымен берілген әділ құнына тең. Құралды құраушы бөліктерді жеке бөлшектеп бастапқы мойындау пайдалар мен шығындардың туындауына әкелмейді.
37. 36-параграфта сипатталған амалды пайдалана отырып, жай акциялаға айырбасталған қарыздық міндеттеме эмитенті алдымен міндеттемені құраушы бөліктердің теңгерімдік құнын ұқсас міндеттеменің таза актив/капиталды құраушы бөліктерінің онымен байланысы жоқ әділ құнын өлшеу арқылы анықтайды (капиталға қатысы жоқ туынды құралдардың барлық енгізілген белгілерін қосқанда). Опцион түріндегі үлестік құралдың теңгерімдік құны жай акцияларға құралдарды айырбастауға одан кейін қаржылық міндеттеменің әділ құнын аралас қаржылық құралдың әділ құнынан толығымен шығару жолымен анықталуы мүмкін.
Акционерлерден сатып алған жеке акциялар
(AG61-параграфты қараңыз)
38. Егер субъект өзінің үлестік құралдарын сатып алса, онда мұндай құралдар («акционерлерден сатып алынған өзінің акциясы») таза актив/капиталдан шығарылуы керек. Пайдалар мен шығындар құрамындағы субъектінің өзінің үлестік құралдарын сатып алу, сату, шығару немесе күшін жоюдан алынған ешқандай пайдалар мен шығындар мойындалмауы керек. Мұндай акционерлерден сатып алынған жеке акциялар тұлғаның өзімен немесе экономикалық бірліктің басқа мүшесімен алынуы немесе ұсталуы мүмкін. Төленген, немесе алынған орынын толтыру тікелей таза актив/капиталда мойындалуы керек.
39. Акционерлерден сатып алынған жеке акциялар жиынтығы қаржылық жағдай туралы есебінде жеке, немесе «Қаржылық есептілікті ұсыну» 1 ҚСҚЕХС сай ескертулерде ашылуы керек. Егер субъектіде өзінің үлестік құралдарын байланысты тараптан сатып алса, онда ол ақпаратты «Байланысты тараптар туралы ақпараттарды ашу» 20 ҚСҚЕХС сай ашуы керек.
Пайыздар, үлесақылар немесе ұқсас таратулар, шығындар мен пайдалар (AG62- параграфты қараңыз)
40. Қаржылық міндеттеме сияқты сыныптастырған қаржылық құралдарға немесе олардың құраушы бөліктеріне қатысы бар пайыздар, үлес ақылар, немесе ұқсас таратулар, шығындар мен пайдалар пайдалар мен шығындар құрамындағы кіріс пен шығыс сияқты мойындалуы керек. Үлестік құралдардың иелеріне таратылатын қаражаттар субъектімен байланысты пайдаға салықтың азаюын шығарғандағы тікелей таза актив/капиталдың кемуіне қатыстырылады. Іс бойынша капиталға қатысты шығындар олармен байланысты пайдаға салықтың азаюын шығарғандағы таза актив/капиталдың кемуіне қатыстырылады.
41. Қаржылық құралды қаржылық міндеттеме, немесе үлестік құрал ретінде сыныптастыру осы құралмен байланысты пайыз, үлесақы немесе ұқсас таратулар, пайдалар мен шығындардың пайда мен шығын құрамындағы кіріс пен шығыс сияқты мойындалатынын анықтайды. Осылайша, акциялар бойынша үлесақылар мен ұқсас таратулар толығымен міндеттеме сияқты мойындалған қарыздық міндеттеме бойынша пайыздарға ұқсас шығындар ретінде мойындалады. Осылайша, өшірумен немесе қаржылық міндеттемені қайта қаржыландыруға байланысты пайдалар мен шығындар үлестік құралдарды өшіру мен қайта қаржыландыру сияқты пайдалар мен шығындар құрамында таза актив/капиталда өзгерістер ретінде мойындалады. Қаржылық есептілікте үлестік құралдың әділ құнының өзгерісі мойындалмайды.
42. Субъект әдетте өзінің үлестік құралдарын шығаруда, немесе алуды әр түрлі шығындарды шығарады. Мұндай шығындар құрамына тіркелу мен басқа міндетті жиындар, жиынтықтар, заңгерлерге, аудиторларға және басқа кәсіби кеңесшілерге сыйақы, мөр мен елтаңбаға жинаулар енуі мүмкін. Келісім бойынша кез келген шығындар іске тікелей қосымша болып табылатын, кейде болдырмауға болатын басқа жағдайлар шартында таза актив/капиталдан шығын ретінде есептеледі (пайдаға салық бойынша кез келген басымдықты шығарғанда). Мұндай іс бойынша аяқталусыз тоқтатылған шығындар шығыс ретінде мойындалады.
43. Аралас қаржылық құралдардың шығуымен байланысты келісім бойынша шығындар міндеттемені құраушы бөліктерге және құралдың таза актив/капиталына түсім таратылымына шамалас таратылады. Келісім бойынша бір мезгілде бірден көп операцияларға қатысты шығындар ұқсас операцияларды жүзеге асыру барысында ретімен қолданылуы қажет осы операциялар арасында ақылды негізде таратылады.
44. Кезеңнің таза актив/капиталының азаюына апаратын келісім бойынша шығын жиынтығы 1 ҚСҚЕХС сай жеке ашылады.
45. Шығындар сияқты сыныптастырған үлесақылар мен ұқсас таратулар қаржылық қызметтің нәтижесі туралы есепте басқа міндеттемелер бойынша пайыздарымен бірге, немесе жеке бөлім болып көрсетіледі. Осы Стандарттың талаптарына толықтыруларға пайыздар мен үлесақылар немесе ұқсас таратулар туралы ақпараттарды ашу 1 ҚСҚЕХС мен 30 ҚСҚЕХС талаптарына сай болуы керек. Кей жағдайларда пайыздар мен үлесақылар арасындағы айырмашылықтар болғандықтан, мұндай мәселелер қатынасында салықтық мүмкіндікті шығарған сияқты қаржылық қызмет нәтижесі туралы есепте ол туралы ақпаратты жеке ашу ұсынылады.
46. Қаржалақ міндеттемелердің теңгерімдік құнындағы өзгерістерге қатысты пайдалар мен шығындар субъект активіндегі қалған үлеске ақша қаражаттарына немесе басқа қаражат активіне айырбасқа өзіне құқық енгізетін құралға жатқанда да пайдалар мен шығындар құрамындағы кіріс пен шығыс сияқты мойындалады (22(b)-параграфты қараңыз). Субъектінің қызметінің нәтижелерін түсіндіру үшін маңызды 1 ҚСҚЕХС сай субъект кез келген пайда мен шығынды қаржылық қызметтің нәтижелері туралы есебінде мұндай құралды қайта бағалаудан жеке көрсетеді.
Қаржылық актив пен қаржылық міндеттемелердің өзара есептелуі AG63 және АG64 параграфтарды қараңыз)
47. Қаржылық актив пен қаржылық міндеттеме есептелуі керек, ал таза жиынтық қаржылық жағдайы туралы есепте тек субъект мынадай болғанда ғана ұсынылуы керек:
-
Ағымдағы мерзімге мойындалған жиынтықтың өзара есебін жүргізуге заңды бекітілген құқық бар болғанда;
-
Нетто – негізде есептесу жүргізуге немесе активтерді өткізуге және міндеттемені бір мезгілде өшіруге өлшем жасайды.
Мойындауды тоқтату белгілерін қанағаттандырмайтын қаржылық активті беру есебі барысында субъект берілген активтің өзара есептеуін 29 ҚСҚЕХС 38 ҚСҚЕХС параграфын қараңыз) сай жүргізбеуі керек.
48. Бұл Стандарт талап қаржалақ активтерді және қаржылық міндеттемелерді ұсыну мұндай субъектінің екі, немесе одан көп қаржылық құралдарды өшіруінен ақша қаражаттарының келешектегі күтілген ағынын көрсеткен жағдайда нетто-негізде жүзеге асырылуын етеді. Субъекті бір нетто жиынтықты алуға, немесе төлем жасағанға құқығы бар болғанда және оны пайдалануға ниеттенгенде, ол шын мәнінде тек қаржылық актив пен қаржылық міндеттемені ғана алады. Басқа жағдайларда қаржылық актив пен қаржылық міндеттеме бір бірінен бөлек өзінің сипаттамаларымен сәйкес қор, немесе субъектінің міндеттемесі сияқты ұсынылады.
49. Мойындалған қаржылық активтің немесе қаржылық міндеттеменің өзара есептелуі және олардың таза жиынтығын ұсыну қаржылық активті немесе қаржылық міндеттемені мойындаудың тоқтатылуынан ажыратылады. Дегенмен, өзара есептесу пайда мен шығынды мойындауға әкелмейді, қаржылық құралды мойындаудың тоқтатылуы қаржылық жағдайы туралы есептен ертерек мойындалған бөлімдерді шығарып қана қоймай, сонымен бірге пайдалар мен шығынды мойындауға әкелуі мүмкін.
50. Өзара есептесуге құқық дебитордың келісім шартпен бекітілген немесе басқаша түрде кредиторға тиесілі қарыз жиынтығының барлығын, немесе бөлігін кредитордан алынатынға жататын жиынтыққа қарсы есептеу жолымен өшіруге, немесе күшін жоюға заңды құқығы болып табылады. Төтенше жағдай туындаған уақытта кредиторға есептелетін жиынтыққа қарсы үш тарап арасында дебитордың өзара есептесуге құқығы анық айтылатын келісім бар шартымен дебитордың үшінші тараптан алынатынға саналатын жиынтықты пайдалануға заңды құқығы бар. Өзара есептесуге құқық заңды құқық болғандықтан, осы құқық жүзеге асырылатын шарттар әртүрлі құзіретте бір бірінен ажыратылады, сондықтан тараптар арасында өзара қатынасқа пайдалануға жарамды заңды назарға алу керек.
51. Қаржылық актив пен қаржылық міндеттемелерге заңды бекітілген құқықтың болуы қаржылық актив пен қаржылық міндеттемелерге байланысты құқықтар мен міндеттерге әсер етеді және субъектінің несиелік тәуекелі мен таратылу тәуекеліне соқтығуына да ықпал етеді. Дегенмен, осы құқықтың болуы өзара есептесуді жүргізуге өз өзінен жеткілікті негіз болып табылмайды. Құқықты пайдалануға ниеттенудің болмауы, немесе бір мезгілде өшіру мен уақытқа тарату субъектінің ақша қаражаттарының ағыны мен мөлшері өзгеріссіз қалады. Субъект құқықты пайдалануға және бір мезгілде өшіруге ниетті болған жағдайда активтер мен міндеттер туралы ақпаратты нетто-негізде ұсыну келешектегі ақша қаражаттары ағынынның мөлшері мен уақытқа таратуды, сол сияқты мұндай ақша қаражаттарының ағыны душар болатын тәуекелдерді жақсырақ көрсетеді. Бір, немесе екі жақтан да қарызды сай келетін заңды құқықсыз нетто-негізде өшіруге ниеттің болуы өзара есептілікті жүргізуге жеке қаржылық актив пен қаржылық міндеттемелермен байланысты құқық пен міндеттер өзгеріссіз қалатындықтан, жеткілікті негіз болып табылмайды.
52. Белгілі бір активтер мен міндеттемелерді реттеу қатынасында субъект ниеті оның әдеттегі шаруашылық қызметтерін жүргізу практикасы әсерінен, қаржылық нарық талаптарынан және нетто-негізде өшіру бойынша мүмкіндікті шектеуі немесе бір мезгілде өшіру сияқты басқа шарттармен болып табылуы мүмкін. Субъект өзара есептесуге құқығы бар болғанда, бірақ нетто-негізде өшіруге немесе активті бір мезгілде өткізуге немесе міндеттемені өшіруге ниеті болмағанда, онда субъект тап болатын несиелік тәуекелге ондай құқықтың әсері туралы ақпарат 30 ҚСҚЕХС 42-параграфына сай ашылуы керек.
53. Екі қаржылық құралды бір мезгілде өшіру жүзеге асуы мүмкін, мысалы, ұйымдастырылған қаржылық нарықта клиринг палатасы арқылы, немесе келісімге қатысушылар арасында тікелей айырбаста. Мұндай шарттарда ақша қаражаттарының ағыны, шын мәні бойынша, бірдей таза жиынтыққа сайма сай, ал несиелік тәуекелге және таратылу тәуекеліне тап болу қаупі жоқ. Басқа жағдайларда субъект екі құрал бойынша алу, немесе жекелеген жиынтықты төлеу жолымен активтің барлық жиынтығына несиелік тәуекелге және міндеттеменің барлық жиынтығына таратылу тәуекеліне бара отырып өшіре алады. Мұндай тәуекелдер салыстырмалы түрде ұзаққа созылмағанымен маңызды болуы мүмкін. Осыған орай, қаржылық активті өткізу мен қаржылық міндеттемені өшіру операциялар бір уақытта болғанда ғана бір мезгілде болып саналады.
54. 47-параграфта көрсетілген талаптар және өзара есептесу, әдетте, орынсыз, болғанда, толығымен қанағаттандырылмайды:
-
Бірнеше әр түрлі қаржылық құралдар бір қаржылық құралдың белгілерін шығару үшін қолданылады («синтетикалық құралдың»);
-
Қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер бірдей бастапқы тәуекелдері бар қаржылық құралдардан туындайды (мысалы, активтер мен міндеттер форвардтық келісім шарттарының бірдей портфелінің, немесе,басқа қаржылық құралдардың бөлігі сияқты), бірақ бір түрлі қарама-қарсы тараптар;
-
Қаржылық, немесе басқа активтер регреске құқықсыз қаржылық міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде кепілге қойылған;
-
Қаржылық активтер қарызға алушымен сенімділік басқармасына міндеттемені орындау мақсатында берілген, оның барысында активтер кредитормен міндеттемені өшіруге қабылданбады;
-
Оқиға нәтижесінде туындаған, шығынға әкелуші міндеттеме үшінші тараппен сақтандыру келісімшарты бойынша талап негізінде шамамен орыны толтырылған болуы керек.
55. Қаржылық құралдармен бір контрагентпен белгілі мөлшерде келісім жасаған субъект осындай контрагенпен «өзара есептесудің шешуші келісімін» жасай алады. Мұндай келісім кез келген жеке келісім шартты орындамаған, немесе тоқтатқан жағдайда барлық қаржылық құралдар бойынша осы келісімге кіргізілген бірыңғай нетто-есепті жүзеге асыруды алдын ала қарастырады. Мұндай келісімдер әдетте қаржы институттарында банкротқа, немесе басқа жағдайларға ұшырағанда, келесі тараптың өз міндетін орындай алмағандығынан шығындарға қарсы қорғау үшін пайдаланылады. Өзара есептесу туралы шешуші келісім, ережеге сай есеп талаптарына заңды бекітілген болып табылатын құқық туындатады және жеке қаржылық активтерді немесе қаржылық міндеттемелерді тек бекітілген міндеттемелерді орындамауға сүйреуші оқиғалар болғанда, немесе қалыпты қызмет барысында күтпеген басқа жағдайларда ғана өткізуге, немесе өшіруге әсерін тигізеді. Өзара есептесу туралы шешуші келісім 47-параграфтағы екі белгілер де сақталған жағдайларды қоспағанда, өзара есептесуді жүзеге асыру үшін, негіздерді туындатпайды. Қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелердің өзара есептесуі шешуші келісімге кіретін өзара есептесу туралы шығарылмаған жағдайда осы келісімнің ықпалы субъектінің несиелік тәуекелге тап болу көзқарасы тұрғысынан 30 ҚСҚЕХС 42-параграфына сай ашылады.
Өтпелі кезең
56. Субъект осы Стандартты бірінші рет пайдаланғанда, өткенге мән бере отырып пайдалану керек.
57. Бұрын 15 ҚСҚЕХС пайдаланғанда, субъект 15–18 параграфтардың талаптарын да пайдаланады, мұндай тұлға таза активінің шамалас үлесін келесі тарапқа жеткізу міндеттемесімен аралас қаржылық құралды тек қана таратылуы уақытына міндеттеменің құраушы бөліктеріне және таза актив/капиталға бөлуі керек. Міндеттеменің құраушы бөліктерін өшіру барысында берілген талаптарды өткенге мән бере отырып пайдалану, таза актив/капиталдың екі құраушы бөлігіне бөлінуді қосады. Бірінші құраушы бөлік жинақтау пайдалары мен шығындарының құрамында болады және өзімен міндеттеменің құраушы бөліктері қатынасында ескеріліп, жинақталған пайызды көрсетеді. Басқа құраушы бөлік бастапқы таза актив/капиталдың құраушы бөлігін ұсынатын болады. Осыған орай, егер міндеттеменің құраушы бөліктері стандартты қабылдау мерзіміне өшірілген болса, субъектіге екі құраушы бөлікті бөлудің қажеттігі жоқ.
58. Субъект бұрын 15 ҚСҚЕХС пайдаланбаған болса, немесе есептеу әдісі бойынша есепшілік есепті бірінші рет қабылдаса, өтпелі кезеңнің 57-параграфта көрсетілген ережелерін барлық аралас қаржылық құралдарға қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |