АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым



бет12/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   95

Күшіне ену күні

59. Субъект бұл Стандартты 2013 жылдың 1 қаңтарынан және осы күннен кейінгі кезеңдерді қамтитын жылдық қаржылық есептілікте қолдануы керек. Мерзімінен бұрын пайдалану құпталады. Егер субъект бұл Стандартты 2013 жылдың 1 қаңтарынан басталатын кезең үшін пайдаланса, онда ол фактыны ашып көрсетуі керек.

60. Субъект бұл Стандартты ол 29 ҚСҚЕХС бен 30 ҚСҚЕХС қолданған жағдайдан басқа 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданбауы керек.

61. Егер ҚСҚЕХС талаптарына сай, күшіне ену мерзімінен кейін қаржылық есептілікті жасау мақсаты үшін, субъект есептеп жазу әдісі арқылы есепшілік есеп беруге көшсе, онда бұл Стандарт субъектінің жаңа есепке көшкен мерзімі мен одан кейінгі кезеңді қамтитын жылдық қаржылық есептілігінде қолданылады.



15 ҚСҚЕХС (2001 жыл) алып тастау мен алмастыру

62. Бұл Стандарт пен 30 ҚСҚЕХС 2001 жылы шыққан «Қаржылық құралдар: ақпараттарды ашу мен ұсыну» ҚСҚЕХС алмастырады. 15 ҚСҚЕХС 28 ҚСҚЕХС бен 30 ҚСҚЕХС қолданылуы басталғанға дейін күшінде қалады, немесе ертеректе не болатынына тәуелділікте күшіне енбейді.



A қосымшасы

Қолдану бойынша нұсқау

Бұл қосымша 28 ҚСҚЕХС ажырамас бөлігі болып табылады.

AG1. Бұл Қолдану бойынша нұсқау осы Стандарттың белгілі бір ережелерінің қолданылуын түсіндіреді.

AG2. Бұл Стандарт қаржылық құралдардың мойындалуы мен өлшенуімен байланысты мәселелерді қарастырмайды. Қаржылық активтердің және қаржылық міндеттемелердің мойындалуы мен өлшенуі бойынша талаптар 29 ҚСҚЕХС баяндалған.

Қолдану аясы (3-6 параграфтар)

Қаржылық кепілдіктердің келісімшарттары

AG3. Қаржылық кепілдіктердің келісімшарттары эмитенттен қарыздық құралдың алғашқы талаптарына сай төлем мерзімі келгенде қарызгер төлем жасай алмағандықтан, бекітілген төлемдерді жүзеге асыруды олардың иесіне келтірілген шығындардың орынын толтыру үшін, талап ететін келісім шарттар Үкімет қаржылық кепілдіктерді әр түрлі себептермен бере алады. Ережедегідей, олар үкіметтің стратегиялық мақсаттарын қолдау үшін беріледі, мысалы, инфрақұрылымдық жобаларды қолдау үшін және қаржылық нарықтың дағдарыс кезеңінде тұрақтандыру үшін. Заң шығарушы және басқа органдар өкіметті және қоғамдық сектордың тұлғаларын қаржылық кепілдіктер беру бойынша таратуы мүмкін. Бағалау барысында кепілдік келісімшарттық па, немесе келісім шарттық емес пе, субъект кепілдік беру құқығын және іс жүзіндегі кепіл берілуін қуаттайды. Заң шығарушы және басқа органдармен берілген өкілеттік негізінде кепілдік беру құқығы келісім шарттық құқық болып табылмайды, сол уақыттағы іс жүзінде берілген кепіл AG20 паргарфында көрсетілген тәртіп негізінде кепілдіктің келісімшарттық екенін анықтау барысында бағалануы керек.

AG4. Қаржылық кепілдік үшінші тараптың пайдасына беру келісімшарттық келісімге әкелуі анық немесе анық емес. Қаржылық кепілдіктер нақты субъектіге берілуі мүмкін және олар құрал иесіне де берілуі мүмкін. Келесі екі мысалды қарастырайық:


  • Үкімет қызметін беру бойынша концессиялық келісім шарт бойынша қаржылық кепілдікті тікелей келісімнің қаржыгеріне дефолт жағдайы бойынша оның өзіне қарыздың өшірілмеген кез келген негізгі жиынтығын және ол бойынша пайыздарды төлеуді алатынын көрсете отырып бере алады. Бұл жағдайда қаржылық кепілдік қатаң түрде белгілі қарсы тараптың пайдасына беріледі.




  • Жол қызметі «А» еліміздің жол инфрақұрылымының құрылысы мен қолданылуға берілуіне жауапты. Ол ұзақ мерзімді облигациялар шығару жолымен жаңа жол құрылысын қаржыландыруды жүзеге асырады. Ұлттық үкімет «А» өзінің заң бойынша құқығын пайдаланады және «А» жол қызметінің шығарған қарыздық облигацияларына кепілдік береді. Кепілдікті беру кезіне қарсы тарап нақты анықталмаған, ал кепілдік белгілі бір құралдың иелеріне берілген.

Екі мысалда да қаржылық кепілдік барлық табиғаты бойынша келісімшарттың барлық қалған шарттары сақталуы шартымен келісім шарттық болып табылады.



Сақтандыру келісімшарттары

AG5. Қоғамдық секторда кейбір экономикалық бірліктер өзіне сақтандыру келісім шартын беретін субъектілерді қоса алады. Мұндай субъектілер осы Стандарттың қолданылу аясына кіреді, бірақ сақтандыру келісімшарттарының өздері бұл Стандарттың қолдану аясына кірмейді.

AG6. Сақтандыру келісімшарты осы Стандартты қолдану мақсатында сақтандырылушы белгілі бір кезең ішінде болған, немесе анықталған оқиғалар мен жағдайлардан, өлімді, аруды, жұмысқа қабілетсіздікті, заттың бүлінуін, басқа субъектілерді мертіктіру мен қызметті тоқтатуларды қосқанда, бекітілген шығын алу тәуекеліне душар ететін келісімшарт болып табылады. Сақтандыру келісімшарты бойынша қосымша басшылық сақтандыру келісім шарттары бойынша мәселелерді қарастыратын халықаралық, немесе ұлттық стандарттарда қол жетімді.

AG7. Кейбір қаржылық құралдар сақтандыру келісімшарттарының түрлерін қабылдайды, бірақ, негізінен, нарықтық тәуекел, несиелік тәуекел, немесе таратылу тәуекелі сияқты қаржылық тәуекелдердің берілуін әңгімелейді. Мұндай құралдардың мысалы болып қаржылық кепілдіктер келісім шарттары, қайта сақтандыру келісім шарттары және сақтандырылушылар мен қоғамдық сектордың басқа субъектілерімен берілген инвестицияларды кепілдендіру келісімшарттары болып табылады. Субъект осы Стандартты белгілі бір қаржылық кепілдіктер келісім шарттарына қолдануы керек және оған осы Стандартты басқа қаржылық тәуекелдерді беретін сақтандыру келісімшарттарына қолдануға рұқсат беріледі.

AG8. Қаржылық кепілдіктер келісім шарттары субъект сақтандыру келісім шарттарын, сол сияқты AG9-параграфының талаптарына сәйкес келетін жағдайларды қарастыруды шешетін жағдайдан басқасы қаржылық құралдар сияқты қарастырылады. Субъект мұндай шешімді келесі жағдайда қабылдай алады:


  1. Егер субъект сақтандыру келісімшарттарына қолдануға жарамды бухгалтерлік есеп әдісін бұрын пайдаланған болса және қаржылық кепілдіктер келісімшартын сақтандыру келісімшарттары сияқты қарастыратын есеп саясатын қабылдаса, онда ол мұндай келісім шарттарды сақтандыру келісім шарттары сияқты, немесе осы Стандарт талаптарына сәйкес келетін қаржылық құрал сияқты қарастыруды жалғастыра алады.




  1. Егер субъект бұрын сақтандыру келісім шарттарына есепшілік есеп әдісін қолданбаған болса, онда ол қаржылық кепілдіктер шартын сақтандыру келісім шарттары сияқты,, немесе осы Стандарт талаптарына сай қаржылық құралдар сияқты қарстыруды шешеді.

Жоғарыда көрсетілген екі (a) және (b) жағдайларында да әр келісімшарт бойынша шешім жеке қабылданады және мұндай шешім сипатсыз болып табылады.

AG9. 3(c)-параграфына сай, субъект қаржылық кепілдік келісімшартын мұндай келісімшарттарын сақтандыру келісімшарттарымен байланысты мәселелерді қарастыратын халықаралық, немесе ұлттық стандарттарға сай сақтандыру келісімшарттары сияқты қарастыруды шешетін жағдайлардан басқасын қаржылық құралдар сияқты қарастырады. Субъектіге қаржылық кепілдік келісімшарттарын есепшілік есеп жүргізу бойынша ұлттық стандарт талаптарын пайдалана отырып, егер мұндай стандарт сақтандыру міндеттемелерін сай келетін «Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер мен шартты активтер» 19 ҚСҚЕХС қолдану аясына жатқызуға болатын сақтандыру келісімшарттары анықталуына болатын оның теңгерімдік құнынан кем емес жиынтыққа өлшеу жүргізуді талап ететін болса, сақтандыру келісімшарттары сияқты қарастыруға рұқсат беріледі. Сақтандыру келісім шарттарының теңгерімдік құнын анықтау барысында субъект оның сақтандыру келісім шарттарынан және онымен байланысты ақша қаражаттарының ағынынан туындайтын ағымдағы барлық ақша қаражаттарының ағынын ескеруі керек.

Анықтамалар (9-12 параграфтар)

Қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер

AG10. Валюта (ақша қаражаты) ол өзімен айналым қаражатын көрсететіндіктен және осылайша барлық операциялардың қаржылық есептілігінде бағаланып, мойындалуы негізінде қаржылық актив болып табылады. Банкте, немесе ұқсас қаржылық мекемелерде сақтауға берілген ақша қаражаттары қаржылық міндеттеме бойынша олар өзімен салушының несие беруші пайдасына төлем ретінде мұндай мекемелерден ақша қаражаттарын алу, есеп қалдығына чек немесе ұқсас құрал жазып алу құқық келісімін көрсететіндіктен, қаржылық актив болып саналады. Айналымға шығарылмаған валюта қаржылық құралды анықтауға сай келмейді. Субъект айналымға шығарылмаған кез келген валюта қатынасында бухгалтерлік есеп жүргізу барысында «Қорлар» 12 ҚСҚЕХС 13-параграфын пайдаланады. Төлем құралы ретінде айналымға шығарылған ақшалар эмитент көзқарасы бойынша бұл Стандартта қарастырылмайды.

AG11. Келешекте ақша қаражаттарын алуға құқық келісімін көрсететін қаржылық активтердің және келешекте ақша қаражаттарын беру бойынша сай келетін келісім шарт міндеттемелерін көрсетуші қаржылық міндеттемелер типтік мысалы болып табылады:


  1. Дебиторлармен және кредиторлармен есептесу;




  1. Алуға және төлеуге арналған вексельдер;




  1. Қарыздар бойынша: дебиторлық және кредиторлық қарыздар;




  1. Облигациялар бойынша дебиторлық және кредиторлық қарыздар;

Әр жағдайда бір тараптың ақша қаражаттарын алуға құқық келісімі (немесе төлем бойынша келісім шарт міндеттемелері) ақша қаражаттарының төлемі (немесе алуға құқық келісіміне) бойынша екінші тараптың келісім шарттарының міндеттемелеріне сай келеді.

AG12. Қаржылық құралдың басқа типі болып алуға, немесе беруге қарастырылған экономикалық тиімділік үшін ақша қаражаттарынан гөрі қаржылық активті ұсынатын құрал табылады. Мысалы, мемлекеттік қарыздық міндеттемелерде төлеуге жататын вексель иесіне құқық келісімін алуды, ал эмитентке ақша қаражаттарын емес, мемлекеттік қарыздық міндеттемелерді беруге құқық келісімін алуды ұсынады. Қарыздық міндеттемелер өзімен оларды шығаратын, ақша қаражаттарын төлейтін мемлекет міндеттемелерін көрсететіндіктен, қаржылық міндеттемелер болып табылады. Сонымен, вексель оның иесінің қаржылық активі және оның эмитентінің қаржылық міндеттемесі болып табылады.

G13. «Өмірлік» қарыздық құралдар, (мысалы, «өмірлік» облигациялар, камтамасыз етілмеген облигациялар және акционерлік вексельдер) әдетте, олардың иелеріне келешекте анықталмаған мерзімге таратылатын, бекітілген мерзімде негізгі жиынтықты қайтару құқығынсыз, немесе оны қайтару құқығымен, бірақ бұл қайтару мүмкіндігі аз, немесе өте алыс келешекке жылжытылған шартында пайыздық төлемдер алуға құқық келісімін ұсынады. Мысалы, субъект анықталмаған кезең ішінде жыл сайын өтініш берілген пайдаланылуға жарамды нақты, немесе негізгі жиынтық CU1,000 көлемінде өтініш берілген мөлшерлемеге тең 8 пайыз көлемінде төлем талап ететін қаржылық құрал шығара алады. 8 пайыз оның құрал бойынша эмиссиясы мерзіміне нарықтық пайыздық мөлшерлемесін көрсетеді, эмитент өзіне келешекте бастапқы мойындауда әділ құны (дисконтталған) CU1,000 тең пайыздарды төлеуге келісімшарт міндеттемелерін қабылдайтынын шамалайық. Құралдың иесі мен эмитент, осығын сай, қаржылық актив пен қаржылық міндеттемелерді алады.

AG14. Қаржылық құралдарды алуға, беруге, немесе айырбастауға құқық келісімі өзінен өзі қаржылық құрал болып табылады. Құқық келісімдері, немесе келісімшарт міндеттемелерінің тізбегі, егер ол ақыр соңында ақша қаражаттарын алуға, немесе төлеуге немесе қарыздық құралды алуға, немесе шығаруға әкелетін болса, қаржылық құрал анықтамасына сай келеді.

AG15. Құқық келісімін, немесе міндеттерін пайдалану мүмкіндігі келісімшарт міндеттемелерін абсолюттік орындау, немесе келешекте қандай да бір оқиғаның болуына тәуелді болуы мүмкін. Мысалы, қаржылық кепілдік, егер қарызгер өз міндеттерін орындамағанда, кредитордың кепілден, немесе келісімшарт міндеттемелеріне сай кредиторға төлеу бойынша кепілден ақша қаражаттарын алуға құқық келісімі болып табылады. Құқық келісімі мен міндеттер операциялар немесе кредитордың өз құқығын өткізу мүмкіндігі, сол сияқты кепілге міндетін орындауына талап қарызгердің міндеттерін орындамау келешегінен тәуелді болса да, өткен оқиғалар (кепілдік беру) нәтижесінде шықты. Шартты құқықтар мен міндеттемелер мұндай активтер мен міндеттемелер қаржылық есептілікте үнемі мойындала бермесе де, қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер анықтамаларына сай келеді. Кейбір осындай шартты құқықтар мен міндеттерден сақтандыру келісім шарттары болуы мүмкін.

AG16. «Жалгерлік» 13 ҚСҚЕХС сай, қаржылық жалгерлік келісімшарты, негізінен, жалға берушінің алуға құқығы сияқты және жалға алушының негізгі жиынтықты аралас төлеуден іс жүзінде ажыратылмайтын және қарыз келісімі бойынша пайызды төлеудің тізбегін жүзеге асыру міндеттерін қарастырады. Жалға беруші жалға берілген актив бойынша емес, жалгерлік келісім шарты бойынша дебиторлық қарыздар жиынтығында өзінің инвестицияларының есебін жүргізеді. Басқа жағынан, операциялық жалгерлік, негізінен, жалға алушыдан келешектегі кезеңдерле активті орынын толтыруға айырбаста, көрсеткен қызметі үшін ұқсас сыйақыға пайдалануды көрсетуді талап ететін аяқталмаған келісімшарт сияқты қарастырылады. Жалға беруші келісіммен шартталмаған келешектегі түсім жиынтығы сияқты жалға берілген активтің есебін жүргізуді жалғастырады. Осыған сай қаржылық жалгерлік қаржылық құрал болып саналады, ал операциялық жалгерлік олай болып саналмайды (жүзеге асыру мерзімі келген төлемдерді қоспағанда).

AG17. Материалдық активтер (мысалы, қорлар, заттар, машиналар мен жабдықтар), жалданған активтер мен материалдық емес активтер (мысалы, патенттер мен сауда маркалары) қаржылық активтер болып табылмайды. Мұндай материалды және материалды емес активтерді бақылау ақша қаражаттарының, немесе басқа қаржылық активтің ағынын әкелдіру мүмкіндігін жасайды, бірақ, ақша қаражаттарын, немесе басқа қаражат активтерін алуға қолданыстағы құқыққа әкелмейді.

AG18. Ақша қаражаттарын, немесе басқа қаржалақ активті алуға құқық емес, тауарлар алу, немесе қызмет келешек экономикалық тиімділік болып табылатын активтер (мысалы, алдан ала төлем), қаржылық активтер болып табылмайды. Мұндай бөлімдер келесі кезеңнің пайдасы сияқты және кепілдік міндеттемелердің көпшілігі экономикалық тиімділіктердің және олармен байланыстылардың шығуы тауарларды жеткізу мен қызметте құралатындықтан және ақша қаражаттарын немес басқа қаржылық активтерді беру бойынша келісімшарттық міндеттемелер болып табылмайтындықтан, қаржылық міндеттемелер болып табылмайды. .

AG19. Қоғамдық секторда активтер мен міндеттемелер келісімшарттық келісімдерден сияқты келісімшарттық емес келісімдерден де туындайды. Келісімшарттық емес келісімдерден туындайтын активтер мен міндеттемелер қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелердің анықтамаларына сәйкес келмейді.

AG20. Осы Стандарттың құралға «келісімшарты» сай келетінін анықтау барысында субъект келісімнің заңды түрін емес, мазмұнын қарайды. Осы Стандарттың құралға сай келісім шарттары негізінен келесімен сипатталады (дегенмен, бұл әр құзіреттілікте ажыратылуы мүмкін) :


  • Келісімшарт келісім жасауға ниеті бар тараптарды қатыстырады;




  • Келісімшарт шарттары келісімшарттағы тараптар үшін құқықтар мен міндеттемелерді жасайды және бұл құқықтар мен міндеттемелер әр тараптың әр түрлі мәнде орындауына әкелмейді. Мысалы, донорлық қаржыландыру келісімінде қаржыландырушы орган үшін қорды алушыға беру бойынша жасалған келісімде көрсетілген шарттармен міндеттеме жасайды және алушыға осы қорларды алуға құқық бекітеді. Келісімнің мұндай типтері келісімді болуы мүмкін, дегенмен, алушы әр мәнді жауап өтемақысын көрсетпеді, яғни, келісім әр тараптың әр мәнді орындауына әкелген жоқ;




  • Келісімді орындамағаны үшін, орнын толтыруға құқық заң бойынша еріксіз жүзеге асырылуы мүмкін.

AG21. Қоғамдық секторда келісімшарттық немесе келісімшаттық емес келісімдер өз табиғаты бойынша айырбасталмайтын болып табылуы мүмкін. Келісімнің айырбасталатын пайдаларынан шығатын активтер мен міндеттер «Айырбасталмайтын операциялардан пайдалар (салықтар мен трансферттер)». 23 ҚСҚЕХС сай есептеледі. Егер айырбасталмайтын пайдалы келісімдер келісім шарттық болса, онда субъект осындай келісімдерден шығатын активтер мен міндеттемелер қаржылық актив пен қаржылық міндеттемелер болатынын осы Стандарттың 10 және AG10—AG18 параграфтарына сай бағалайды. Субъект осы Стандарттағы және 29 ҚСҚЕХС басшылықты айырбастық операция міндеттемелер мен үлестік құралға әкелетінін бағалау барысында қолданады. (иесінің салымы).

AG22. Субъект осы Стандарттағы сыныптастыру бойынша талаптарға қорлар ағыны келісімшарттық айырбастық пайдалы келісімнің бөлігі болатынын, өзінің мәні бойынша міндеттеме, немесе үлестік құрал болатынын анықтау барысында ерекше назар аударуы керек.

AG23. Заңмен бекітілген міндеттемелер мынадай болып ескерілуі мүмкін:



  • Пайдаға салық төлеу бойынша міндеттеме пайдаға салық қатынасында есепшілік есеп жүргізу бойынша сай келетін халықаралық немесе ұлттық стандарттарға сай есептеледі.




  • Әлеуметтік игіліктерді қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер «Есеп саясаты, бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістер мен қателіктер» 3 ҚСҚЕХС «Бағалау қорлары, шартты міндеттемелер мен шартты активтер» 19 ҚСҚЕХС сай есептеледі.




  • Заңмен бекітілген басқа міндеттемелер 19 ҚСҚЕХС сай есептеледі.

AG24. 19 ҚСҚЕХС көрсетілген дәстүрлі міндеттемелер, сол сияқты келісімшарттардан шықпайды және соған сай қаржылық міндеттемелер болып табылмайды.

Үлестік құралдар

AG25. Қоғамдық сектордың субъектілері үшін енгізілген үлестік құралдардан тұратын капиталдың бар болуы әдеттегідей емес, мысалы, акциялар мен капиталдың басқа бірыңғайланған түрлері. Егер субъект сонда да үлестік құралдар шығаратын болса, онда мұндай құралдарды иелену немесе пайдалану заңдық шектеулерге жатуы мүмкін. Мысалы, заң шығарушы органдар шарттар бекіте алады, оның барысында қоғамдық сектор субъектісіндегі үлестер қоғамдық сектордың басқа субъектісіне тиесілі болуы мүмкін, осылайша келісім бойынша есептеу үшін, пайдаланылмай қалуы мүмкін.

AG26. Қоғамдық секторға енгізілген капитал тараптар арасында қорлардың берілуімен расталуы мүмкін трансферті қатынасында үлестік құралдарды шығару мұндай трансферт салым иесінің анықтамасына сай келуі үшін, қажетті болып табылмайды. Субъект таза актив/капиталда қатысу үлесіне әкелетін қорлар трансферттері басқа трансферттерді олардың расталуы келесілермен болуы мүмкіндіктен ажыратады:


  • Келісім бойынша тараптардың қорлар трансферттерін субъектінің таза актив/капиталының қалыптасушы бөлігі ретінде немесе салымды іске асыруға дейінгі кезде немесе салымға салуды іске асыру кезінде немқұрайды белгілеуі. Мысалы, жаңа субъект түзілуі барысында қаржылық министрлігінің бюджеттік департаменті субъектіге алғашқы қорлар трансферттері субъектінің таза актив/капиталына қатысу үлесін жасайды деп санай алады, мұндай тұлғаның операциялық қажеттіліктерін қаржыландыруды көрсетпейді.




  • Трансферт қатынасында немқұрайлы келісім қолданыстағы қаржылық қызығушылықты сатылуы, берілуі немесе сатып алынуы мүмкін таза актив/капиталда жасау мен ұлғайту.

Дегенмен, қорлар трансферттері немқұрайлы белгіленуі немесе келісім жолымен расталуы мүмкін, субъект олардың заңдық түрлері бойынша ғана емес, қорлар трансферттерінің, оларды сақтауы негізде қорлардың табиғатын бағалайды.



AG27. Осы Стандарттың мақсаты үшін «үлестік құрал» төменде көрсетілгендерді белгілеу үшін қолданылуы мүмкін:

  • Бірыңғайланған капитал түрі, мысалы, жай және артықшылығы бар акциялар;




  • Басқа субъектінің таза активіндегі қалдық қатысу үлесінің қолда барын растайтын қор трансферттері (не белгіленген, не келісім бойынша тараптармен келісілген);




  • Қарыздық құралдың заңды түріндегі өзінің мазмұны бойынша субъектінің таза активтегі қатысу үлесін көрсететін қаржылық міндеттемелер.


Мерзімінен бұрын өшіру құқығына ие құралдар
AG28. Субъектінің енгізілген капиталы акциялардан және капиталдың басқа бірыңғайландырылған түрінен құралса, онда ондай құралдар әр түрлі қалыпта болуы мүмкін, мысалы, кері сатуға жай акциялар, мерзімінен бұрын өшіру құқығымен кей құралдар (15 және 16-параграфтарды қараңыз), субъектіге таратылуы барысында субъектінің таза активіндегі шамалас үлесін басқа тарапқа жеткізу бойынша міндеттеме жүктейтін кейбір құралдар (17 және 18-параграфтарды қараңыз), артықшылығы жоқ акциялардың кей түрлері (AG49 және AG50 параграфтарды қараңыз) және сатып алушының жазбаша опционына субъектіге мерзімінен бұрын өшіру құқығынсыз жай акцияның тіркелген мөлшерін алуға жазылуға мүмкіндік беретін субъект-эмитентте тіркелген ақша қаражаттарына немесе басқа қаржылық активке. Субъектінің шығару немесе алу бойынша өзінің үлестік құралдарының тіркелген бөлігін тіркелген ақша қаражаттарына немесе басқа қаржылық активке айырбасқа міндеттемесі субъектінің үлестік құралы болып табылады (27-параграфты қараңыз). Дегенмен, егер мұндай келісімшарт субъектінің ақша қаражаттарын, немесе басқа қаражат активін төлеу бойынша міндеттемесін мазмұндаса (15 және 16, немесе 17 және 18-параграфтарға сай үлестік құралдар сияқты сыныптастырылған келісімшарт), онда мұндай келісімшарт та солайша өшіру жиынтығының дисконттық құны көлемінде міндеттеме жасайды (AG51(a)-параграфты қараңыз). Мерзімінен бұрын өтеу құқығынсыз жай акцияның эмитенті акционерлер пайдасына таратуды іске асыру үшін, қалыптасқан әрекет жасау кезінде және бұл таратуды іске асыруға заңды түрде міндетті болатын өзіне міндеттеме алады. Бұл үлесақылар жарияланғада немесе субъект таратылу сатысында болғанда және міндеттеме бойынша төлемнен қалған барлық активтер акционерлерге таратылу үшін, қолжетімді болғанда жүргізіледі.
AG29. Сатып алушының алған опционы, немесе субъектімен алынған оған өзінің үлес құралының тіркелген мөлшерін сатып алуға құқық беретін ұқсас тіркелген ақша қаражаттарына, немесе басқа қаржылық активке айырбасқа беруге келісімшарт субъектінің қаржылық активі болып табылмайды (27-параграфта көрсетілген жағдайлардан басқа). Мұның орынына мұндай келісім шартқа төленген кез келген орынын толтыру таза актив/капиталдан шығаруға жатады.
Басқа құралдар сыныбының қатынасында кемелденген болып табылатын құралдар сыныбы (15(b) және 17(b) параграфтар)
AG30. 15 және 17-параграфтар белгілерінің бірі қаржылық құрал басқа құралдар сыныбының қатынасында кемелденген болып табылатын құралдар сыныбына жатады.
AG31. Құрал кемелденген сыныбына жататынын анықтау үшін, субъект құралдың таратылуы туралы талаптарды бағалау керек, егер ол мерзімде таратылуы керек болса, субъект құралды сыныптастырады. Сай келетін міндеттемеде өзгерістер болатын болса, субъект сыныптастыруды қайта бағалауы керек. Мысалы, егер субъект басқа қаржылық құралды шығырса және өшірсе, онда ол қарастырылып отырған құрал басқа құралдар сыныбына қатынасында кемелдендірілген болып табылатын құралдар сыныбына жататынына әсер етуі мүмкін.
AG32. Басым құқықпен құрал таратылуы барысында субъект таза активтің шамалас үлесін алу құқығымен құрал болып табылмайды. Мысалы, субъектінің таза активінің үлесіне толықтыруға таратылуы барысында құралдың басым құқығы бар, егер ол иесіне тіркелген үлесақыны алуға құқық алып берсе, субъектінің таза активінің шамалас үлесін алуға құқығымен басқа кемелдендірілген сынып құралдары таратылу барысында мұндай құқықты көрсете алмайды.

AG33. Егер субъектіде бір ғана сыныптың құралдары бар болса, бұл сыныпқа егер ол барлық басқа сыныптарға қатынасы бойынша кемелденген болса да, есептің сондай тәртібі қолданылуы керек



Осы құралдың әрекет мерзімі ішінде құралға жататын ақша қаражаттарының жалпы күтілетін қозғалысы (15(e)-параграф)

AG34. Осы құралдың әрекет мерзімі ішінде құралға жататын ақша қаражаттарының жалпы күтілетін қозғалысы негізінен пайдалар мен шығынға, мойындалған таза активтердің өзгерістеріне, осы құралдың әрекет ету мерзімі ішінде субъектінің мойындалған және мойындалмаған таза активтерінің әділ құнына тәуелді болуы керек. Пайдалар мен шығындар және мойындалған таза активтердегі өзгерістер сай келетін ҚСҚЕХС сәйкес өлшенуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет