АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым


Қосымша тақырып және параграф келесі редакцияда 148С параграфтан кейін қосылған



бет15/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   95

Қосымша тақырып және параграф келесі редакцияда 148С параграфтан кейін қосылған:

Таза активтер/капитал ретінде сыныптастырылған, мерзімнен бұрын өтеу құқығына ие қаржы құралдары

148D. Үлескерлік құралдары ретінде топтасрылыған, мерзімнен бұрын өтеу құқығына ие қаржы құралдары үшін субъект келесі мәліметті (егер мұндай мәлімет тағы да бір жерде ашылмаған болса) ашып беруі тиіс:



  1. Таза активтер/капитал ретінде сыныптастырылған сомалар бойынша жиынтық сандық мәліметтер;

  2. Өткен кезеңдерден бергі кез-келген өзгерістерді қоса алғанда, мұндай құралдың иелері арқылы талап етілетін жағдайда, құралды кері сатып алу, немесе өтеу бойынша өз міндеттемелерін басқаруға қатысты өзінің мақсаттары, саясаты мен рәсімдері;

  3. Қаржы құралдарының осындай тобын кері сатып алу, немесе өтеуге арналған ақшалай қаражаттардың болжалды жылыстауы; және

  4. Кері сатып алу, немесе өтеуге арналған ақшалай қаражаттардың болжалды жылыстауы қалай анықталғандығы туралы мәлімет.

Екі қосымша параграф келесі редакциядағы 150(d)-қосалқы параграфта енгізілген:

Басқа мәліметті ашулар

150. Субъект келесідей мәліметті беруі тиіс, егер қаржы есептілігімен бірге жарияланған мұндай мәлімет қандай да бір басқа мәліметте берілмеген болса:



  1. Егер субъект шектеулі тіршілік ету мерзіміне ие болса, субъектінің тіршілік ету мерзімдері туралы мәліметті.

Жаңа параграф келесі редакцияда 153-параграфтан кейін қосылған:

153В. «Қаржы құралдары: ақпарат ұсыну» 28 ҚСХҚЕС 150 параграфты өзгертті де, 7А, 95А және 148D-параграфтарын қосты. Субъектісі өзгертулерді қаржы есептілігіне 2013 жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе осы күннен кейінгі кезеңдерге қатысты қолдануы тиіс. Егер субъект 28 ҚСХҚЕС 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін басталатын кезеңде қолданатын болса, бұл өзгертулер сондай-ақ осындай кезеңге де қолданылуы қажет.

23 ҚСҚЕХС Айырбастық емес Операциялардан Түсетін Кіріс (Салықтар және Трансферттер)

37-параграф келесі баспада өзгертілген:

Иелердің қаржы салымдары

37. Иелердің қаржы салымдарына анықтама 1 ҚСҚЕХС берілген, келісім иегердің қаржы салымы ретінде сыныптыстырылғаны болуы үшін, осы анықтамада көрсетілген сипаттамаларға сәйкес болуы маңызды. Келісімнің иегердің қаржы салымын анықтауға сәйкес келетіндігін анықтауда, келісімнің түрі емес, оның мазмұны назарға алынады. 38-параграфта иегерлердің қаржы салымын қабылдай алатын формалар көрсетілген. Егер келісімнің формасына қарамастан, келісімнің мазмұны оның анық қарызды, немесе міндеттеменің басқа түрін, я болмаса, кірісті құрайтын болса, онда субъект оны сол күйінде қабылдауы тиіс және тиісінше егер бұл маңызды болса, онда субъект қаржы есептілігінің ескертулерінде осындай мәліметті ашып беруі тиіс. Мысалыға, егер келісім иегерлердің қаржы салымын көрсететін, бірақ есеп беріп жатқан субъект белгіленген төлемдерді табыстауды іске асырған субъектілерге, инвестицияның қайтып алумен қоса табыстауды іске асырған тұлғаға белгілі бір күнге дейін іске асыратындығын бекітетін болса, онда мұндай келісім көбірек қарыз есебінде сипатталады. Шартты келісімдер үшін субъект сондай-ақ «Қаржы құралдары: мәліметті ұсыну» 28 ҚСҚЕХС көрсетілген нұсқаулықты иегерлердің қаржы салымдары бойынша міндеттемелерді анықтауға қатысты назарға алады.



Жаңа параграф келесі редакцияда 124-параграфтан кейін қосылған:

124A. «Қаржы құралдары: ақпаратты ұсыну» 28 ҚСҚЕХС 37-параграфты өзгертті. Субъект осы өзгерістерді 2013 жылдың 1 қаңтарда немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерге қатысты жылдық қаржы есептілігінде қолдануы тиіс. Егер субъект 28 ҚСҚЕХС 2013 жылы 1 қаңтарда басталатын кезеңге дейін қолданатын болса, бұл өзгертулер осындай кезеңде осылайша қолданылуы қажет.

Қорытынды жасауға негіз

28 ҚСҚЕХС құрамдас бөлігі емес, ілеспе құжат болып табылады.

Кіріспе

BC1. Қорытынды жасау үшін, осы негіздеме «Қаржы құралдары: ақпаратты ұсыну» 28 ҚСҚЕХС қорытындыға жету кезінде қоғамдық секторға арналған қаржы есептілігінің Халықаралық Стандарты бойынша Кеңестің (ҚСҚЕХСК) пайымдамасын жиынтықтайды. Осы стандарт негізінен қаржы есептілігінің Халықаралық Стандарты бойынша Кеңес (ҚЕХСК) шығарған «Қаржы құралдары: ақпаратты ұсыну» 32 ҚЕХС негізделген болғандықтан, Қорытынды жасау үшін негіздеме 28 ҚСҚЕХС 32 ҚЕХС негізгі талаптарынан шегінетін салаларды ғана суреттейді.

BC2. Қаржы құралдары бойынша осы жоба ҚСҚЕХС қаржы есептілігінің Халықаралық Стандарттарына (ҚЕХС) жақындатуға бағытталған ҚСҚЕХС жуықтасу бағдарламасының негізгі бөлігі болып табылады. ҚСҚЕХСК қаржы құралдарының басқа аспектілерінің болуын, олар қоғамдық секторға жататын және 32 ҚЕХС қарастырылмаған көлемде мойындайды. Мұндай мәселелер ҚСҚЕХСК болашақ жобаларының қарастыру пәні болуы мүмкін. Жеке алғанда, ҚСҚЕХСК болашақ жобаларда келесі мәселелерді қарастыруға тура келуі мүмкін:


  • Орталық банк арқылы жасалатын кейбір келісімдер; және

  • Негізінен, бір-біріне ұқсас және қаржы құралдары сияқты ұқсас экономикалық әсерге ие, табиғаты бойынша келісімді болып табылмайтын келісімдерден пайда болған қарызгерлер мен несие берушілер шоттары.

BC3. Осы ҚСҚЕХСК Стандартын әзірлеу кезінде 32 ҚЕХС әрекет етуші мәтініне қолданылатын терминологияның сәйкестігін және ҚСҚЕХСК басқа стандарттарының мәліметті ұсыну бойынша талаптарды қамтамасыз ету және де қолдану бойынша қосымша Нұсқаулық арқылы қоғамдық сектормен байланысты кез-келген ерекше сұрақтарды қарастыру мақсатында өзгертулер енгізе отырып, сол мәтінді сақтап қалуға келісілді.

BC4. 2007 жылы қыркүйекте ҚСҚЕХС 1 ҚЕХС «Қаржы есептілігін ұсыну» жасалатын өзгертулерді шығарды, онда қаржы есептілігін ұсыну кезінде «жиынтық кіріс» ұғымы көрсетілді. ҚСҚЕХСК әлі күнге жиынтық кіріс ұғымын 1 ҚЕХС жасалған кейбір өзгертулермен қатар назарға алмайтындықтан, мұндай өзгерістер 28 ҚСҚЕХСенгізілмеді.



Қолдану аясы

Сақтандыру және қаржы кепілдерінің келісімдері

BC5. 32 ҚЕХС сәйкес барлық сақтандыру келісімдері 32 ҚЕХС қолданылу аясынан шеттетілді, тек эмитенттің осындай келісімдерді мойындауы және бағалауы кезінде «Қаржы құралдары: мойындау және бағалау» 39 ҚЕХС ережелерін қолданатын қаржы кепілдерінің келісімдерінен басқа. 28 ҚСҚЕХС қолданылу аясы да сақтандырудың барлық келісімдерін қамтымайды, тек:



  • Қаржы кепілдерінің келісімдері субъект мұндай келісімдерді сәйкес сақтандырудың келісімдерін есепке алу бойынша халықаралық немесе ұлттық стандарттарға сәйкес сақтандыру келісімдері ретінде қарастыруға шешім қабылдаған жағдайдан басқа кезде қаржы құралдары ретінде қарастырылуы тиіс; және

  • Сақтандыру келісімдері болып табылатын, бірақ қаржы қатерінің беріуіне алып келетін келісімдер 28 ҚСҚЕХС, 29 ҚСҚЕХС және 30 ҚСҚЕХС ережелеріне сәйкес қаржы құралдары ретінде қарастырылуы мүмкін.

Қаржы кепілдерін қаржы құралдары ретінде қабылдау

BC6. 32 ҚЕХС сәйкес қаржы кепілдерінің келісімдері эмитент 4 ҚЕХС осындай келісімдерге қолдануға шешім қабылдайтын жағдайлардан басқа кезде қаржы құралдары ретінде қарастырылуы тиіс. Жекеменшік сектордан өзгеше қаржы кепілінің көптеген келісімдері айырбастық емес операция түрінде, яғни нөлдік, немесе атаулы өтемақы кезінде қоғамдық секторға арналып шығарылады. Қаржы есептілігінің салыстырымдылығын кеңейту үшін және қоғамдық сектор үшін айырбастық емес операциялар түрінде шығарылатын қаржы кепілі келісімдерінің маңыздылығын назарға ала отырып, ҚСҚЕХСК мұндай кепілдерді қаржы құралдары ретінде қарастыруды және субъектілерге оларды сақтандыру келісімдері ретінде қарастыруға рұқсат бермеуді ұсынды.

BC7. Бұл ұсынысқа жауап ретінде кейбір сұхбаткерлер айырбастық емес келісім түрінде шығарылған, қаржы кепілінің келісімдерін сақтандыру келісімдері ретінде емес, қаржы құралдары есебінде қабылдау сақтандырудың айырбастық және айырбастық емес келісімдерінің үлгілері бір-бірінен өзгеше болып табылатын болғандықтан, орынды екендігімен келісті. Басқалар субъектілерге мұндай кепілдерді сақтандыру келісімдері, немесе 4 ҚЕХС көрсетілген таңдау әдісін қолдана отырып, қаржы құралдары есебінде қарастыруға рұқсат етілуі жөнінде дауласты.

BC8. ҚСҚЕХСК дәл осындай тәсілдеме қаржы кепілдерінің келісімдерінде, олардың айырбастық, немесе айырбастық емес келісімдер ретінде шығарылғандығына қарамастан қолданылуы тиіс, себебі олардың негізінде жатқан және субъектінің қаржы есептілігінде мойындалуы тиіс міндеттемелер бір-бірінен ерекшеленбейді. ҚСҚЕХСК субъектілерге қаржы кепілінің келісімдерін кейбір шарттарды сақтау шартымен сақтандыру келісімдері есебінде, немесе қаржы құралдары ретінде мойындауды таңдауға рұқсат етілуімен келіседі.

BC9. Субъект қаржы кепілінің келісімдерін сақтандыру келісімдері ретінде қабылдау нұсқасын таңдауы мүмкін кездегі жағдайды бағалауда, ҚСҚЕХСК 4 ҚЕХС көрсетілген талаптарды есепке алды. 4 ҚЕХС сәйкес қаржы кепілінің келісімдерін қаржы құралдары, немесе сақтандыру келісімдері ретінде қабылдау нұсқасын таңдауды қолдану тек өткен шақта ашық түрде олар мұндай келісімдерді сақтандыру келісімдері ретінде қарастыратындықтарын жариялаған субъектілер үшін ғана мүмкін болады. Соған қарамастан, ҚСҚЕХСК есептеу әдісі бойынша есепті қабылдаған субъектілердің барлығы да 4 ҚЕХС ережелерін қолдана бермейтіндігін мойындады. Сондай-ақ Комитет те оған мысалы үшін субъектілер есептеу әдісі бойынша есепті қолданып, бірақ сақтандыру келісімдері бойынша активтер мен міндеттемелерді мойындамайды, сондай-ақ өткен шақта есептеу әдісін қолданбаған субъектілер сияқты сценариилерді есепке алу қажет екендігін мойындады. Сондықтан да, ҚСҚЕХСК 4 ҚЕХС көрсетілген талаптар шамадан тыс ауыртпалық түсіретін және осы стандарттың мәтініне сәйкес түрлендіруді қажет ететіндігімен келісті.

BC10. Осылайша, ҚСҚЕХСК бұрын:



  1. Сақтандыру есебін қолданған және қаржы кепілі келісімдерін сақтандыру келісімдері ретінде қарастырған есеп саясатын қабылдаған субъектілер мұндай кепілдерді әрі қарай сақтандыру келісімдері, немесе қаржы құралдары ретінде қабылдай алатындығын; және

  2. Сақтандыру есебін қолданбаған болса, онда олар осы стандартты қабылдаған кезде, қаржы кепілдерінің келісімдерін сақтандыру келісімдері есебінде немесе қаржы құралы ретінде қабылдау нұсқасын таңдау мүмкіндігіне ие бола алмайтындығын мойындады.

Екі жағдайда да таңдау қайтып алынбайтын болып табылады.

BC11. ҚСҚЕХСК субъектілерге қаржы кепілдерін әрбір келісім бойынша жеке-жеке сақтандыру келісімдері ретінде қабылдау мүмкіндігін беру немесе субъектілердің өз таңдауын жалпы есеп саясатының негізінде жүзеге асыруын талап ету нұсқаларын қарастырды. субъектілерге экономикалық бірлік ішінде олардың қызметтерінің табиғатының негізінде қаржы кепілдерін сақтандыру келісімдері ретінде немесе қаржы құралдары ретінде қабылдауға мүмкіндік беру үшін мұндай келісім әрбір келісім бойынша жеке-жеке іске асырылу қажеттігімен келісілді.

BC12. ҚСҚЕХСК субъектілерге қаржы кепілдерін сақтандыру келісімдері ретінде қабылдауға рұқсат берудің бастапқы шарты ретінде субъектілер арқылы сақтандыру келісімдеріне қатысты есеп саясатының айқындалған талаптарға сәйкес келу керектігімен келісті. ҚСҚЕХСК егер субъектілер қаржы кепілдерін сақтандыру келісімдері ретінде қабылдау нұсқасын таңдаса, онда олар, не 4 ҚЕХС, не болмаса сақтандыру міндеттемелерін ең аз құн бойынша сақтандыру міндеттемелерін бағалауды талап ететін бухгалтерлік есепті енгізу бойынша ұлттық стандартты қолдануы тиіс. Мұндай минималды құн сақтандыру міндеттемелері сақтандыру келісімдерінен пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысының ағымдағы бағасын және ақша қаражаттарының басқа кез-келген сйкес келетін қозғалыстарды қолдана отырып, «бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» 19 ҚСҚЕХС қолдану аясында болатындай жағдайда анықталады.

Қаржы қатерін қаржы құралдары ретінде табыстайтын сақтандыру келісімдерін қабылдау бойынша опцион.

BC13 15 ҚСҚЕХС субъектілерге қаржы қатерін қаржы құралдары ретінде табыстауға алып келетін сақтандыру келісімдері болып табылатын келісімдер бойынша есепті жүргізуге рұқсат берді. ҚСҚЕХС стандарты болмаған жағдайда сақтандыру келісімдері бойынша ҚСҚЕХСК оның субъектілерге осындай келісімдерде 28 ҚСҚЕХС қолдануды талап ету емес, рұқсат беру керектігі туралы қорытынды жасады.



Қаражаттық кепілдік келісімшарттарын анықтау

BC14. Қаржы құралдары 28 ҚСҚЕХС былай анықталған: «бір субъектінің қаржы активін, қаржы міндеттемесін немесе басқа субъектінің үлескерлік құралын қалыптастырушы кез-келген келісім». Қоғамдық секторға арналған келісімдер заң бойынша құқықтық өкілет арқылы қалыптасуы мүмкін болғандықтан, ҚСҚЕХСК қаржы кепілдерінің келісімдіге айналатын жағдайларды анықтау үшін, қолдану бойынша қосымша нұсқаулықты әзірледі. ҚСҚЕХСК қаржы кепілдері 28 ҚСҚЕХС қолдану аясында болуы үшін келісімді мәміленің негізгі белгілері болуы керек деген қорытындыға келді.

ҚСҚЕХСК, сонымен қатар, субъекті оған заң бойынша, немесе қандай жақ анық, немесе күңгірт орнатылғанына қарамастан, ұқсас түрде және кепілдіктің үшінші жақтың пайдасына нақты түрде шығарылуын кепілдеме берудегі құқықтар арасын ажытарып алу керек деген қорытындыға келеді. Кепілдікті заңды түрде беру өзінен-өзі осы Стандарттың аясында қолдануға алып келеді.

Анықтама

Шартты келісім

BC15. ҚСҚЕХСК белгілі бір заң құзыреттерінде қоғамдық сектордың субъектілеріне ресми келісімдерді бекіту бойынша кедергілер қойылады, бірақ шарттардың маңызына ие келісімдерді бекітуге рұқсат берілетіндігін айтып кетті. Мұндай келісімдер басқа бір анықтама бойынша белгілі болуы мүмкін, мысалыға, «мемлекеттік тапсырыстар». Келісімдердің қайсысы шарттардың заңды формасына ие екендігін, және қайсысының келісімдердің маңызына сәйкес келетіндігін анықтауда субъектілерге қолғабыс етті, ҚСҚЕХСК субъектілер келісімдердің шартты, немесе шартсыз екендіктерін анықтау кезінде есепке алуы тиіс факторларды анықтаушы қолдану бойынша қосымша Нұсқаулықты шығару қажет деп тапты.

BC16. «Байланыстырушы келісім» термині BC15 параграфында белгіленген келісімдерді сипаттау кезінде қолданылуы қажет немесе қажет емес екендігі туралы мәселе қарастырылды. «Байланыстырушы келісім» термині анықталмады, бірақ тараптарға қатысты байланыстырушы болып табылатын, бірақ мысалыға шарттың күшіне ие емес екі мемлкеттік департаменттер арасындағы келісім сияқты құжаттамаланған шарт түрінде рәсімделген келісімдерді сипаттау үшін, ҚСҚЕХС стандарттарында қолданылды. ҚСҚЕХС «байланыстырушы келісім» термині ҚСҚЕХС стандарттарында қолданылған мағынады BC15-параграфында анықталған келісімдерден гөрі кеңірек келісім спектріне таратылады және, осылайша, оның 28 ҚСҚЕХС қолданылмауы қажет деген шешімге келді.

Шартты айырбастық емес кірісті операциялар

BC17. «Айырбастық емес операциялардан түсетін кіріс (салықтар мен трансферттер)» 23 ҚСҚЕХС айырбастық емес кірісті операциялардан пайда болатын активтер мен міндеттемелер бойынша мәліметті ашуға және бастапқы бағалауға, бастапқы мойындауды жүзеге асыруға ұсыныс жасайды. ҚСҚЕХСК осы стандарт пен 23 ҚСҚЕХС арасындағы арақатынасын есепке алды.

BC18. Айырбастық емес кірісті операциялардан туындайтын активтер мен міндеттемелердің қаржы активтеріне және қаржы міндеттемелеріне қатыстылығы мәселесін қарастыру кезінде ҚСҚЕХСК ол үшін келесі негізгі талаптар орындалуы қажет екендігін анықтады:


  • Келісім өз табиғаты бойынша шартты болып табылады; және

  • Ақша қаражаттарын, немесе басқа да қаржы активтерін тиімді, немесе тиімсіз жағдайларда жеткізілім, немесе қабылдауға қойылатын міндеттемелер мен шартты құқықтың қалыптасуына алып келеді.

BC19. ҚСҚЕХСК айырбастық емес кірісті операциялардан түсетін активтер осы талаптарға сәйкес болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Жеке алғанда, комитет қаржыландыратын субъектімен жасалған келісімнің табиғаты өз табиғаты бойынша шартты болуы мүмкін және ақша қаражаттарын табыстау немесе қаржыландыратын субъектіден алушыға берілетін басқа қаржы активін табыстау арқылы өтелуі мүмкін.

BC20. ҚСҚЕХСК айырбастық операциялардан туындайтын қаржы активтері үшін субъект 28 ҚСҚЕХС талаптарымен бірге 23 ҚСҚЕХС талаптарын қолдануы тиіс. Жеке алғанда, субъект айырбастық емес кіріс операцияларынан түсетін қорлар ағыны міндеттеменің пайда болуына, немесе субъектінің таза активтеріндегі қалдық үлесін куәландыратын келісімге, яғни үлескерлік құралына алып келетін, не келмейтіндігі туралы мәселені қарастыру кезінде 28 ҚСҚЕХС көрсетілген ұстанымдарды есепке алуы тиіс.

BC21. ҚСҚЕХСК айырбастық емес кірісті операциялардың қаржы міндеттемелері болып табылатын, не табылмайтындығы жөнінде мәселені қарастырды. 23 ҚСҚЕХС сәйкес міндеттемелер субъекті айқындалған шарттарға жататын қорларды қабылдап алу орны бар болған кезде мойындалуы тиіс. Қорларды табыстау шарттары субъектіге табыстауды жүзеге асырушы тарап арқылы жүктеледі және қорлардың айқындалған мақсаттарға қолданылуы үшін, көбіне-үшінші тараптарға тауарлар мен қызметтерді жеткізу үшін талаптарды қамтиды, ал қарама-қарсы жағдайда табыстауды жүзеге асырушы тарапқа қайтарып берілді. Бұл келісімнің шарттарын орындау міндетінің туындауына алып келеді. Бастапқы мойындауда субъект қорларды активтер ретінде мойындауы тиіс және олар айқындалған шарттарға тиесілі болған жағдайда тиісінше міндеттемені мойындауы қажет.

BC22. ҚСҚЕХСК бастапқы мойындалған міндеттеменің өз сипаттамасы бойынша қаржы міндеттемесі ме, әлде міндеттеменің басқа түрі, мысалыға бағалаушы міндеттеме болып табылады ма деген сұрақты қарастырды. ҚСҚЕХСК активті мойындау кезінде міндеттеме, ережеге сәйкес қаржы міндеттемесі болып табылмайды, себебі субъектінің міндеттемесі ережеге сай үшінші субъект белгілі бір уақыт кезеңінің ішінде тауарларды жеткізу және қызмет көрсету жолымен мақсатқа байланысты қорларды қолдану арқылы келісімнің шарттары мен ережелерін орындаудан құралған. Егер бастапқы мойындаудан кейін субъект келісімнің шарттары мен ережелерін орындай алмаса және табыстауды жүзеге асырған тұлғаға қорларды қайтарып беруге міндетті болса, онда субъект осы кезңде BC18-параграфта көрсетілген талаптарды және қаржы құралы мен қаржы міндеттемесінің анықтамасын есепке ала отырып, міндеттеменің қаржы міндеттемесіне айналатынын, не айналмайтынын анықтауы тиіс. Өте сирек жағдайларда қаржы міндеттемелері айырбастық емес кірістік операциялар шеңберінде қорларды табыстауды алып жүруші шарттар негізінен туындауы мүмкін. ҚСҚЕХСК осыған ұқсас сценариилерді болашақ жобалар шеңберінде қарастыруы мүмкін.

BC23. ҚСҚЕХСК сондай-ақ, айырбастық емес кірістік операциялардың бастапқы мойындалуынан кейін туындауы мүмкін екендігін белгіледі. Мысалы үшін, субъет келісімдер бойынша қорларды алуы мүмкін, онда қорлардың болашақ оқиғаның басталуынан немесе болмауынан кейін ғана қайтарылуы талап етіледі. Субъект BC18-параграфта көрсетілген талаптарды орындау шартымен және қаржы құралдарының және қаржы міндеттемелерінің анықтамаларына сәйкес келетін, не келмейтін айырбастық емес кірісті операциялардан туындайтын басқа міндеттемелер қаржы міндеттемелері болып табылатын, не табылмайтындығын бағалауы тиіс.

Басқалары

Халықаралық Қаржы есептілігі бойынша Комитет арқылы әзірленген талдаулар

BC24. ҚСҚЕХСК 2 КРМФО «кооперативті субъектілердегі қатысу үлесі және ұқсас құралдар» Түсініктемесі мен 11 КРМФО «ҚЕХС 2-топтың акциялары мен қазыналық топтармен жасалатын операциялар» Түсініктемелері үкіметтер мен қоғамдық сектордың субъектілері арқылы қолданылатын құралдардың түрлеріне байланысты сәйкес келетіндігін не келмейтіндігін қарастырды.

BC25. ҚСҚЕХСК КРМФО 11 Түсініктемесі қоғамдық сектор үшін қолданылатын құралдардың түрлеріне сәйкес келмейді деп қорытындылады, себебі ол акцияларға негізделген төлемдер бойынша операциялармен байланысты мәселелерді қарастырады. Акцияларға негізделген төлемдер Мемлекеттік коммерциялық кәсіпорындар (МКК) үшін бір үлгіде болуы мүмкін, МКК болып табылмайтын кәсіпорындар үшін мұндай операциялар бір үлгілі болып есептелмейді және сирек орын алады. Осының нәтижесінде, ҚСҚЕХСК 28 ҚСҚЕХС мақсаттары үшін 11 КРМФО Түсіндірмесінен ешқандай ұстанымдарды шығарған жоқ.

BC26. 2 КРМФО түсіндірмесі кооперативтік субъектілерде және ұқсас құралдарда қатысу үлесіне байланысты 32 ҚЕХС қолдану бойынша нұсқаулықты ұсынады. Субъектінің жойылуынан пайда болатын мерзімнен бұрын өтеу мен міндеттемелерге құқықтары бар қаржы құралдарына байланысты 32 ҚЕХС пен 2 КРМФО арасында тығыз байланыс бар. Субъектінің жойылуынан туындайтын мерзімнен бұрын өтеуге және міндеттемелерге құқығы бар қаржы құралдарын қарастыру келтірілген 32 ҚЕХС мәтіні 28 ҚСҚЕХС сақталған болғандықтан, КРМФО 2 Түсіндірмесі осы ұстанымдарды кооперативті субъектілерге қатысу үлесіне қолдану кезінде 28 ҚЕХС пайдаланушыларға қосымша нұсқаулық береді. Осылайша, 2 КРМФО Түсіндірмесінің ұстанымдары мен мысалдары 28 ҚСҚЕХС ресми қосымша ретінде енгізілді.

Көрнекілік мысалдар

Аталмыш мысалдар 28 ҚСҚЕХС бөлігі емес, жетекші материалдары болып табылады.

Субъектінің үлестік құралдарының шарт бойынша бухгалтерлік есебін жүргізу

IE1. Келесі мысалдарда 13-32-параграфтар мен 29 ҚСҚЕХС субъектінің өзінің үлестік құралдарын келісімшарт бойынша бухгалтерлік есебін жүргізуіне қатысты қолданылуы көрнекі көрсетіледі. Келтірілген мысалдарда ақша сомалары «ақша бірліктерінде» іріленеді (CU).



1 мысал : Акция сатып алуға арналған форвардтық келісімшарт

IE2. Атаулы мысалда ақша қаражаттарымен (а) таза-есеппен, акцияның (b) таза-есебімен, немесе акцияға ақша қаражаттарының айырбасына (с) жеткізу жолымен өтелетін субъектінің өз акциясын сатып алуға форвардтық келісім-шарттарға арналған журналдық жазбалар жақсы көрсетілген. Мысалды жеңілдету үшін, атаулы акцияға дивиденді төлемі жүргізілмейді (яғни, «теңгерімдік кіріс» нөлге тең), форвардтың келісімшартының әділ сомасы нөлге тең болғанда, осылайша, форвардтық бағаның ағымдағы сомасы «спот» бағасына тең болады. Форвардтық келісімшарттың әділ сомасынарықтық баға мен белгіленген форвардтық бағаның ағымдағы сомасының арасындағы айырмашылыққа есептелген.Бұл мысалда субъектінің өз акцияларын сатып алуға арналған форвардтық келісімшарттарға арналған журналды жазбалар анық көрсетілген.



Шарттар:

Келісімшарт мерзімі

20Х2 жыл 1 ақпан

Өтеу мерзімі

20Х3 жыл 31 қаңтар

20Х2 жыл 1 ақпандағы акцияның нарықтық құны

ВБ100

20Х2 жыл 31 желтоқсандағы акцияның нарықтық құны

ВБ110

20Х3 жыл 31 қаңтардағы акцияның нарықтық құны

ВБ106

20Х3 жыл 31 қаңтардағы бекітілген форвардтық құн

ВБ104

2012 жыл 1 ақпандағы форвардтық бағаның ағымдағы құны

ВБ100

Форвардтық келісім-шартқа сәйкес акциялар саны

1,000

20Х2 жыл1 ақпандағы форвардтық келісім-шарттың әділ құны

ВБ0


20Х2 жыл 31 желтоқсан бойынша форвардтық келісім-шарттың әділ құны

ВБ6,300


20Х3 жыл 31 желтоқсан бойынша форвардтық келісім-шарттың әділ құны

ВБ2,000


(a) Ақша ақшаға («Акшалай қаражаттардағы таза есеп»)

IE3. Бұл бөлімде форвардтық келісім субъектінің өз акцияларын сатып алуға ақша қаражаттарында таза есеппен өтелген болу керек, яғни форвардтық келісім-шартты өтеу барысында субъектінің өз акцияларын алу немесе жеткізу жағдайлары жүрмейтін болады.

20Х2 жылдың 1 ақпаны бойынша «А» субъектісі «В» субъектісімен 20Х3 жылдың 31 қаңтары бойынша шығарылған «А» субъектісінің 1,000 дана өз акцияларын 20Х3 жылдың 31 қаңтарында 104,000 ВБ (яғни, бір акция құны 04 ВБ1 бағасымен) ақша қаражатымен төлеудегі әділ құны бойынша сатып алуға келісімшартқа отырады. Келісімшарт ақша қаражаттарында таза есеппен өтеледі.

Субъект «А» журналда келесі жазбаларды жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет