АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым



бет38/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   95

4 ҚСҚЕХС 37 және 4 ҚСҚЕХС 57 сәйкес шетелдік бөлімшедегі қаржы есептілігін аударған кезде пайда болатын барлық курстық айырмашылықтар таза инвестицияның шығарылуына дейін таза активтерде/капиталда мойындалуы тиіс. Бұл сатуға арналған қолда бар қаржы активтері, кіріс, немесе шығыс арқылы әділ құн бойынша сыныптастырылған қаржы активтерін қоса отырып, әділ құн бойынша есепке алынатын қаржы құралдарымен байланысты туындайтын курстық айырмашылықтарға да қатысты.

29 ҚСҚЕХС 64 сәйкес кіріс, немесе шығын арқылы әділ құн бойынша есепке алынатын санаттарға сыныптастырылған қаржы активтерінің әділ құнының өзгеруі кірістер мен шығыстардың құрамында мойындалуы тиіс, ал сатуға арналған қолда бар инвестицияның құнының өзгеруі таза активтерде/капиталда мойындалуы қажет.

Егер шетелдік бөлімшенің қаржы есептілігі бақылаушы субъектінің есептілігімен шоғырландырылатын бақылаушы субъект болып табылса, 29 ҚСҚЕХС 64 немесе 4 ҚСҚЕХС 44 шоғырландырылған қаржы есептілігінде қалай қолданылады?

29 ҚСҚЕХС шетелдік бөлімшенің қаржы есептілігінде қаржы құралдарын есепке алу кезінде қолданылады, ал 4 ҚСҚЕХС есеп беруші субъектінің қаржы есептілігіне қосу үшін, шетелдік бөлімшенің қаржы есептілігіне аударуда қолданылады.

Мысалы: Субъект A Х елінде орналасқан және оның функционалды валютасы мен есептілік валютасы Х елінің жергілікті валютасы болып табылады. (ж.в. X). Субъект A функционалды валютасы Ү елінің жергілікті валютасы (ж.в. Y) болып табылатын Ү елінде шетелдік бақылаушы бөлімшелерге ие. Субъект B саудаға арналған борышқорлық құрал иегері болып табылады және сондықтан да, 29 ҚСҚЕХС сәйкес әділ құн бойынша есепке алынады.

В субъектісінің 20Х0 жылға арналған қаржы есептілігінде борышқорлық құралдың әділ құны және теңгерімдік құны Ү елінің жергілікті валютасы бойынша 100 ж.в тең. А субъектісінің шоғырландырылған қаржы есептілігінде бұл актив есептілік кезеңінің соңында (2.00) қолданылатын «Спот» жағдайындағы операцияларда валюта айырбастау курсының мөлшерлемесі бойынша Х елінің жергілікті валютасына аударылады. Осылайша, шоғырландырылған қаржылық есептіліктегі теңгерімдік құн 200 ж.в. тең,(=100 ж.в. Y × 2.00).

20Х1 жылдың соңында борышқорлық құралының әділ құны YY елінің жергілікті валютасында 110 ж.в дейін өсті. Субъект B сатуға арналған активті өз теңгерімінде 110 ж.в Y бағада мойындайды және кірістер шығындарда 10 ж.в. Y әділ құнның өзгеруінен туындаған кірісті мойындайды. Бір жыл бойына «спот» жағдайындағы операцияларда валюта айырбастау курсының мөлшерлемесі 2.00-ден 3.00-ге дейін өсті, осының нәтижесінде құралдың әділ құны Х елінің валютасында 200 ж.в. Х-тен 330 ж.в. Х (=110 ж.в. Y × 3.00) дейін өсті. Сондықтан да өзінің шоғырландырылған есептілігінде, субъект А сатуға арналған активті 330 ж.в. Х. бойынша мойындайды.

Субъект А субъект В-ның «операция жасалған күндегі валюталардың айырбастау бағамы бойынша» таза активтерінің/капиталының өзгерістері туралы (ҚСҚЕХС 4.44(b)) есепті аударады. Әділ құнның өзгертілуінен түскен пайда жыл бойына есептелетіндіктен, субъект А болжалды есеп үшін орташа мөлшерлемені ( 4 ҚСҚЕХС 25–ке сәйкес [3.00 + 2.00] / 2 = 2.50) қолданады. Сондықтан да саудаға арналған активтің әділ құны 130 ж.в.Х (= 330 ж.в.Х – 200 ж.в.Х) өскен болса да, субъект А 4 ҚСҚЕХС 44(b) сақтау мақсатында шоғырландырылған кірістерде немесе шығыстарда бұл өсімнің 25 ж.в.Х (=10 ж.в. Y × 2.5) ғана мойындайды. Осының нәтижесінен алынған курстық айырмашылық яғни борышқорлық құралының әділ құнының жоғарылауының қалған көлемі (130 ж.в.Х – 25 ж.в.Х = 105 ж.в.Х) 4 ҚСҚЕХС 57 сәйкес шетелдік бөлімшеде таза активтерде/капиталда жинақталады.

E.3.4 ҚСҚЕХС 29 және 4 ҚСҚЕХС: 29 ҚСҚЕХС және 4 ҚСҚЕХС арасындағы ынтымақтастық

29 ҚСҚЕХС кірістердің немесе шығыстардың құрамында шамадан тыс бағалаудан туындаған пайдаларды немесе шығындарды мойындауға, қаржы активтерінің және қаржы міндеттемелерінің бағасына қатысты талаптарды қамтиды. 4 ҚСҚЕХС тараулардың шетелдік валютада көрінуінің ережелерін және кірістер мен шығындардың құрамында курстық айырмашылықты мойындауды құрайды. 4 ҚСҚЕХС және 29 ҚСҚЕХС қандай тәртіпте қолданылуы тиіс?
Қаржылық жағдай туралы есептілік
Әдетте қаржы активін немесе қаржы міндеттемесін әділ құн бойынша, өзіндік құны бойынша немесе амортизацияланған құн бойынша бағалау алдымен 29 ҚСҚЕХС сәйкес өлшеніп жатқан тарау көрсетілген шетелдік валютада жүргізіледі. Содан кейін шетелдік валютадағы сома жабылудың валюта айырбастау курсын қолдану арқылы немесе 4 ҚСҚЕХС (29 ҚСҚЕХС.AG116) сәйкес тарихи айырбастау курсын қолдану арқылы функционалды валютаға аударылады. Мысалы, егер монетарлы қаржылық актив (мысалы, қарыздық құралы) 29 ҚСҚЕХС сәйкес амортизациялық құны бойынша есепке алғанда, амортизациялық құн қаржылық активте іріленген валютада есептеледі. Кейін шетел валютасындағы сома жабылудың айырбас курсын қолданылуымен субъектінің қаражаттық есебінде танылады (4 ҚСҚЕХС 27). Бұл талап шетелдік валютаның өзіндік құны, амортизациялық құны немесе әділ құны бойынша монетарлы баппен өлшенер-өлшенбесіне тәуелсіз қолданылады (4 ҚСҚЕХС 28). Монетарлы емес қаржы активі (мысалға, үлескерлік құралына жасалған инвестиция) егер шетел валютасының әділ сомасы бойынша есептелсе (4 ҚСҚЕХС 27(c)), жабылу курсын 29 ҚСҚЕХС сәйкес әділ құн бойынша есептелмесе тарихи курсты қолдана отырып аударылады, себебі оның әділ құны сенімді түрде өлшене алмайды (4 ҚСҚЕХС 27(b) және 29 ҚСҚЕХС 48).

Ережеден тыс, егер қаржы активі, немесе қаржы міндеттемесі 29 ҚСҚЕХС сәйкес валюта айырбастау курстарының өзгертілуінің әсерінен туындаған әділ құнды сақтандыруда сақтандырылған тарауы ретінде мойындалады, сақтандырылатын тарау айырбастау курсының өзгертілу көлеміне асыра бағаланады, тіпті қарама-қарсы жағдайдың өзінде де 4 ҚСҚЕХС (29 ҚСҚЕХС 99) сәйкес тарихи курсты қолдану арқылы мойындалған болар еді, яғни шетелдік валютадағы сома жабылу курсын қолдану арқылы мойындалар еді. Бұл ереже шет ел валютасының тарихи құны бойынша есепке алынатын және валютаның алмасатын курсының өзгерісінің ықпалымен сақтандырылатын монетарлы емес баптарға қолданыла алады (4 ҚСҚЕХС 27(b)).



Түсім немесе шығын

Қаржылық актив, немесе қаржылық міндеттеменің теңгерімдік құнының өзгеруін түсімдер немесе шығындар құрамынан мойындау бірнеше ықпалдарға байланысты, оның ішінде бұл теңгерімдік құнның басқа өзгерілуі немесе басқа айырмашылығының өзгерісі болып табылатыны, монетарлы баппен байланыста болатыны (қандай, мысалы үлкен бөлігі қарыздар құралы болып табылады) немесе монетарлы емес баптармен (мысалы, инвестицияның үлкен бөлігі үлестік құралдар болып табылады), валютаның айырбас курсының өзгерісінен туындайтын ақша ағынын хеджерлеу құралы ретінде актив немесе міндет өзгерісімен байланыстылығы және шетел бөлімшесінің қаражаттық есеп беру аударымының нәтижесінің өзгерісі болып табылатындығы кіруі мүмкін. Шетел бөлімшелеріндегі қаржылық активтің немесе қаржылық міндеттеменің теңгерімдік құнының өзгерісін мойындау мәселесі жеке қарастырылады (E.3.3 сұрағын қараңыз).

Кезең бойында алғашқы танылғаннан айырмашылығы бар немесе алдыңғы қаржылық есепте танылған курс бойынша монетарлы баптарды мойындаудан шыққан кез-келген курстық айырмашылық монетарлы бап шетел валютасының аса нанымды болжанған операциясының ақша ағынының құралы ретінде топтастырылатын жағдайдан басқа уақыттарда және 29 ҚСҚЕХС талаптары ақша ағынын сақтандыру құралдарынан түсетін шығындар мен кірістерге қатысты талаптарда қолданылады. 4 ҚСҚЕХС (29 ҚСҚЕХС.AG116, 4 ҚСҚЕХС 32 және 4 ҚСҚЕХС 37) сәйкес түсімдер, немесе шығындар немесе таза актив/капиталдарда мойындалады. Алдыңғы уақыттарда мойындалған сомалардан айырмашылығы бар шет ел валютасының сомасы бойынша монетарлы бапты мойындаудың нәтижесінде туындаған өзгерістер ұқсас түрде есепке алынуы керек, сондықтан валютаның айырбас курсының қозғалысымен байланысты теңгерілімдік құнның барлық өзгерісі кезегімен есепке алынуы керек. Монетарлы баптардың теңгерілімде барлық басқа да өзгеру бағасы 29 ҚСҚЕХС сәйкес кірістер, немесе шығындар немесе таза активтерде/капиталдарда мойындалады. Мысалы, субъект кіріс пен шығысды таза активтерде/капиталдарда (29 ҚСҚЕХС 64(b)) қаржылық активтерді сату үшін мойындайды, солай болғандықтан, субъект шығындар, немесе кірістер құрамында шетел валютасының айырбас курсының өзгерісіне байланысты теңгерімдік құнының өзгеруін мойындайды (4 ҚСҚЕХС 27(a)).

Монетарлы емес тараудың теңгерімдік құнының кез-келген өзгерісі 29 ҚСҚЕХС (29 ҚСҚЕХС AG116) сәйкес таза активтерде/капиталда немесе түсімдердің немесе шығындардың құрамында мойындалады. Мысалыға, қолда бар сатуға арналған қаржы активтері үшін валюта айырбастау курстарының өзгеруінің әсерін қоса алғанда, теңгерімдік құнның өзгеруінің бүкіл көлемі таза активтерде/капиталда мойындалады. Егер монетарлы емес тарау мойындалмаған қатаң келісімнің ақша ағындарын хеджирлеу құралы ретінде немесе шетелдік валютада өте ықтимал болжамдалатын операцияларда сыныптастырылатын болса, ақша ағындарын хеджирлеу құралдарынан болатын түсімдер мен шығындарды мойындауға қатысты 29 ҚСҚЕХС талаптары қолданылады. (29 ҚСҚЕХС 106 ).

Теңгерімдік құнның өзгеруінің бір бөлігі таза активтерде/капиталда мойындалатын кезде және бір бөлігі түсімдер мен шығындардың құрамында мойындалатын болса, мысалы, егер сатуға арналған қолда бар деп топтастырылған, шетелдік валютада ірілендірілген құнды қағаздардың амортизацияланған құны шетелдік валюда жоғарылап (осының нәтижесінде табысқа немесе шығынға қатысты табыс туындады), бірақ оның әділ құны функционалды валютада төмендеген (нәтижесінде таза активтерде/капиталда мойындалған шығын пайда болды) болса, субъект түсімдер мен шығындардың немесе таза активтерде/капиталда мойындалуы тиіс табыстар мен шығындарды анықтау мақсатында бұл екі құрамдас бөліктің есесін қайыра алмайды.

E.4 Құнсыздану және қаржы активтері бойынша сенімсіз қарыз

E.4.1 Құнсызданудың жан-жақты айғақталуы

29 ҚСҚЕХС субъектінің құнсыздандыруды туындататын бір нақты жағдайды анықтайтынын талап ете ме және қорытындыға жету үшін, қаржылық активтің құнсыздануынан шығын орны қандай мүмкіндік алады?

Жоқ. 28 ҚСҚЕХС «құнсыздануға алып келетін бір жағдайды анықтау мүмкін емес. Құнсыздану оқиғалардың жиынтығынан туындайды». Бұдан басқа 29 ҚСҚЕХС 69 «субъектінің несиелік рейтингінің төмендеуі өзінен-өзі құнсыздануды бекітпейтін болып табылады, бірақ басқа қол жетімді мәліметтермен жиынтықтың құнсыздануы туралы айғақ беру мүмкін болады». Құнсызданудан шығыс орнына ие болатынын субъектіге жан-жақты куәлік беруді анықтауда назарға алу керек болатын басқа ықпалдар қарыздарлардың, немесе жойылуы туралы ақпаратты, немесе субъектіге құнсызданудан шығыс орнынна ие болатынын жан-жақты куәлік етуде, қарыздарлар немесе эмитенттер, іскерлік және қаржылық тәуекелдерде төлеуге қабілеттілік және тәуекелдер мен әділ құнды қамтамасыз ету және ұлттық, жергілікті экономикалық үдерістер мен шарттарда, ұқсас қаржылық төлемдер бойынша мерзім бұзу үдерістері туралы ақпаратты қосып ала отырып назарға алуды керек етеді.

E.4.2 Құнсыздану: болашақ шығындар

29 ҚСҚЕХС. Қарыз беру кезінде құнсызданудан болатын шығынды болашақ шығындардың бағалаушы резервін құру арқылы мойындауға рұқсат береді ме? Мысалы, егер субъект А тапсырыс беруші В 1,000 а.б.көлемінде қарыз берсе, егер субъект А тарихи тәжірибеден шыға келе берілген қарыздың негізгі сомасынан 1 пайызы қайтарылмайды деп күтсе, ол 10 а.б. көлеміндегі құнсызданудан болған шығынды тез арада мойындай алады ма?

Жоқ. 29. ҚСҚЕХС 45 сәйкес бастапқы мойындауда қаржы активтері әділ құн бойынша өлшенуі тиіс. Несие активтерінің жағдайында әділ құн сыйақыларға және шығындарға (қарыз сомасының бір бөлігі басқа көрсетілген немесе тұспалданған құқықтар немесе артықшылықтар жағдайынан басқа) түзетілген қарыздың ақша сомасы болып табылады. Сонымен қатар 29 ҚСҚЕХС 67 сәйкес құнсызданудан болатын шығын бастапқы мойындаудан кейін өз орнына ие болған өткен оқиғаның нәтижесінде құнсыздануға дәлел болған жағдайда ғана мойындалады. Тиісінше, құнсызданудан болатын жедел шығынды мойындау арқылы бастапқы мойындау кезінде несие активінің теңгерімдік құнының төмендеуі 29 ҚСҚЕХС 45 және 29 ҚСҚЕХС 67 үйлеспейді.

E.4.3 Құнсыздануды бағалау: негізгі сома және пайыздар

В тапсырыс берушінің қаржылық қиындықтарына байланысты А субъектісі В тапсырыс берушінің негізгі соманың кезекті төлемдерінің барлығын және қарыз бойынша пайыздарды өз уақытында жасай алмайды деп алаңдайды. Субъект қарызды қайта құрылымдауды ұсынады. Субъект А тапсырыс беруші В қайта құрылымдаудан кейінгі жағдайда өз міндеттемелерін орындай алады деп болжайды. Егер қайта құрылымдаудан кейін де қарыздың шарттары төменде көрсетілгендердің кез-келгені сияқты болса, А субъект сінің құнсызданудан туындаған шығындарды мойындағаны жөн бе?


  1. Тапсырыс беруші B бастапқы қарыздың негізгі сомасының барлығын бастапқы өтеу күнінен бес жылдан кейін төлейді, бірақ бастапқы шарттар бойынша төленуі тиіс пайыздарды төлемейді.

  2. Тапсырыс беруші В бастапқы қарыздың негізгі сомасының барлығын бастапқы өтеу күнінде төлейді, бірақ бастапқы шарттар бойынша төленуі тиіс пайыздарды төлемейді.

  3. Тапсырыс беруші В бастапқы қарыздың негізгі сомасының барлығын бастапқы өтеу күнінде пайыздармен қоса төлейді, тек бастапқы қарыз бойынша қарастырылған төмендеу пайыздық мөлшерлемеде болуы тиіс.

  4. Тапсырыс беруші B бастапқы қарыздың негізгі сомасының барлығын бастапқы өтеу күнінен бес жылдан кейін және қарыздың бастапқы мерзімінің ішінде барлық пайыздарды қоса төлейді, бірақ ұзартылған мерзімнің пайызын төлемейді.

  5. Тапсырыс беруші B бастапқы қарыздың негізгі сомасының барлығын бастапқы өтеу күнінен бес жылдан кейін және қарыздың бастапқы мерзімінің ішінде барлық пайыздарды және қарыздың ұзартылған мерзімі үшін де қоса төлейді.

29. ҚСҚЕХС 67 егер құнсызданудың объективті дәлелі бар болса, құнсызданудың орны бар екендігін көрсетеді. Амортизацияланған құн бойынша өлшенген қарыздың құнсыздануынан болатын шығынның сомасы қарыздың теңгерімдік құны мен қарыздың бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлеме бойынша дисконтталған негізгі сома мен пайыздарды болашақ төлемдерінің дисконтталған құны арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Жоғарыда көрсетілген (a)–(d) жағдайларында бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлеме бойынша дисконтталған негізгі сома мен пайыздарды болашақ төлемдерінің дисконтталған құны қарыздың теңгерімдік құнынан төмендеу болады. Сондықтан да бұл жағдайларда құнсызданудан болатын шығындар мойындалады.

Бұл жағдайда(e), тіпті төлемдердің мерзімдері өзгерсе де, пайыздарға есептелген пайыздарды алады, ал бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлеме бойынша дисконтталған негізгі сома мен пайыздарды болашақ төлемдерінің дисконтталған құны қарыздың теңгерімдік құнына тең болады. Сондықтан да құнсызданудан болатын шығын болмайды. Алайда, тапсырыс беруші В-ның қаржылық қиындығын есепке ала отырып, жағдайлардың бұлай бет алуы екі талай.

E.4.4 Құнсыздануды бағалау: әділ құнды сақтандыру

Тіркелген мөлшерлеме бойынша пайыздық төлемдермен алынатын қарыз пайыздық қатердің әсерінен төлемдерді құбылмалы мөлшерлеме бойынша алуды және төлемдерді тіркелген мөлшерлеме бойынша жасауды қарастыратын, пайыздық айырбастың көмегімен сақтандырылады. Сақтандырудың мұндай қатынасы әділ құнды сақтандыруды есепке алу үшін өлшемдерді қанағаттандырады және әділ құнды хеджирлеу ретінде есепке алады. Осылайша, қарыздың теңгерімдік құны пайыздық мөлшерлемелердің қозғалысына жататын әділ құнның өзгеруіне жасалатын түзетулерді қамтиды. Қарыздың құнсыздануын бағалау кезінде пайыздық тәуекелдің әділ құнына жасалатын түзетулерді есепке алу жөн бе?

Иә. Қарыздың бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлемесі қарыздың теңгерімдік құны пайыздық қозғалыстарға жататын әділ құнның кез-келген өзгерісіне түзетілген кезден бастап сақтандыруға дейін өзекті болмайды. Сондықтан да, бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлеме және қарыздың амортизацияланған құны әділ құнның мойындалған өзгерістерін есепке ала отырып, түзетіледі. Түзетілген тиімді пайыздық мөлшерлеме қарыздың түзетілген теңгерімдік құны бойынша есептелінеді.

Хеджирленген қарыз бойынша құнсызданудан туындайтын шығын хеджирленген тәуекелге жататын әділ құнның өзгеруіне жасалатын түзетулерден кейінгі оның теңгерімдік құны мен түзетілген тиімді пайыздық мөлшерлеме бойынша дисконтталған қарыздың болашақ есептелген ақша ағындары арасындағы айырмашылық ретінде есептелінеді. Қарыз пайыздық тәуекелдер портфелін сақтандырудың бір бөлігі болып табылатын кезде, субъект сақтандырылып жатқан портфельдің әділ құнының өзгерістерін жүйелі және ұтымды түрде құнсызданудың пәніне бағаланатын қарыздарға (немесе ұқсас қарыздардың топтары) жатқызуы тиіс.

E.4.5 Құнсыздану: азық-түлік матрицасы



Субъект қарыздырдың қамтамасыз етілмеген бөлігінің құнсыздануын және азық-түліктің тіркелген мөлшерлемесін қарыз жұмыс істемейтін ( егер 90 күннен аз болса, 0 пайыз, егер 90-180 күн болса, 20 пайыз, 181-365 күн болса, 50 пайыз және егер 365 күн болса, 100 пайыз) деп топтастырылатын ккүндердің санына байланысты азық-түлік матрицасының негізіндегі дебиторлық берешек ретінде есепке алады есептейді. Бұл нәтижелер 29 ҚСҚЕХС 72 сәйкес қарыздар бойынша құнсызданудан туындайтын шығындарды есептеу және дебиторлық берешек мақсатында есептеуге болады ма?

Міндетті түрде емес. 29 ҚСҚЕХС 72 сәйкес құнсызданудан немесе сенімсіз қарыздардан жасалатын шығындар активтің теңгерімді құны мен қаржы құралының бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлемелердің дисконтталған құны бойынша есептелінетін болашақ ақша ағындары арасындағы айырмашылық ретінде бағалады.

E.4.6 Құнсыздану: нормативтен тыс шығындар

29 ҚСҚЕХС бойынша теңдестірілген қаржы активтері немесе ұқсас қаржы активтерінің теңдестірілген топтарының құнсыздануынан туындайтын құнсызданудың объективті дәлел негізінде анықталатын, құнсызданудан туындайтын шығындарды арттыратын құнсызданудан, немесе сенімсіз қарыздардан туындайтын шығындарды мойындауға рұқсат ете ме?

Жоқ. 29 ҚСҚЕХС бойынша субъектілерге несиелік тәуекелдің (29 ҚСҚЕХС 73) ұқсас сипаттамасымен қоса, қаржы активтерінің теңдестірілген топтарына және жеке теңдестірілген қаржы активтеріне жатқызылуы мүмкін шығындарға қосымша құнсызданудан немесе осы активтердің құнсыздануының объктивті дәлелінің негізінде (29 ҚСҚЕХС 67) сенімсіз қарыздардан туындайтын шығындарды мойындауға жол бермейді. Субъект қаржы активтерінің болжалды қосымша құнсыздануы үшін, кейінге сақтауы мүмкін сома, мысалы үшін, құнсызданудың объективті дәлелінен қуаттана алмайтын резервтер 29 ҚСҚЕХС сәйкес құнсызданудан туындаған шығындар немесе сенімсіз қарыздар ретінде мойындалмайды. Алайда, егер субъект айтарлықтай және шамалы жеке теңдестірілген қаржы активінің құнсыздануының объективті дәлелдердің жоқтығын анықтаса, субъект бұл активті несиелік тәуекелдің ұқсас сипаттамасымен қаржы активтерінің топтарына қосуы тиіс (29 ҚСҚЕХС 73).

E.4.7 Портфельдің құнсыздануын мойындау

29. ҚСҚЕХС 72 амортизацияланған құн бойынша есепке алынатын қаржы активтерінің құнсыздануын талап етеді. 29 ҚСҚЕХС 73 құнсыздану ұқсас қаржы активтерінің топтары үшін жеке-жеке немесе бірге мойындалуы және өлшенуі мүмкіндігін көрсетеді. Егер топ құрамындағы бір актив құнсызданатын, бірақ топ құрамындағы басқа активтің әділ құны оның амортизацияланған құнын арттыратын болса, 29 ҚСҚЕХС алғашқы активтің құнсыздануын мойындамауға жол береді ме?

Жоқ. Егер субъектіге амортизацияланған құн бойынша есепке алынатын жеке қаржы активі құнсызданғаны белгілі болса, 29 ҚСҚЕХС 72 мұндай активтің мойындалуын талап етеді. Стандартта былай делінеді: «зарардың сомасы активтің теңгерімдік құны мен қаржы активі бойынша бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлеме бойынша дисконтталған есептік болашақ ақша ағынының дисконтталған құны арасындағы айырмашылық ретінде өлшенеді (алып кетілмеген болашақ несиелік шығындарды қоспағанда)». 29.ҚСҚЕХС 73 негізінде құнсыздануды бағалау ұқсас активтердің тобында құнысзданудың белгілері болған кезде, жеке-жеке бағаланаған және құнсызданбаған болып шыққан қаржы активтері мен аз қалдығы бар тараулар тобына қолданылуы мүмкін, осы топтың құрамындағы жеке активтерге қатысты құнсыздану теңдестірілмеуі мүмкін емес.

E.4.8 Құнсыздану: қамтамасыз етуді мойындау

Егер құнсызданған қаржы активі басқа ҚСҚЕХС құрамында бар активтерді мойындау өлшемдерін қанағаттандырмайтындығын қамтамасыз етуге ие болса, осы қамтамасыз ету құнсызданған қаржы активтерін мойындау өлшемдеріне қанағаттандырылмайтын қамтамасыз етуге ие болса, бұл қамтамасыз ету құнсызданған қаржы активітерінен жеке актив ретінде мойындала ма?

Жоқ. Құнсызданған қаржы активінің бағасы қамтамасыз етудің әділ құнын көрсетеді. Қамтамасыз ету егер ол басқа ҚСҚЕХС құрамында бар активтерді мойындау өлшемдеріне жауап бермейтін болса, құнсызданып кеткен қаржы активінен жеке актив ретінде мойындалмайды.

E.4.9 Сатуға арналған қолда бар монетарлы емес қаржы активтерінің құнсыздануы

Егер монетарлы емес қаржы активі, мысалы, шығындар мен пайдаларды таза активтерде/капиталда мойындаудың әділ құны бойынша өлшенетін үлескерлік құралы құнсызданатын болса, айырбастау курсының өзгеруіне жататын кез-келген бөлігін қоса, таза капиталдарда/активтерде мойындалатын, жинақталған таза шығынды таза активтер/капитал санатына қайта сыныптастырудың түзетімі ретінде шығындар немесе табыстар санатына қайта сыныптау жөн бе?

Иә. 29 ҚСҚЕХС 76 егер сатуға арналған қолда бар қаржы активі әділ құнының төмендеуі таза активтерде/капиталда мойындалған болса және сонымен бірге активтің құнысыздануы туралы объективті дәлел бар болса, таза активтер/капиталда мойындалған жинақталған таза шығын тіпті қаржы активінің мойындалуы тоқтатылмаған болса да, шығындар немесе табыстар құрамында мойындалуы тиіс. Таза активтерде/капиталда мойындалған осы актив бойынша айырбас курсының өзгеруіне жататын жинақталған таза шығынның кез-келген бөлімі, сондай-ақ пайдалар немесе шығындардың құрамында мойындалады. Айырбастау курсының өзгеруіне жататын кез-келген бөлікті қоса алғандағы кез-келген кейінгі шығындар активтің мойындалуының тоқтатылуына дейін дәл солай пайдалардың немесе шығындардың құрамында мойындалады.

E.4.10 Құнсыздану: сатуға арналған қолда бар резерв таза активтерде/капиталда жағымсыз мәнге ие бола алады ма?

29 ҚСҚЕХС сатуға арналған қолда бар қаржы активтерінің таза активтерде/капиталда қаржы активтерінің әділ құнының өзгеруінен шығатын зарардар мен пайдаларды мойындауды талап етеді. Егер мұндай активтердің тұтас әділ құны олардың теңгерімдік құнынан кем болса, зарардар мен табыстардың құрамында таза активтерде/капиталда мойындалған тұтас таза зарардарды мойындаған жөн бе?

Міндетті емес. Тиесілі өлшем тұтас әділ құнның теңгерімдік құннан кемдігі емес, қаржы активінің немесе активтер тобының құнсыздануының объективті дәлелі бар немесе жоқтығы болып табылады. Субъект әрбір есеп беру кезеңінің соңында 29 ҚСҚЕХС 68-70-параграфтарға сәйкес қаржы активінің немесе активтер тобының құнсыздануның объективті дәлелі бар немес жоқтығын бағалайды. 29 ҚСҚЕХС 69 субъектінің несиелік рейтингісінің төмендеуі өз алдына құнсызданудың расталуы болып табылмайды,алайда басқа ашық мәліметтермен бірге жинақталып құнсызданудан дәлел бере алады. Сонымен қатар, қаржы активінің әділ құнының өзіндік құнынан немесе амортизацияланған құннан төмен деңгейге дейін төмендеуі құнсызданудың дәлелі болуы міндетті емес (мысалы, пайыздың қатерсіз базистік мөлшерлемесін жоғарылату нәтижесінде үлескерлік құралдарына жасалатын инвестицияның әділ құнының төмендеуі).



F Бөлімі : Хеджирлеу

F.1 Хеджирлеу құралдары

F.1.1 Шетелдік валютада ірілендірілген құнды қағаздың әділ құнын хеджирлеу



Функционалды валютасы жапондық иена болып табылатын Субъект J, 5 миллион АҚШ доллары сомасына қойылатын тіркелген пайыздық мөлшерлемесімен бес жылдық қарызды шығарды. Сонымен қатар , субъект сатуға арналған қолда бар деп топтастырған 5 миллион АҚШ доллары сомасына қойылатын тіркелген пайыздық мөлшерлемесімен бес жылдық құнды қағазына ие. субъект J өзінің АҚШ долларына ірілендірілген құнды қағаздарын хеджирлеу құралы ретінде өзінің АҚШ долларына ірілендірілген міндеттемелерін хеджирлей алады ма?

Жоқ. 29 ҚСҚЕХС 81 туынды емес құралды валюталық қатерді хеджирлеу үшін, ғана хеджирлеу құралы ретінде қолдана алмайды. Субъекта J–ның құнды қағазының әділ құны айырбастау курсының, пайыздық мөлшерлемелердің және несиелік қатердің тәуекеліне ұшыраған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет