-
Күтілетін 892.36 шегерілу бағасы 902.73 ш.б. (ықтималдығы 60 пайыз) көлемін құрайтын ең жақсы бағалау жайлы дәстүрлі елестетулерден өзгешеленеді. Шегерілетін баға бойынша дәстүрлі есептеу берілген мысалға қолданылуына болады, ол ақшалай қаражат түсімін уақыт аралығына бөлу мүмкіндігінің қайсысын қолдану қажет екендігі жайлы шешім қабылдауды талап етеді, соған орай, ол уақыт аралығына басқа мүмкін болатын бөліктерді көрсетпейді. Ол шегеріс бағасы бойынша дәстүрлі есептеу мән мәтініндегі шегеріс мөлшерлемесі уақыт аралығына бөлу дүдамалын көрсетпейтіндігінің нәтижесі болып табылады.
-
Ықтималдылықты пайдалану күтілетін ақшалай қаражат негізіндегі оң шешім табудың ең маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Шын мәнісінде, субъективтіліктің жоғары дәрежесі бар, ықтималдылық бағасына иелену осы бағалардың дәлдігіне алып келетіндігі жайлы сұраққа әлі ақырғы жауап алынған жоқ. Соған қарамастан, дәстүрлі оң шешімді табу әдісін дұрыс қолдану (А6 параграфында көрсетілгендей) субъективтілікті, күтілетін ақшалай қаражат негізіндегі оң шешім табу әдісін қолдану секілді осылайша бағалауын талап етеді, бірақ, есептеудің осындай айқындылығын қамтамасыз етпейді.
-
Заманауи тәжірибеде шығарылатын, көптеген бағалар күтілетін ақшалай қаражат ағымының ресми емес элементтерінің көрінісіне ие. Бұдан басқа, есепшілер мүмкін болатын ақшалай қаражат ағымының ықтималдылығы жайлы ақпараты аз бола тұра, активті бағалауды жүргізу қажеттілігімен жиі кездеседі. Мысалы, есепші төменде көрсетілген жағдайларға кезігуі мүмкін:
-
Жорамалданатын сома 50 және 250 ш.б. арасындағы шамада болады, бірақ бұл аядағы бірде бір сома басқа кез келген сомаға қарағанда ықтимал бола алмайды. Осы шектеулі ақпарат негізінде күтілетін ақшалай қаражат ағымын бағалау жүзеге асырылады: 150 ш.б.[(50 + 250)/2].;
-
Жорамалданатын сома 50 және 250 ш.б. арасындағы шамада болады, бірақ ең ықтимал сома болып 100 ш.б. саналады. Бірақ әр сомаға жатқызылған ықтималдылық белгісіз. Осы шектеулі ақпарат негізінде күтілетін ақшалай қаражат ағымын бағалау жүзеге асырылады: 133.33 ш.б. [(50 + 100 + 250)/3]; немесе
-
Жорамалданатын сома 50 ш.б. (ықтималдылығы 10 пайыз), 250 ш.б. (ықтималдылығы 30 пайыз) немесе 100 ш.б. (ықтималдылығы 60 пайыз) құрайды. Осы шектеулі ақпарат негізінде күтілетін ақшалай қаражат түсімін бағалау жүзеге асырылады: 140 ш.б. [(50 х 0.10) + (250 х 0.30) + (100 х 0.60)]. Әр жағдайда күтілетін ақшалай қаражат түсімі жеке бағалаудың максималды немесе минималды ықтималдылығына қарағанда қолданудың нақты құндылығын бағалауды қамтамасыз етеді.
-
Күтілетін ақшалай қаражат негізіндегі оң шешім табуды қолдануға жұмсалатын шығын ақталмауы мүмкін. Кейбір жағдайларда, субъект, ақшалай қаражат түсімдерін құру жайлы бірқатар сценарийлер жасауға көмектесетін, ауқымды мағлұматтарға ие болуы мүмкін. Басқа жағдайларда субъект, ақшалай қаражат ағымының өзгеруіне қатысты жалпы негіздеулермен ғана шектеліп қалуға міндетті, олай жасамаған жағдайда айтарлықтай шығынға ұшырау қаупі бар. Субъект, қосымша ақпарат алу үшін, жұмсалататын шығын мен мұндай ақпарат оның баға беру барысында толықтырулар енгізуі мүмкін, қосымша шынайылық арасында ымыра табуы керек.
-
Кейбіреулердің ойынша, күтілетін ақшалай қаражат негізіндегі оң шешім табу әдісі бірлі жарым объектілерді немесе ықтимал нәтижелердің шектеулі санына ие объектілерді бағалау үшін жарамайды. Оған сай екі ықтимал нәтижелері бар мысал да келтіріледі: ақшалай ағым көлемі 10 ш.б. құрау ықтималдығы 90 пайыз және ақшалай ағым көлемі 1000 ш.б. құрау ықтималдығы 10 пайыз. Бұл тұжырымдардың авторлары бұл мысалдағы күтілетін ақшалай қаражат ағымының көлемі 109 ш.б. құрайтынын көрсетіп, соңғы нәтижеде төлеуге жатқызылатын, сомалардың біреуін де көрсетпейтін бұл нәтижені олар сынға алып жатыр.
-
Мұндай тұжырымдар жасалынып жатқан баға беру мақсатымен жасырын түрдегі келіспеушілігін көрсетеді. Егер мақсат алдыңғы шығындарды жинақтауда болса, онда жорамалданатын ақшалай қаражаттың түсімі күтілетін актив құнын дұрыс қамтамасыз ете алмауы да мүмкін. Екінші жағынан, берілген стандарт активтің орнын толтыру құнын бағалауға арналған. Жоғарыда көрсетілген мысалда, дәл осы ақшалай қаражат түсімі ең тиімді болуына қарамастан, активтің орнын толтыру құнының 10 ш.б. құрауы екіталай. Оның себебі, 10 ш.б. көлемінде бағалау берілген активті бағалауда анықталмаған ақшалай қаражат түсіміне ие емес. Оның орнына, белгісіз ақшалай қаражат түсімі белгілі ақшалай қаражат түсімі ретінде ұсынылған. Бірде бір парасатты субъект мұндай сипаттамаға ие активін 10 ш.б. сатпайды.
Шегеріс мөлшерлемесі
-
Субъектінің, ақшалай қаражат түсімін шегерілу үшін қолданылатын, активті қолдану құндылығын бағалау үшін, қандай әдісті қолдануына қарамастан, пайыз мөлшерлемесі, жорамалданатын ақшалай қаражат түсіміне түзетулер енгізетін, қаіптерді көрсетпеуі керек. Керісінше болған жағдайда, кейбір жорамалдардың нәтижесі екі рет есептеледі.
-
Активке тән мөлшерлеме тікелей нарықтан алына алмайтын болғанда, субъект шегерілу мөлшерлемесін бағалау үшін алмастырушыларды қолданады. Оның мақсаты нарықтық бағалауды анықтаудың қаншалықты мүмкін екендігі:
(a) Активтің қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына дейінгі кезең үшін ақшаның уақытша бағасы; және
(b) АG1 параграфында көрсетілген (b), (d) және (e) әсерлері, бұл әсерлердің жорамалданатын ақшалай қаражат түсімінің көлемін бағалау барысында түзетулерге алып келмеген жағдайда.
-
Мұндай бағалауды жүзеге асыру барысында, біріншіден, субъект келесі көрсеткіштерді назарға алуы тиіс:
(a) Күрделі активтерді бағалау Үлгісі сияқты әдістер көмегімен анықталған, субъект капиталының орташа өлшенген құны;
(b) Субъектінің қарыз капиталына қойылған өскен пайыздық мөлшерлемесі; және
(c) Қарыз капиталының басқа да нарықтық пайыздық мөлшерлемесі.
-
Бірақ бұл көрсеткіштер түзетулерді талап етеді:
(a) Нарық, жорамалданатын ақшалай қаражат түсімімен байланысты, ерекше қауіптерді бағалауды жүзеге асыратын әдістерді көрсету үшін; және
(b) Активпен байланысты ақшалай түсімге қатысы жоқ немесе жорамалданатын ақшалай қаражат түсіміне қатысты түзетулер жүргізілген қауіптерді жою үшін. Қауіптерге назар аудару керек, соның ішінде, мемлекеттік қауіпке, валюталық және бағалық қауіптерге назар аударылуы керек.
-
Шегеру мөлшерлемесі, субъект капиталының құрылымы мен әдісіне тәуелді емес, оның көмегімен субъект активті сатып алуды қаржыландырады, өйткені активтен шығады деп күтілетін келешек ақшалай қаражат түсімі субъектінің активті сатып алуды қаржыландыру әдісіне тәуелсіз.
-
68 параграфқа сай, қолданылатын шегерілу мөлшерлемесі салыққа дейінгі мөлшерлеме болуы керек. Соған сәйкес, шегеру мөлшерлемесі салықты есепке алғаннан кейін алынған мағлұмат негізінде есептелінсе, онда бұл мағлұматтар, салықты есепке алудан алдыңғы мөлшерлемені көрсету үшін түзетіледі.
-
Субъект әдетте, активті қолдану құндылығын бағалау үшін бір ғана шегеріс мөлшерлемесін қолданады. Бірақ, егер қолданыс құндылығы әр түрлі кезеңдегі қауіптің өзгешелігіне немесе пайыздық мөлшерлеменің уақытша құрылымына сезімтал болса, субъект болашақ әр түрлі кезеңдерге әр түрлі шегеріс мөлшерлемесін қолданады.
B қосымшасы
ҚСҚЕХС басқа түзетулер
“Ақшалай қаржы туындататын активтердің құнсыздануы» ҚСҚЕХС келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілді: (Алынып тасталған мәтін сызылған, ал жаңасының асты сызылған).
5 және 6-параграфтарға енгізілген өзгерістер:
5. Ақшалай қаржы туындататын активі бар қоғамдық сектордың тұлғалары 14-параграфтың анықтамаларымен келіседі, ал мұндай құндылықтар жиынтығына “Актив» қаржылық есептіліктің Халықаралық стандарты (IAS), 32 Ақшалай қаржы туындатпайтын активтердің құнсыздануы» 26 ҚСҚЕХС қолдануға міндетті болады. Ақшалай қаржы әкеле алмайтын активтері бар қоғамдық сектордың тұлғалары осы Стандарттың ақшалай қаржы әкеле алмайтын активтеріне талаптарын қолдануға міндетті.
6. Бұл стандарт өзінің қолдану аясынан есептері басқа ҚСҚЕХС сай жүргізілетін құнсызданған активтердің пайдаланылуын шығарып тастайды. МКК 36 ҚЕХС пайдаланады және сондықтан осы стандарттың талаптарын орындайтындарға жатпайды. МКК-ден үздік қоғамдық сектордың тұлғалары өздерінің ақшалай қаржы туындататын активтерге 36 ҚЕХС 26 ҚСҚЕХС, ал осы стандартты өздерінің ақшалай қаржы әкеле алмайтын активтерге пайдаланады. 6-13 параграфтарда осы стандарттың қолданылу аясы толық түсіндіріледі.
14-параграфқа келесі өзгерістер енгізілді:
Ақшалай қаржы туындататын активтер- алудың негізгі мақсатымен қаржы әкелу үшін коммерциялық пайдасы бар құндылықтар жиынтығы.
16-параграф алынып тасталды:
16. Ақшалай қаржы туындататын активтерге коммерциялық пайда алу мақсатымен ұсталған активтер жатады. Активтер оның қолданылу әдісі коммерциялық кәсіпорынның пайдалану әдісімен сай келген жағдайда коммерциялық пайда әкеледі. Активтерді «коммерциялық пайда» алу үшін пайдалану деген мекеменің активтерінен ақшалай қаржының оң ағынын әкелетіндей және активтерді игерудегі тәуекелді көрсететін пайда табуын жоспарлауын білдіреді. (немесе осы активтер бөлігі болып табылатын бірліктер).
Келесі параграфтар қосылды:
16. Ақшалай қаражат туындататын активтер болып коммерциялық пайдалар мақсатымен басымдыққа ие активтер табылады. Активтер тұлғамен пайда алуға бағытталып қабылдануға келіскен әдістерін пайдаланғанда коммерциялық пайда әкеледі. «Коммерциялық пайда» туындататын активтерге иелік ету тұлғаның активтерден ақшалай қаржылардың оң ағынын әкелу ниеті бар екенін (немесе осы активтер бір бөлігі болып табылатын пайда туындататын бірліктерден) және активтерге ие болуға байланысты тәуекелді көрсететін пайда мөлшерін табуды көрсетеді. Активтерге коммерциялық пайда алу басты мақсатымен егер ол бұл мақсатқа белгілі бір уақыт ішінде сай келмесе де, ие бола алады және, керісінше, активтер шығынсыздықпен немесе белгілі бір есепті кезең ішінде коммерциялық пайдамен қамтамасыз еткенде де ақшалай қаржы әкелмейтін активтер болуы мүмкін. Егер басқалары көрсетілмесе, осы стандарттың параграфтарында актив немесе активтер болып ескерілетін ақшалай қаржы әкелмейтін активтер тұспалданады.
17. Қоғамдық сектордың тұлғалары ие болған активте басым бөлігі бұл мақсатқа арналмағанына қарамастан коммерциялық пайда алу басты мақсатымен бірнеше активтерге ие бола алатын жағдайлар тізбегі де бар. Мысалы, аурухана ауырғандарға ақылы бөлім бөле алады. Қоғамдық сектор тұлғасының ақшалай қаржы туындататын активтер осы тұлғаның ақшалай қаржы туындатпайтын активтерінен бөлек қызмет ете алады. Мысалы, жер келісімін тіркеу бөлімі жердің тіркелгені үшін, жер мәселелері бойынша департаментке тәуелсіз ақы алуы мүмкін.
18. Кей жағдайларда активтер басты мақсаты қызмет көрсету болғанымен де, ақша ағынын әкеледі. Мысалы, қалдықтарды жою бойынша зауыт мемлекеттік ауруханалардан түсетін қалдықтарды зарарсыз жоюға арналған, дегенмен, коммерциялық негізде жеке меншік ауруханалар өндіретін медициналық қалдықтардың біраз бөлігін де өңдеуді жүзеге асырады. Жекеменшік ауруханаларды медициналық өңдеу зауыттың қызметінің қосымша бөлігі болып табылады және ақшалай қаржы әкелуші активтерді ақшалай қаржы әкелмейтін активтерден шектеу мүмкін емес.
19. Басқа жағдайларда активтер ақшалай қаржылардың ағынын әкелуі, бірақ ақшалай қаржы әкелуден үздік мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, мемлекеттік аурухана қарамағында он палата бар, оның тоғызы коммерциялық негізде ақылы түрде ауруларды пайдаланады, ал біреуі ақысыз аурулар үшін пайдаланылады. Екі санаттың да аурулары басқа кабинеттерді және құралдарды бірге пайдаланады (мысалы, ота бөлмесін), Тұлғаға осы Стандарттың немесе 26 ҚСҚЕХС ережелерін пайдалану қажеттігін анықтау үшін, коммерциялық пайда алу мақсатымен активтерді қандай дәрежеде иеленетінін қарастыру керек. Егер осы мысалда жалпы тәртіптің елеусіз ақшалай қаржы әкелмейтін құрамдас бөлігі болса, тұлға осы Стандартты емес, 26 ҚСҚЕХС пайдалануы керек.
20. Кей жағдайларда активтерге ие басты мақсаты коммерциялық пайда табу болып табылатындығы анық емес болады. Мұндай жағдайларда ақша ағынының маңыздылығын бағалау қажет. Кейде ақша қаражатын туындататын активтердегі маңыздылықтың аз деңгейі осы Стандартты немесе 26 ҚСҚЕХС пайдалану үшін, жеткіліктілігін анықтау қиын болуы мүмкін. Стандарттардың ішінен қайсысын пайдалану қажеттігін анықтау үшін, эксперттік баға қажет болады. Тұлға бірыңғай негізде ақшалай қаржы туындататын активтерді және ақшалай қаржы әкелмейтін активтерді, сол сияқты олармен байланысты 16-20 параграфтардағы сілтемелерді анықтаумен сай эксперттік бағаны қолдануға мүмкіндік беретін белгілер жасауы қажет. 72А параграф тұлғаның эксперттік бағаларды жүзеге асыру барысында өзінің қолданатын белгілерін ашуын талап етеді. Дегенмен, МКК болып табылмайтын қоғамдық сектордың тұлғасының негізгі көздеген мақсаттарына көңіл аудара отырып, ақшалай қаржы әкелмейтін активтер екенін біле тұра болжамдау болады, міне, сондықтан 21 ҚСҚЕХС қолданылады.
71-параграфта қаріп қалыптыдан қалың қаріпке өзгертілді:
71. Активтерді ақшалай қаржы туындататын активтер түрінен ақшалай қаржы әкелмейтін активтер санатына немесе керісінше ауыстыру тек қана мұндай жаңа белгілеудің тиімді екенінің анық дәлелі болғанда ғана болады. Жаңа белгілеудің құнсыздануы бойынша құнсыздану тестіне немесе шығынды реверстеуге әкелуі міндетті емес. Құнсыздануға немесе құнсызданудан шығынды реверстеуге тексеру жүргізудің көрсеткіштері активтерге жаңа белгілеу қолданылғаннан кейін ең аз көрсетілген қажетті белгілердің нәтижесінде туындайды.
Келесі параграфтар қосылды:
72. Қоғамдық сектордың субъектілері активтерін ақшалай қаржы әкелмейтін активтер санатынан ақшалай қаржы туындататын актив санатына ауыстырғанды жөн көретін жағдайлар бар. Мысалы, ағын суды тазалау бойынша зауыт ақы алынбайтын коммуналдық шаруашылық нысандарынан шығатын өнеркәсіптік суды өңдеуге арналып құрылған. Коммуналдық шаруашылық бұзылған және бос қалған алаңға өндірістік мақсаттағы немесе бөлшек сауда мақсатындағы нысандар соғылады. Келешекте зауыт коммерциялық мөлшерлемемен кәсіптік ағын суды тазалау үшін, пайдаланылады деп болжанады. Осы шешім тұрғысында қоғамдық сектордың субъектісі тазалау бойынша зауытты бұрынғы түрінен ақшалай қаржы туындататын активтер санатына қайта белгілеуді шешеді.
72А Субъект ақшалай қаржы әкелмейтін активтердің ауқымын шектеу үшін, жасалған белгілерді ашуы қажет.
В. Қорытынды жасауға негіздерге келесі параграфтарға өзгерістер енгізілді:
BC5. 36 ҚЕХС субъектіден келешектегі есептік ақшалар ағынының шегерістің құны сияқты активтерді ары қарай пайдаланудан күтілген, сол сияқты оның пайдалы қызмет мерзімі соңында пайдаланудан құндылықты анықтауды талап етеді. Ақшалай қаражат туындататын активтердің сервистік әлеуеті олардың келешектегі ақшалай қаржы ағынын әкелу қабілетінде көрінеді. 26 ҚСҚЕХС 36 ҚЕХС негізделген. 36 ҚЕХС 26 ҚСҚЕХС талаптары ақшалай қаржы туындататын қоғамдық сектор субъетілеріне пайдалануға жарамды. Бұл Стандарт тұлғалардан 36 ҚЕХС 26ҚСҚЕХС қоғамдық сектор үшін ақшалай қаражат туындататын активтердің құнсыздануы есебін алу мақсатында пайдалануды талап етеді.
Қорытынды жасауға негіздерден келесі параграф өшіріліп тасталды:
C20 Бұл Стандарт ақшалай қаржы туындататын активтердің құнсыздану есебін алу мақсатында 36 ҚЕХС пайдалануды талап етеді. 36 ҚЕХС қайта бағаланған құны бойынша негізгі қаражаттар қатынасында қолданады. Осыдан кейін, осы Стандартқа сай қайта бағаланған құны бойынша есептелген Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар құнсызданған затқа жатқызудан босатылмайды.
Қорытынды жасауға негіз
Осы қорытынды үшін негіз 26 ҚСҚЕХС тіркеледі, бірақ оның бөлігі болып табылмайды.
2004 жылы ҚЕХСК шығарған 36 ҚЕХС жаңа нұсқасы нәтижесінде 26 ҚСҚЕХС өңделді.
Кіріспе
-
ҚСҚЕХСК бағдарламасы ҚЕХС жақындығы бойынша ҚСҚЕХСК жұмыс бағдарламасының маңызды элементі болып табылады. ҚСҚЕХС саясаты ҚСҚЕХС жақындауында ҚЕХСК шығарған қоғамдық сектор субъектілері үшін тиімді болатын ҚЕХС көрсетілген есептеу әдістерімен қорытындыланады.
-
ҚСҚЕХСК 2004 жылы желтоқсанда “Ақшалай қаражат әкелмейтін активтердің құнсыздануы” 21 ҚСҚЕХС басып шығарды. 21 ҚСҚЕХС субъект ақшалай қаржы әкелмейтін активтердің құнсыздану дәйектерін бекіту үшін, қолданатын тәртіп ұсынады және құнсызданудың мойындалып құпталуы мен бағасы қалай жүргізілетінін анықтайды. Қоғамдық сектор үшін активтердің көбі ақшалай қаржы әкелмейді және мойындап құптау мен бағасы бойынша жасалған талаптар 21 ҚСҚЕХС “Активтердің құнсыздануы” 36 ҚЕХС айырмашылықтар қатарының туындауына әкелді.
Осы Стандарттағы қажеттіліктер
-
21 ҚСҚЕХС оқырмандарды ақшалай қаржы туындататын активтердің құнсыздану дәйегін және құнсыздану бағасын бекіту мақсатында 36 ҚЕХС сілтейді. ҚСҚЕХС активтерді құнсыздандыру бойынша талаптар мен басшылық барлығымен басымдығы бар, осыдан кейін қоғамдық сектордың тұлғаларында ақшалай қаржы туындататын активтері бар болған жағдайда 36 ҚЕХС наза аударудың қажеті болмай қалады. Бұдан өзге құнсыздануға қатысты қоғамдық секторға тән болатын бірнеше тізбекті мәселелер бар. Олар:
(a) Ақшалай қаржы туындататын негізгі қаражат “Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар” 17 ҚСҚЕХС үлгісіндегі қайта бағалау аясына кіруге тиісті ме;
(b) Ақшалай қаржат туындататын және туындатпайтын активтерді шектеу;
(c) Ақшалай қаражат туындататын активтер түрін ақшалай қаражат туындатпайтын активтер санатына ауыстыру және керісінше;
(d) Ақшалай қаржы туындататын активтердің құрамындағы ақшалай қаржы туындатпайтын активтерді құнсыздандыру мақсатында есебін алу.
Негізгі қаражаттардың қолдану аясынан қайта бағаланған құнымен есептелген және әділ бағасы бойынша үнемі қайта бағаланып тұратын материалды емес активтерді шығарып тастау.
-
17 ҚСҚЕХС сәйкес, қайта бағалау моделіне қатысты қайта бағалау құны бойынша екерілген ақшалай қаржы туындатпайтын негізгі құралдар 21 ҚСҚЕХС қолдану аясынан алынып тасталынады. 21 ҚСҚЕХС қорытынды жасауға негізінде ҚСҚЕХСК 17 ҚСҚЕХС қайта бағалану үлгісі бойынша қайта бағаланған құнымен есептелген активтер жиі түрде есепті мерзімге олардың әділ бағасынан айтарлықтай айырмашылығы болмайтын құн бойынша есепті қамтамасыз етілу мақсатында қайта бағаланып тұратыны пікірді ұстап тұру және қайта бағалауда есепке кез келген құнсыздану алынатыны көрсетіледі. Осымен байланысты ҚСҚЕХСК осы стандартқа қолдану аясынан шығару туралы барабар ереже енгізу мүмкіндігі туралы мәселені талқылады.
-
ҚСҚЕХСК қайта бағалау үлгісі бойынша негізгі қаражат 36 ҚЕХС қолдану аясына кіретінін құптап мойындады және қоғамдық сектор субъектісі үшін қайта бағалау үлгісі бойынша есептелген осындай активтер бойынша құнсызданудан болған шығындарды анықтауға басшылық қажеттігі туралы пікірді ескерді. ҚСҚЕХСК негізгі қаражат нысанының нарықтық құны оның әділ құны болып табылатын жағдайда құнсызданудан шығынның ең жоғары жиынтығы –шығын болатынын белгіледі. 21 ҚСҚЕХС қорытынды үшін негізде ҚСҚЕХСК «көптеген жағдайларда олар маңызды болмайтынын және іс жүзіндегі көзқарас бойынша активтердің қызмет көрсету құнын қайтару мақсатында қайтарылатын бағасына қажеттілік жоқ және ақшалай қаржы туындатпайтын активтердің шыққаны бойынша шығын және құнсызданудан шығынды мойындап құптау туралы пікірді ескертетіні» көрсетіледі. ҚСҚЕХСК мұндай шыққаны бойынша шығындар ақшалай қаржы туындататын активтер үшін маңызды бола алмайтындығын болжайды.
-
Ақшалай қаржы туындататын арнайыландырылған активтер үшін әділ бағасы нарықтық баға негізінде емес анықталған жағдайда 36 ҚЕХС орынын толтыру пайдалану құны арқылы анықталғанын талап етеді. Пайдалану құндылығы ақшалай қаражат ағынының болжамды бағасына негізделетіндіктен ол теңгерімдік құнынан анағұрлым төмен немесе жоғары болуы мүмкін. Бұл сараптама қоғамдық сектор үшін де орынды. Дегенмен, қоғамдық сектордың тұлғасы ақшалай қаржы туындататын активтердің осы Стандарттағы анықтамасына сай активтерді иелене алатыны туралы сұрақ күдік тудырады.
-
ҚСҚЕХСК құнсызданатын затқа тестілеу бойынша талаптарды активтерді есепті мерзімге әділ бағасынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ бағасы бойынша олардың есебін алу мақсатында жеткілікті жиі қайта бағалау туралы 17 ҚСҚЕХС бар талаптарға қосымша қолдану қателік болатыны туралы пікірін білдіргенді жалғастырады Осылайша, барлығын салмақтай келе, 21 ҚСҚЕХС сәйкес келудің 36 ҚЕХС жақындасудың алдында басымдық құқығы болуы керек және 17 ҚСҚЕХС қайта бағалау үлгісі бойынша есептелген негізгі қаражатты осы Стандарттың қолдану аясынан шығару керек деген қорытындыға келді.
Гудвиллды қолдану аясынан шығару
-
36 ҚЕХС Гудвиллдың құнсыздануы, гудвиллды әкелетін бірліктерге тарату және гудвиилл әкелетін бірліктерді жатқызу, құнсыздану заттарына кең көлемді талаптар мен басшылықтар бар. ҚСҚЕХСК бұл стандарттың қолданылу аясына Гудвилл кіруі керек пе деген мәселені талқылады. ҚСҚЕХСК әлі субъектілерді біріктіру мәселесін қарастырған стандартты баспаға шығарған жоқ және қоғамдық сектор субъектілерін біріктірген жағдайда: көбінесе қоғамдық сектор субъектілерін біріктіру барысында барлық уақытта сатып алушыларды анықтауға бола ма деген қоғамдық секторға тиесілі мәселелер қатарының туындауын, толық ықтимал санайды. ҚСҚЕХСК бұл стандарттың қолдану аясына кірмейді деген қорытындыға келді. Иерархиямен байланысты «Есеп саясаты, Бухгалтерлік бағалауындағы өзгерістер мен қателіктер» 3 ҚСҚЕХС стандартты қолданушылар гудвиллдің құнсыздануы туралы, гудвиллдің әкелуші бірліктерге таратылуы және гудвиллді қосқанда әкелуші бірліктердің құнсыздану заттарына жатқызу мәселелері қарастырылған есептіліктің халықаралық немесе ұлттық талаптарына сілтейді.
Ақшалай қаржы туындататын активтерді немесе ақшалай қаржы туындатпайтын активтерді шектеу
-
ҚСҚЕХСК кей активтер оларға ақшалай қаржы қалай туындататын немесе туындатпайтын етуге мүмкіндік беретін сипатында болатынын атады. ҚСҚЕХСК оған ақша қаражатын туындататын немесе туындатпайтын активтердің құрамдас бөліктерін сәйкестендіретін құрамдас бөліктерін ыңғайластыруды қолдау туралы мәселені қарастырды және әртүрлі есептік әдістерді қолданды. ҚСҚЕХСК мұндай ыңғайластырудан шығындар мен пайдалар тұрғысындағы пікірден бас тартты. ҚСҚЕХСК қоғамдық сектор үшін ақшалай қаржы әкелмейді және олардың сервистік әлеуеті құнсыздануын анықтау үшін ең қолайлы негіз болып табылады деген қорытындыға келді. Осыған орай, бұл Стандарт 18-параграф бойынша ақша қаражатын туындататын сияқты ақшалай қаржы туындатпайтын активтер да ақшалай қаржы туындатпайтын активтер сияқты есептелуі керек дегенді теріске шығаратын жорамал енгізеді.
Құнсыздану белгілері: субъектінің нарықтық бағасы
-
ҚСҚЕХСК ішкі сияқты сыртқы ақпарат көздерінен ақшалай қаржы туындататын активтердің құнсыздануының белгілері 36 ҚЕХС көрсетілген белгілерге ұқсайтын белгілер болып табылатыны туралы мәселені талқылады. ҚСҚЕХСК 36 ҚЕХС көрсетілген белгілер субъектілерінің таза активтерінің теңгерімдік бағасы оның нарықтық бағасынан жоғары болатын белгілерді қоспағанда, орынды болып табылады деген қорытындығы келді. ҚСҚЕХСК МКК болмайтын қоғамдық сектордың субъектілерінің көп емес бөлігі ғана «терең» нарықта еркін айналатын үлестік құралдар шығарады және осыған орай мұндай белгі тек қана МКК шоғырлануы барысында ғана орынды болады деген пікірді қолданады.
Сатуға шығынды шығарып тастағандағы әділ құн және ықтиярсыз сатулар
-
«Сатуға шығынды шығарып тастағандағы әділ құн» 36 ҚЕХС анықтамасына түсініктемеде «сатуға шығынды шығарып тастағандағы әділ құн» ықтиярсыз сатуды көрсетеді деп түсіндіріледі бірақ, «егер субъектінің басшысы тез арада ықтиярсыз сатуды жүзеге асырмаса» деген түсіндірме мазмұндалады. 26 ҚСҚЕХС бұл түсіндірмені МКК қоспағанда, қоғамдық сектордың субъектілері өте сирек жағдайларда үздіксіз жұмыс істейтін мекеме болып қалу үшін, тез арада сатуды жүзеге асыруға мәжбүр болатындықтан, 40-параграфқа кіргізбейді.
Активтердің санатын өзгерту
-
Ақшалай қаржы туындататын активтер ақшалай қаржы туындатпайтын активтер болуы мүмкін, немесе керісінше. ҚСҚЕХСК қандай жағдайларда ақшалай қаржы туындататын активтерді ақшалай қаржы туындатпайтын активтерге немесе керісінше, өзгертуге рұқсат етуге болатыны туралы мәселені талқылады. ҚСҚЕХСК санатты өзгерту тек қана тиімділігі сенімді дәлелденген жағдайда ғана болуы мүмкін деген қорытындыға келді. ҚСҚЕХСК сол сияқты активтердің санатын өзгерту өзінен өзі құнсыздану затына сынама немесе құнсызданудан шығынды реверстеу болып табыла алмай қорытындыға келді. Оның орынына келесі есепті кезеңге тұлғаға тест өткізу қажеттігін бекіту үшін, сай келетін санаттың өзгеруінен туындайтын дәлелдерді бағалауға тура келеді. Бұл талаптар 112-параграфта баяндалған.
Ақшалай қаржы туындататын бірлік
-
36 ҚЕХС жекелеген активтердің орнын толтыратын құнын анықтау мүмкін болмаған жағдайларда, қайтарылатын құн ақшалай қаржы туындататын бірлікпен анықталады. Туындататын бірліктер-үздіксіз пайдаланудан ақшалай қаржы түсіретін және басқа активтерден немесе активтер топтарынан ақшалай қаржы түсуіне анағұрлым дәрежеде тәуелсіз неғұрлым сәйкестендірілген активтердің топтары. ҚСҚЕХСК ақшалай қаржы туындататын бірлік түсінігі қоғамдық сектор мәнмәтініндегі қаржы туындататын активтерге жақындау жолы деген қорытындыға келді.
Бірлескен активтер
-
36 ҚЕХС бірлескен активтерге қолданылатын талаптарды мазмұндайды. 36 ҚЕХС бірлескен активтер «гудвиллден басқа, қарастырылып отырған ақшалай қаржы туындататын бірліктер сияқты басқа да ақшалай қаржы әкелетін бірліктер келешек ақшалай қаржы түсуіне үлес қосатын активтер екенін анықтайды яғни, ақшалай қаржы әкелетін қызмет емес, бірлескен активтер тек ақшалай қаржы әкелетін бірлікке ғана үлес қосады. ҚСҚЕХСК осы Стандарт бірлескен активтер бойынша 36 ҚЕХС анықтамамен сәйкес талаптарды енгізуге міндетті ме деген мәселені талқылады.
-
МКК болып табылмайтын қоғамдық сектордың субъектілері қызметтерінің негізгі мақсаты коммерциялық табыс алу болып табылмайды. Осыған сай, ҚСҚЕСХК әртүрлі қызмет түрлеріне бөлінген актив (мысалы, әкімшілік ғимарат) өте сирек кездесетін жағдайларда қызмет үшін ақшалай қаржы әкелмейтін сервистік әлеует құрады деп жорамалдайды. Сондықтан осы Стандарттағы бірлескен активтерге талаптарды анықтау және алдын ала қарастыру қажеттігі туралы шешім қабылданды. 96-параграф субъектілерді басқа активтерге тәуелсіз ақшалай қаржы әкелмейтін активтерді қарастыратын қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттарына сілтейді және ақшалай қаржы әкелетін бірліктердің бірден көп бөлігін құрайды, бірақ ақшалай қаржы әкелмейтін қызметтер түрлеріне сервистік әлеует жасамайды.
Ақшалай қаржы әкелетін бірліктер құрамындағы ақшалай қаржы әкелмейтін активтер есебін жүргізу әдістері
-
Қоғамдық сектордың субъектілері ақшалай қаражат әкелмейтін, ақшалай қаржы әкелмейтін қызмет түрлеріне қосымша ақшалай қаржы әкелетін бірліктерге сервистік әлеует жасайтын активтерге ие болатын жағдайлар аз еместігі анық. ҚСҚЕХСК ақшалай қаржы әкелетін бірліктер құрамындағы ақшалай қаржы әкелмейтін мұндай активтердің есебін зерттеді. Негізінде, ҚСҚЕХСК ақшалай қаржы әкелмейтін активтің теңгерім құн жиынтығының бөлігін 21 ҚСҚЕХС сай құнсыздану затына сынама жүргізіле салысымен ақшалай қаржы әкелетін бірліктің шегерім құнын оның орыны толтырылған құнымен салыстыру барысында қосудың тиімділігі туралы мәселені талқылады.
-
ҚСҚЕХСК мұндай ақшалай қаржы әкелмейтін активтердің теңгерім құнының бөлігін ақшалай қаржы әкелетін бірліктің теңгерім құнына қосу керек деген қорытындыға келді. Теңгерім құнының бұл түрін ақшалай қаржы әкелетін бірлік үшін, сондай-ақ, актив жасайтын сервистік әлеуетке шамалас анықтау керек. Егер ақшалай қаржы әкелмейтін актив есепке алынбайтын болса, онда ақшалай қаржы әкелетін бірліктің теңгерімдік құны төмендеуі мүмкін және құнсызданудан шығын мойындалмауы мүмкін. Дегенмен, ақшалай қаржы әкелмейтін активтің кез келген құнсыздануы 21 ҚСҚЕХС сай анықталады, ақшалай қаржы әкелмейтін активтің құны активке қызмет ету құнының орынын толтыру құнына дейін шығынға шығарылады. Ақшалай қаржы әкелмейтін бұл актив бойынша бұдан кейін ақшалай қаржы әкелетін бірлікке қатысты құнсызданудан щығынды қосуға болмайды. Теңгерім құн негізінде ақшалай қаржы әкелетін бірлік құрамындағы құнсызданудан шығын ақшалай қаржы әкелетін активтерге 92-параграфқа сай шектеулермен шамалас бөлінеді. Бұл тәсіл 95-параграфта көрсетілген.
«ҚЕХСК 2008 жылы шығарған ҚЕХС жетілдірулер» нәтижесінде 26 ҚСҚЕХС қайта қарастыру
-
36 ҚСҚЕХСК 2008 жылы мамырда ҚЕХСК шығарған «ҚЕХС жетілдірулер» енгізген түзетулермен танысты және стандартты қайта қарастырудың пайдасындағы дәйектермен толық келісті. ҚСҚЕХСК берілген түзетулерден бас тартуға қоғамдық сектордың ерекшелігімен шартталған сылтаулар жоқ деген қорытындыға келді.
Қолдану бойынша нұсқау
Бұл ұсыныстар 26 ҚСҚЕХС толықтырады, бірақ оның бөлігі бола алмайды.
Қоғамдық сектордың иелігіндегі активтердің басым бөлігі ақшалай қаражат туындатпайды және олардың құнсыздануының есебін 21 ҚСҚЕХС сай жүргізу керек.
Қоғамдық сектордың субъектісі иелік ететін актив коммерциялық пайда алу мақсатында ұсталған жағдайда қоғамдық сектор үшін осы қаржылық есептіліктің Халықаралық стандартының ережелеріне жүгіну керек. Ақшалай қаржы туындататын активтердің көпшілігі Мемлекеттік коммерциялық кәсіпорындардың анықтамаларына жатпайтын мемлекеттік кәсіпорындардың (МКК) шаруашылық қызметтері барысында туындайды Коммерциялық негізде жұмыс істейтін, ауылшаруашылық зерттеу мекемесінің бөлімі болып табылатын тұқым өсіруші шаруашылық оның мысалы бола алады.
Барлық келтірілген мысалдарда МКК болып табылмайтын қоғамдық сектордың субъектісі коммерциялық қызметтермен айналысады.
Ақшалай қаражат туындататын бірліктерді анықтау
Бұл мысалдаң мақсаты:
(a) Әр түрлі жағдайларда ақшалай қаржы әкелетін бірліктерді сәйкестендіру қалай жүретінін көрсету;
(b) Актив жататын ақшалай қаржы әкелетін бірліктерді сәйкестендіру барысында субъектілер көңіл аударатын факторларды айқындау.
A―бір өнімдік бірлікпен байланысты сұраныстың төмендеуі
Нәтижелік көрсеткіштер
IG1. Мемлекеттік мекемеде электр бекеті бар. Электр бекетінде бірдей электр қондырғысында екі турбиндік генератор бар. Ағымдағы кезеңде аумақтағы үлкен өндірістік мекеме жабылды және электр энергиясын тұтынушылық едәуір кеміді. Оған жауап ретінде мемлекеттік органдар бір генератордың жұмысын тоқтатты.
Сараптама
IG2. Жеке турбинді генератор өзінен өзі ақшалай қаржының түсуі мен ағынын өндірмейді. Осыған орай, құнсыздануды анықтайтын ақшалай қаржы әкелетін бірліктерді пайдалану – бұл бүтін электр қондырғысы.
B―Жалға әуе кемесін беруші мемлекеттік авиакөлік бөлімшесі
Нәтижелік көрсеткіштер
IG3. M –авиакөліктік мемлекеттік компания бөлімшесі. Ол үш әуе кемесін, ұшып - қону алаңын және бірнеше аңғар мен жөндеу - пайдалану шаруашылығымен жанармай құятын орынды қосқанда басқа ғимараттар да пайдаланады. Оның қызметіне сұраныстың төмендеуін көре отырып, М жекеменшік компаниясының бір ұшағын бес жыл мерзімге жалға береді. Жалгерлік келісім шарттың шарттары бойынша М жалгерге ұшып - қону алаңын пайдалануға мүмкіндік беруі, сол сияқты әуе кемесін пайдалануға қатысты барлық сұрақтарға жауап беруі керек.
Сараптама
IG4. Жалгерлік келісімшарттың шарттары бойынша әуе кемесі М-нен түсетін ақшалай қаражаттарға едәуір дәрежеде тәуелсіз болып табылатын ақшалай қаржының түсуін өндіре алмайды деп саналады. Соған сай, әуе кемесі жататын ақшалай қаржы әкелетін бүтіндей М болып табылады.
C―Қалдықтарды уатқыш мекеменің ұсақтайтын қондырғысы
Нәтижелік көрсеткіштер
IG5. Муниципалитет қалдықты өңдеу бойынша қызметпен қамтамасыз ету үшін, ұсақтау қондырғысы жататын қалдықтарды өңдеу бойынша компанияны басқарады. Ұсақтау қондырғысын тек оның өткізу құнына ғана сатуға болады және ол едәуір дәрежеде басқа қалдық өңдеу компанияларының активтерінен түсетін ақшалай қаржыға тәуелсіз ақшалай қаржы түсуін өндірмейді.
Сараптама
IG6. Ұсақтау қондырғысының орынын толтыратын құнын есептеу оның пайдалану бағасы анықталмаған болғандықтан, мүмкін болмады және оның өткізу құнынан айырмашылығы бар болуы ықтимал. Демек, субъект ұсақтау қондырғысы, яғни, қалдықтарды өңдейтін компания түгелімен жататын ақша қаражаттарын әкелетін бірліктердің орынын толтыратын құнын есептейді.
D―Автобус компаниясы қамтамасыз ететін сапар желілері
Нәтижелік көрсеткіштер
IG7. Мемлекеттік автобус компаниясы муниципалды мекемелермен келісім шарт бойынша келісілген бес жеке сапар желілерінің әрқайсысы бойынша қызметтің аз көлемін көрсетеді. Әр сапар желісі үшін арналған активтер және әр сапар желісінен ақшалай қаржы жеке негізде анықтауға болады. Сапар желісінің бірі едәуір шығынмен жұмыс істейді.
Сараптама
IG8. Компанияның бір сапар желісін қысқартуға мүмкіндігі жоқ болғандықтан едәуір дәрежеде басқа активтен немесе активтер топтарынан түсетін ақша қаражаттарына тәуелсіз ең аз деңгейімен анықталған ақшалай қаржының түсімі бес сапар желісінің барлығынан өндірілген ақшалай қаржының түсуі болып табылады. Автобус компаниясы түгелімен ақша әкелетін бірлік болып болып табылады.
Пайдалану құндылығын есептеу және құнсызданудан шығынды мойындау
Нәтижелік көрсеткіштер мен пайдалану құндылығын есептеу
IG9. 20X0 жылдың басында R Үкіметі өзінің энергетика Департаменті көмегімен 250 миллион ш.б. салынған электр бекетін пайдалануға берді.
IG10. 20X4 жылдың басында бәсекелестері салған электр бекетін пайдалануға берілді, ол R Үкіметі қосқан электр бекетінің пайдасының азаюына әкеліп соқтырады. Пайданың азаюы өндірілген электр энергиясының көлемінің жоспарланғанынан кемуі себебінен, сол сияқты электр энергиясына бағаның төмендеуі және жоспарланғанмен салыстыру бойынша қуат қоры себебінен болды.
IG11. Пайданың төмендеуі активтің экономикалық көрсеткіштері күткендегіден нашарлағанының айғағы. Осыған орай, R Үкіметіне орыны толтырылған актив құнын анықтау керек.
IG12. R Үкіметі электр бекетінің пайдалы қызметінің 20 жылдық біркелкі өтемпұл әдісін пайдаланады және өткізу құнын ұсынбайды.
IG13. Электр бекетінің сатып алуға жұмсалған шығынды шығарып тастағандағы әділ құнын анықтау мүмкін болып көрінбейді. Сондықтан орынын толтыруды тек қана пайдалану құнының есебімен байланыстырып анықтауға болады. Электр бекетінің пайдалану құнын анықтау үшін (1 қосымшасын қараңыз) R Үкіметі:
(a) ақшалай қаржы қозғалысының басшымен бекітілген болжам бағасын ең соңғы қаржылық смета/ жақын арадағы бес жылға (20X5–20X9 жылдар) болжам баға негізінде жасайды.
(b) келесі ақшалай қаржының ағынын өсу көрсеткіштерінің - 6 жылдық пайыздан - 3 жылдық пайызға төмендеуі негізінде есептейді (20Y0–20Y9 жылдар);
(c) ағымдағы ақшаның уақытша құнын және R Үкіметінің электр бекетіне тиесілі тәуекелді нарықтық бағасын көрсететін 6 пайыз шегерілу мөлшерлемесін таңдайды.
Құнсызданудан шығынды бағалау және мойындау
IG14. R Үкіметі электр бекетінің орыны толтырылған құны 121.1 млн.ш.б. құрайды.
IG15. R Үкіметі электр бекетінің орны толтырылған құнын оның теңгерім құнымен салыстырады (2 қосымшаны қараңыз).
IG16. Теңгерім құны 78.9 млн. ш.б. орыны толтырылған құнынан асатындықтан, құнсызданудан 78.9 млн. ш.б. шамасында шығын пайдалар мен шығындарда көрсетіледі.
1 қосымша ― R Үкіметі электр бекетінің пайдалану құнын 20X4 жылдың соңына есептеу
Жыл
|
Өсудің ұзақ мерзімді көрсеткіші
|
Ақшалай қаржының келешектегі ағыны
|
Шегерудің мөлшерлемесі бойынша шеңгеруші көбейткіш 6%§
|
Шегерілген ақшалай қаржының келешектегі ағыны (млн. ш.б.)
|
20X5 (n=1)
|
|
16.8 *
|
0.94340
|
15.8
|
20X6
|
|
14.4 *
|
0.89000
|
12.8
|
20X7
|
|
14.2 *
|
0.83962
|
11.9
|
20X8
|
|
14.1 *
|
0.79209
|
11.2
|
20X9
|
|
13.9 *
|
0.74726
|
10.4
|
20Y0
|
(6%)
|
13.1 †
|
0.70496
|
9.2
|
20Y1
|
(6%)
|
12.3 †
|
0.66506
|
8.2
|
20Y2
|
(6%)
|
11.6 †
|
0.62741
|
7.3
|
20Y3
|
(5%)
|
11.0 †
|
0.59190
|
6.5
|
20Y4
|
(5%)
|
10.5 †
|
0.55839
|
5.9
|
20Y5
|
(5%)
|
10.0 †
|
0.52679
|
5.3
|
20Y6
|
(4%)
|
9.6 †
|
0.49697
|
4.8
|
20Y7
|
(4%)
|
9.2 †
|
0.46884
|
4.3
|
20Y8
|
(3%)
|
8.9 †
|
0.44230
|
3.9
|
20Y9
|
(3%)
|
8.6 †
|
0.41727
|
3.6
|
Пайдалану құны
|
|
121.1
|
* Субъекті басшысының таза ақшалай қаржы ағынының болжамы қатынасында өте жоғары бағалауы негізінде.
|
† Бұдан бұрынғы жылда өсу көрсеткіштерінің төмендеуін пайдаланумен ақшалай қаржы ағынының экстрополяциялық мәні негізінде.
|
§ Шегерім көбейткіші есептеледі: k=1/1(+a)n, мұнда a = шегеріс мөлшерлемесі, n = шегеріс кезеңі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |