АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым


қосымша ― R Үкіметінің электр бекеті үшін 20X5 жылдың басына құнсызданудан шығынды есептеу



бет6/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95

2 қосымша ― R Үкіметінің электр бекеті үшін 20X5 жылдың басына құнсызданудан шығынды есептеу

20X5 жылдың басы

Барлығы (млн. ш.б.)







Бастапқы құн

250.0

Есептелгенөтемпұл (20X4)

(50.0)

Теңгерім құны

200.0

Құнсызданудан шығынды есептегеннен кейінгі теңгерім құны

121.1


Құнсызданудан шығын

(78.9)

Құнсызданудан шығындарды реверстеу

Бұл мысал осы мысалдағы ақпараттар келтірілген 2-мысалда көрсетілген R Үкіметі бойынша берген көрсеткіштерге негізделеді. Осы мысалда салықтық әсерлер есепке алынбайды.

Нәтижелі көрсеткіштер

IG17. 20X6 жылы кейбір бәсекелестер өздерінің электр бекеттерін жапты, ал бұл R Үкіметі электр бекетінің пайдасына кері әсер 2004 жылдың соңында болжамдалған бағалардан азайды дегенді білдіреді. Жағдайлардың мұндай тиімді өзгерістері Үкіметтен электр бекетінің орны толтырылған құнын қайта бағалауды талап етеді.

IG18. 2 мысал ұқсастығы бойынша жасалған есептеулер электр бекетінің орыны толтырылған құны қазір 157.7 миллион ш.б. құрайтынын көрсетеді.

Құнсызданудан шығынды реверстеу

IG19. R Үкіметі бекетінің орыны толтырылған құны мен теңгерімдік құнын салыстырады және 2-мысалда бұрын көрсетілген құнсызданудан шығынды реверстейді.



Ақшалай қаражат туындататын бірліктегі ақшалай қаражат туындататын актив

Нәтижелі көрсеткіштер

IG20. Мемлекеттік аурухана магниттік-резонанстық томографқа иелік етеді (МРТ-сканер) және жұмыста пайдаланады, әсіресе, ақысыз бөлімде пайдаланады. Дегенмен, 20% ол ақылы бөлімнің емделушілерін емдеу үшін пайдаланылады. Ақылы емделушілер бөлімдерден, орталық блоктан және ақылы емделушілер үшін пайдаланатын жабдықтардың бірқатарынан құралған жеке ғимаратқа орналастырылып, ем алады. 20X6 жылдың 31 желтоқсанына ғимараттың және негізгі жабдықтардың теңгерім құны 30,000 ш.б. құрады. Ғимарат пен негізгі жабдықтар нысанының жекелеген орынына келтірілген құнын көрсету мүмкін болмады. Осыған орай, ғимарат пен негізгі жабдықтар ақшалай қаржы әкелетін бірлік сияқты қарастырылады. 20X6 жылдың 1 қаңтарына МРТ-сканердің теңгерім құны 3,000 ш.б. құрады. 20X6 жылдың 31 желтоқсанына есепте МРТ-сканер бойынша 600 ш.б. көлемінде өтемпұл шығындар көрсетілген. Бұл аяда айтарлықтай технологиялық жетілдірулер болмағандықтан, МРТ-сканер 20X6 жылдың 31 желтоқсанында құнсыздану затына жатқызылып, құнсызданудан шығын 400 ш.б. құрады, осылайша, МРТ-сканердің 20X6 жылдың 31 желтоқсанына теңгерім құны 2,000 ш.б. құрады.



Ақшалай қаражат туындататын бірліктердің орны толтырылатын құнын анықтау

IG21. Жыл бойында ауруханада ақылы емделушілердің саны едәуір қысқарды. Осыған сай, ақшалай қаржы әкелетін бірліктер құнсыздану затына жатқызылды. Ақшалай қаржы әкелетін бірліктердің орынын толтыратын құнының пайдалану құны негізінде 27,400 ш.б. құрады. МРТ-сканердің (400 ш.б.) өзгертілген теңгерімдік құнының 20% құнсызданудан шығында анықтағанға дейін ақшалай қаржы әкелетін бірліктің теңгерім құнына (3,000 ш.б.) таратылады. Құнсызданудан шығын ғимаратқа және негізгі жабдықтарға олардың теңгерім құнына шамалас таратылады. МРТ-сканерге құнсызданудан шығын «Ақшалай қаржы әкелмейтін активтердің құнсыздануы» 21 ҚСҚЕХС талаптарына сай әлдеқашан таратылып қойылғандықтан, ешқандай құнсызданудан шығын таратылмайды.



Ақшалай қаражат туындататын бірліктердің орнын толтыру есебіне мойындалған жағдайларды кіргізу

Нәтижелі көрсеткіштер

IG22. Муниципалитет қалдықтарды қайта өңдеу бойынша алаңды басқарады және өзінің жұмысының соңында қоқыс тастайтын жер орнындағы жер телімін қайта қалпына келтіруі керек. Қайта қалпына келтіру құнына қоқыс тастайтын жер жұмыстарын бастауға дейін шығаруды қажет ететін топырақтың жоғарғы қабатын ауыстыруды кіргізді. Топырақтың жоғарғы қабатын ауыстыруға шығынды шамалау топырақтың жоғарғы қабатын ауыстырғаннан кейін бірден мойындалып құпталды. Көрсетілген қаражат жиынтығы алаңға шығынның бөлігі сияқты мойындалады және оған қатысты алаңның пайдалы қызметі мерзімі ішінде өтемпұл есептеп жазылады. Қайта қалпына келтіру шығынын шамалаудың теңгерім құны қайта қалпына келтіруге шығынның шегеріс құнымен сай келетін 500 ш.б. құрайды.



Құнсыздану затына жатқызу

IG23. Муниципалитет қалдықтарды шығару бойынша алаңды құнсыздану затына жатқызу өткізді. Алаң бүтіндей ақшалай қаржы әкелетін бірлік болып табылады. Муниципалды мекеме алаңды шамамен 800 ш.б. сатып алу туралы әртүрлі ұсыныстар алды. Бұл баға сатып алушы жоғары қабатын қайта қалпына келтіруді өзіне алатынын дәйекті көрсетеді. Бұл алаң бойынша қалдықтарды шығаруға шығын азғантай. Алаңды пайдалану құны қайта қалпына келтіру шығынын қоспағанда, шамамен 1,200 ш.б. құрайды. Қалдықтарды шығару алаңның теңгерім құны 1,000 ш.б. құрайды.

IG24. Сатуға шығынды есептемегенде, ақша қаражаттарын әкелетін бірліктің әділ бағасы 800 ш.б. құрайды, бұл қаржы жиынтығы алдын ала қарастырған қайта қалпына келтіру шығынын кіргізеді. Соның салдарынан ақшалай қаржы әкелетін бірліктердің пайдалану құны қайта қалпына келтіру шығыны есебінен кейін анықталады және шамамен 700 ш.б. (1,200 минус 500 ш.б.). алаңның теңгерім құнынан құралатын (1,000 ш.б.) минус қайта қалпына келтіру шығынын (500 ш.б.) шамалайтын ақшалай қаржы әкелетін бірліктің теңгерім құны– 500 ш.б. Соған сай, ақшалай қаржы әкелетін бірліктің орнын толтыратын құны оның теңгерім құнынан асып кетеді.
Ақшалай қаражат туындататын бірліктің құрамындағы орнын толтыру құнын анықтау мүмкіндігіне тәуелді жеке активтің есебін алу тәртібі

Нәтижелі көрсеткіштер

IG25. Су тазалау бекетіндегі жинақтау сиымдылық нысаны зақымдалды, бірақ зақымданғанға дейінгідей жақсы болмағанмен, әлі жұмыс істейді. Сатуға шығынды есептемегенде, жинақтау сиымдылығының әділ бағасы оның теңгерім құнынан кем. Жинақтау сиымдылығы тәуелсіз ақшалай қаржы түсуін өндірмейді. Активтердің неғұрлым аз сәйкестендірілген топтары жинақтау сиымдылығын қосатын және ақшалай қаржы түсіретін, бастапқыда едәуір дәрежеде басқа активтерге тәуелсіз болып табылатын. Ол жинақтау сиымдылығы жататын бекет. Бекеттің орнын толтыру құны егер бекетті түгелдей алып қарағанда, оның құнсызданбағанын көрсетеді.



Жинақтау сиымдылығының орнын толтыру құнын анықтау мүмкін болмады.

IG26. Болжам 1: Басшымен бекітілген смета/болжам бағалар басшылардың жинақтау сиымдылығын ауыстыру бойынша міндеттерін көрсетпейді.

IG27. Жинақтау сиымдылығының орынын толтыру құнын анықтау мүмкін болмайды, жинақтау сиымдылығының пайдалану құны:

(a) Сатуға шығынды шығарып тастағанда оның әділ құнынан айырмашылығы болуы мүмкін ;

(b) Жинақтау сиымдылығы жататын ақшалай қаржыларын әкелетін бірліктер қатынасында ғана анықталуы мүмкін; (су тазалау бекеті).

Бекет құнсызданбады. Сондықтан жинақтау сиымдылығы қатынасында құнсызданудан шығын мойындалмайды. Дегенмен, субъектіге өтемпұл кезеңді немесе жинақтау сиымдылығының өтемпұлын есептеп шығару әдісін қайта анықтауға тура келуі мүмкін. Мүмкін, жинақталу сиымдылығының алдын ала болжанған қалған пайдалы қызмет мерзімін және тұлға оның көмегімен экономикалық тиімділік қолдануды көздейтін әдісті көрсету үшін, қысқарақ өтемпұлдық кезең керек, немесе өтемпұлды есептеп шығару әдісі керек шығар?!



Жинақтау сиымдылығының орнын толтыру құнын анықтау мүмкін болады

IG28. Болжам 2: Басшымен бекітілген смета/болжам бағалар жинақтау сиымдылығын ауыстыру бойынша оның міндеттерін және жақын арада сатылуын көрсетеді. Жинақтау сиымдылығын үздіксіз пайдаланудан оны шығарғанға дейін түскен ақшалай қаржының ағыны елеусіз болады деп болжанады.



IG29. Жинақтау сиымдылығының пайдалану құнын оның сату шығынын қоспағандағы әділ бағасына дейін дәлдікпен анықтауға болады Осыған орай, жинақтау сиымдылығының орынын толтыру құны анықталуы мүмкін, ал жинақтау сиымдылығы жататын (яғни, өндіріс тізбегі) ақшалай қаржы әкелетін бірлік есепке алынбайды. Жинақтау сиымдылығының сатуға шығынды шығарғындағы әділ құны оның теңгерім құнынан төмен болғандықтан, жинақтау сиымдылығы қатынасында құнсызданудан шығын мойындалады.

36 ҚЕХС салыстыру
«Ақшалай қаражат туындататын активтердің құнсыздануы» 26 ҚСҚЕХС қоғамдық сектор үшін ақшалай қаражаттарын туындататын активтердің құнсыздануы туралы мәселелерді қарастырады және 2008 жылы мамырда шығарылған «ҚЕХС жетілдірулер» 36 ҚЕХС шеңберінде түзетулер енгізеді.


  • 26 ҚСҚЕХС мен “Активтердің құнсыздануы” 36 ҚЕХС (2004 ж.), арасындағы негізгі айырмашылықтар төмендегідей мазмұндалады:




  • 26 ҚСҚЕХС есеп мерзіміне қайта бағаланған құнымен «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар» қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің Халықаралық 17 стандартының қайта бағалау үлгісі бойынша есептелген ақшалай қаржы әкелуші активтерге қолданылмайды, 36 ҚЕХС өзінің қолдану аясынан ақшалай қаржы әкелетін және есепті мерзімге қайта бағалау құны бойынша есептелген негізгі қаражаттардың пайдаланылуын шығармайды.




  • 26 ҚСҚЕХС әділ бағасына дейін жүйелі түрде қайта бағаланып тұратын материалды емес активтерге қолданылмайды 36 ҚЕХС әділ бағасына дейін жүйелі түрде қайта бағаланып тұратын материалды емес активтерді өзінің қолдану аясынан шығармайды.




  • Гудвилл 26 ҚСҚЕХС қолдану аясынан шығады. 36 ҚЕХС мұндай талаптарды және гудвиллді құнсыздандыру бойынша басшылықты енгізеді және гудвиллді ақшалай қаржы әкелетін бірліктерге таратады және ақшалай қаржы әкелетін бірліктерді гудвиллмен құнсыздану заттарына жатқызады.




  • 26 ҚСҚЕХС ақшалай қаржы туындататын активтерге анықтама береді және ақшалай қаржы туындататын активтерді шектеу туралы қосымша түсініктемелерді мазмұндайды.




  • 26 ҚСҚЕХС ақшалай қаржы әкелетін бірліктердің анықтамалары 36 ҚЕХС (IAS) салыстыру бойынша өзгертілді.




  • 26 ҚСҚЕХС бірлескен активтер анықтамалары не мұндай активтерге қолданылатын талаптар мазмұндалмайды. 36 ҚЕХС бірлескен активтер анықтамаларды және олардың есебі бойынша басшылықты мазмұндайды.




  • 26 ҚСҚЕХС мекеменің нарықтық құнынан асатын, құнсызданудың стандартты белгісі сияқты субъектінің таза активінің теңгерім құнын енгізеді. Субъектінің нарықтық құнынан асатын таза активінің теңгерім құны құнсызданудың 36 ҚЕХС құнсыздану белгілерінің аз тізбесімен байламында стандартты белгісі рөліне енеді.




  • 26 ҚСҚЕХС күштеп сатуға шығынды шығарғандағы әділ құнның көрсеткіші болып табылмайды. 36 ҚЕХС, егер, субъектінің басшысы тез арада сатуды жүзеге асыруға мәжбүр болса, күштеп сатуға шығынды шығарғанда әділ құнның көрсеткіші болып табылады.




  • 26 ҚСҚЕХС ақшалай қаржы әкелуші бірлікке табыс әкелетін ақшалай қаржы әкелмейтін активтер есебі бойынша, сол сияқты ақшалай қаржы әкелмейтін қызметтер түрлеріне талаптар мен басшылықты қарастырмайды. 36 ҚЕХС ақшалай қаржы әкелуші бірлікке табыс әкелетін ақшалай қаржы туындатпайтын активтер есебі бойынша, сол ақшалай қаржы әкелмейтін қызметтер түрлеріне талаптар мен басшылықты қарастырмайды.




  • 26 ҚСҚЕХС ақшалай қаржы туындататын активтер санатын ақшалай қаржы әкелмейтін активтер санатына және ақшалай қаржы әкелмейтін активтер санатын ақшалай қаржы туындататын активтер санатына өзгерту бойынша талаптар мен басшылықтарда қарастырады. 26 ҚСҚЕХС сол сияқты субъектілерден ақшалай қаржы туындататын және ақшалай қаржы туындатпайтын активтерді шектеу үшін, жасалған белгілер туралы ақпараттарды ашуды талап етеді. 36 ҚЕХС мұндай талаптары жоқ.




  • 26 ҚСҚЕХС кей уақытта 36 ҚЕХС айырмашылығы бар терминология қолданылады. «Қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп» пен «Қаржылық жағдайы туралы есеп» анағұрлым мағыналы мысал болып табылады. 36 ҚЕХС барабар терминдер - пайдалар мен шығындар туралы есептер және бухгалтерлік теңгерім.



АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ – 27 ҚСҚЕХС
Баспагерлерден
Осы Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты бойынша кеңес жариялаған «Ауылшаруашылығы» 41 ҚЕХС қаржылық есептіліктің Халықаралық стандарты негізінде жасалған. 36 ҚЕХС үзінділері Халықаралық есепшілер федерациясының қоғамдық секторының мәселелері бойынша Комитеттің бұл басылымдарында ҚЕХС бойынша қордың рұқсатымен шығарылған.
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының (ҚЕХС) бекітілген мәтіні ҚЕХСК ағылшын тілінде жариялаған стандарты болып табылады, ал көшірмелерін ҚЕХСК жарияланымдар департаментінен келесі мекенжайға хабарласып, тікелей алуға болады: First Floor, 30 Cannon Street, London EC4M 6XH, United Kingdom.
E-mail: publications@ ifrs.org
Internet: http://www. ifrs.org
ҚЕХСКҚ ҚЕХС, ХЕС, стандарт жобаларының және басқа да ҚЕСХК басылымдарының авторлық құқығына ие.
IFRS», «IAS», «IASB», «IFRS Foundation», «International Accounting Standards» және «International Financial Reporting Standards» ҚЕХСКҚ сауда маркасы болып табылады және ҚЕХСКҚ мақұлдауынсыз қолдануға болмайды.



АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ – 27 ҚСҚЕХС
ҚСҚЕХС тарихы
Бұл нұсқа ҚСҚЕХС 2012 жылдың 15 қаңтарындағы жағдайында енгізілген өзгерістерді қамтиды.
«Ауыл шаруашылығы» 27 ҚСҚЕХС 2009 жылы желтоқсан айында шығарылды.
Сол кезден бастап 27 ҚСҚЕХС түзетулерді қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын енгізді:


  • «ҚСҚЕХС жетілдіру» (2011 жылғы желтоқсан айында жарияланған)


27 ҚСҚЕХС өзгертілген параграфтардың кестесі

Өзгертілген

параграф


Қалай өзгертілді

Төмендегілермен

өзгертілді

Кіріспе параграфтар

Алынып тасталынған

2011 жылғы қазан, ҚСҚЕХС жетілдіру


2009 жылғы желтоқсан

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 27 ҚСҚЕХС

МАЗМҰНЫ




Параграф

Мақсаты ....................................................................................................

1

Қолдану аясы …………………………………..……………………….

2 – 8

Анықтамалар ............................................................................................

9 – 12

Ауыл шаруашылығына қатысты анықтамалар ............................

9 – 11

Жалпы анықтамалар ........…………..…………………………….

12

Мойындау және бағалау ……………..………………………………...

13–37

Пайда мен зарар ……………………..……………………………..

30–33

Әділ құнның сенімді бағасының мүмкін еместігі ………….……

34–37

Ақпараттарды ашып көрсету …………………………….…………..

38–54

Жалпы жағдайлар ………………………………………………….

51

Әділ құнның сенімді бағасын өлшеу мүмкін емес биологиялық активтерге пайдаланылатын қосымша ақпараттарды ашып көрсету …………………………………………………..…………

52–54


Өтпелі ережелер ……………………………………………………...

55

Есептеу тәсілі бойынша есепке алудың алғашқы қолданысы ….

55

Күшіне ену күні ………………………………………………………...

56–57

Қосымша: ҚСҚЕХС басқа түзетулері

Қорытынды жасауға негіз

Көрнекі мысалдар







«Ауыл шаруашылығы» 27 Қоғамдық сектор үшін Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты 1-57 параграфтарда көрсетіледі. Барлық параграфтар тең күшке ие. ҚСҚЕХС өзінің мақсаты, қорытынды жасауға негізі және «Қоғамдық секторы үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына» алғы сөз мәнмәтінінде оқылуы тиіс. Есеп саясаты, бухгалтерлік бағалаудағыөӨзгерістер мен қателіктер 3 ҚСҚЕХС, нақты нұсқаулықтар болмағанда бухгалтерлік есеп саясатын қолдану және таңдау негізін береді.


Мақсаты

    1. Бұл Стандарттың мақсаты ауылшаруашылығы қызметтеріне қолданылатын ақпараттардың тәртібін бекіту және ашу болып табылады.

Қолдану аясы

    1. Есептеп шығару әдісімен қаржылық есепті құраушы немесе оның өкілі Осы Стандартты келесі субъектілердің есептері үшін, егер олар ауыл шаруашылығымен байланысты болған жағдайда қолдануы керек:

(a) Биологиялық активтер;

(b) Жинау уақытына ауылшаруашылық өнімдеріне.


    1. Бұл Стандарт мыналарға қолданылмайды:

(a) Ауылшаруашылығына тағайындалған жерге («Инвестициялық жылжымайтын мүлік» 16 ҚСҚЕХС пен «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар» 17 ҚСҚЕХС қараңыз);

(b) Ауылшаруашылық қызметтермен байланысты материалдық емес активтерге («Материалдық емес активтер» 31 ҚСҚЕХС қараңыз);

(c) Қызмет көрсету, немесе ұсыну үшін биологиялық активтерге.



    1. Биологиялық активтер мемлекеттік сектор субъектісімен қызметтің көптеген түрлеріне қолданылады. Биологиялық активтер ауыл шаруашылық қызметтері болып табылмайтын зерттеу жүргізу, білім, тасымалдау, көңіл көтеру, демалыс, кедендік бақылау мақсаттарында және басқа да қызметтерге қолданылуы жағдайында осы стандарттың 9-параграфында көрсетілген анықтамаларға сай бұл биологиялық активтер осы Стандартқа сай болып есептелмейді. Егер биологиялық активтер анықтамаларға сай болып қалған жағдайда олардың есебінің тәртібін бекіту үшін, сай келетін басқа ҚСҚЕХС (мысалы, «Қорлар» 12 ҚСҚЕХС мен 17 ҚСҚЕХС). қарастырылуы керек.




    1. Бұл стандарт ауыл шаруашылық өнімдерінің есебі үшін тек олардың жиналу уақытына пайдаланылады (яғни, биологиялық активтерден алынған өнімдер). Оның одан кейінгі есептері үшін «Қорлар» 12 ҚСҚЕХС немесе басқа қолдануға жарамды Стандарт қолданылады. Осыған орай, бұл Стандартта ауыл шаруашылық өнімдерін оның жиналу мерзімінен кейін (мысалы, жүзім өсірген шарап сатушының жүзімнен шарап жасауға өңдеуі) қайта өңдеу мәселелері қарастырылмайды. Дегенмен, мұндай қайта өңдеулер ауыл шаруашылық қызметтердің қисынды және табиғи жалғасы болып табылуы мүмкін және өтіп жатқан үрдістер мен биотрансформация аралығында осындайға ұқсас кейбір өңдеулерді өткізуге болады және мұндай қайта өңдеулер осы Стандартта келтірілген анықтамаларға сай ауыл шаруашылық қызметтерге жатпайды.



    1. Келесі кестеде ауыл шаруашылық өнімдердің биологиялық активтерінің мысалдары және оларды алғаннан кейінгі қайта өңдеудің соңғы нәтижелері келтірілді:



Биологилық активтер

Ауылшаруашылық өнімдер

Оларды алғаннан кейінгі қайта өңдеудің соңғы нәтижелері

Қойлар

Жүн

Жіп, кілем

Ағаш отырғызу алаңындағы ағаштар

Бөрене

Кесілген ағаш дайындамалар

Өсімдіктер

Мақта

Жіп, киімдер




Жиналған қант қамысы

Қант

Мал сүті

Сүт

Ірімшік

Шошқалар

Ет

Шұжық өнімдері, консервіленген сүрленген ет

Бұталар

Жапырақ

Шай, кептірілген темекі

Жүзімдіктер

Жүзім

Шарап




    1. Бұл Стандарт мемлекеттік сектордың Мемлекеттік коммерциялық кәсіпорындарды (МКК) қоспағанда, барлық субъектіге қолданылады.




    1. ҚСҚЕХСК шығарған «Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің Халықаралық стандартының алғысөзінде» МКК ҚЕХСК шығарған қаржылық есептіліктің Халықаралық стандартын қолданауы түсіндіріледі. «МКК» терминінің анықтамасы «Қаржылық есептіліктің түсініктері» 1 ҚСҚЕХС берілген.

Анықтамалар

Ауылшаруашлығына қатысы бар анықтамалар

    1. Бұл Стандартта келесі терминдер көрсетілген мағынада қолданылады:

Ауылшаруашылық қызмет – субъект жүзеге асыратын биологиялық активтердің биотрансформациясын мына мақсаттарда басқару:


  • Сату;



  • Қайтарымсыз негізде немесе нақты бағамен беру;


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет