АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым



бет34/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   95

Пайыздық ауысым 29 ҚСҚЕХС сәйкес туынды құрал бола алатынын анықтауда мағынасы бар ма, жақтар бір-біріне (брутто-есеп) пайыздық төлемдер жүргізе ме немесе нетто-есепті жүзеге асыра ма?

Жоқ. Туынды құралды анықтау нетто-есеп немесе брутто-есеп жүргізілуіне байланысты болмайды.

Мысалы: ABC субъект конрагентпен (XYZ) АВС 8 пайыздық белгіленген мөлшер бойынша төлем жүргізуі, ал LIBOR үш айлық мөлщерінен шығатын төлемді алу қажеттігіне сәйкес пайыздық ауысым келісімшатына отырды. Пайыздың бекітілген және ауыспалы мөлшерінде 100 миллион а.б. сомасының шартынан шығады. ABC және XYZ шартты сомаларды алмаспайды. АВС 8 пайыз және LIBOR үш айлық мөлшерлеме арасындағы айырмашылықтан шығып, нетто-негізге есептелген ақша қаражаттарының кейбір сомаларын тоқсан сайын төлейді немесе төлейді. Есептеу баламалы нұсқа ретінде брутто-негізде жүргізіледі.

Келісімшарт нетто-есеп немесе брутто-есеп жүргізілуіне байланыссыз туынды құралды анықтауға жауап береді, себебі құралдың өзгеріс құны базалық ауыспалылыққа (LIBOR) байланысты болады, болашақ мерзімге алғашқы таза инвестиция мен есептер болмайды.

B.3 Туынды аспаптың анықтауы: алғытөлемдік пайызбен төленген своп (Міндет құралдың шығаылымында немесе одан кейін алғытөлемдік пайызбен төлеудің бекітілген мөлшері бойынша төлемақы жүргізеді).

Егер келісімшарттың тарабы өз міндеттемесін бекітілген пайыздық мөлшер бойынша төлемді және оның шығарылымындағы пайыздық ауыспалылық мөлшері бойынша төлем алуды қарастырған пайыздық айырбас аясында төлесе, аталмыш ауыспалылық туынды құрал болып табыла ма?

Иә.


Мысалы: S субъектісі С контрагентімен пайыздық бекітілген мөлшер бойынша төлемдерді және төлемдерді пайыздық өзгермелі мөлшермен алуды алдын ала қарастыратын 100 миллион а.б. сомасының шартында бес жылдық пайыздық ауыспалылық келісімшартына қол қояды. Ауыспалылықтың өзгермелі бөлігінің пайыздық мөлшері LIBOR үш айлық базасы негізінде тоқсан сайын орнатылады. Ауыспалылықтың өзгермелі бөлігінің пайыздық мөлшері жылына 10 пайызға тең. Ауыспалылықты шығару барысында S субъектісі өз міндеттерін 50 миллион а.б. мөлшерінде бекітілген нарықтық пайыз мөлшері бойынша дисконтталған және осылай бола тұра айырбастың барлық әрекеттегі уақытында үш айлық LIBOR мөлшерінің базасында әр тоқсан сайын 100 миллион а.б. мөлшерінде пайыздық төлем алу құқығын сақтай отырып, пайыздық мөлшермен ауыспалылық бойынша алғытөлем ретінде төлейтін болады(100миллио а.б. × 10 пайыз × 5 жыл).

Пайыздық айырбастың осы келісімшарты бойынша алғашқы таза инвестицияның мөлшері айырбастың өзгермелі бөлігінің аясында өзгермелі төлемдер есебіне арналған базасына қызмет ететін шартты сомадан едәуір төмен болады. Осы келісімшарт үшін ұқсас түрде нарықтық ықпалдар өзгерісіне әсер беретін, мысалы, купонның өзгермелі мөлшерінің облигациясы үшін келісімшарттардың басқа түрлеріне қажетті болғандардан төмен алғашқы таза инвестиция қажет болады. Осылайша, осы келісімшарт оған «үшін ұқсас түрде нарықтық ықпалдар өзгерісіне әсер беретін, мысалы, купонның өзгермелі мөлшерінің облигациясы үшін келісімшарттардың басқа түрлеріне қажетті болғандардан төмен алғашқы таза инвестиция тала етілетіндіктен» 29 ҚСҚЕХС талаптарын орындайды. Егер, тіпті, S субъектісінде болашақ қаражат нәтижелері бойынша міндеттері болмаса да, келісімшарт бойынша соңғы есеп болашақта өтетін және келісімшарт құны LIBOR индексінің өзгеруіне жауап ретінде өзгеретін болады.



Егер бекітілген пайыздық мөлшерлі төлемдер бойынша міндеттер алғашқы мойындаудан кейін алғытөлем арқылы төленсе, жауап өзгерер ме еді?

Егер бекітілген бөлік келісімшарт мерзімінің уақытында алғытөлеммен төленсе, бұл алдыңғы айырбасты тоқтату және 29 ҚСҚЕХС сәйкес бағаланатын жаңа құралдың шығарылымы ретінде қарайтын еді.



Егер келісімшарт тараптары өз міндеттерін төлемдерді өзгермелі мөлшер бойынша және төлемдерді алуды бекітілген пайыздық мөлшермен алдын ала қарастыратын пайыздық айырбас аясында ертерек төлейді, оның шығарылымында осы айырбас қаражат құралы болып табылады ма?

B.4 Туынды құралдың анықтамасы – пайыздың өзгермелі мөлшері бойынша төлемдер жүргізілетін пайыздық айырбастың алғытөлеммен төленеді, ал пайыздың бекітілген мөлшерімен алынады.



Егер келiсiмшартының тарабы өз мiндеттемесi шеңберiнде алдын ала ақы төлесе айнымалы жалақы бойынша проценттi ауысым, ескеретiн төлеулер және процентінің бекiтiлген своп үшiн төлеулерiн алу, оның шығарылымында, қаржы құралымен туындыларға осы ауысым болып табылады ма?

Жоқ. Егер ол шығарылым сәтінде төленген болса, төлемдері өзгермелі мөлшерде және төлемдердің алынуы пайыздың бекітілген мөлшерінде қарастырылатын алғытөлеммен төленген пайыздық айырбас, туынды құрал болмайды, және туынды құрал болуын тоқтатады, егер ол шығарылымнан кейін төленген болса, онда ол кірісті төленген алғытөлем (инвестицияланған) сомасымен, бекітілген ақша ағынының қарыздық құралдарынан туындаған салыстырмалы кіріспен қамтамасыз етеді. Алғытөлеммен төленген сома «ұқсас түрде нарықтық ықпалдар өзгерісіне әсер беретін, мысалы, купонның өзгермелі мөлшерінің облигациясы үшін келісімшарттардың басқа түрлеріне қажетті болғандардан төмен алғашқы таза инвестиция талап етілетіндіктен» туынды құралдар өлшемдеріне жауап бермейді.

Масалы: S субъектісі контрагентпен төлемдерді өзгермелі мөлшерде және төлемдерді пайыздың бекітлген мөлшерінде алуды қарастыратын, 100 миллион а.б. шартты сомасында пайыздық айырбастың бесжылдық келсімшартына отырады. Айырбастың өзгермелі бөлігі тоқсандық негізде LIBOR мөлшерінің есебімен қайта қаралады. Айырбас аясындағы бекітілген мөлшер бойынша пайыздық төлемдер айырбастың шартты сомасының 10 пайызын жүргізу негізінде есептелінеді, яғни жылына 10 миллион а.б.. S субъектісі алғытөлеммен өз міндеттерін айырбастың өзгермелі бөлігі бойынша ағымдағы нарықтық мөлшермен оның шығарылуы сәтінде жылына 100 миллион а.б. 10 пайыз бекітілген мөлшерінде пайыздық төлемдерді алу құқығын сақтай отырып төлейді.

Шарт бойынша ақша қаражаттарының ағымы аннуитетті төлемдермен бекітілген қаражаттық құралдар бойынша ақша қаражаттарының ағынына эквивалентті болады, солай болғандықтан, S субъектісі айырбастың әрекеттегі барлық уақытында жылына 10 миллион а.б. алып отыратынын біледі. Сондықтан басқа тең жайттарда келісімшарт бойынша пайыздық айырбастағы алғашқы инвестиция бекітілген аннуитеттен тұратын қаражаттық құрал бойынша алғашқы инвестицияға тең болуы шарт. Осылайша, өзгерістік мөлшер бойынша төлем мен пайыздың бекітілген мөлшері бойынша төлемді алуын қарастырып, туынды құрал болып табылатын келісімшарт аясындағы пайыздық айырбастағы алғашқы инвестиция нарықтық шарттар өзгерісіне ырық бермейді. Осы себеппен де құрал «Ұқсас түрде нарықтық ықпалдар өзгерісіне әсер беретін, мысалы, купонның өзгермелі мөлшерінің облигациясы үшін келісімшарттардың басқа түрлеріне қажетті болғандардан төмен алғашқы таза инвестиция талап етілетіндігіне» сай 29 ҚСҚЕХС өлшемін қанағаттандырмайды.Сондықтан, келісімшарт 29 ҚСҚЕХС бойынша туынды құрал болып есептелмейді. S субъектісі өзгермелі мөлшер бойынша пайыз төлемін жүзеге асырудағы өз міндеттерін орындай отырып, С контрагентіне қарыз береді.

B.5 Туынды аспаптың анықтауы: орнын толтыратын қарыздар

А субъектісі В субъектісіне бекітілген пайыздық мөлшерде бес жылға несие береді, ал сол уақытта В субъектісі А субъектісіне бес жылдық неситені сол сомада ауыспалы пайыздық мөлшер бойыншабереді. Несие беру барысында қарыздың негізіг сомасы болмайды, себебі А және В субъектілерінің өздерінің арасында өзара есеп келісімшарты бар. Бұл 29 ҚСҚЕХС сәйкес туынды құрал бола ала ма?

Иә. Бұл келiсiмдер яғни туынды құралдың анықтамасына жауап бередi (яғни, базалық өзгермелілік бар, алғашқы таза инвестиция талап етілмейді, немесе ұқсас түрде нарықтық ықпалдар өзгерісіне әсер беретін, мысалы, купонның өзгермелі мөлшерінің облигациясы үшін келісімшарттардың басқа түрлеріне қажетті болғандардан төмен алғашқы таза инвестиция тала етіледі). Осы несиелердің келісімшарттық нәтижелілігі алғашқы таза инвестициясыз пайыздық айырбасқа эквивалентті болып табылады. Туынды емес операциялар операция маңызы бойынша туынды құралдың туындауына алып келететіндіктен, аграегатталады және туынды құрал ретінде есепке алынады. Бұған келесі белілер көрсетеді:

Несие келiсiмшарттары бір-бірін есепке ала отырып, қорытындыланады;

Бір ғана несиелік тарабы;

Бір ғана несиелік тәуекелдік;

Бір ғана операцияның көмегімен шешуге бола алмайтын жекелей құрылымдық операцияларға арналған өзіндік шаруашылық немесе анық экономикалық қажеттіліктің болмауы.

29 ҚСҚЕХС 10 параграфындағы туынды құралдың анықтамасы нетто есептеуді талап етпейтіндіктен,егер А субъектісі мен В субъектісі неттолық келісімшартқа тұрмаса, тура осындай жауап қолданылады.

B.6 Туынды аспаптың анықтамасы: орындауы күтілмеген опциоандар



Туынды құралдарды анықтауда 29 ҚСҚЕХС, 10-параграфына сәйкес «оны есептеу болашақта жүргізіледі». Бұл өлшем тіпті, орындалмаған жағдайда, мысалы, орындалудың тиімсіз бағасына байланысты болса да орындала ма?

Иә. Опцион бойынша есеп оның орындалуы, немесе оның уақытының өтуімен жүргізіледі. Уақытының өтіп кетуіне байланысты мерзімінің бітуі өзінің есептеу қалыбын, егер тіпті, тараптар қосымша орын толтыулармен алмаспаса да көрсетеді.

B.7 Туынды аспаптың анықтамасы: сатылым көлеміне негізделген валюталық келісімшарттар

Оңтүстік африкалық ранд қызметтік валютасы болып табылатын XYZ оңтүстік-африка субъектісі Мозамбикке электр қуатын АҚШ долларына сатады. XYZ банкпен АҚШ долларын рандыға бекітілген айырбас курсы бойынша айырбастауға келісімшартқа отырады XYZ электр қуатын сатылуынан түскен Мозамбикке сатылым ауқымынан шыққан ранды АҚШ долларына бекітілген 6.00 айырбас курсына ауыстырылады. Бұл келісімшарт туынды құрал болып табыла ма?

Иә. Келісімшарт бойынша екі базалық өзгермелі бар, алғашқы таза инвестиция талап етілмейді немесе нарықтық факторлар, сонымен қатар төлеу ережелерінің өзгерісінің ықпалына ұқсас түрде жүретін, басқа келісімшарттар түрлеріне қажеттілерден азырақ алғашқы таза инвестиция талап етіледі. 29 ҚСҚЕХС сатылым көлемінде базаланатын өз қолданысының аясындағы туынды құралдарды шығармайды.

B.8 Туынды құралдың анықтамасы: алдын ала төленген форвард

Субъект бір жылдан кейін акцияны форвардтық бағамен сатып алуға келісімшартқа отырады. Ол келісімшарт шыққан уақытта акцияның ағымдағы бағасымен алдын ала төлем жасайды. Осы форвард туынды құрал болып табыла ма?

Жоқ. Бұл форвардтық шарт «Ұқсас түрде нарықтық ықпалдар өзгерісіне әсер беретін, мысалы, купонның өзгермелі мөлшерінің облигациясы үшін келісімшарттардың басқа түрлеріне қажетті болғандардан төмен алғашқы таза инвестиция талап етілетіндігіне» сәйкес туынды құралдың өлшемдеріне жауап бермейді.

Мысалы: XYZ субъектісі бір жылдан кейін бір миллион қалыпты Т акциясын сатып алуға форвардтық келісімшартқа отырады. Т акциясының нарықтық ағымдағы бір акциялық бағасы 50 а.б. тең, ал бір жылдан кейінгі Т акциясының форвардтық бағасы 55 а.б. бір акцияға беріледі. XYZ форвардтық келісімшарттың нәтижесі бойынша алғыпұл төлемі ретінде 50 миллион а.б. төлеуіне міндетті. Форвардтық шарт бойынша алғашқы инвестиция 50 миллион а.б., базалық өзгермелі шартты сомасына қарағанда төменірек, яғни бір миллион акция форвардтық бағасымен есептегенде 55 а.б. бір акцияға, немесе 55 миллион а.б. Алайда, алғашқы инвестиция басқа келісімшарттар түріне біздің күткеніміздей, нарықтық ықпалдарға ұқсас түрде ырық беретінін күткеніміздей, қажетті болатын инвестицияға шамамен тең болады, себебі Т акциясы келісімшартқа қол қойылып жатқан сәтте сол 50 а.б. бағасымен алынған болуы керек. Сәйкесінше, осы алдын ала төленген форвардтық келісімшарт туынды құралдағы бастапқы таза инвестицияның өлшемдерін қанағаттандырмайды.

B.9 Туынды құралдың анықтамасы: бастапқы таза инвестиция



Фючерстік келісімшарттар мен биржада саудаланатын шығарылған опциондар сияқты көптеген туынды құралдар маржиналды шоттың болуын талап етеді. Маржиналды есеп бастапқы таза инвестицияның бөлігі бола ала ма?

Жоқ. Маржиналды есеп туынды құралда бастапқы таза инвестицияның бөлігі бола алмайды. Маржиналды шот контрагентке, немесе есеп айырысу палатасына кепілдік түрін көрсетеді және ақша қаражаттары, құнды қағаздар және басқа да арнайы активтерді, әдетте, жойылған активтерді қабылдай алады. Маржинады есептер жеке есептелетін жеке активтерді танытады.

B.10 Саудаға арналған аспаптарды анықтау: құралдар портфелі, қысқамерзімді түсім алудағы үдерісі туралы куәландырылатын жақын арадағы операциялар.

Саудаға арналған қаржы активтері, немесе қаржылық міндеттерді анықтауға сәйкес «Қаржылық активтер, немесе қаржылық міндеттер саудаға арналғандар ретінде сыныптастырылады, егер олар .басқаруы бірге жүзеге асырылып, жуық арадағы операциялары қысқамерзімді пайда табу үдерісі турасында куәлік ететін теңдестірілген қаржылық құралдарының портфелінің бөлігі болып табылады». Осы анықтауды қолдану мақсатында «Портфель» ұғымы нені білдіреді?

Алайда, «Портфель» термині 29 ҚСҚЕХС мәтініде анық анықтама бермейді, бірақ бұл термин қолданысқа енген, портфель басқаруы осы топтың аясында жүзеге асырылатын қаржылық активтер мен қаржылық міндеттердің тобын көрсетеді (29 ҚСҚЕХС 10-параграфты қараңыз). Егер портфельдің бөлігі болып табылатын қаржылық құралдардың жақын уақыттағы операциялары қысқа мерзім ішінде пайда табу үдерісіне куәлік ететін болса, мұндай қаржылық құралдары егер тіпті, қандай да бір жеке қаржылық құралы, шынымен де, портфельде көптеген уақыттар бойына ұсталып қалса да, саудаға арналғандар ретінде сыныптастырылады.

B.11 Саудаға арналған аспаптардың анықтамасы портфельдің тепе-теңдігін ұстау.

А субъектісі үлестік және қарыздық құралдары бар инвестициялық портфельдерге ие. Басшылықтың құжаттандыруына сәйкес портфельді басқару барысында үлестік құралдармен байланысты портфель тәуекелі портфельдің жалпы құнынан 30 және 50 пайыз шек қойылуы керек. Инвестициялық басқарушылық портфель үлестік және қарыздық құралдарды сатып алу және сатудың орнатылған нұсқамалық жолымен портфельдің теңгерімдік өкілдігіне ие болады. А субъектісі бұл құралдарды саудаға арналғандар ретінде сыныптастыра ала ма?

Бұл А субъектісінің ойына және оның өткен уақыттардағы тәжірибесіне тікелей байланысты. Егер портфельді басқарушы портфель аясындағы олардың тәуекелдерімен байланыстағы теңгерім мақсатында құралдарды сатып алу және сатуына өкілетті болады, алайда, бұл ретте оларды саудаға салу деген ішкі ойына жете алмайды және өткен уақыттары қысқамерзімді пайда табуға арналған сауда тәжірибеде кездеспеді, бұл құралдар сатылымға арналғандардың ішіндегі ретінде сыныптастырыла алады. Егер портфельді басқарушы қысқамерзімді пайда табу үшін, құралдарды белсенді түрде сатып алып немесе сататын болса, онда қаражаттық құралдар портфельде саудаға арналғандар ретінде сыныптастырылады.

B.12 Өтеуге дейiн ұстап қалған қаржылық активтердi анықтау: индекске негізгі сомасы тіркелген

А субъектісі акция индексіне тіркеліп, бастапқы бағасы шығарылым уақытында 10 а.б. тең болып, сатып алу мерзімінде нарықтық бағасы 12 а.б. бойынша бес жылдық нота сатып алады. Шығарылым талаптары бойынша, пайыздар нот өтелгенге дейін төленбейді. Нотты өтеу барысында 10 а.б. оның шығарылым уақытындағы бастапқы бағасын төлеу және нотты өтеу мерзіміндегі ертеректе анықталған кейбір акцияның көрсетілген индексі асып кетпеуіне байланысты өтеудің қосымша сомасын төлеу талап етіледі. Егер акция индексі ертеректе анықталған деңгейден асып кетпесе, немесе оған тең болса, онда өтеудің қосымша сомасы төленбейді. Егер, акци индексі ертеректе анықталған деңгейден асып кетсе, онда қосымша өтеу сомасы өтеу сәтінде және нот шығарылымы сәтіндегі акциялар индексіне бөлінген нот шығарылымы сәтіндені акциялар индексінің деңейіне, акциялар индексінің деңгейі арасындағы айырмашылыққа 1.15 туындысы тең болады. А субъектісі ноталарды өтеуге дейін ұстап қалуын жоспарлайды. А субъектісі ноттарды инвестицияны өтеуге дейін ұсталғандар ретінде сыныптастыра ала ма?

Иә. Ноттар инвестицияның өтелуіне дейінгі ұсталатындар ретінде сыныптастырылуы мүмкін, себебі олар бекітілген өтеу мерзіміндегі 10 а.б. бекітілген төлемді қарастырады және А субъектісі оларды жоспарлайды және өтеу мерзіміне дейін ұстауы мүмкін (29 ҚСҚЕХС, 10-параграф). Алайда, индекске акцияны тіркеу негізгі қарыздық құралға тығыз байланысы бар болмаған опционды сатып алуды көрсетеді және 29 ҚСҚЕХС, 12-параграфымен келісе отырып, келтірілген туынды құрал ретінде есепке алынуы керек. Сатып алу бағасы 12 а.б. негізгі қарыздық құралдар мен келтірілген туынды құралдар арасында бөлінеді. Мысалы, егер, келтірілген опционның әділ құны сатып алу сәтінде 4 а.б. тең болса, онда негізгі қарыздық құрал бастапқы мойындалуда 8 а.б. болып өлшенеді. Бұл жағдайда, негізгі облигацияда (негізгі сома 10 а.б., азайту 8 а.б. бастапқы теңгерімдік құны) күңгірт танылған дисконт 2 а.б. мөлшерінде, пайыздың нәтижелі мөлшерлі тәсілін қолдана отырып, нотты өтеу мерзіміне дейінгі уақыттарда пайдаға, немесе шығынға амортизацияланады.

B.13 Өтеуге дейiн ұсталған қаржы активтерінің анықтамасы: индекске тіркелген пайыз.

Егер облигация бойынша пайыздық төлемдер тауар бағасына тіркелсе, ал субъект облигацияны өтеу уақытына дейін ұстайды және жоспарлайды, өтеудегі бекітілген төлем мен бекітілген өтеу мерзімін қарастыратын облигация өтеуге дейін ұсталатын инвестиция ретінде сыныптастырыла ма?

Иә. Алайда, тауардың бағасына пайыздық төлем индексациясы нәтижесінде әділ құны бойынша туынды құрал ретінде есепке алынатын және жекеленуі қажет болатын келтірілген туынды құрал туындайды (29 ҚСҚЕХС, 12-параграф). Негізгі қарыздық инвестиция (өтеудегі бекітілген төлем) келтірілген туынды құралдан (пайыздық төлемдер индексіне тіркелген) сөзсіз алшақ болуы қажет болғандықтан, 29 ҚСҚЕХС, 14-параграф жарамды емес.

B.14 Өтеуге дейiн ұсталған қаржылық активтер анықтамасы: сату рейтингісінің төмендетулерiнен кейiн

Ұсталғанның сатылымын инвестицияның өтелуіне дейін эмитенттің несиелік агенттігіндегі несиелік рейтінгісінің төмендеуінен кейін субъектінің басқа инвестицияларды өтеу мерзіміне дейін ұстауы турасындағы пиғылы сұрауы қойыла ма?

Мiндеттi түрде емес. Рейтингінің төмендеуі эмитенттің несие төлеу қабілетін төмендетуге куәлік ететін болады. 29 ҚСҚЕХС эмитенттің несие төлеу қабілеттілігінің сырттан қарағанда маңызды түрде төмендеуі 29 ҚСҚЕХС ережелерін қанағаттандырады және сондықтан да субъектінің инвестицияны өтеу мерзіміне дейін ұстауы пікірін, ойын мәселе етіп қоюдың қажеті жоқ. алайда, несие төлеу қабілеттілігінң төмендеуі бастапқы танудағы несиелік рейтингімен салыстыру бойынша маңыздырақ болуы керек. Бұдан өзге 29 ҚСҚЕХС талаптарын сақтау үшін, субъект инвестицияларды өтеуге дейінгі ұсталғандар ретінде сыныптастырғанда, рейтингінің төмендеуі субъектінің алдын ала қарастыруына негіз болмауы мүмкін. Басқа ақпаратпен үйлестікте рейтінгінің төмендеуі құнсыздануға куәлік етеді, несие төлеу қабілетінің төмендеуі әр уақытта маңызды болып қарастырылып отырады.

B.15 Өтеуге дейін ұсталған қаражаттық активтер анықтамасы: рұқсат етілген сатылымдар.

Басқарушының ауысуына байланысты басқа қаржылық активтерді өтеуге дейін ұсталғандар ретінде сыныптастыру күмәнінде қаражаттық активтерді төлеуге дейін ұсталғандар сатылымға тартылмай ма?

Иә. Басшылықтың ауысуы мәселесі 29 ҚСҚЕХС AG35-параграфында өтеуге дейін ұсталғандарды сыныптастыруды қанағаттандыратын өтеуге дейін ұсталғандардың санатынан сатылу, немесе ауыстырылу себебімен келтірілмейді.

Мысалы: Х субъектісінде өтеуге дейін ұсталғандар ретінде сыныптастырған қаражаттық құралдарының портфелі бар. Ағымдағы кезеңде басқарушылық органнның бұйыруымен субъектінің жоғарғы басшылығында ауыстырылым өтті. Жаңа басшылық өтеуге дейінгі ұсталғандардың бөлігін басқарушы органның белгілей отырып, бекіткен субъектінің стратегиялық әрекетін кеңейтуді жүзеге асыру мақсатында сатқысы келеді. Алдыңғы қызметте болған басшылық өз орнында субъектінің қызметінің басқы кезінен бастаған еді және Х субъектісі ешқашан да ірі қайта құрылу жағдайына тап болмаған, сондықтан да өтеу мерзіміне дейін ұсталғандар ретінде сыныптастырылғаннан қалған активтерді өтеу уақытан дейін ұстап, активтерді сату мәселесіне алып келеді.

B.16 Өтеуге дейін ұсталған инвестицияларды анықтау: нақты субъект капиталының деңгейінде талаптарды көтеру нәтижесіндегі сатылым.



Кейбір банктік секторды реттеуші органдар немесе экономиканың басқа секторындағылар нақты субъектілерге олардың тәуекелінің бағасы негізінде талаптар орнатуына болады. 29 ҚСҚЕХС AG35(e) параграфы өтеуге дейін ұсталған инвестицияларды сататын субъектінің реттеуші органның осы сектордағы капиталының деңгейін реттеуші органның күтпеген талаптарының маңызды түрде көтерілуінен мұны 29 ҚСҚЕХС сәйкес жасауына болатынын көрсетеді және мұнда субъектіге басқа инвестицияларын өтеуге дейін ұстауын мәселе етіп қоюдың міндетті емес. Инвестицияны өтеуге дейін ұсталғандарды сату нақты субъектінің капиталының деңгейіне реттеуші органның талабының маңызды түрде көтерілуікүдік тудырмай ма екен (яғни, жеке секторға, сектордыжалпылай алғанда емес, қойылатын капитал деңгейінің талаптары).

Иә, субъектінің мұндай өтеу мерзіміне дейін басқа қаржылық активтерді ұстап қалу ойы, егер субъект мұндай сатылымның 29 ҚСҚЕХС 10-шарттарын қанағаттандыра алатынын көрсете, таныта алмаса, «шарасыздық» жағдайына қалдырады., себебі ол субъектінің бақылауынан тыс жеке жағдай болуынан қайталаушы болып табылмайтындықтан, капитал деңгейінің талаптарын көтеру нәтижесі болып табылады және субъектінің мұндай жағдайдың болуын көре алатындай ойға қонымды негізі болмады.

B.17 Өтеуге дейін ұсталатын қаражаттық активтерді анықтау: қамсыздандыру кепілдігіне берілгендер, қайта сатып алудың келісімшарттары (репо) және құнды қағаздар түрінде қарыз беру туралы келісімшарттары.

Егер, субъектінің әрекеті оның қаржылық активті өтеуге дейін ұстауы туралы ойын бұзатын шектеулілікке ұшыраса, онда субъект инвестицияны ұстаудың анық мүмкіндігіне ие бола алмайды. Бұл кепілге қамсыздандыру ретінде берілген немесе басқа тарапқа репо аясында, немесе құнды қағаздар түріндегі қарыз түрінде беріліп, субъекті мойындауын жалғастырады, инвестиция өтеуіне дейін сақталғандар ретінде сыныптастырыла алмауынан қарыздық құрал бола ала ма?

Жоқ. Субъектінің қарыздық құралды өтеуге дейін ұстаудағы ойы мен мүмкіндігі мұндай құралды қамсыздандыру ретінде кепілге беруге немесе, егер, ол қайта сатып алу келісімшартының заттық құралы болып қалыптасса, немесе құнды қағаз түрінде қарызды беру келісімшартын табыстау жағдайында болса, шек қойылмайды. Алайда, субъект қарыздық құралдарға қол жеткізуді сақтай алмауын немесе қайтара алмауын күтсе, онда субъект осы құралдарды өтеуге дейін ұстауды көздеуге мүмкіндігі болмайды.

B18. Өтеуге дейінгі ұсталған қаржылық активтерді анықтау: көздеу компрометациясы.

Сұраусыз берілген тендерлік тапсырыстарға жауап ретінде А субъектісі өтеуге дейінгі ұсталғандар ретінде сыныптастырылған қаржылық активтердің көлемді сомасын экономикалық тиісмді жағдайларда сатады. Қаржылық құралдарды сатудағы осы уақыттан кейін алынғандар Осы мерзімнен кейін алынған қаржылық құралдарын А субъектісі өтеуге дейінгі ұсталғандар ретінде сыныптастырмайды. Алайда, субъект өтеуге дейін ұсталып қалып қойған инвестицияларды оның әлі де болса өтеуге дейін ұстауды көздеуінен қайта сыныптастырмайды. Субъект 29 ҚСҚЕХС талаптарын орындайды ма?

Жоқ. Өтеуге дейін ұсталғандар ретінде сыныптастырылған қаржылық активтердің аса маңызды емес сомаларын сатқанда немесе тапсырғанда, 29 ҚСҚЕХС 10 немесе 29 ҚСҚЕХС AG35 шарттарын бұзуға алып келеді, ешқандай қаржылық құралдары осы санатта сыныптастырылмайды. Сәйкесінше, өтеуге дейін ұсталып қалып қойған кез келген қаржылық активтері сатылуға арнала отырып, қайта сыныптастырылуы керек. Қайта сыныптастыру сатылым, немесе тапсырыс берген уақыттарындағы есеп беру кезеңіндегі есептеуде көрінеді және 29 ҚСҚЕХС 60 сәйкес, сыныптастыру өзгерісі терінде есепке алынады. 29 ҚСҚЕХС 10 субъект қаржылық активтерін өтеуге дейінгі ұсталғандар ретінде қайта сыныптастырудан бұрын кем дегенде толық екі қаржылық жылдан өтуіне міндетті екенін түсіндіреді.

B.19 Өтеуге дейін ұсталған инвестициялар анықтамасы: «Көздеу компрометациясы» ережелерін қолдану мақсаты үшін, бөлімшелерге сыныптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет