АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым



бет58/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   95



МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР – 31 ҚСҚЕХС
ҚСҚЕХС тарихы
Бұл нұсқа ҚСҚЕХС 2012 жылғы 15 қаңтардағы жағдайы бойынша енгізілген өзгерістерді қамтиды.
«Материалдық емес активтер» 31 ҚСҚЕХС 2010 жылдың қаңтарында жарияланды.
31 ҚСҚЕХС қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің келесі халықаралық стандарттарымен түзетулер енгізілді:


  • 32 ҚСҚЕХС «Қызметті ұсынуға концессиялық келісім: концедент» (2011 жылдың қазан айында жарияланған)




  • «ҚСҚЕХС жетілдіру» (2011 жылдың қазан айында жарияланған)


31 ҚСҚЕХС өзгертілген параграфтардың кестесі

Өзгертілген

параграф


Қалай өзгертілді

Төмендегілермен

өзгертілді

Кіріспе параграфтар

Алынып тасталынған

2011 жылғы қазан, ҚСҚЕХС жетілдіру

6

Өзгертілген

2011 жылғы қазан, ҚСҚЕХС 32

132А

Жаңа

2011 жылғы қазан, ҚСҚЕХС 32


2010 жылғы қаңтар

МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР – 31 ҚСҚЕХС

МАЗМҰНЫ




Параграф

Мақсаты ....................................................................................................

1

Қолдану аясы …………………………………..……………………….

2–15

Мәдени-тарихи құндылықтардан тұратын материалдық емес активтер …………………………………………………………….

11–15

Анықтамалар ............................................................................................

16–25

Материалдық емес активтер ........................................................

17–20

Активтерді бақылау ........…………..……..………………….

21–24

Болашақ экономикалық пайда ……..………………………...

25

Мойындау және бағалау ……………………..………………………...

26–65

Жеке сатып алу ………….……

32–39

Зерттеулер мен әзірлемелердің сатып алынған аяқталмаған жобаларына қатысты кезекті шығындар ………….……………..

40–41

Айырбастық емес операциялар арқылы сатып алынған материалдық емес активтер ………………………………………

42–43

Активтермен алмасу …………………………………..…………..

44–45

Ішкі құрылған материалдық емес Гудвилл ……………………...

46–48

Ішкі құрылған материалдық емес активтер ……………………...

49–51

Ішкі құрылған материалдық емес активтер ..........................

52–54

Әзірлеу сатысы ........................................................................

55–62

Ішкі құрылған материалдық емес активтің нақты құны ......

63–65

Шығынды мойындау .............................................................................

66–70

Актив ретінде мойындалмайтын өткен шығындар .....................

70

Мойындаудан кейінгі бағалау ..............................................................

71–86

Өзіндік құн бойынша есепке алу моделі ......................................

73

Қайта бағаланған құн бойынша есепке алу моделі .....................

74–86

Пайдалы қызмет мерзімі .......................................................................

87–95

Пайдалы қызметтің соңғы мерзімі бар материалдық емес активтері

96–105

Амортизация мерзімі және амортизацияны есептеу әдісі ...........

96–98

Жою құны .........................................................................................

99–102

Амортизация мерзімі мен амортизацияны есептеу әдісін талдау

103–105

Пайдалы қызметтің анықталмағандық мерзімі бар материалдық емес активтер ..........................................................................................

106–109

Пайдалы қызмет мерзімін бағалауды талдау ...............................

108–109

Теңгерімдік құнның орнын толтыру — құнсызданудан алынған шығындар ................................................................................................

110

Пайдалануды тоқтату және есептен шығару .......................................

111–116

Ақпаратты ашып көрсету ......................................................................

117–127

Жалпы ережелер ..............................................................................

117–122

Қайта бағаланған құн бойынша есепке алу моделін қолдану арқылы мойындаудан кейін өлшенетін материалдық емес активтер .............................................................................................

123–124

Зерттеуге және әзірлеуге кететін шығындар .................................

125–126

Басқа да ақпарат ...............................................................................

127

Өтпелі ережелер ......................................................................................

128–131

Күшіне ену күні ………………………………………………………...

132–133

A қосымшасы: қолдану бойынша басшылық

B қосымшасы: ҚСҚЕХС басқа түзетулер

Қорытынды жасауға негіз

Көрнекі мысалдар



38 ҚЕХС салыстыру






«Материалдық емес активтер» 31 Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты 1–133 параграфтарында мазмұндалған. Барлық параграфтар тең күшке ие. 31 ҚСҚЕХС оның мақсатына, қорытынды жасауға негізіне және «Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына» алғысөз мәнмәтінінде оқылуы тиіс. «Есеп саясаты, бухгалтерлік бағалаудағы өзгертулер мен қателіктер» 3 ҚСҚЕХС нақты нұсқаулар болмаған жағдайда есеп саясатын таңдау және қолдану үшін негізді ұсынады.


Мақсаты

  1. Осы Стандарттың мақсаты – басқа Стандартта нақты нұсқаулары жоқ материалдық емес активтердің есепке алу тәртібін анықтау болып табылады. Осы Стандарт субъектінің материалдық емес активті белгілі бір өлшемдер сақталған кезде ғана мойындауын талап етеді. Стандарт материалдық емес активтердің теңгерімдік құнын өлшеу тәртібін анықтайды және материалдық емес активтер туралы белгілі бір ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді.

Қолдану аясы

  1. Есептеу әдісі негізінде қаржылық есептілікті әзірлейтін және қолданатын субъект осы Стандартты материалдық емес активтерді есепке алу үшін, пайдалануы қажет.




  1. Осы Стандарт төмендегі жағдайлардан басқа материалдық емес активтерді есепке алу кезінде қолданылуы тиіс:




    1. Басқа стандарттың талабына сәйкес материалдық емес активтер;



    1. «Қаржы құралдары: ақпарат ұсыну» 28 ҚСҚЕХС анықталған мәндегі қаржылық активтер;



    1. Барлау және бағалаумен байланысқан активтерді мойындау және өлшеу (пайдалы қазбалар қорларын барлау және бағалаумен байланысқан қаржылық есептіліктің сәйкес халықаралық және ұлттық стандартын қараңыз);



    1. Минералды ресурстар, мұнай, табиғи газ және ұқсас қалпына келтірілмейтін ресурстарды әзірлеу және өндіруге кететін шығындар;



    1. Бизнесті біріктіру бойынша шарттардың аумағында сатып алынған материалдық емес активтер (бизнесті біріктірумен байланысқан қаржылық есептіліктің сәйкес халықаралық және ұлттық стандартын қараңыз);



    1. Бизнесті біріктіру бойынша шарттардың аумағында сатып алынған гудвилл(бизнесті біріктірумен байланысқан қаржылық есептіліктің сәйкес халықаралық және ұлттық стандартын қараңыз);



    1. Заң, конституция немесе эквивалентті құжаттармен ұсынылған құзыреттіліктер мен құқықтар;



    1. Мерзімі өтіп кеткен салық активтері (табыс салығымен байланысқан қаржылық есептіліктің сәйкес халықаралық және ұлттық стандартын қараңыз);



    1. Келісімшарттарымен байланысқан сәйкесінше халықаралық және ұлттық стандартты қолдану аясына кіретін сақтандыру келісімшарттары бойынша сақтандырушының құқықтарының келісімшарттарына негізделген материалдық емес активтерді сатып алуға кететін шығындардың кейінге қалдырылуы тиіс. Егер сәйкес халықаралық және ұлттық стандарт осындай материалдық емес активтерге қатысты ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын белгілі бір талаптарды анықтамайтын болса, онда мұндай материалдық емес активтерге қатысты осы Стандартпен анықталған ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын талаптар қолданылады;



    1. Қаржылық есептіліктің тиісті халықаралық немесе ұлттық стандартына сәйкес сатуға арнап сыныптастырған (шығу тобына кіретін) және сату, немесе тоқтатылған қызметке арнап сыныптастырған ұзақ мерзімді материалдық емес активтер; және



    1. Мәдени-тарихи құндылықтарды ұсынатын материалдық емес активтерге қатысты. Сонымен бірге мәдени-тарихи құндылықтарды ұсынатын активтерге қолданылатын 115–127 параграфтарында мазмұндалған ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын талаптар расталады.



  1. Осы Стандарт мемлекеттік коммерциялық кәсіпорындардан басқа қоғамдық сектордың барлық субъектілеріне қолданылады.



  1. ҚСҚЕХСК жарияланған «Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандартының алғы сөзінде» мемлекеттік коммерциялық кәсіпорындардың (МКК) ҚЕХСК жарияланған ҚЕХС қолданатындығы жөнінде түсіндіріледі. МКК түсінігі «Қаржылық есептілікті ұсыну» 1 ҚСҚЕХС анықтама ретінде келтірілген.



  1. Егер өзге Стандарт материалдық емес активтің нақты түрін есепке алу тәртібін белгілесе, субъект мұндай Стандартты осы Стандарттың орнына қолдануы тиіс. Мысалы, осы Стандарт:



  1. Қарапайым қызмет барысында сатуға арналған субъектінің материалдық емес активтері («Құрылыс келісімшарттары» 11 ҚСҚЕХС және «Қорлар» 12 ҚСҚЕХС қараңыз);



  1. «Жалгерлік» 13 ҚСҚЕХС қолдану аясына кіретін жалдау бойынша келісімшарттар;



  1. Қызметкерлерге сыйақы төлеумен байланысқан активтер («Қызметкерлердің сыйақысы» 25 ҚСҚЕХС қараңыз); және



  1. 28 ҚСҚЕХС белгіленген мәндегі қаржылық активтер. Кейбір қаржылық активтерді мойындау және бағалау «Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілік» 6 ҚСҚЕХС, «Қауымдасқан субъектілерге инвестиция салу» 7 ҚСҚЕХС және «Біріккен қызметке қатысу» 8 ҚСҚЕХС сәйкес қарастырылады;



  1. «Қызмет көрсетуге концессиялық келісім: Концедент» 32 ҚСҚЕХС қолданылу аясындағы концессиялық активтерді мойындау және бағалау. Алайда, осы стандарт мұндай активтерді кезекті бағалау мен олар туралы ақпаратты ашып көрсетуде қолданылады.



  1. Кейбір материалдық емес активтер физикалық субстанцияда, мысалы, компакт-дискіде (бағдарламалық қамтамасыз ету ретінде), құқықтық құжаттамада (лицензия немесе патент ретінде) немесе таспада болуы мүмкін. Материалдық және материалдық емес элементтері бар актив Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар 17 ҚСҚЕХС сәйкес есептелу немесе осы Стандартқа сәйкес материалдық емес актив сияқты есептелу қажеттігін анықтау кезінде субъект мұндай элементтердің қайсысының маңызды екені туралы кәсіби ойлауды қолданады. Мысалы, бағдарламалық басқару арқылы жұмыс істейтін станок үшін нақты жасалған бағдарламалық қамтамасыз етусіз жұмыс істей алмайтындықтан, мұндай бағдарламалық қамтамасыз ету станоктың құрамдас бөлігі болып табылады және жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар ретінде есептелуі тиіс. Бұл компьютердің операциялық жүйесіне де қатысты. Бағдарламалық жабдықтар тиісті аппараттық құралдардың бөлігі болып табылмайтын материалдық емес актив ретінде есепке алынады.



  1. Осы Стандарт басқалармен қатар жарнама, дайындық, жіберу жұмыстарының, зерттеулер мен әзірлемелер шығындарына қолданылады. Зерттеу және әзірлемелер саласындағы қызмет білімнің дамуына бағытталған. Сол себепті мұндай қызмет түрі активтің физикалық субстанциясының пайда болуына әкелсе де (мысалы, тәжірибелік үлгі), активтің физикалық элементі материалдық емес активке, яғни бұл активтегі білімге, қатысты екінші орында болып табылады.




  1. Қаржылық жалдау кезіндегі актив материалдық, сондай-ақ материалдық емес болуы мүмкін. Бастапқы мойындаудан кейін жалға алушы осы Стандарт бойынша қаржылық жалға алу (беру) шарты бойынша ұсталынатын материалдық емес активті есепке алады. Кинофильмдер, бейнежазбалар, пьесалар, қолжазбалар, патенттер және авторлық құқықтар сияқты баптарға қатысты лицензиялық келісім бойынша құқықтар 13 ҚСҚЕХС қолданылу аясынан шығарылады және осы Стандарттың қолданылу аясында болады.



  1. Халықаралық қаржы есептілігінің стандартының қолданылу аясынан шығуы, егер қызметтің және операциялардың белгілі бір түрлері басқаша шешілуі ықтимал есепке алу мәселелерінің пайда болуына әкеліп соқтыратын барынша арнайы сипатқа ие болған жағдайда, орын алуы мүмкін. Мұндай мәселелер өндіру салаларында мұнайды, газды және минералдық ресурстарды барлауға, өңдеуге және өндіруге арналған шығындар бойынша, сондай-ақ сақтандыру шарттарына байланысты туындайды. Тиісінше, осы Стандарт осындай қызмет түрлеріне және осындай шарттарға арналған шығындарға қолданылмайды. Алайда, осы Стандарт өндіру салаларында немесе сақтандыру ұйымдарында қолданылатын басқа материалдық емес активтерге (компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету сияқты) және басқа да (іске қосу жұмыстарына арналған шығындар сияқты) шығындарға қолданылады.


Мәдени-тарихи құндылықтардан тұратын материалдық емес активтер

  1. Осы Стандарт субъектінің материалдық емес активтерді мойындау және растау өлшемдеріне сәйкес келетін мәдени-тарихи құндылықтардан тұратын материалдық емес активтерді мойындауын талап етеді. Егер субъект мәдени-тарихи құндылықтардан тұратын материалдық емес активтерді мойындаса, ол осы Стандарттың ақпаратты ашу бойынша талаптарын қолдануы тиіс және оған өлшеу бойынша осы Стандарттың талаптарын қолдануға рұқсат етіледі, бірақ талап етілмейді.



  1. Кейбір материалдық емес активтер мәдени, экологиялық немесе тарихи маңыздылығы бойынша мәдени-тарихи құндылықтардан тұратын материалдық емес активтер ретінде сипатталады. Мәдени-тарихи құндылықтардан тұратын материалдық емес активтердің мысалдары маңызды тарихи оқиғалардың жазбаланған материалдарынан және пошта маркалары немесе жинақтық тиындарда белгілі қоғамдық субъектінің портреттерін пайдалану құқығынан тұрады. Төменде келтірілгендерді қоса, белгілі бір сипаттамалар мәдени-тарихи құндылықтардан тұратын материалдық емес активтер ретінде сипатталады (алайда бұл сипаттамалар материалдық емес активтердің санатына жатпайды):

(а) Нарықтық бағаға қатысты негізделетін қаржылық шамаларды белгілеуге болатын мәдени, экологиялық және тарихи мәндегі олардың құны;

(b) Заңды және/немесе заңнамалық міндеттемелер сату тәсілі арқылы тыйым, немесе қатаң шектеулер салады;


(с) Олардың құны уақыт бойынша жоғарылайды; және

(d) Бірнеше жүзжылдық қарсаңында созылуы мүмкін пайдалы қызметтің мерзімдерін бағалау күрделі.



  1. Қоғамдық сектордың субъектілері бірнеше жыл қарсаңында және әр түрлі тәсілдермен сатып алынған мәдени-тарихи құндылықтардан тұратын материалдық емес активтердің көп бөлігіне иелік ете алады. Мұндай активтерді ақшалай ағындарды туындату мақсатында сирек сақтайды, сонымен қатар оларды сол мақсатта пайдалану үшін, заңды немесе әлеуметтік кедергілер орын алуы мүмкін.



  1. Мәдени-тарихи құндылықтардан тұратын материалдық емес кейбір активтер олардың мәдени-тарихи құндылықтарынан ерекшеленетін болашақ экономикалық табыстарынан немесе сервистік потенциалынан тұрады, мысалы, тарихи жазбаны пайдаланғаны үшін субъектіге төленген роялти. Бұл жағдайда, мәдени-тарихи құндылықтардан тұратын материалдық емес активті ақшалай қаражаттарды туындататын материалдық емес активтердің басқа да салаларының негізінде мойындауға және өлшеуге болады. Мәдени-тарихи құндылықтардан тұратын материалдық емес басқа да активтерге қатысты олардың олардың болашақ экономикалық табыстары немесе сервистік потенциалы олардың мәдени-құндылықтарымен байланысқан сипаттамалармен шектелген. Болашақ экономикалық табыстардың немесе сервистік потенциалдың болуы өлшеу базасын таңдауға әсер етуі мүмкін.




  1. 117–124 параграфтарындағы ақпаратты ашып көрсету талаптары субъектілердің мойындалған материалдық емес активтер туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді. Мәдени-тарихи құндылықтардан тұратын материалдық емес активтерді мойындайтын субъектілерден мұндай актирге қатысты келесі аспектілерден тұратын ашып көрсетулерді талап етеді:

(a) Бағалаудың қолданылу негізі;

(b) Өтемпұлды есептеу әдісі;

(c) Жалпы теңгерімдік құн;

(d) Мерзім соңындағы жинақталған өтемпұл; және

(e) Белгіленген компоненттерді көрсете отырып, мерзім басындағы және соңындағы теңгерімдік құнның тексерісі.



Анықтамалар

  1. Осы Стандартта келесі мәндерге ие терминдер қолданылады:


Амортизация - бұл материалдық емес активтің пайдалы қызмет ету мерзіміндегі амортизацияланатын соманың жүйелік бөлінуі.

Әзірлемелер - бұл ғылыми жаңалықтарды немесе басқа білімдерді жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған материалдарды, құрылғыларды, өнімдерді, үдерістерді, жүйелерді немесе қызметтерді оларды коммерциялық өндіруді немесе қолдануды басталмас бұрын жоспарлау немесе құрастыру үшін қолдану.

Материалдық емес актив - бұл физикалық нысаны жоқ бірегейлендірілетін ақшалай емес актив.

Зерттеулер - бұл жаңа және техникалық білімдерді алу перспективасы үшін жасалатын өзіндік ерекше және жоспарлық ғылыми ізденістер.

Басқа ҚСҚЕХС анықталған терминдер осы Стандартта бірдей мағынада қолданылады және жеке жарияланған Глоссарий терминдерінде келтіріледі.

Материалдық емес активтер

17. Субъекттілердің ғылыми немесе техникалық білімдер, жаңа процестер мен жүйелерді әзірлеу немесе енгізу, лицензиялар, интеллектуалдық меншік, нарық білімі және тауар белгілері (тауар маркалары мен баспа құқықтарын қосқанда) сияқты материалдық емес активтерді сатып алу, әзірлеу, қызмет көрсету немесе нығайту кезінде ресурстарды жиі жұмсайды. Осындай ауқымды санаттар қамтитын баптардың кеңінен тараған үлгілері болып компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету, патенттер, авторлық құқықтар, кинофильмдер, клиенттердің тізімі, ипотекаға қызмет көрсету құқығы, балық аулау лицензиялары, импорттық квоталар, франшизалар, клиенттермен, немесе жеткізіп берушілермен қарым-қатынастар, клиенттердің икемділігі, нарықтың үлесі және өткізу құқықтары болып табылады.

18. 17-параграфта көрсетілген баптардың барлығы материалдық емес активтердің анықтамаларына, яғни сәйкестендіру, ресурстарға бақылау жүргізу және болашақ экономикалық табыстардың болу көрсеткіштеріне жауап бермейді. Осы Стандарттың әрекет ету саласындағы бап материалдық емес активтің анықтамасына жауап бермесе, мұндай активті сатып алуға немесе ішкі өндіріске жұмсалған шығындар орын алған кезде шығыс деп танылады. Бірақ, егер бап субъект біріктіру кезінде сатып алынған болса, ол сатып алу күніне танылатын гудвиллдің бөлігі болып табылады.

19. Активті анықтауға болады, егер ол:

(а) Бөліне алатын болса яғни субъектінің оны бөлу ниеті болу-болмауына қарамастан, субъектіден жекелеп, не болмаса тиісті шартпен, активпен немесе міндеттемемен бірге бөліне алатын немесе ажырай алатын, оны сатуға, беруге, лицензиялауға, жалға беруге немесе айырбастауға болатын болса; немесе

(b) Бұл құқықтардың субъектіден немесе басқа құқықтардан және міндеттемелерден басқаға берілу немесе бөліну мүмкіндігі болу-болмауына қарамастан, актив келісімшарттық немесе басқа заңдық құқықтардан туындайтын болса.

20. Осы стандарттың мақсаты, міндетті келісім бірдей құқық пен міндеттемелер келісімнің формасын анықтау болып табылады.

Активтерді бақылау

21. Егер субъект ресурстың негізінде түсетін болашақ экономикалық табыстарды алуға құқылы болса және бұл табыстарға өзге субъектілер мен тұлғалардың қол жетуін шектей алатын болса, актив субъектінің бақылауында болып есептеледі. Субъектінің материалдық емес активтен алатын болашақ экономикалық табыстарды бақылау қабілеттілігі әдетте сот тәртібінде ықтиярсыз жүзеге асырыла алатын заңды құқықтардан туындауы мүмкін. Заңды құқықтар болмаған жағдайда, бақылауды жүзеге асыру неғұрлым қиын мақсат болып табылады. Бірақ субъект болашақ экономикалық табыстарды басқа да тәсілдер арқылы бақылай алатындықтан, бақылау үшін, сот тәртібінде ықтиярсыз жүзеге асыру қажетті шарт болып табылмайды.

22. Нарықтық және техникалық білімдер болашақ экономикалық табыстардың пайда болуына мүмкіндік жасайды. Субъект бұл табыстарды, мысалы, мұндай білімдер заңды құқықтар арқылы, сондай-ақ авторлық құқықтармен, сауда шартында көзделген шектеулер арқылы (мұндайға рұқсат етілген) немесе қызметкерлердің құпиялылықты сақтауы бойынша заңды міндеттерімен қорғалған жағдайда бақылай алады.

23. Субъектіде жоғары білікті қызметкерлер тобы болуы мүмкін және субъект бұл қызметкерлерді дайындау нәтижесінде болашақ экономикалық табыстарға әкелетін қызметкерлердің қосымша дағдыларын бірегейлендіре алуы мүмкін. Сонымен қатар субъект қызметкерлердің оған өз қызметін одан әрі көрсетуін күтуі мүмкін. Бірақ әдетте субъектінің білікті және даярланған қызметкерлердің болуынан пайда болатын болашақ экономикалық табыстарға, бұл баптар материалдық емес активтің анықтамасына сәйкес болатын, тиісті дәрежедегі бақылауы жоқ. Ұқсас негіздер бойынша басқару немесе техникалық қызметкерлердің нақты сипаттамалары, егер оларды пайдалану және олардан болашақ экономикалық табыстарды алу заңды құқықтармен қорғалмаған жағдайда, сондай-ақ материалдық емес активтің анықтамасының басқа тармақтарына жауап бермесе, материалдық емес активтердің көрсеткіштеріне сәйкес болмауы ықтимал.

24. Кейбір жағдайларда субъектінің клиенттер қоржыны немесе нарықтың бөлігі болып, клиенттермен қарым-қатынастарды орнатуына жұмсалған талпыныстарына және клиенттердің икемділігінің арқасында оның клиенттердің одан әрі ынтымақтасуын күтеді. Бірақ клиенттермен байланыс немесе олардың икемділігін қорғауға заңды құқықтардың немесе бақылаудың өзге жолдары болмаған жағдайда, субъект әдетте клиенттермен байланыстарының немесе олардың икемділігінің нәтижесінде пайда болатын болашақ экономикалық табыстарға, бұл баптарды (клиенттер қоржыны, нарық бөлігі, клиенттермен байланыс, клиенттердің икемділігі) материалдық емес активтің анықтамасын қанағаттандырады деп мойындау үшін, тиісті бақылауы жоқ. Клиенттермен байланыстарды қорғауға заңды құқықтардың болмауына қарамастан, мұндай немесе ұқсас шарттық емес байланыстарға қатысты (ұйымдарды біріктіруден тыс) жүзеге асырылатын айырбастау операциялары субъектінің клиенттермен мұндай байланыстардан күтетін болашақ экономикалық табыстарды бақылай алатындығын куәландырады. Сонымен бірге, мұндай айырбастау операциялары клиенттермен байланыстардың бөлінетіндігін куәландыратындықтан, мұндай байланыстар материалдық емес активтердің көрсеткіштерін қанағаттандырады.

Болашақ экономикалық пайда

25. Материалдық емес активтерден туындайтын болашақ экономикалық пайдалар тауарларды сату немесе қызмет көрсетуден алынған табыстарды, шығындардың үнемделуін немесе субъектінің активті қолдануының нәтижесі болып табылатын басқа табыстардан құралуы мүмкін. Мысалы, интеллектуалдық меншікті өндіріс барысында пайдалану болашақ табыстарды ұлғайтпай, болашақ өндірістік шығындарды қысқартуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет