Аннотация Зерттеу мақсаты



Дата17.07.2016
өлшемі77.2 Kb.
#205872
Атырау облысы Махамбет ауданы Есбол орта мектебі

Мұқағали мен Фариза поэзиясындағы үндестік

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Аманғалиева Құралай Қанатқызы

2014-2015 оқу жылы


Аннотация


Зерттеу мақсаты: Поэзиялық шығармаларды бір – бірімен салыстыра талдау арқылы ортақ тақырып, идея үндестігін ажырату
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Әдебиетімізді ақын – жазушылардың шығармаларын түсініп оқып, салыстыра талдау нәтижесінде шығармаларындағы үндестікті ажырата білгенде ғана, қазіргі

Заманда сыни тұрғыда жан – жақты жетілген тұлға қалыптасары сөзсіз.


Зерттеудің әдісі: Ақындардың шығармаларын жинақтау, танысу, оларға талдау жасау.
Зерттеудің жаңалығы: Ақындар шығармаларын салыстыра отырып, бір – бірімен салыстыра талдау нәтижесінде шығармалардағы ұқсастық, яғни үндестіктеріне талдаулар жасалынды.
Жұмыстың қорытындысы: Ақындардың шығармаларын салыстыра талдап, іздену арқасында ақындар поэзиясындағы үндестікті ажырата білуді меңгердім.
Жұмыстың нәтижесі: Оқушылардың сөздік қорын молайту, танымдық қабілетінің дамуына ықпал ету, сөздердің мағынасын терең түсініп, шығармаларға талдау жасау дағдысын қалыптастыру.

МАҚСАТЫМ: Мұқағали, Фариза шығармаларын жеке – жеке оқи отырып, бір-бірімен салыстыра талдау арқылы екі ақын шығармаларындағы ортақ тақырып, идея үндестігін ажырату.

ЖОСПАР
І.Кіріспе

Сөз атасы - өлең, поэзия


ІІ. Негізгі бөлім

  1. Поэзия әлеміне үлес қосқан талант иелері

  2. Ақындар сезіміндегі үндестік

  3. Ақын жүректеріндегі сенімділік

  4. Туған жерге деген сағыныш

ІІІ.Қорытынды

Ұлттық дәстүр жалғастығы

Мұхтар Әуезов «Әлемде сөзден күшті не бар екен ? » деп таңданған екен. Шынында, адам баласының атам заманнан бергі асыл ойларын сақтап келе жатқан тозбас сандығы, осы сөз – ау! Сөз – керемет құдірет, сөз күш - қуат. Ал сол сөздің де – сөзі бар. «Сылдырап өңкей келісім, тас бұлақтың суындай» деп Абай айтқандай, сөздің атасы - өлең, поэзия. Поэзия – табиғаттың өзі сияқты, белгілі бір ырғаққа түскен, үзуге болмайтын дүние. Поэзия – адам сезімінің, ақыл – ойының, жүрегінің серігі. Ол сезімнің сөзбен жазылған шындығы. Мұңайса да, қуанса да, жыласа да, шындықты сыртқа шығарады.

Фариза Оңғарсынова, Мұқағали Мақатаевтар қазақ поэзиясына өз үні, өз әуенімен үлес қосқан талант иелері. Фариза өлеңнің «тілге жеңіл, жүрекке жылы» тию тәсілдерін қаласа, Мұқағали қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытып, реалистік тұрғыда оның құдіреттілігін танытты.

Ақын жүректер нәзік, сезімтал келеді. Кей – кейде өмірден безініп, ол өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез-келген адам ақын жанын түсіне бермейді. Ақынды ақын жұбатады.

Ақынды ақын оятпаса болмайды.

Ақынды ақын таяқтаса ол - қайғы,

Ақынды ақын сүймесе болмайды.

Ақынды ақын күйелесе ол - қайғы.

Қиналғанда нағыз ақын өзінің тілін ұғатын ақын іздейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны, Фариза Мұқағалиды тапты. Осылай сыр бөліскен, тіл ұғысқан екі ақын шығармаларында ортақ тақырып, идея үндестігі ұлттық дәстүр жалғастығы бар.

Фаризаның беріліп шабытпен, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы махаббат, сүйіспеншілік.Қалыптасқан үлгідегі жырлар алғашқы сезімді, құмарту, елту, құлап жығылу сәттерін бейнелейді.Көбінесе қызыл-жасыл бояу, алабұртқан ағыстар басым жататын өлеңдерге ет үйренген.Ал енді бүгінгі адамның басындағы небір қиюы қашқан шақта, біреу сүйіп, екіншісі сүймеген , біреу адал, екіншісі опасыз, мансапқор, дәулет-абыройға жетсе де, жүрегі жылу таппаған, сарыла тосып күтумен ғұмыр өткізген жандардың тартысты, драмалы көңіл-күйі, трагедиялық ситуациялар бейнеленеді.Сондайда кейде көзіңе жас үйірілтер мұңлы, кейде өзегіңді өртердей ащы, кейде селт еткізер жігерлі, сан алуан қиянатты жырлар алдыңнан шығады.Сезімін бүркемелеп, шымылдықтың ар жағында ұстаған «жіңішке» жолды қыздарымыздың бүгінгі сезім әлеміндегі байлық, рухани терең толғаныс, сұлулық, әсемдік, келісім мұраттары, адамгершілік нысана биіктігі көңіл тоғайтады.

Мұқағали әйелдің ішкі жан иірімдерін суреттеуде өзіндік соқпағын салған суреткер.Нәзік те қарапайым тілмен жазылған жинақы шығармаларында ол әйел кейіпкерлердің жан дүниесіне бойлай отырып, оның кәусар бұлақтың сылдыры секілді өзгеше күйін шертуге талпыныс жасайды.Оның өлеңіндегі әйел бейнесі (мейлі ол қыз бала, ана, кейуана) өзіндік рухани тазалығымен құнды.Әйел бойындағы адамдық қасиетті биік шыңға көтере отырып, оның арманы мен мақсатын білуге ұмтылады.

Мәселен, Фаризаның «Мен сені қызғанамын» өлеңі

Мен сені қызғанамын

Қадіріңді біреулер білмегенде,

Сені сырттай көре алмай күндегенде.

өзің жайлы орынсыз мысқыл айтса,

Қаным қайнап кетеді

«...Осыған да шүкірлік. Пақырлық қой

Қызғанышсыз, жалынсыз күн көрем деу

Мұқағалидың «Мен сені сағынғанда...»

Мен сені қызғанамын,

Қызғаныштан мұз шайнап,

Тұз жаладым.

Шаңқылдап алдымнан шық

Ана-қыран

Алыстан келеді ұшып мұзбалағың

Екі ақын да қызғанышты жалаң күйінде алмай, махаббат сезімімен, сағынышпен салыстырмалы түрде алған. Ақындар сүйгеніне деген ыстық ықыластарын, сүйіспеншілігін осылай жырлай отырып, нәзік сезімін тебіреніспен жеткізе біледі. Мұқағали тағдырдың теперішін тартып жаны қиналған сәттерінде Аллаға сыйынып, ертеңгі күннен үміт үзбейді. Келер күннің шашылған шуағымен айналасына жақсылық әкелетінін, сол шуақтан адам жаны жылынып, қуат алып, өмір өткелдерінен қаймықпай өтіп алға жылжи беретіні, осының бәрі тек жаратушының адамға берген күш – қуатының нәтижесі екеніне ақын сеніп өзгені де иландырғысы келеді. Оның «Аллаға сенемін, сеніп өтемін, жаратушы бар» деуі сондықтан. Сол сенімділік ақынды алға жетелейді.

Сатқан емен

Сатпаймын дінімді мен,

Өлмейтұғын, өшпейтін күнім білем.

Алла есімі -жүрегім жұдырықтай,

Жүрегімнің соққанын біліп жүрем,- деп жырлайды.

Ақын Алланы жүрегіне сақтап, соған имандай сенгенін айтады. Бұл ақын жүрегіндегі ұлы сенімділік. Сол сенімділік ақын жанына күш береді, рухтандырады. Ақын Алланың құдіретіне ешқандай шек келтірмейді. Жаны қысылғанда сыйынары да, жақсылық күтері де, жұбанышы да тек қана Алла

Жаратушы жалғыз ием қуат бер,

Азабымды, тозағымды жеңейін.

Жаратушы жалғыз ием шуақ бер,

Өзіме де, өзгеге де төгейін,- десе,

Дағдарыс кезінде шыбын жанын бірде отқа, бірде суға салып көңілсіз күй кешкен қара халықтың жайын ойлап, жүгінетін жан таппай Фариза да Құдайға қайырылады.

Ал, жерде де көп мықты толып-тасқан,

Е , дегенде езуден көбік шашқан.

Ойға алғанын жасайды олар бірақ,

Биіктегі көрер деп қорықпастан.

Қалай сонда көрмейді тақсыр айбын,

Миым жетпей осыған асты қайғым.

Іс-қимылы жердегі көп мықтының,

Нұсқауы ма әлде анау Бас құдайдың?

Іздеудемін құдайды жаз шырайлы,

Күрсіндірер тірліктің ащы жайы.

Жарамсақты жасқайтын, пара алмайтын,

Қай жерде отыр дүниенің Бас құдайы?

Яғни, ақынның құдайға ұмтылуы еш жерден таппаған жанына жайлы күй іздеу, және шексіз әлеммен араласу, жаратушы бір құдіреттің барлығын мойындап, оған бас ию.

Бес күндік жалған дүниеде, тоқ пен мансап үшін тектіліктен түк қалмай, періште қосқан досты, Құдай қосқан бауырды сатып, байлық қуып, бақ домалатқан қара қоңыздай болып бара жатқан болмысына, тоқтау салғысы келеді.

Мұқағалидың туған жер туралы жазылған жырларының да жөні бөлек.Туған жерге тәңіріндей табынып, оны ар- ұятына балаған Мұқағалидың мына бір жолдары жаны барды тебірентіп, сезімі барды сергітіп, ғажайып күйге бөлейді.

Жақсы атанды демессің сүйем десем,

Табылатын тәңірім, ием де сен.

Адам болып күн кешу қиын маған,

Арқа тұтып өзіңді сүйенбесем.

Қыр баласының қанша қалада жүрсе де туған ауылының түтінін де сағынатыны бар.Мұқағали қазақ баласының көкейінен шықпайтын, көз алдынан кетпейтін осы көріністі өлеңде әсем әсерлеп, әрлендіруге келгенде алдына жан салмайды.

Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл,

Ойнақ салып, құлын- тай қырында жүр,

Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл,

Үркіт иісі келеді мұрынға бір,-деп жырлайды.

Тумысынан даладай кең, құмдай шалқар, дала дауылындай екпінді Фариза поэзиясынан туған жері Нарын келбеті де айшықты орын алады.Ақын мұнай фонтаны атқылап, әлемге әйгілі болған құт мекенін де өз жырына арқау ете білді.

О, туған жер, кеңпейіл, құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен,

Сағынышымды қанат қып саған қарай,

Балапандай талпынып ұшамын мен,-деп

туған жерге әркез сағынышпен , перзенттік махаббатпен қарайтын ақын өзінің кең даласына дала қызы болып оралады.

Кемел шақта адамның басқан ізге қайта бір көз тастауы,туған ошаққа оралуы болмақ.Сондай тұста ақын қаламынан «Киіз үй»,«Оюлар», «Жаулықтар»,«Жер ана» секілді жүрек тебірентерлік өлеңдер туған.

Далам – менің қазынам,жыр сандығым,

Жыр нәрімен жер балқып,бусанды құм.

Сортаң жердің тұзы бар тамырында

Ашқылтымдау сондықтан жусан жырым,- деген

жолдарда ағынан жарылған сезім мөлдіреп тұр.



Ақындардың өткен күндерге сағынышы, ата-анаға деген перзенттік сағынышы-туған жер келбетімен тұтас өріліп отырады.Негізі, қазақ халқына тән, ұлттық сезім- сағыныш сезімі бар халықта да өз көрінісін табатын шығар, алайда, қазақ халқында ерекше көрінеді.Себебі, қазақ халқының табиғатына тән, осы бір сезім өз бастауын сонау көне замандардан алып келеді.Сағыныш сезімінің қазақ халқында оттылау да , тәттілеу көрінуі – табиғи.Кең даланы мекендеген, қыстау мен жайлаудың қамымен жүретін қазақтар ағайын – туғанымен сағынысып көрісетін болған.Жалпы, қазақ халқының тарихында да күрделі соқпақтар көп, бұралаң көп.Кең даласынан айырылып, басқа жерге қоныс аударуға мәжбүр болған сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңінен бастап, қаншама қиын кезеңдер өтті халық басынан.Содан да шығар ,әйтеуір, сағыныш сезімі ақындарда әрқырынан көрінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет