Антибиотиктерді тек микроорганизмдер ғана емес өсімдіктер де бөліп шығара алады. Өсімдіктер антибиотиктерін бірінші болып совет оқымыстысы Б. П. Т о к и н 1928 жылы ашқан болатын. Бұл заттарды ол фитонцидтер деп атады. Фитонцидтер көптеген өсімдіктерде бар екені анықталды. Олар микроорганизмдердің, әсіресе вегетативтік клеткаларына күшті әсер етеді. Сарымсақ, жуа, шомыр, қыша, мойыл, терек, емен жапырақтарында қарағай, шырша және май қарағай кылқандарында фитонцидтік қасиет күшті. Қарағайлы және самырсынды ормандар микрооргаыизмдерге кедей болатыны да мінесондықтан.Фитонцидтік қасиет басқа заттарда да, мәселен эфир майларында, альдегидтерде, алкалоидтарда және фенолда байқалады. Фитонцидтік қасиеті бар өсімдіктер өскен топырақтар да микроорганизмдерге кедейлеу келеді. Антибиотиктерді тек микроорганизмдер ғана емес өсімдіктер де бөліп шығара алады. Өсімдіктер антибиотиктерін бірінші болып совет оқымыстысы Б. П. Т о к и н 1928 жылы ашқан болатын. Бұл заттарды ол фитонцидтер деп атады. Фитонцидтер көптеген өсімдіктерде бар екені анықталды. Олар микроорганизмдердің, әсіресе вегетативтік клеткаларына күшті әсер етеді. Сарымсақ, жуа, шомыр, қыша, мойыл, терек, емен жапырақтарында қарағай, шырша және май қарағай кылқандарында фитонцидтік қасиет күшті. Қарағайлы және самырсынды ормандар микрооргаыизмдерге кедей болатыны да мінесондықтан.Фитонцидтік қасиет басқа заттарда да, мәселен эфир майларында, альдегидтерде, алкалоидтарда және фенолда байқалады. Фитонцидтік қасиеті бар өсімдіктер өскен топырақтар да микроорганизмдерге кедейлеу келеді. Жалпы антибиотиктерді адам мен жануарлар организмі де бөлетіні белгілі. Жануарлар тектес антибиотикке тиссулин, лейкин, сангвинин, экстразин, камполон, анстипин, птерин жатады. Қазір емдік қасиеті бар осы тектес антибиотиктерден лизоцим мен экмолинді атап өтуге болады. Лизоцим тауық жұмыртқасының ақуызынан бөлініп алынған. Ол көптеген ауру қоздырушы және сапрофит микробтарға жойқын әсер етеді. Лизоцим адам мен жануарлардың сүтінде, сілекейінде, көз жастарында, бауыр мен талақ экстрациясында кездеседі. Ол бірқатар өсімдіктерден де табылған. Әрине белгілі бір қасиетіне қарамастан лизоцим саңырауқұлақтар мен бактериялардан алынатын антибиотиктердің күшінен анағұрлым төменірек.
Достарыңызбен бөлісу: |