Антисептик а антисептика (anti қарсы, septicas шіру) жұмыстың шіруге қарсы әдісі. «Антисептика» терминін 1750 ж ағылшын хирургы Дж. Прингл енгізген, ол хининнің антисептикалық әсерін суреттеген. Джон Прингл


Операцияға қатысушы адамдардың аузынан ауа арқылы



бет3/5
Дата09.11.2023
өлшемі5 Mb.
#482802
1   2   3   4   5

1. Операцияға қатысушы адамдардың аузынан ауа арқылы

2. Инфекцияның шаң арқылы түсуі

АУА – ТАМШЫЛЫ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ:

  • операция бөлмесінде сөйлесуге болмайды
  • операция бөлмесіне тамақтары ауыратын, тұмауратқан, ЖРА бар адамдар кіргізілмейді
  • 4-6 қабатты маскаларды кию міндетті түрде
  • бөлмелердің рациональды желдетілуі
  • операция бөлмесіндегі адамдарды максимальды түрде шектеу керек
  • студенттер шыны қорғаудың артында болу керек
  • операция бөлмесін міндетті түрде ылғалдап жинау керек
  • операция бөлмесін ультракүлгін сәулелермен сәулелендіру керек

ҚОЛДЫ ОПЕРАЦИЯҒА ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ

  • ФЮРБРИНГЕР ТӘСІЛІ.
  • I ЭТАП – 10 мин бойы қолды екі стерильды щеткалармен сабындап жылы сумен жуады. Алақанды, қол басын, тырнақ асты кеңістігін, білекті жоғарғы 1/3 дейін жақсылап жуады.

    II ЭТАП – Қолды стерильды орамалмен немесе салфеткамен реттілікпен құрғатады (алдымен қол басы, кейін білек төменнен жоғары қарай, яғни шетінен орталыққа қарай)

    III ЭТАП – 5 мин бойын қолды 70% спиртпен өңдейді, осы кезде алкогольде еріген май кетеді және эпидермистің жоғарғы қабаттары зарарсызданады.

АЛЬФЕЛЬД ТӘСІЛІ

  • АЛЬФЕЛЬД ТӘСІЛІ
  • Алғашқы екі этап Фюрбрингер тәсілімен бірдей.

    III ЭТАП – Қолды 96 % спиртпен 5 мин бойы өңдеу және тырнақты йод ерітіндісімен өңдеу.

  • ПЕРВОМУР ТӘСІЛІ
  • I ЭТАП – Қол басын және білекті сабындап щеткасыз жылы сумен 1 мин бойы жуады, кейін стерильды орамалмен немесе салфеткамен құрғатып сүртеді.

    II ЭТАП – 1 мин бойы қолды первомурдың жұмыс ерітіндісінде салфеткасыз жуады, кейін стерильды орамалмен немесе салфеткамен құрғатып сүртеді. Спиртпен және йод ерітіндісімен қолды өңдемейді.

Қолды өңдеу үшін препараттың 0,5% ерітіндісі керек, ерітінді 20% хлоргексидин ерітіндісін 70% спирт ерітіндісінде 1:40 қатынаста еріткенде алынады. Қолды щеткамен жылы сумен сабындап жуған соң 2-3 мин бойы ерітіндіде өңдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет