Дененің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау Тыныс ырғағы. Дені сау адамның тынысы ырғақты болады, дем алу мен дем шығару арасындағы уақыт аралығы тең, дем алу мен дем шығару тереңдігі мен ұзақтығы бірдей болады. Дем алу немесе дем шығару фазаларының ұзаруы және қиындауы түрінде тыныстың бұзылуы ентігу деп аталады. Тыныс ырғағының бұзылуы қатерлі асқынудың дамығандығын көрсетеді және дәрігердің кеңесін қажет етеді. Ентігу –тыныс жиілігінің, ырғағының, тереңдігінің бұзылуы, ауа жетпеу сезімімен көрінеді. Физиологиялық және ақаулы ентігуді ажыратады. Физиологиялық ентігу дені сау адамдарда физикалық күштен кейін, нервтік күйзелісте, ақаулы – тыныс алу мүшелері, нерв және жүрек-тамыр жүйесі ауруларында кездеседі. Дененің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау Пульсті есептеу Пульс – бұл жүрек жиырылуына жауап ретінде тамыр қабырғасының түрткен тәрізді тербелісі. Сол қарыншадан қолқаға ырғақты түсетін қан артерия арнасының ішінде тербелісті тудырады және тамырдың эластикалық керілуіне және артерия қабырғасының созылуына әкеледі. Пульсті беткей жатқан артериялардан тексереді. Көбінесе үлкен адамдардың пульсін білезік артериясынан тексереді. Егер қандай да бір себеппен білезік артериясынан пульсті тексере алмасақ, онда самай, ұйқы, сан, шынтақ және басқа артерияларды қолданамыз. Дененің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау Пульсті білезік артериясында анықтағанда екі қолды бірдей тексеру қажет және айырмашылық болмаған жағдайда, бір қолда анықтауды жалғастырамыз. Науқастың қолы бос жатуы керек, өйткені сіңір және бұлшық ет керілуі пальпация жасауға кедергі болмауы керек. Зерттейтін адамның қолы ыңғайлы, жартылай бүгілген қалыпта болуы қажет. Жиілігі —1 минуттағы пульс толқынының саны. Қалыпты жағдайда үлкен адамдардың пульс жиілігі жүрек жиырылу жиілігіне сай болады және минутына 60-80 соққыға тең. Егер пульс жиілігі минутына 60 соққыдан кем болса, бұл- брадикардия, егер 80 артық болса — тахикардия. Пульстің болмауы- асистолия деп аталады. Кейде пульс соққысы сандары жүрек жиырылу сандарынан кем болады (пульс жеткіліксіздігі). Бұл өте әлсіз немесе уақытынан бұрын жүрек жиырылу кезінде қолқаға қан аз мөлшерде түсуімен және пульстік толқынның шеткері артерияларға жетпейтіндігімен түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |