Баланы тамақтандыруға арналған ыдысты
тазалау және сақтау (стационарлық жағдайда)
Мақсаты: инфекцияның алдын алу.
Ресурстар: кесе, қасық, шөлмектер, еміздіктер, ас содасы, 100 гр сабын, су
2% соданы және сабынды ерітіндіні дайындаңыз (100 грамм ас содасы, 100грамм сабын, температурасы 450 С 10 литр су).
Пайдаланған ыдыстарды (кесе, шөлмекті) қалған сүт қоспасынан босатып,ағынды сумен шай.
Дайындалған ерітіндіге 30 минутқа салыңыз.
Шөлмектерді ершпен мұқият тазалап жуып,ағынды сумен шайқап,торға аузын төмен қаратып қойыңыз.
Кастрюльге таза су құйып, оған еміздіктерді салып 10-15 мин қайнатыңыз.
Шөлмектерді, кесені құрғақ ыстық шкафқа 1800С-та 60 минут залалсыздандырыңыз.
Шөлмектерді, кеселерді шкафтан шығарып,арнайы кастрюльге салып бетін жауып қойыңыз.
Қажет жағдайда ыдысты таза пинцетпен алыңыз.
Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |