АӨК дамуының 2013 жылғы бірінші тоқсандағы қорытындылары



Дата24.02.2016
өлшемі27.33 Kb.
#11705
АӨК дамуының 2013 жылғы бірінші тоқсандағы қорытындылары
Облыстың АӨК жұмысының 2012 жылғы нәтижелері оның салаларының тұрақты дамуының дәлелі болды.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2012 жылы жоспардағы 222,6 млрд. теңгенің орнына 229,8 млрд. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығының физикалық көлем индексі 106,3 %. Бұл республика бойынша екінші көрсеткіш.

Мал шаруашылығы дамуындағы оң серпін биылғы жылы да сақталып отыр.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі биылғы жылғы бірінші тоқсанда 26,8 млрд. теңге болып, өткен жылғы тиісті кезеңнен 19,1 % артық шықты. Осы кезеңде облыс бойынша ФКИ 104,7 % құрады.

Шығыс Қазақстан облысының 2011-2015 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі индикаторларын орындау мақсатында аудандар мен қалаларда 2013 жылғы айлар бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндіру бойынша жоспар-тапсырма әзірленді.

Биылғы жылғы 1 тоқсанға ет өндіру бойынша белгіленген тапсырма 32,1 мың тонна, сүт 113,5 мың тонна және жұмыртқа 23,3 млн. дана. Облыстағы барлық шаруашылық санаттарында 1 тоқсанда 35,7 мың тонна ет, 117,3 мың тонна сүт және 23,8 млн. дана жұмыртқа өндірілді.

Ет өндіру тапсырмасы 111,2 %, сүт 103,3 %, жұмыртқа 102,1 % орындалды.

2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда ет өндіру 6,7 %, сүт өндіру 2,4 % жұмыртқа өндіру бойынша 5,0 % артты.

Мал басының 1 тоқсандағы өсімі өткен жылмен салыстырғанда: МІҚӨ малы 0,9 %, оның ішінде сиыр – 3,4%, қой мен ешкі – 0,2 %, жылқы - 3,9 %, құстар 19,6 %.


АӨК нвестициялық жобаларын іске асыру
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2012 жылы республикалық индустрияландыру Картасына «Өскемен құс фабрикасын жаңалау және жетілдіру» жобасы енгізілді, құны 3,1 млрд. теңге. Жоба толық игерілді. Жоба құс етін өндіруді арттыруға және оны жылына 18 мың тоннаға дейін өндіруге мүмкіндік берді.

Өңірлік индустрияландыру Картасына 2 жоба енгізілді:

- Семей қаласындағы «Восток Бройлер» ЖШС-да «Перепрофилирование птицефабрики яичного направления на производство мясо бройлеров» жобасы, құны 2,8 млрд. теңге;

- Аягөз қаласындағы «Мухаметжанов» ЖК-де «Внедрение капельного орошения в полеводстве и строительство картофелехранилища на 500 тонн» құны 25 млн. теңге.

«Восток Бройлер» ЖШС жобасының бірінші кезегінің 95% орындалды, 1350,0 млн. теңге игерілді. Құстар 10 корпуста орналастырылды, жалпы саны 252 мың бас, 228 мың дана инкубациялық жұмыртқа 6 корпусқа салынды. Осы уақытқа дейін 1 100 тонна құс еті алынды. Жобаны іске қосу мерзімін 2013-2014 жылдарға ұзарту мәселесі шешілуде.

«Мухаметжанов» ЖК - 500 тонналық көкөніс қоймасын салды. Тамшылатып суаруды енгізу үшін «ТемірБанк» АҚ-дан 8 млн.теңге кредит алды.

Одан басқа, облыстың Үйлестіру кеңесінде мына жобалар қаралып, 2013 жылғы индустрияландыру Картасына енгізілді: Шемонаиха ауданындағы «Востоксельхозпродукт» ЖШС-да «Күнбағыс майын рафинадтау цехын жетілдіру», Өскемен қаласындағы «Айтас» ЖШС-да «Шұжық өнімдерін өндіру цехын салу», құны 1200 млн. теңге. Көкпекті ауданындағы «Өрнек» ЖШС-да «800 басқа арналған СТФ және 400 басқа арналған мал бордақылау алаңын құру» жобасы пысықтауға жіберілді.

Жалпы облыстың АӨК-де 2012 жылы өз қаражаттарына және қарыз қаражаты есебінен жалпы сомасы 11,4 млрд. теңгеге 119 жоба іске асты. Іске асырылған жобалардың ішінде аса маңыздылары – құны 3,1 млрд. теңге «Өскемен құс фабрикасын жаңалау және жетілдіру», Глубокое ауданы «Бобровка+» ЖШС-да құны 500 млн. теңгеден астам «400 басқа арналған сүт-тауарлы ферма құру», Семей қаласындағы «Восток Бройлер» ЖШС-да «Перепрофилирование птицефабрики яичного направления на производство мясо бройлеров» жобасы, жобаның бірінші кезегінің құны 1350 млн. Теңге, Үржар ауданы «Батуа» ЖШС-да құны 1450 млн. теңге «Қытай бұршақ өсіру үшін суландыру жүйесін және оның инфрақұрылымын құру».



2013 жылы 22,6 млрд. теңгеге 67 жобаны іске асыру көзделді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет