АӨК өткен жылмен салыстырғандағы элеуметтік-экономикалық жағдайы



жүктеу 36.7 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі36.7 Kb.
АӨК өткен жылмен салыстырғандағы элеуметтік-экономикалық жағдайы

2009 жылдың бірінші жартыжылдығында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өнімі 36,7 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы уақыттағы деңгейінен 15,1 % артық. Бұл ретте өнімнің нақты өсу көлемі 103,4 % құрады.



Мал шаруашылығы.
Осы мерзімде мал шаруашылығы саласы бойынша 73,4 мың тонна ет, өсімі өткен жылмен салыстырғанда 4,9 %, 330,5 мың тонна сүт, өсімі1,5 %, 151 млн. дана жұмыртқа (1,1 %) және 4,1 мың тонна жүн (5,1%) өндірілді. Шошқадан басқа барлық мал түрінің және құстың саны өсті: ірі қара малының саны 1 % өсіп, 963,4 мың басты құрады, қой мен ешкі 6,2 % (3092,4 мың бас), жылқы 8,3 % (223,2 мың бас) және құс 2,7 % (3662,5 мың бас) өсті.
Өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда мал өнімділігі артып келеді. Бір сиырдан сауылған сүт бірінші жартыжылдықта 1028 кг құрап, 0,6 % өсті, әр аналықтан алынған бұзау саны өткен жылғы алынған 79 бастың орнына 82 басты құрады, өткен жылғы 705 бастың орнына 730 торай, 95 бастың орнына 96 қозы және 83 құлын алынды.
2008 жылы мал шаруашылығы саласының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға республикалық бюджеттен облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2313,6 млн. теңгенің субсидиясы бөлінді, немесе1 жартыжылдықтағы қаржыландыру жоспары 100 пайызға орындалды.
Ет өндіруді ұлғайту және оның сапасын арттыру  мақсатында ағымдағы жылы бұрынғы құрылған 180 мал бордақылау алаңына қосымша өндірілген және сатылатын етке субсидия алу талаптарына сай келетін 1250 басқа арналған 5 мал бордақылау алаңы құрылды.
Сүт өндірісін ұлғайту және оның сапасын арттыру мақсатында 2009 жылғы 1-ші жартыжылдықта Ұлан ауданының «Украинка»  және Бесқарағай ауданының «Саят» шаруа қожалықтарында 2 тауарлы –сүт фермасын құрылды Облыстағы барлық тауарлы сүт фермаларының саны бүгін 52 құрап отыр.
Асыл тұқымды мал шаруашылын дамыту үшін 2009 жылы республикалық бюджеттен 297,5 млн. теңгенің нысаналы трансферттер бөлініп отыр. Бірінші жарты жылдықта оның 51 млн. теңгесі, немесе 1 жартыжылдықтың қаржыландыру жоспары 100 пайыз игерілді.
Малдың тұқымдық сапасын жақсарту және оның өнімділігін арттыру үшін 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында бұрын құрылған 87 асыл тұқымды мал шаруашылықтарына қосымша тағы 1 шаруашылық құрылды. Сүт-ет бағытындағы ірі қара малын, қой және жылқы өсіретін асыл тұқымды 10 шаруашылық құру жұмыстары жүргізілуде.
Биылғы жылы асыл тұқымды мал шаруашылықтары 230 бас ірі қара малы төлін, 2762 бас асыл тұқымды қой, 799,8  мың дана асыл тұқымды құс жұмыртқасын сатты.
Тұрғындар шаруашылықтарындағы малдың өнімділік сапасын жақсарту мақсатында      облыста малды қолдан ұрықтандыратын 128 пунктк ашылық, жұмыс істеп тұр.

Егін шаруашылығы
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі 1132,3 мың гектарды құрады, бұл 2008 жылдың деңгейінен 66,6 мың гектарға артық, немесе өсім 6,3 пайызды құрады. Оның ішінде жаздық дақылдар егістігі көзделген 939,99 мың гектардың орнына 958,7 мың гектарды құрады (102 %).
Өткен жылмен салыстырғанда күнбағыс егістігі 20,26 мың гектарға (106,8%), картоп 800 гектарға(104%), көкөніс 400 гектарға (106%), мал азығы дақылдары 14,4 мың гектарға, немесе 38% өсті.
Көктемгі егіс жұмыстарының қорытындысы бойынша ылғал ресурс сақтау технологиясы бойынша 191,33 мың гектар жерге дәнді дақылдар егілді, бұл өткен жылғыдан 38 пайызға артық.
Барлық дәнді дақылдардың 97,7 пайыз егістігіне жерсіндірілген және кондициялы тұқым пайдаланылды. Оның 71 пайызы 1-ші және 2-ші сұрыпты тұқым.
Биылғы жылы Бородулиха ауданында қосымша бір тұқым шаруашылығы құрылды. Бүгінгі күні облыста барлығы 38 тұқым шаруашылықтары жұмыс істеп тұр.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін тауарлық материалдық құндылықтардың бағасын арзандатуды субсидиялау бойынша 1-ші жартыжылдыққа берілген жоспар 100 пайыз игерілді, немесе 150 млн. теңгені құрады.
Суармалы жерлердің және су пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін облыста құрамына 536 ауыл шаруашылығы құрылымдары кірген су пайдаланушылардың 25 ауылдық тұтыну кооперативтері құрылды, оның 2-і биылғы жылы құрылғандар.
Биылғы жылы  су жеткізіп беру құнын субсидиялау бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 8,4 млн. теңге субсидия төленді, жоспар 100 пайызға орындалды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын дамыту.
Тамақ және қайта өңдеу саласы қарқынды дамып келеді.  Үстіміздегі жылдың 6 айында тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары 21,2 млрд. теңгенің тауарлық өнімін өндірді, өнім көлемінің нақты өсуі өткен жылғы деңгейге 94,1 пайызды құрады.
Өндіріс көлемінің азаюының негізгі себебі: айналмалы қаражаттарға алуға қаржының жоқтығы, ішкі және сыртқы нарықта өнімге сұраныстың азаюы болып табылады.
Облыста тамақ және қайта өңдеу саласын әрі қарай дамыту бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Жылдың басынан бері тамақ және қайта өңдеу саласының дамуына 503,4 млн. теңге инвестиция құйылды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 9 кәсіпорын лизинг арқылы құрал-жабдықтар алу үшін негізгі және айналмалы қаражаттарды толықтыруға қаржы институттары арқылы берілген кредиттердің сыйақы ставкасы бойынша 77,5 млн. теңгенің  субсидиясын алды.
Кәсіпорында техникалық жарақтандыру және жаңғырту жұмыстары атқарылуда. Ағымдағы жылы Ұлан, Күршім, Үржар, Көкпекті аудандарында мал соятын пункттердің құрылысын аяқтау  жоспарланып отыр.
Сонымен қатар,  2009 жылғы қыркүйек айында «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу бойынша  тікелей біріктірілген құрылымды құру» (Өскемен сүт зауытын қайта құру) серпінді жобасын іске қосу жоспарланып отыр.
Кәсіпорындарда ИСО 9000 сериясына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу жұмыстары жалғастырылуда. Бүгінгі күні халықаралық стандарттар 12 кәсіпорында енгізілген, 10 кәсіпорында осы жүйені енгізу жұмыстары даярлық сапынан өтуде.

Машина трактор паркін жаңалау және агросервистік қызмет көрсететін кәсіпорындар құру.
АӨК техникалық  жабдықтауды  жақсарту мақсатында 2009 жылғы бірінші жартыжылдықта облыс бойынша 800 млн. теңгенің 220 ауыл шаруашылығы техникалары сатылып алынды., бұл техниканы жаңалаудың 5 пайыздық деңгейіне сәйкес келеді.

 


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет