Қапанбұлақ ауылдық округі әкімі М. Матановтың Қапанбұлақ ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалу туралы есепті баяндамасының тезистері



Дата25.02.2016
өлшемі74.63 Kb.
#22720
Қапанбұлақ ауылдық округі әкімі М. Матановтың Қапанбұлақ ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалу туралы есепті баяндамасының тезистері
Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа жол» атты Қазақстан халқына жолдауы бүгінде алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, контрцикпикалық сипатқа ие бола экономикамыздағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталады. Бірегей саясаттың арқасында осы жылдарға дейінгі шикізат өндіруден түскен табыстар Ұлттық Қорға жинақталды. Қазір осы ресурстар көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфроқұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталмақ.

«Бүгінде табысты жұмыс істеу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Әкімшілік реформа жүргізілді. Біз басқарудағы қосарланушылық пен қажет емес буындарды жойдық. Әкімдер өкілеттіліктің қажетті деңгейіне ие болды. Әркім өз жұмыс учаскесі үшін жауап береді. Тек білек сыбанып, іске кірісу қажет» - деген Елбасы алдымызға зор мүмкіндіктер беріп нақты міндеттер қойды.

«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жаңа Экономикалық Саясаты округ аумағында, әр мекемеде, қоғамдық ұйымдарда талқыланып, халықтың қызу қолдауына ие болды. Жолдау - тырғылықтан шығатын бірден бір жол ғана емес, экономикалық дамуымыздың ең ірі қадамы екенін әрбір азаматтың көзі жеткендей.

Жыл басында аудан әкімі әр округтің «Кәсіпкерлік карта бағдарламасын» жасатып, нақты міндеттер қойған болатын. Мақсат айқын, міндет жауапты болғандықтан округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында жоспарлы жұмыстар атқарылды деп айта аламын.

Экономикалық дамудың бірден бір көрсеткіші округтегі халық санының тұрақтылығы болса 2013 жылы 923 адам,2014 жылы 938 адам болып,15-ке көбейді. 21 нәресте дүниеге келіп, 2 адам келген, 7 адам қайтыс болған, өсім 101,6%.

Ауылдық округте Т. Хасенұлы ат. ОМ және С. Әлімбетов ат. НМ, амбулаториялық емхана, 2 ФАП, теміржол бөлімшесі, ветеринарлық пункт жұмыс істеп халық игілігінен қызмет көрсетуде.

41 шаруа қожалығы,14 кәсіпкерлік нысаны бар.(4 дүкен, Егінбұлақ ауылында ұстахана-1, мал сою алаңы-1, шаштараз-1,наубайхана-1,ветеринарлық аптека-1,асхана-1,жол бойы дәмханасы-3, қымыз сату-1;)

Жұмыспен қамтылған адамдар саны -436(46,4 %), оның ішінде бюджеттік салада-159(17%),шаруа қожалықтары мен шағын кәсіпкерлікте-138(14,7%), 139 адам басқа жұмыстар мен жеке шаруашылықтарымен айналысады. Зейнеткерлер саны-122 (13,0 %), мектеп оқушылары - 153(16,3 %), мектепке дейінгі даярлық тобында 22, кіші орталықтарда - 61 бала тәрбиеленуде.

Округ бойынша 2014 жылы 1,3 млн. теңге көлемінде шаруа қожалықтарымен ынтымақтастық меморандумына отырып, белгіленген мақсаттарға толық жұмсалды.

Негізінен ауыл тұрғындары мал шаруашылығымен айналысады. Округте 41 шаруа қожалығында 124 адам еңбек етеді. Шаруа қожалықтарының жер көлемі-60 447,3 гектар. Жер жағыдайы егістікке қолайсыз болғанымен, мал шаруашылығын өркендетуге ыңғайлы, қыс айларының көбінде жайылыммен шығады.

Округтегі ұсақ малдың 71%, ірі қараның 56%, жылқының 64% шаруа қожалықтарының үлесінде. 2014 жылы ұсақ мал басы 7,9 пайызға азайғанымен аналық мал басы былтырғы деңгейде қалып отыр. Осы олқылықтардың орынын толтыру мақсатында «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында ұсақ мал сатып алуға 6 млн. теңге және «Жайлау» бағдарламасымен 100 бас ұсақ малы алынды. 2015 жылдың қорытындысымен ұсақ мал басы 2000 басқа көбейеді деп күтілуде. Ал ірі қара мен жылқы малы қарқынды өсіп келеді.

ірі қара

ұсақ мал

Жылқы

2013

2014

%

2013

2014

%

2013

2014

%

2036

2300

+11,4

24994

23000

-7,9

827

900

+8,1

Биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанды мал шаруашылығының өнімі артқан. Осы мерзімде 9316 тн. ет (109%), 16986 (100%) литр сүт, 104,2 мың дана (112%) жұмыртқа алынып, белгіленген жоспар толық орындалды.

Ірі қараны асылдандыру мақсатында 2014 жылы 14 асыл тұқымды бұқа сатып алынды. 2015 жылы әрбір 30 бас аналыққа 1 бұқа алуды межеленіп отыр. Қазір округте 21 бас асыл тұқымды бұқа бар.

Малды асылдандыру мақсатында ветпункт жанынан ұрықтандыру пункті ашылып, барлық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген және бір азамат 2 айлық курстан өтіп келді. Биыл ұрықтандыру маусымы өтіп кеткендіктен келесі жылдың көктемінде бұл жұмыстар жүргізіледі.

2014 жылы бірнеше ауылшаруашылығы техникалары МТЗ-82 – 3 дана, рулондық пресс – 3 дана, КУН-2 дана сатып алынып, жоспарланған инвестиция көлемі 2,5 есеге көбейді.

Мал басын бірдейлендіру жұмыстары бойынша ұсақ мал 11000 бас, ірі қара 800 бас компьютерлік базаға енгізіліп, жоспардан артық орындалып отыр. Профилактикалық жұмыстар жоспарлы түрде жақсы жүргізіледі деп айта аламын. 2930 бас ірі қара, 13 250 бас ұсақ мал, 100 бас жылқы бруцеллезге қарсы тексеруден өтті, сібір жарасы, аусыл, туберкуллезге қарсы қан алынып үнемі бақылаудың салдарынан округте жұқпалы аурулардың тарауынан кейінгі 10 жылдан бері жол берілмеді. Ветеринарлық пункт құжаттары жасалып аудандық ветеринария мекемесінің теңгеріміне берілді. Аурудың алдын алу шаралары мақсатында барлық қыстақтардың қора-жайларында дизенфекция жұмыстары жасалды. Көше кезіп жүрген қаңғыбас 32 иттің көзі жойылып, жаңадан салынған биотермиялық шұңқыр тасталынып залалсыздандырылды.

Жыл басындағы округтің даму жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілді. Кіші және орта бизнесті дамыту мақсатында шаштараз, наубайхана «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аясында іске асса, шеберхана, мал сою алаңы, мал ұрықтандыру пункті, ветаптека, қымыз сату, көкөніс қоймасы өз қаражаттарымен ашылып, тұрғындардың игілігіне қызмет көрсетті.

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы №815 Қаулысымен бекітілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, орналастыру шараларын ұйымдастыру бағытында біршама істер атқарылды.2014 жылы 5 адам «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен несие алып өз істерін жүргізіп отыр. Жастар іс-тәжірибесі бойынша екі адам жұмысқа орналасты. Округте «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 3 адаммен жұмыс жүргізіліп, ақшалай көмек тағайындалды.

Округ аумағында Т. Хасенұлы атындағы орта және С. Әлімбетов атындағы негізгі мектеп бар. Материалдық-техникалық базалар ы жақсы. Т. Хасенұлы атындағы ОМ жылу жүйесі 11 млн. теңге бюджет қаражатымен толық жөндеуден өтті. 2014 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша 86,3 бал алып аудан мектептерінің ішінде 5-ші орынды иеленді. Оқушылардың ыстық тамағына бюджеттен 527 000 тн. меморандум арқылы 240 000 тн. бөлініп бастауыш сыныптары мен әлеуметтік жағыдайы төмен отбасы балалары тегін тамақтанады. Мектепте еркін күрес жақсы жолға қойылған. Астана, Алматы қалаларында өткен Республикалық Еркін күрестен Мүсілімханұлы Е. 2-ші орын, Маулетбеков Н. 3-ші орын, т.б. балалар облыстық, аудандық жарыстарда жүлделі орындарды иеленді.

Қыс айларында ауыл жастары мен оқушылардың спортпен шұғылдануына спорт залдың жағыдайы сын көтермейді. Еден тақтайлары шіріп түсіп кеткендіктен қазір жұмыс істемейді. 2015 жылы спорт залды жөндеуге 2 млн.650 мың теңгеге сметалық құжаты жасалып, жұмыстар жүргізіледі деп күтілуде.

Округтің орталығында амбулаториялық емхана, Егінбұлақ, Балықтыкөл ауылдарында фельдшерлік пункттер жұмыс істейді. Профилактикалық жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылып, толық орындалды.

Округте байланыс жүйесі жақсы жолға қойылған. Тұрғындардың 95%-і телефонмен қамтылған. Белайн ұялы байланыс станциясы бар. Спутниктік Отау ТВ 90% қамтылған. Биыл Отау ТВ телестанция құрылысын аяқтады. Таяуда қосылып, ел игілігіне пайдалынылады.

Басылымдарға жазылу ұйымшылдықпен атқарылып, жоспар 105 пайызға орындалды. Елдің экономикалық қуаты салық төлемдеріне де тәуелді екені белгілі. Бұл ретте округ әкімшілігінің жұмысы нәтижелі болып, барлық салық түрлері жоспардан артық 106 пайызға жеткізілді.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында мектептің материалдық базасын жақсартуға 600 мыңның көмегі жасалды. Бұл игі жұмыстар 2015 жылы жалғасын табады.

Ауыл мәдени іс-шаралары жылдан-жылға ауқымы кеңейіп, деңгейі көтеріліп келеді. Биыл Егінбұлақ ауылының 80 жылдық мерейтойы айтулы шаралардың бірі болды. Еркін күрестен Б. Тұрлыхановтың атына аудандық турнир жоғарғы деңгейде өткізілді. Дәстүрлі Ұлы Жеңіске арналған шара биыл 7-ші рет өткізілді. Бұл шара кеңейіп Аршалы, Белтерек, Үшбиік, Қызылағаш, Жаңғыз-Төбе, Қалбатау округтері қатысатын дәстүрлі мерекеге айналды.

Ауыл кітапханасының кітап қоры 8828 дана. 450 оқырманның 233 үлкендер, 117 оқушылар. Жылдан жылға ауыл тұрғындарының кітапқа қызығушылық танытуы қуанарлық жағыдай.

Аудан әкімшілігінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 64 «Ауданның елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстарды жүргізу туралы» Қаулысын орындау барысында арнайы комиссия құрылып барлық елдімекендер қоқыстары шығартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. 200 түп жас тал отырғызылды. Тазалық жұмыстарына енжар қараған 8 адамға әкімшілік хаттамалары толтырылып, айыппұл салынды.

Жол бірқабат тегістеліп жөнделді. Қызыл-Жұлдыз, Егінбұлақ ауыдырының көшелері жарықтандырылды.

Округтегі С. Әлімбетов ат.НМ және әкімшілік ғимараты электр жүйесі арқылы Т. Хасенұлы ат. ОМ қатты отын арқылы жылытылады. Барлығына ағымдық жөндеулер жүргізіліп, қазір қалыпты жұмыс істеп тұр.

Күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасын ырықтандыру мақсатында азық-түлік дүкендерімен меморандумдар жасалып, комиссия арқылы бақыланады.

Қызыл-Жұлдыз, Балықтыкөл ауылдарындағы ауыз су мәселесі бойынша жұмыстар атқарылуда. Қызыл-Жұлдыз ауылындағы құдықтың барлық құжаттары жасалып, әкімшілік теңгеріміне алынды. 2015 жылы тазарту жұмыстарын жүргізу үшін бюджетке қаражат қарастырылды. Ал Балықтыкөл ауылындағы құдық былтыр иесіз ретінде танылды, 2015 жылдың ақпан айынан бастап әкімшілік иелігіне алу жұмыстары басталады.

2014 жылы 4 қылмыстық іс тіркелген. 2 мал ұрлығы, 2 заңсыз қару сақтағаны үшін іс қозғалған.

Аудан әкімінің есепті кездесуінде халықтан келіп түскен тілектері бойынша Қызыл-Жұлдыз, Егінбұлақ ауылдарына көше жарығы тартылып, жұмыс толық орындалды.

Жыл басында қабылданған округтің даму картасы бойынша орындалған жұмыстарға жоғарыда айтып өткендіктен, орындалмаған жұмыстарға тоқталмақпын. Ұсақ мал басы жоспардан 7,9 пайызға төмендеді. Жүн-тері қабылдау пункті ашылмады.

2015 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар жұмыстарды атқаруды жоспарлап отырмыз. Биылғы жылы Балықтыкөл ауылы бойынша көше жарығы мен ауыз су ішетін құдықты қалпына келтіру, мектептің спорт залын, емхананы жөндеуден өткізу, Қапанбұлақ ауылында қоғамдық монша, ірі қара мал басын асылдандыру, «Сыбаға», «Құлан», «Жайлау» бағдарламаларына қатысу, көктемгі су алудың алдын алу мақсатындағы жұмыстарын атқару болмақ.



Елбасы Жолдауындағы көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамытуда Алматы-Өскемен магистральді автомобиль жолы, «Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы» бағытындағы жоғары вольтті желілер біздің округ үстінен өтуі қайнаған тіршілік күре жолдың бойында болады, жаңа жұмыс көзі ашылады, елдің күнкөрісі жақсарады деп күтудеміз.

2015 жыл – Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы – тарихи айтулы даталардың тоғысқан жылы, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат әлеміне ауқымды қадам басқан жылы болып тарихқа жазылмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет