Ақпарат 2015 жылы өнеркәсіптік өнім өндірісінің



Дата29.02.2016
өлшемі109.08 Kb.
#32958
Жарма ауданының 2015 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2016 жылға арналған міндеттер туралы

Ақпарат
2015 жылы өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 10 691 млн. теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 3 959 млн. теңгеге немесе 27пайызға кеміді. Табиғи көлем индексі 75,1 пайызды құрады. Жалпы өнеркәсіп саласында 45 кәсіпорын жұмыс істеуде (2 200 адам).

Тау-кен өнеркәсібі саласында 5 кәсіпорын жұмыс істейді: «АС Инком» ЖШС, «Семей жолдары» ЖШС, «Асар Инвест» ЖШС, «Сарытас» ЖШС, «Теньши» ЖШС.

Аталған салада 2 310 млн. теңгені құрайтын өнім шығарылып, 2014 жылдың деңгейінен 101,3 млн. теңгеге немесе 4,6 пайызға артты. Табиғи көлем индексі 101,1 пайызды құрады. Бұл салада әктас (известняк) және гипс өндірісінің өсімі байқалады (64,5 мың тоннаға немесе 4 пайызға). Сонымен қатар, өндірістің келесі түрлері бойынша төмендеу анықталған: саз балшық (глина) және каолин өндірісі 12,7 мың тоннаға қиыршық тас (гравий) және ұсақталған тас (щебень) өндірісі 102,4 мың тоннаға кеміген.



Өңдеу өнеркәсібі саласының көлемін 4 ірі кәсіпорынның өндірісі құрайды: «Казахцемент»ЖШС, «АС Горняк»ЖШС, «Қамкор – Локомотив»ЖШС, «Георгиевка сорғы жабдықтау зауыты»ЖШС.

Бұл салада өндірілген тауар өнімінің көлемі – 7 747 млн. теңгені құрап, өткен жылға 4 087 млн. теңгеге немесе 35 пайызға кеміді (табиғи көлем индексі 69,3 пайызды құрады).Өндірістің азаюына негізгі себеп болған цемент және алтын өндірісінің қысқаруы. Статистикалық есепке сәйкес, жалпы сомасы 3 483 млн.теңгені құрайтын, цемент - 194 мың тоннаға, клинкер - 153 мың тоннаға, алтын – 115 кг азайды.

Цемент өндірісінің азаюына негізгі себеп болған - ҚР аумағына төмен бағадағы ресей өндірісі цементінің жеткізілуі, тапсырыс көлемінің айтарлықтай азаюы, энергия тасымалдаушылар бағасының өсуіне байланысты цемент өндірісінің шығындары артып, өндіріс көлемінің қысқаруына кері әсерін тигізді.

Өндірістің басқа кәсіпорындарында тұрақты деңгей сақталды: «Қамқор – Локомотив» ЖШС-де өнеркәсіптік қызмет көрсету көлемі 26 млн.теңгеге немесе 6 пайызға ұлғайған, «Георгиевка сорғы жабдықтау зауыты» ЖШС-де орталықтан тепкіш сорғылар өндірісі 82 бірлікке немесе 59 пайызға, қосалқы бөлшектер өндірісі 26 млн.теңгеге немесе 13 пайызға артты.



Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС, «Еңбек-Өскемен» РМК-ның № 110 филиалы, «ШҚ АЭК» АҚ жұмыс жүргізеді. Бұл саладағы өндіріс көлемі 27 млн.теңгеге немесе 4 пайызға артып, 633 млн. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылықсаласында 542 шаруашылық құрылымы (528 шаруа қожалығы, 12 – ЖШС, 2 – мемлекеттік мекеме) немесе 2 037 адам жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 15 848 млн. теңгені құрап, 2014 жылдан1 031,0 млн.теңгеге немесе 7 пайызға артты. Табиғи көлем индексі 101,9 пайызды құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығы өнімі 5 пайызға артып, 11 993 млн.теңгені құрады(немесе 76 пайыз), өсімдік шаруашылығы өнімі 3 855 млн.теңгені құрап, 14 пайызға ұлғайды(немесе 24 пайыз).Ет өндірісі 15 813 тоннаны құрап, 1 096 тоннаға артты (7,5 пайыз), сүт өндірісі - 52 371 тоннаны немесе 100 пайызды құрады, 3 619 мың дана жұмыртқа алынып, 5,1 пайызға артты.

Ірі қара мал басының саны 79 765 басты (3,5 пайызға артты),қой мен ешкі 203 980 басты (6,4 пайызға кеміді), жылқы 21 869 басты (6 пайызға артты) құрады.

Салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылып, «Сыбаға», «Құлан», «Алтын-Асық» бағдарламалары шеңберінде жалпы 715 асыл тұқымды ірі қара, қой, жылқы малдары, шаруашылықтардың мал бастарын асылдандыру мақсатында - 201 бас асыл тұқымды бұқалары және 92 бас асыл тұқымды құнажындары сатып алынды. Мал шарушалығының дамуына жалпы 254,7 млн.теңгені құрайтын субсидия төленді.

Қалбатау ауылдық округіне қарасты «Айдын» шаруа қожалығы 50 басқа арналған сүт тауарлы фермасында қайта жарақтау жұмыстарын жүргізді.

Бірлік ауылында халықтан сүт жинау жұмыстары ұйымдастырылып, сүт қабылдау пунктінің жұмысы басталды.

Ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығы саласында егістік алқаптарын игеру нәтижесінде: дәнді дақылдар 12 821 гектарға егіліп, 2014 жылғы деңгейден 129 га ұлғайған.Дегенмен, орташа түсімділіктің кемуіне байланысты (7,3 цн/га - 2015 жыл, 10 цн/га – 2014 жыл)жалпы жиналған өнім 8 754 тоннаны құрап, 3 937 тоннаға немесе 31 пайызға азайды.

Күнбағыс 3 901 гектарға егіліп, өткен жылғы деңгейден 3 697 га немесе 49 пайызға кеміген. Орташа түсімділік 5,1 центнерді құрап, 1 734 тонна өнім алынды. Картоп алқабы 189 га немесе 33 пайызға кеміп, 367 гектарға отырғызылды. 4 048 тонна өнім жиналып, өткен жылдан 4 776 тоннаға немесе 54 пайызға азайды.

Өсімдік шаруашылығына элиталық тұқым, гербицидтер сатып алуға, өнім сапасы мен түсімділігін арттыруға жиыны 51,8 млн. теңге бөлінді.

Ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту бағытында 65 шаруашылықта жалпы 264 млн.тенгені құрайтын 116 бірлік ауыл шаруашылық техникасы лизинг арқылы сатып алынды.
Негізгі капиталға инвестицияның көлемі 4 638 млн. теңгені құрап, 2014 жылға1 039 млн. теңгеге немесе 18 пайызға кеміді. Табиғи көлем индексі 79,6 пайызды құрады. Оның ішінде, құрылыс – монтаж жұмыстарына – 2 244 млн.теңге (48 пайыз), үйлер мен ғимараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына – 101 млн.теңге (2 пайыз), машиналар, жабдықтар, аспаптар мен құрал-саймандар алуға – 1 486 млн.теңге (32 пайыз), өзге де күрделі жұмыстар мен шығындарға – 808 млн.теңге (18 пайыз) бағытталды.

Экономиканың нақты секторына бағытталған инвестиция көлемі 47 млн.теңгеге немесе 1,4 пайызға артып, 3463 млн.теңгені құрады (2014 жылы – 3 416,4 млн.теңге).Оның ішінде, 1,2 млрд. теңгесі немесе 34 пайызы «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-ніңүлесінде; 512,0 млн. теңге «Казтелерадио» АҚ-на;200,0 млн.теңгеден аса қаражат «Aim Lab» ЖШС-не тиесілі.

Бюджеттік инвестиция көлемі 1 175 млн.теңгені құрап, өткен жылдың деңгейінен 1 086 млн.теңгеге немесе 58 пайызға азайған (2014 жыл – 2 260,8 млн.теңге). Бюджеттік инвестициялар 2 - мектеп құрылысының аяқталуына және 6 – биотермиялық шұңқырлар құрылысына бағытталды. Бюджеттік инвестициялар көлемінің төмендеуіне республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландыруға өтінім берілген жобалардың қаржыландырылмауы әсер етті.
Инвестиция көлемінің төмендеуі кері әсер етуіне байланыстықұрылыс жұмыстары1 282 млн.теңгеге немесе 39 пайызға азайып, 2 038 млн.теңгені құрады (2014 жылы – 3 320,4 млн.теңге). Табиғи көлем индексі 60 пайызда нақтыланды.Негізгі себеп, 2015 жылы нақты секторда ірі құрылыс нысандары болмауы және бюджеттік секторда 2014 жылы 2 –мектеп құрылысы жұмыстарының 70 пайызы аяқталуы.
2015 жылы жеке тұлғалардың тұрғын үй құрылысы белсенді түрде жүргізілгенмен, ауданның тұрғын үйді іске қосу көрсеткіші2 пайызға немесе 101 шаршы метрге азайып,4 944 шаршы метрді құрады (2014 жылы – 5 045 шаршы метр).
Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, оның ішінде су құбырларын бұру және ағымды жөндеу жұмыстарына 45,2 млн. теңге қарастырылып, 5 елді мекенде(Қалбатау,Үшбиік, Салқынтөбе ауылдары, Жаңғызтөбе кенті, Шар қаласы) су мұнараларын ауыстыру және су құбырларын тарту жұмыстары аяқталды.Елді мекендерді жарықтандыру мақсатында 15,1 млн. теңге қаражат бөлініп, 7 елді мекенде(Шар, Суықбұлақ, Қарасу, Көшек, Асқаралы,Үкілі, Ортабұлақ) жарықтандыру орнатылды.Жол инфрақұрылымын дамытуға, оның ішінде ағымды жөндеу жұмыстарына 30,7 млн. теңге қаражат қарастырылып 5 елді мекенде (Қалбатау, Шар, Жаңғызтөбе, Жарық, Салқынтөбе) және Жаңғызтөбе - Жарық бағытындағы жолдар жөнделді. Қалбатау ауылындағы Бабатайұлы көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп -59,3 млн. теңге, Мұстанбаев және Байқошқарұлы көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып - 95,4 млн. теңге игерілді.

43,8 млн. теңгені құрайтынаудан орталығы және елді мекендердіабаттандыру жұмыстарыжүргізілді.



Бөлшек тауар айналымының көлемі 8 881млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1 500 млн. теңгеге немесе 20 пайызға артты (2014 жыл – 7 380,3 млн.тенге). Табиғи көлем индексі – 114,1 пайыз.
2015 жылы шағын және орта бизнестің нысандары 107 кәсіпорынды немесе 104пайызды құрады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 80 бірлікті немесе өткен жылға 109,6 пайызды құрады. Белсенді кәсіпорындар саны – 49 кәсіпорынды немесе өткен жылдың деңгейінен 22 бірлікке кеміп, 69,0 пайызды құрады.

Белсенді кәсіпорындардың азаюы себебі болып табылатыны, кәсіпорындар статистика органына тиісті есептерін өткізбеуіне байланысты белсенді кәсіпорыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар тізбесіне ауыстырылғаны. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облыстық статистика департаментінде тіркелген кәсіпорындар тізбесіне өзектендіру жұмыстары жүргізіліп, бірқатар кәсіпорындар тізбеден шығарылды.


Шағын және орта бизнес субъектілерімен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде 303 млн. теңгені құрайтын меморандумдарға қол қойылып, 157 млн. теңгенің іс-шаралары атқарылды. Олар, Бақыршық тау кен кәсіпорынының Ауэзов кентіндегі «Аққу» балабақшасының күрделі жөндеу жұмыстары.
4 млрд. 645 млн. теңгені құрайтын аудан бюджетінің кіріс бөлігінің 28 пайызын меншікті кірістер құрап, үлес салмағы 2 пайызға артты. Меншік кірістердің көлемі облыстық бюджетке алынатын салықтық аударымдарды (261,0 млн.теңге) есепке алмағанда 1 534,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың деңгейінен 221,1 млн. теңгеге немесе 17 пайызға ұлғайған (2014 жылы – 1 312,9 млн.теңге), алынатын аударымдарды есепке алғанда меншік кірістердің көлемі 1 273,0 млн.теңгені құрап, өткен жылдың деңгейінен 40,0 млн.теңгеге немесе 3 пайызға кеміді.

Меншік кірістердің құрылымында ірі және орта кәсіпорындарының үлесі49 пайызды (630,0 млн. теңге) құрады, шағын және орта бизнес субъектілеріне - 33,1 пайызы(421,7 млн. теңге), жеке тұлғалардың салықтарына –6,1 пайызы (78,2 млн. теңге), басқа тұлғаларға – 11,8 пайызы (143,1 млн. теңге) тиесілі.


Субвенция үлесі 57 пайызды (2 628 млн. теңге), республика және облыстық бюджеттен түскен нысаналы трансферттердің үлесі 16 пайызды (705 млн. теңге) құрап, жалпы былтырғы жылдың үлесінен 2 пайызға азайды.

Бюджеттіңшығыс бөлігінің көлемі 4 млрд. 527 млн. теңгені құрап, оның ішінде басымды бөлігі білімсаласына 60 пайыз (2 710 млн. теңге), құрылысқанемесе даму бюджетіне 6 пайыз (263 млн. теңге) жәнетұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына 6,4пайыз (290,0 млн. теңге)бағытталды.

Жыл бойынша бюджеттік қаражатының игеру көрсеткіші99,6 пайызды құрап, 17,2 млн. теңге игерілмеді, оның ішінде 13,2 млн. теңге облыстық бюджеттен түспеген трансферттер (білім бөлімі), 2,2 млн. теңге – мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаражат (құрылыс бөлімі).
532,0 млн. теңгені құрайтын жұмыстар мен қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу порталында конкурстар жарияланды.
Орташа айлық еңбекақы 82 508 теңгені құрап, 2014 жылдың деңгейінен 4 467 теңгеге немесе 6 пайызға артты. Ең жоғарғы орташа айлық еңбекақының мөлшері 170,7 мың теңге («Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС), ең төменгі мөлшері 38,2 мың теңге.

2016 жылдың1 қаңтарына 1 997 азамат жұмыспен қамтылып, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 129 пайызды құрады.

960жаңа жұмыс орындары құрылып, 108пайызды құрады.

Ресми тіркелген жұмыссыздар саны 140 адамды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100 пайызды құрады.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына әлеуметтік қолдау көрсету шеңберінде бюджеттің барлық көздерінен 217 млн. теңге көлемінде жәрдемақы төленді.
Мемлекеттік, салалық бағдарламаларды іске асыру аясында, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 648 адаммен әлеуметтік келісім-шарт жасалып, тиісті әлеуметтік қолдау көрсетілді. Шуақ ауылындағы № 236 орта мектебінің төбесіне, жылу жүйесіне, Шар қаласындағы «Ақбота» балабақшасының ғимараты төбесіне, есік пен терезелеріне күрделі жөндеу жүргізілді(42 млн.теңге).

Сүт бағытындағы мал шаруашылығын, сүт қабылдау пункттерін ашу мақсатында 33 жоба қаржыландырылып, 27 адам сүт бағытындағы 310 бас сиыр сатып алды.«Бизнестің жол картасы 2020»бойынша 3 жобаның пайыздық мөлшері субсидияланып, Қалбатау ауылындағы техникалық қызмет көрсету станциясы және типография іске қосылып, Шар қаласының тұрғыны Мурсалимов екі камаз көлігін сатып алды.



«Елді мекендерді дамыту» бағдарламасы аясында 32,2 млн. теңге көлемінде 5 елді мекенде (Қапанбұлақ, Салқынтөбе, 8 март, Жаңаауыл, Үшбиік ауылдары) көше жарығы, Жаңғызтөбе кентінде балалар ойнайтын алаң орнатылды, 2 елді мекенде (Қалбатау, Жарық ауылдары) абаттандыру жұмыстары жүргізілді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде көтерме жәрдемақыға - 1 804,0 мың теңге және бюджеттік тұрғын – үй сатып алуға - 26 757 мың теңге бөлінді.
Білім беружүйесін қаржыландыруға 2 млрд. 710 млн. 47 мың теңге бағытталды. 16 білім беру нысанына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 45 млн. 546 мың теңге бөлініп, игерілді. 2 нысанды күрделі жөндеуден өткізуге жобалық - сметалық құжаттар әзірлеу үшін 3 млн. 700 мың теңге қарастырылды. 23 мектеп - физика, 15 мектеп - химия және биология кабинеттерімен жабдықталды.

Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры шығындары 60 млн. теңгені құрап, аз қамтылған отбасының балалары 100 пайыз тегін тамақпен және бал, сүт өнімдерімен қамтылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің  баллдық нәтижесі орташа есеппен 81,43  баллды  құрап, 2014 жылдың көрсеткішінен 7,34 пайыздық баллға жоғарылады (2014 жылы - 76,06 балл). «Алтын белгі» төс белгісін - 14 түлек, үздік аттестатын - 1 түлек қорғады.

(Салада 41 мектеп, 2 мектеп-балабақша кешенінде 1 168 педагог жұмыс істеп, 7 466 оқушы білім мен тәрбие алуда).


Денсаулық сақтау саласындатуберкулезбен аурушаңдық18 жағдайды құрап, өткен жылдың деңгейінен 16 жағдайға немесе 47 пайызғаазайды (2014 жылы – 34 жағдай).Сәби өлімі 1 жағдайға ұлғайып, 9 жағдайды құрады. Ана өлімі тіркелмеген.

(Салада аудандық орталық және Шар қалалық ауруханалары, 11 - дәрігерлік амбулатория, 3 - фельдшерлік-акушерлік пункт, 29 - медпункт және 1 жекеменшік дәрігерлік амбулатория (жиыны 531 адам) жұмыс атқаруда).


Тіркелген қылмыстар саны20 жағдайға немесе 4,8 пайызға азайып, 395 жағдайды құрады (2014 жыл – 415 жағдай).

Барлық қылмыстардың ашылу көрсеткіштері орта облыстық көрсеткіштердің деңгейінде қалыптасты.


Демография.

2016 жылдың 1 қаңтарына аудан аумағындағы халық саны - 41 039адамды құрады, 2014 жылдан 885 адамға немесе 2 пайызға кем.Туғандар саны - 737 адам, қайтыс болғандар саны - 365 адам, өсім - 372 адамды құрады. Миграциялық алмасудың нәтижесінде,531 адам келіп, кеткендер саны – 1 788 адам, теріс сальдо қалыптасып - 1 257 адамды құрады.


Жыл қорытындысы бойынша ауданның рейтингілік позициясы: 11 орын (2014 жыл – 13 орын), 8 – көрсеткіш бойынша позиция төмендеу, 4-уі бойынша жоғарылау байқалып, 1 – көрсеткіш бойынша 2014 жылдың үрдісі сақталған.
2016 жылға арналған міндеттер.


  1. Әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштерінің жоспарлы мәндері мен тікелей индикаторларына қол жеткізу;

  2. Өнеркәсіптік саладағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру: «Бақыршық тау-кен өнеркәсібі кәсіпорны» ЖШС, «ВЭУ Шар» ЖШС.

  3. Ауылшарушылығындағы жобаларды жүзеге асыру, оның ішінде, 3 000 бас ірі қара малға арналған мал бордақылау алаңы құрылысы,50 бас ірі қара малға арналған сүт – тауарлы фермасы және 5 – сүт қабылдау пункттерінің ашылуы. Мал басының санын төмендетпеу. Көктемгі егістік жұмыстарын сапалы жүргізу.

  4. Бюджет қаражатының игерілуін және меншік кірістердің болжамын 100 пайызға орындау.

  5. Бюджет қаражатын сапалы және уақытылы игеру арқылы даму бюджеті шеңберіндегі бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру.

  6. Әзірлену сатысындағы жобалық-сметалық құжаттамалар бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысын алу.

  7. Мемлекеттік сараптаманың оң шешімі бар жобалар бойынша сапалы бюджеттік өтінімдерді әзірлеу, республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландыру мәселесін шешу.

  8. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын, бюджеттік инвестициялық жобаларын, аудан нысандарына күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарын, нақты сектор жобаларын жүзеге асыру арқылы халықты жұмыспен қамту.

  9. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша келісілген Меморандумдардың орындалуын қамтамасыз ету, оның ішінде, Әуезов кентіндегі балабақша ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау.

  10. Әлеуметтік көрсеткіштерді орындау және жалақы бойынша берешекті болдырмау (мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда, шаруашылық нысандарында, жеке кәсіпкерлерде, шаруа қожалықтарда).


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет