Ақпараттандыру туралы



бет1/4
Дата03.07.2016
өлшемі211.5 Kb.
#175246
  1   2   3   4
Ақпараттандыру туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 217 Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 2, 13-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 2 ақпан N 28-29; "РЕСМИ ГАЗЕТ" 2007 жылғы ақпан N 8

МАЗМҰНЫ


      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша «ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым», «ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымды», «Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымның», «Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым», «ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымға» деген сөздер тиiсiнше «мемлекеттiк техникалық қызмет», «мемлекеттiк техникалық қызметтi», «Мемлекеттiк техникалық қызметтiң», «Мемлекеттiк техникалық қызмет», «мемлекеттiк техникалық қызметке» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Осы Заң ақпараттандырудың құқықтық негiздерiн белгiлейдi, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi құру, пайдалану және қорғау кезiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.



1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) автоматтандыру – адам еңбегiн жеңiлдету және оның нысандарын ығыстыру, үдерiстердiң өнiмдiлiгi мен ашықтығын арттыру мақсатында ақпаратты өңдеу, жүйелендiру, сақтау және беру үшiн ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
      1-1) ақпараттандыру – ақпараттық технологияларды пайдалану негiзiнде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастыру, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық үдерiс;
      2) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган;
      3) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      4) ақпараттандыру саласындағы оператор – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылған, мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мен мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау жөнiндегi, ақпараттандыру саласындағы бiрыңғай техникалық саясатты iске асыруға қатысу жөнiндегi мiндеттер, «электрондық үкiметтiң» инфрақұрылымы жобалық интеграторының функциялары жүктелген заңды тұлға;
      5) ақпараттық жұмыстар – электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi құру жөнiндегi қызмет;
      6) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, iздестiруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
      7) ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитке беру (бұдан әрi – депозитке беру) – бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманың даналарын депозитарийге сақтауға беру;
      8) ақпараттық жүйелердiң аудитi – ақпараттық жүйенiң ағымдағы жай-күйiнiң, онда болып жатқан iс-әрекеттердiң және оқиғалардың белгiлi бiр критерийлерге, техникалық регламенттерге, стандарттарға, нормативтiк-техникалық құжаттамаға және (немесе) тапсырыс берушiнiң талаптарына сәйкестiк деңгейiн белгiлейтiн, оларды бағалаудың жүйелi процесi;
      9) ақпараттық жүйелердiң, бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманың депозитарийi (бұдан әрi – депозитарий) – бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық кодтардың даналарын оларға iлеспе нормативтiк-техникалық құжаттамасымен бiрге жинақтауды, сипаттауды, сақтауды және жүйелеудi қамтамасыз етуге арналған арнаулы сақтау орны;
      10) ақпараттық-коммуникациялық желi – ақпараттық жүйелер арасындағы немесе олардың құрамдастары арасындағы өзара iс-қимылды, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды берудi қамтамасыз ететiн техникалық және аппараттық-техникалық құралдардың жиынтығы;
      10-1) ақпараттық-коммуникациялық желiлер мониторингi жүйесi – компьютерлiк оқиғаларға ден қоюды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауiпсiз пайдалану мәселелерi бойынша ақпараттық жүйелердiң, ақпараттық-коммуникациялық желiлер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иелерiне, иеленушiлерiне және оларды пайдаланушыларға жәрдем көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенi;
      11) ақпараттық қызмет көрсету – пайдаланушыларға ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнiнде қызмет көрсету;
      12) ақпараттық процестер – ақпаратты құру, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, iздеу, тарату және тұтыну процестерi;
      13) ақпараттық технологиялар – әдiстердiң, өндiрiстiк процестердiң және ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеудi, iздестiрудi, шығаруды, көшiрмесiн түсiрудi, беру мен таратуды қамтамасыз ететiн технологиялық кешенге бiрiктiрiлген бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
      14) аппараттық-бағдарламалық кешен – ақпараттық процестердi қамтамасыз ететiн бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
      15) ашық кiлттер инфрақұрылымы – Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес тiркеу куәлiктерiн басқаруға бағытталған ақпараттық жүйелер, ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенi;
      16) бағдарламалық өнiм – ақпаратты өңдеу жүйесiнiң компьютерлiк бағдарламаларының, рәсiмдерiнiң, әдiстерiнiң, қағидалары мен iлеспе құжаттамасының жиынтығы;
      17) алып тасталды - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      18) домендiк атау – Интернет желiсiндегi адрестеу ережелерiне сәйкес қалыптастырылған, желi объектiсiне атаулы жолданымға арналған және белгiлi бiр желiлiк мекенжайға сәйкес келетiн нышандық (әрiптiк-цифрлық) белгi;
      19) интерактивтiк қызмет көрсету – өзара ақпарат алмасуды қажет ететiн, пайдаланушыларға олардың сұраулары бойынша немесе тараптардың келiсiмi бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнiнде қызмет көрсету;
      20) интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желiде жұмыс iстейтiн электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргiзу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара iс-қимылды қамтамасыз ететiн ұйымдық құрылым;
      21) интернет-ресурстың меншiк иесi – интернет-ресурсты иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын толық көлемде iске асыратын субъект;
      22) компьютерлiк оқиға – ақпараттық жүйелердiң, ақпараттық ресурстардың, ақпараттық-коммуникациялық желiлердiң тиiсiнше жұмыс iстеуiне қауiп төндiретiн және (немесе) олардың айналысындағы ақпаратты заңсыз алу, көшiрмесiн түсiру, тарату, бұрмалау, түрлендiру, жою немесе бұғаттау үшiн жағдай жасайтын, олардың жұмысында жекелеген немесе сериялы түрде туындайтын олқылықтар;
      23) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы – «электрондық үкiметтi» қалыптастыруды және мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган;
      24) құжатталған ақпарат – материалдық жеткiзгiште тiркелген, өзiн сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн деректемелерi бар ақпарат;
      25) құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар – мемлекеттiк құпияларды қамтымайтын электрондық ақпараттық ресурстар, оларға қол жеткiзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектеледi немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда олардың меншiк иесi не иемденушiсi шектейдi;
      26) «Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесi – мекенжайлар және олардың құрамдас бөлiктерi туралы мәлiметтердi жасауға, жинақтау мен өңдеуге және Қазақстан Республикасының мекенжай алаңын бiрiздендiруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
      27) мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасы - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, ведомствоаралық ақпараттық-коммуникациялық желiден тұратын, басқару және ұйымдастыру мақсаттарын iске асыруға және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, аумақтық бөлiмшелерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың өзара iс-әрекетiне арналған, сондай-ақ «электрондық үкiметтiң» электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң өзара iс-әрекетiн қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желiсi;
      28) мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасының операторы - мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасының аппараттық-бағдарламалық кешенi бар және мемлекеттiк органдарға, аумақтық бөлiмшелер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға байланыс қызметiн көрсететiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;
      28-1) мемлекеттiк техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған, шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорын;
      29) пайдаланушы – өзiне қажеттi электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшiн ақпараттық жүйеге жүгiнетiн және оларды пайдаланатын субъект;
      30) транзакциялық қызмет көрсету – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететiн, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнiнде қызмет көрсету;
      31) электрондық ақпараттық ресурстар – электрондық түрде сақталатын (ақпараттық дерекқорлар), ақпараттық жүйелердегi ақпарат;
      32) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi иемденушi – аталған объектiлердi олардың меншiк иесi айқындаған шекте және тәртiппен иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқықтарын iске асыратын субъект;
      33) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi қорғау – ақпаратты алу, көшiрмесiн түсiру, тарату, бұрмалау, жою немесе бұғаттау жөнiндегi заңсыз iс-әрекеттердi қоса алғанда, электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi сақтауға, оларға заңсыз қол жеткiзудi болғызбауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенi;
      34) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердiң меншiк иесi – электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi иемдену, пайдалану және оларға билiк ету құқықтарын толық көлемде iске асыратын субъект;
      35) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмi – электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер сипаттамаларының жиынтығын қамтитын жүйеленген тiзбе;
      36) «электрондық әкiмдiк» – жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларын оралымды және сапалы орындауға бағытталған, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым негiзiнде өңiрлiк мемлекеттiк басқару жүйесi;
      37) электрондық қызмет көрсету – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық, интерактивтiк және транзакциялық қызмет көрсетудi ұсыну; 
      38) алып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      39) электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер – ақпараттық технологиялар қолданыла отырып көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер;
      40) алып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      41) «электрондық үкiмет» – мемлекеттiк функцияларды уақтылы және сапалы орындауға бағытталған, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым негiзiнде мемлекеттiк басқару жүйесi;
      42) «электрондық үкiмет» инфрақұрылымының жобалық интеграторы – «электрондық үкiметтiң» ведомствоаралық ақпараттық жүйелерiнiң өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi жобалық-ұйымдастырушылық және техникалық iс-шараларды жүзеге асыратын ұйым;
      43) «электрондық үкiметтiң» веб-порталы – нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтерге қол жеткiзудiң бiрыңғай терезесi болатын ақпараттық жүйе;
      44) «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерiн жүзеге асыру кезiнде екiншi деңгейдегi банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық жүйелерi арасындағы өзара iс-қимылды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
      45) «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзiнiң операторы – дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесiлi, «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға. «Электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi операторының дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) иемденушiлерi Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылады;
      46) «электрондық үкiметтiң» шлюзi – электрондық қызметтер көрсетудi iске асыру шеңберiнде «электрондық үкiметтiң» ақпараттық жүйелерiн интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе.
       Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы


              заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 

      3. Алып тасталды - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      4. Осы Заңның күшi ақпараттың мазмұны мен таратылу тәсiлдерiне қолданылмайды.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      3-бап. Ақпараттандыру объектiлерi мен субъектiлерi

      1. Электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер, ақпараттық жұмыстар мен электрондық қызметтер көрсету ақпараттандыру объектiлерi болып табылады. 

      2. Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттандыру саласындағы қызметтi жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға қатысатын мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар ақпараттандыру субъектiлерi болып табылады.



2-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК
РЕТТЕУ МЕН БАҚЫЛАУ

      4-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң


              мақсаттары мен принциптерi

      1. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту, оның iшiнде "электрондық үкiметтi" қалыптастыру, сондай-ақ елдiң әлеуметтiк және экономикалық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. 

      2. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк реттеу:
      1) азаматтардың жеке өмiрiне қол сұғылмаушылық және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қатаң сақтау; 

      2) жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы қызметке қатысуға және оның нәтижелерiн пайдалануға тең құқылығы; 

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жеткiзу шектелген электрондық ақпараттық ресурстардан басқа мемлекеттiк органдардың қызметi туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркiн қол жеткiзу және оларды берудiң мiндеттiлiгi (ашықтық презумпциясы); 

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жеткiзу шектелмеген кез келген электрондық ақпараттық ресурстарды iздеудiң, өндiру мен берудiң еркiндiгi; 

      5) электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану және ақпараттық технологияларды қолдану кезiнде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 

      6) электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында оларды жариялы таратудың не мемлекеттiк органдарға берудiң мiндеттi сипаты белгiленiп, олардың уақтылы берiлуi, объективтiлiгi, толықтығы мен дұрыстығы

      7) адал бәсекенiң қамтамасыз етiлуi; 

      8) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердi орталықтандырылған басқарудың қамтамасыз етiлуi; P070863

      9) ақпараттандыру саласының сенiмдiлiгi мен оны басқарудың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрыңғай стандарттар негiзiнде қамтамасыз етiлуi; 

      10) ақпараттық технологияларды қолдануға қойылатын талаптарды белгiлеу кезiнде технологиялық бейтараптылықтың сақталуы; 

      11) дербес деректердiң жиналуы, өңделуi оларды жинау мақсаттарымен шектеу қағидаттарына негiзделген.

      3. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.


      Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
       Ескерту. 4-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ақпараттандыру


              саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ақпараттандыру саласындағы құзыретiне: 

      1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;

      2) халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету; 

      3) ақпараттық жұмыстардың және электрондық қызметтер көрсетудiң нарығын қалыптастыру үшiн жағдайларды қамтамасыз ету; 

      4) "электрондық үкiметтi" қалыптастыру мен оның жұмыс iстеу, мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды және мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi құру мен дамыту және олардың Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiнде өзара iс-қимыл жасау жағдайларын қамтамасыз ету;

      5) мемлекеттiк органдардың электрондық құжат айналымының жүйесiн дамытуға, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануға жағдай жасау; 

      6) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану жөнiндегi шараларды әзiрлеу мен жүзеге асыру, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерге мемлекеттiк және жеке меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз ету; 

      7) ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттердi бекiту;

      8) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы ереженi және оның құрамын бекiту; 

      9) ақпараттандыру саласындағы операторды, «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзiнiң операторын және мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасының операторын айқындау;

      10) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердiң тiзбесiн бекiту; 

      11) мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшiн мемлекеттiк органдар мен заңды тұлғалар мiндеттi түрде беретiн құжатталған ақпарат пен электрондық құжаттардың тiзбесiн бекiту

      12) мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгiзiлетiн дербес деректердiң тiзбесiн бекiту;

      12-1) мемлекеттiк қызметтер көрсету мониторингi ақпараттық жүйесiнiң ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу қағидаларын бекiту;

      13) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң және депозитарийдiң мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу ережелерiн бекiту;

      14) мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi және мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi олардың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзу тәртiбiн бекiту; 

      15) мемлекеттiк органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тiзбесiн және оларды мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарында орналастыру тәртiбiн айқындау;

      16) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      17) алып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      18) алып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      19) алып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);


      19-1) бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютерлiк жүйенiң техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындыны беру қағидаларын бекiту;
      20) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
       Ескерту. 5-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 178-IV, 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi



      Уәкiлеттi органның құзыретiне:
      1) ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
      2) Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      3) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарға қатысу;
      4) ақпараттандыру саласында инвестициялық жобалар әзiрлеудi ұйымдастыру, ақпараттандыру саласын дамытудың және жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары мен басымдықтарын iске асыру, оның сапасын, қолжетiмдiлiгiн және жұмыс iстеуiнiң орнықтылығын арттыру;
      5) ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу;
      6) электрондық қызметтер көрсету нарығының жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау;
      7) «электрондық үкiметтi» қалыптастыру және мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық желiлердi дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiндегi үйлесiмдiлiгiн және өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
      8) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      9) ақпараттандыру саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, оның iшiнде ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық желiлердi қалыптастыру және олардың жұмыс iстеуi тәртiбiн, ақпараттық жүйелерге, ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларға аудит жүргiзу тәртiбiн, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекiту;
      10) инвестициялар тарту жүйесiн және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзiрлеу мен iске асыруды ынталандыру тетiктерiн жетiлдiру;
      11) ақпараттандыру саласындағы және «электрондық үкiметтi» қалыптастыру кезiнде қызметтi салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
      12) ақпараттандыру саласында және «электрондық үкiметтi» қалыптастыру кезiнде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
      13) Қазақстан Республикасының электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiн тiркеу;
      14) алып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      15) бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды, депозитарийдегi нормативтiк-техникалық құжаттаманы сынақтан өткiзу, тiркеу, беру, сақтау, депозитарийге берiлуiнiң толықтығын қамтамасыз ету және оларды тiркеу, беру және сақтау туралы мәлiметтердi ұсыну тәртiбiн бекiту;
      16) мемлекеттiк органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiн, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желiлерiн пайдалану және олардың өзара iс-қимыл жасау қағидаларын әзiрлеу және бекiту;
      17) мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын бағалау әдiстемесiн әзiрлеу және бекiту;
      18) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын әзiрлеу және бекiту;
      19) бюджет қаражаты есебiнен жасалатын және (немесе) сатып алынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң, аппараттық-бағдарламалық кешеннiң техникалық құжаттама (техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негiздеме, техникалық ерекшелiк) талаптарына сәйкестiгiне бақылауды жүзеге асыру;
      20) орталық мемлекеттiк органдар және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкiмдiктерiнiң интернет-ресурстарының жұмыс iстеуiн, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс iстеуiн және мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң автоматтандырылуын бақылауды жүзеге асыру;
      21) мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттiк ақпараттық және мемлекеттiк емес жүйелердi олардың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау;
      22) мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi пайдалануға (өнеркәсiптiк пайдалануға) қабылдау жөнiндегi iс-шараларға қатысу;
      23) ақпараттық жүйелердi құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналатын шығындар нормативтерiн әзiрлеу және бекiту;
      24) алып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      25) бюджет қаражаты есебiнен жасалатын және (немесе) сатып алынатын ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң, оның iшiнде оларға енгiзiлетiн өзгерiстердiң техникалық-экономикалық негiздемесiне, техникалық ерекшелiгiне және техникалық тапсырмасына сараптама жүргiзу;
      26) Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiнiң домендiк кеңiстiгiн тiркеудi айқындау, оны тiркеу, пайдалану және тарату тәртiбiн әзiрлеу және бекiту;
      27) ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық желiлердi «электрондық үкiмет» инфрақұрылымына интеграциялау үшiн оларды пайдалануда бiрыңғай технологиялық стандарттардың талаптарын орындау және компьютерлiк инциденттерге ден қою жөнiндегi қызметтi үйлестiру;
      28) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      29) алып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      30) ақпаратты алу, көшiрмесiн түсiру, тарату, бұрмалау, жою немесе бұғаттау бойынша заңсыз iс-әрекеттердi болғызбауды қоса алғанда, ақпараттық технологияларды қауiпсiз пайдалану мәселелерi бойынша ақпараттық жүйелердiң, ақпараттық-коммуникациялық желiлер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иелерiне, иемденушiлерi мен пайдаланушыларына жәрдем көрсету;
      30-1) бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютерлiк жүйенiң техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындыны беру қағидаларын әзiрлеу;
      30-1) алып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      30-2) алып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      30-3) алып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      31) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
       Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      7-бап. Орталық атқарушы органдардың ақпараттандыру



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет