Ақпараттық анықтама: Қр электрондық үкіметі Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті»



Дата23.02.2016
өлшемі17.5 Kb.
#3079
Ақпараттық анықтама: ҚР Электрондық үкіметі
Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» құру Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған болатын.

Е-үкіметті енгізу бағдарламасы Президенттің 2004 жылғы 10-шы қарашадағы Жарлығымен бекітілді.

2004-2006 жылдар аралығында «электрондық үкіметтің» веб-порталы мен шлюзі, ведомствоаралық электрондық құжат айналымы куәландырушы орталықтар, бірыңғай тасымал орта, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры іске қосылды.

www.egov.kz порталы өз жұмысын 2006 жылғы 12-ші сәуірде бастады. Іске қосу кезінде әр түрі мемлекеттік органдардың қызметін қамтыған 377 ақпараттық қызмет іске асырылды. 2007-2009 жылдар аралығында транзакция жүргізуге мүмкіндік беретін «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі бойынша жұмыстар жүргізілді. Порталда «Е-лицензиялау» бойынша деректер қоры мен алғашқы интерактивті қызметтер іске асырылды.

Бүгінгі күні «электрондық үкімет» жобасы аясында 2000 нан астам ақпараттық, 225 интерактивті және транзакциялық қызметтер ұсынылуда. Порталда 154 120 пайдаланушы тіркелген және күн сайын 25 000 адам порталды пайдаланады. Электрондық үкімет іске қосылған 6 жылдың ішінде 11 200 000 е-қызмет көрсетілді. Олардың 1 200 000нан астамы үстіміздегі жылы көрсетілді. 2012 жылғы 1-ші сәуірден бастап www.elicense.kz е-лицензиялау порталында лицензиялардың барлық түрі тек электрондық нұсқада беріледі.



www.egov.kz порталында ең көп сұранысқа ие электрондық қызмет - жылжымалы мүлікке қатысты анықтама. Жылжымайтын мүліктің бар (жоғы) туралы және жеке тұлғаның жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары туралы анықтаманы алу үшін, аталған қызмет іске қосылған 2009 жылдан бастап 6 миллион өтінім келіп түскен.

БҰҰ-ның әр екі жыл сайын өткізілетін ғаламдық зерттеу деректеріне сәйкес 2012 жылы Қазақстан 8 деңгейге көтеріліп, (2010 жылмен салыстырғанда)192 орынның ішінде 38-ші орынға ие болды. Бұдан өзге, онлайн-қызмет индексі 10, телекоммуникация инфрақұрылымының индексі 14 деңгейге артты. Е-қатысу индексі бойынша Қазақстан Сингапур елімен бірге екінші орынды иеленді.



2013 жылдың басына қарай әлеуметтік маңызға ие қызметтердің 60%-ын, 2014 жылға қарай - 100%-ын электрондық нұсқаға көшіру көзделуде. Сонымен бірге, 2012-2014 жылдары «электрондық үкімет» порталының архитектурасы мен шлюзін модернизациялау және тұрақтандыру, ықпалдастырылған қызметтерді іске асыру, Android және iOS платформаларына арналған «Мобильдік үкімет» қосымшасын әзірлеу жұмыстары жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет