Дәріс №8
Тақырыбы: Қауіпсіздік қызметіндегі биометрия
20-шы Ғасырдың соңында биометрияға деген қызығушылық жаңа стимул алды, компьютерлік жүйелерді жеке адамның биологиялық коды бойынша анықтап, оның жүйеге енуіне құқығын табу үшін қолданады.
Биометриялық идентификациялау көптеген мәселелерді тиімді шешуге қолайлы:
Қаскүнемдердің /злоумышленники/ құжаттарды ұрлау не жасанды құжаттар арқылы қорғалатын бөлімшелерге енуін болдырмау;
Ақпаратқа енуді шектеу және оның сақталуына персоналды түрде жауапкершілікті қамтамасыз ету;
Системаға енуді бақылаумен байланысты эксплуатациялауға кететін қосымша шығынды болдырмау /карталар, кілттер/ ;
Кілтті, парольді, картаны ұмытып немесе жоғалтып алатын жағдайдағы ыңғайсыздықты болдырмау;
Қызметкерлердің енуі мен келуін есепке алуды ұйымдастыру .
Биометриялық бақылау принципіне негізделген бағасы қалтаны көтеретін микропроцессорлы системалар жиырмасыншы ғасырдың 90-шы жылдарының басында пайда бола бастады /банкоматтар/. /доступные по цене/.
Биометриялық әдістің негізгі ерекшелігі- оның статикалық табиғатында. Құрылым есте сақтау коды болғандықтан, «сай келеді/сай келмейді» типті жауаптар береді. Биологиялық кодтың көшірмесін оның аналогымен салыстырғанда қатенің болу мүмкіндігі прибордың сезімталдығына байланысты.
Сондықтан биометриялық жүйенің сапасы екі түрлі техникалық сипаттамалармен анқталады: «бөтен адамды» қателесіп енгізу мүмкіндігі(бірінші орныдағы қате) және «өз адамын» қателесіп енгізбеуі (екінші орындағы қате).
Биологиялық уникалды код ретінде адам көптеген парметрлерді қолданады. Оларды физиологиялық, әр адамның анатомиялық ерекшелігене қарай негізделген, және тәртібіне, адамның өзін ұстай білу спецификасына негізделген, деп бөледі.
Системаға енуді бақылау жүйесінде қолданылатын адамның биометриялық параметрлері
Достарыңызбен бөлісу: |