Ақпараттық қауіпсіздік негіздері


Дәріс №15 Тақырыбы: Кодталған конструкциялар



бет28/45
Дата18.10.2023
өлшемі258.19 Kb.
#481043
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
À?ïàðàòòû? ?àó³ïñ³çä³ê íåã³çäåð³

Дәріс №15
Тақырыбы: Кодталған конструкциялар
Кодты конструкциялар негізінде қателерді түзетімен бірге орындалатын өзгерту алгоритмдері алғашқы кодты жасыру, маскировкалау бойынша ажыратылады. Белгілі криптоалгоритмдер ретінде Мак-Элайс криптоалгоритмі саналады, олар қателерді түзететін Гопп, Нидеррайгер, Крук, Габидуллин және тағы басқа кодтарын пайдаланады.
Құрамды криптографиялық жүйелер
Қазіргі кезде қолданылып жүрген криптограммалық жүйелердің тиімділігінің салыстырмалы анализі екікілтті жүйелерді шифрлеу алгоритмі құпия кілтті классикалық алгоритмнен баяулау екендігін көрсетеді. Сонымен қатар мәліметтерді ашық кілтпен шифрлеудің біркілтті жүйелерге қарағанда бірқатар артықшылығы бар.
1991 жылы американдық криптолог Ф.Зиммерманн құрамды криптограммалық жүйелер деп аталатын системаны қолдануға ұсынды, ол ашық және құпия кілтті системаларды бірге қолдануға негізделген. Бұл тәсіл PGP криптографиялық алгоритмдерді тұтынушылар үшін құрылды және жарияланды. (Pretty Good Privacy). Бұл криптоалгоритм жұмысының принципі 14 суретте көрсетілген.

14 сурет.
Ашық Х мәтінін шифрлеу үшін құпия кілтті сапалы және жылдам симметриялы шифрлеу алгоритмі қолданылады. Құрия кілт ретінде кездейсоқ сан сеансты Z кілті түрінде пайдаланылады. Сонымен қатар сеансты Z кілті бейсимметриялы шифрлеуді қолдануда /несимметричное/ мәліметті қабылдап алушының Z0 кілтінің көмегімен шифрленеді. Шифрленген мәтін Y=Ez(X) түрінде және сеансты кілт K=EZo(Z) түрінде қабылдап алушыға жіберіледі. Шифрлеуді ашып оқу процессі шифрлеуге қармама қарсы .
Мәліметті қабылдап алушының Zс кілті сеансты Z кілтін қалпына келтіру үшін қолданылады, және сонымен бірге қабылдап алынған Dz(Y) мәтінін симметриялы түрде шифрін ашып оқу кілті ретінде де пайдаланылады.
Криптосистемаларды қолданудың сенімділігі
Кез келген криптосистемалардың тиімділігі онда шифрленген ақпараттың анализге төтеп беретін мықтылығына бағынышты. Ал криптотұрақтылық жүйесі оны құрушы мен осы жүйені бұзуға әрекеттенген криптоаналитиктердің мүмкіндіктеріне байланысты. Қазіргі кезде жақы тексеруден өткен және іс жүзінде сыналған киптоалгоритмдер (кілттері симметриялы және бейсимметриялы) бар, криптотұрақтылықтары математикалық түрде дәлелденген, немесе күрделі математикалық теңдеулерді шешу қажеттілігіне негізделген (факторизация, дискретті логарифмдеу және т.б). олардың жалпыға белгі түрлеріне DES, RSA, ГОСТ жатады. Бірақ, келесі негізгі топты криптографиялық жүйелердің сенімсіздігін тудыратын себептері ретінде көрсетуге болады:

Шифрлердің криптотұрақтылығы анализіне ғылыми көзқарас 1949 жылы К.Шеннонның «құпия жүйелердегі байланыс теориясы» атты жұмысын жариялаған соң қаланды. Ол жүйелердің криптотұрақтылығын екі жақты – теориялық және практикалық тұраұтылық тұрғысынан қарауды ұсынды.
Теориялық тұрақтылық тұрғысында криптосистеманың қаншалықты мықты екендігін, егер оны бұзатын криптоаналитик уақыты шектелмесе және барлық қажетті құралдармен жабдықталған жағдайда қарайды. Теориялық криптотұрақтылық екі қателерді пайдаланады: криптоаналитикке тек шифрленген ақпарат белгілі және кілт тек бір рет қана қолданылады. Бұл сұрақтардың шешуі келесі тұжырымдар жасауға әкеледі: шифрды теориялық мықты құру үшін қажет құпия кілттің көлемі көптеген практикалық қолданыстар үшін өте үлкен.
Есептеу мықтылығы тұрғысынан криптосистеманың сенімділігін қарағанда, егер криптоаналитик уақыты шектелген болса, және шифрленген ақпараттың анализі үшін есептеу мүмкіндіктері болған жағдайлары қарастырылады.
Криптоанализ жалпы математикалық әдістерді қолдануға және криптографиялық қорғау үшін алынған жекелеген нақты әдістерді қолдануға негізделген.
Тұрақты криптоалгоритмдердің шағын жылдамдығы - бұл жақсы алгоритмдерді қолдануды, мысалы, жаппай шифрлеу жүйелерінде немесе жылдам шифрлеуді қиындататын фактор. Norton DiskReet бағдарламасы DES криптоалгоритмі болса да , тұтынушы кілтті ауыстырғанда дискіні түгел қайта шифрлей алмайды, себебі бұл процесс өте көп уақыт алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет