Ақпараттық қауіпсіздік негіздері


Дәріс №13 Тақырыбы: Өздігінен синхронизацияланатын желілі шифрлар



бет25/45
Дата18.10.2023
өлшемі258.19 Kb.
#481043
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
À?ïàðàòòû? ?àó³ïñ³çä³ê íåã³çäåð³

Дәріс №13
Тақырыбы: Өздігінен синхронизацияланатын желілі шифрлар
Өздігінен синхронизацияланатын желілі шифрларда (11 сурет) ашық мәтіннің символдары алдындағы n- символдардың шектеулі сандарын есепке алып шифрланады, олар кілттік тізбек құруға қатысады. Сонымен бірге Z құпия кілт болып, ПКТ генераторының кері байланысты функциясы алынады.

Математикалық теңдеуді қолданып, өздігінен синхронизацияланатын желілі шифрлеу принципін келесі түрде көрсетуге болады:
Уii Е Fz(yi-1, yi-2,.... yi-n) - шифрлеу,
Хii Е Fz(yi-1, yi-2,.... yi-n) – шифрді ашып оқу /расшифрование/,
Мұнда
xi, yi – ашық және шифрленген мәтіннің екі еселенген символдары ;
Fz(...)- Z кілтіне сәйкес келетін кері байланыстың функциясы;
n – ПКТ генераторының регистрлер саны.
Желілі шифрлау системасы өзінің параметрлері жағынан алғанда «бір кілтті» криптосистемаларға ұқсас,олардың кілттерінің размері шифрленетін мәтіннің размеріне тең болатын, сол себепті шифрленген мәліметтердің криптотұрақтылығын көп жоғарылатады. Осыған сүйене келсек, басқа криптосистемаларға қарағанда желілі шифрлеу әлдеқайда жоғары құпиялылыққа ие.
Жоғары байланыс линияларында қолданылатын желілі шифраторлар ретінде қолданылатындар, SEC-15, SEC-17, SDE-100 және басқалары. SEC-17 құрылымы, мысалы шифрлеу жылдамдығын 256 Кбит/с –тен 2304 Кбит/с дейін қамтамасыз етеді, оның кілті 72 оналты еселенген сандардан тұрады.. Желілі шифрлеудің CSD 807 құрылымы генераторында кілттік тізбекке 31-разрядты жылжыту регистрі қолданылған, ал желілі SDE-100 шифрлеудің генераторында 2 жылжыту регистрі қолданылады. Желілі шифрлеу принципі MSDS MARCRYP шифрлеу аппаратының құрылымында да қолданылады.
Желілі шифрлеуге салыстырмалы анализден соң келесі тұжырымдар жасауға болады:

  • синхронды желілі шифрлеуде, өздігінен синхронизацияланатындарға қарағанда қателердің көбею эффекті жоқ, яғни, шифромәтіндегі қателер саны қабылдап алушыдағы қате санына тең болады.

  • Синхронды желілерді қолданғанда мәліметті жіберіші мен қабылдаушының ПКТ генераторларын синхронизациялау жұмысын шешу қажет. Шифр мәтінініңдегі бір немесе бірнеше символдардың түсіп қалуы синхрнизациялаудың бұзылуына байланысты басқа символдардың қате ашып оқылуына әкеп соқтырады.

  • Синхронды желілі шифрларды қолданғанда мәліметті жіберуші мен оны алушының ПКТ кілттік генераторларын синхронизациялау мәселесін шешу қажет.

  • Өздігінен синхронизацияланатын желілі шифрлауда синхронизациялау шифрын қалпына келтіру автоматты түрде шифромәтіннің n-символдары арқылы орындалады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет