Ақпараттық қауіпсіздік негіздері


Дисплей- Компьютердің экранына ақпарат шығаруға арналған құрылғы. Жүйе қабықшасы



бет3/45
Дата18.10.2023
өлшемі258.19 Kb.
#481043
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
À?ïàðàòòû? ?àó³ïñ³çä³ê íåã³çäåð³

Дисплей- Компьютердің экранына ақпарат шығаруға арналған құрылғы.

  • Жүйе қабықшасы- Негізгі бағдарламамен жұмысты оңайлататын бағдарлама (бағдарламалар комплексі).

  • Операциялық жүйе- Деректерді өңдеу арқылы компьютердің барлық жұмысын ұйымдастыратын бағдарлама жүйесі.

  • Утилита (лат. сөзі Utilitas - пайда)- Пайдаланушыға енгізу-шығару,ақпарат тасымалдауыш құрылғыларымен, қосымша жұмыстарды орындау мүмкіндігін беретін бағдарламалар.

  • Интегралданған бағдарламалар пакеті- Бірнеше қолданбалы бағдарламаларды біріктіретін бағдарламалар.

  • MS-DOS операциялық жүйесінің параметрі- Түпкi каталогты немесе кез келген деңгейдегi iшкi каталогты көрсететiн маршрут

    2. Дәрістер


    Дәріс №1
    Тақырыбы: Ақпарат және ақпараттық қауіпсіздік
    Ақпарат дегеніміз не?
    Энциклопедиялық сөздікте оған келесі анықтама беріледі: латын тілінен анықтау, мазмұндау- адамдар арасында ауызша, жазбаша немесе басқа әдістермен берілетін мәліметтер; ХХ ғасырдың ортасынан – жалпы ғылыми ұғым, адамдар арасында, адам мен автомат, автомат пен автомат арасындағы ақпарат алмасу; жануарлар мен өсімдіктер арасындағы сигнал алмасу; бір клеткадан екіншісіне, ағзадан ағзаға белгілердің берілуі; кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі.
    Ақпарат – қоршаған орта туралы және онда өтіп жатқан процесстер туралы мәліметтер, адамдар оны сезеді немесе арнайы қондырғылар арқылы қабылдайды /Ожегов/. Ақпарат ұғымы әдетте, екі обьектінің араында өтеді- ақпарат беріші және ақпаратты қолданушы.
    Қазіргі кезде ақпараттың келесі жақтарын анықтайды:

    • Мәліметтер – мәліметтермен алмасу; жануарлар мен өсімдіктер арасында сигналдармен алмасу; генетикалық белгілерді беру

    • Фундаменталды философиялық категория, материя сияқты ол да үнемі барлық жерде болады, және өзінің материалды иесінен ажырамайды; негізгі кибернетикалық ұғымдарың бірі

    • Іздеп табуға және сақтауға орасан зор күш пен қаржы жұмсалатын өте маңызды ресурс

    • Өндіру мен сату үшін көп адамдар жұмыс істейтін құнды тауар

    • Кәсіпорындарды, армияны, қоғамдық структураларды жұмысқа қосатын, адамды жаралайтын және табысқа көтеретін күш

    Ақпарат деп жинақтау, өңдеу, қолдану және өзара алмасуға арналған мәліметтер обьетісін айтамыз.
    Ақпараттар түрлі мәліметтерді береді және түрлі процесстердің обьектісі ретінде оған «ақпаратты қорғау» деген қысқа ұғым сәйкес келеді. Бұл жағдайда ақпаратты қорғауға оны жинау, беру, өңдеу және сақтау процестерінде тұтастығы мен конфиденциалдығын қамтамасыз ететін шаралар жатады. Бұл анықтама «ақпаратты қорғау» және «ақпаратты қауіпсіздендіру» дегенді білдіреді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет