Ақпараттық хат 2015 жылдың 25-27 қарашасы



Дата11.06.2016
өлшемі47.32 Kb.
#128790
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
Ақпараттық хат
2015 жылдың 25-27 қарашасы күндері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық музыкасы Факультеті құрылуының 70 жылдық мерейтойын атап өтеді. Мерекелік шара аясында «Дәстүрлі музыкалық мәдениет: өткені мен бүгіні» атты II Халықаралық ғылыми-практикалық көнференция өткізіледі.

Конференция жұмысы келесі бағыттарда жүргізіледі:



  1. Дәстүрлі орындаушылық: өткені мен заманауилық.

  2. Дәстүрлі музыкалық мәдениет қазіргі білім беру көзімен.

  3. Музыкалық білім берудегі инновациялық технология.

  4. Қазіргі заманғы ғылым: теориялық және тәжірибелік көзқарас.

Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.


«Дәстүрлі музыкалық мәдениет: өткені мен бүгіні»

атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға



ӨТІНІШ


Қатысушының аты-жөні (толық)




Жұмыс орны,




Қызметі




Ғылыми дәрежесі, атағы




Баяндама тақырыбы




Бағыты




Конференцияға қатысуға қажетті техникалық құралдар (атауын көрсетіңіз)




Қаласы




Оқу орны, кафедраның атауы




Тұрғылықты орнының пошталық мекенжайы




e-mail:




Байланыс телефоны, факсы




Конференцияға қатысу түрі – іштей/сырттай



Қатысушылардан өзінің қатысуы туралы өтінішпен бірге материалдың (көлемі 5 бетке дейін) электрондық үлгісін (Times New Roman кегль 14) жіберу қажет, басқа түрде қабылданбайды. Ұйымдастыру комитеті материалдарды іріктеуді өз құқығына қалдырады. Қатысушы өтінішті үлгі бойынша рәсімдеу қажет. Конференция туралы барлық ақпараттар консерваторияның www.conservatoire.kz сайтына шығарылған.


Қаржылық жағдайы: конференцияға қатысушының жолақысын, жатын орны мен іссапар шығындарын жіберуші жақ төлейді.
Кіріс жарнасы: Конференцияға қатысушылар үшін кіріс жарнасы 3000 теңге.
Алыс, жақын шетелдерден, қала сыртынан келетін қатысушылар жарнасы конференция өтетін күні ЖОО-ның есеп бөлімінде қабылданады. Төлемақы көшірмесін құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық конференциясының «А» корпусы, 202 кабинетке тапсыру қажет.
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ:

  1. Мақала атауы ортасына орналасу керек (үлкен әріптермен, кегль 14);

  2. Ортадан төмен қатысушының аты-жөні (жай дыбыстармен, қою қара, кегль 12);

  3. Аты-жөнінің астына өзіңіз өкілі болып табылатын ұйым, қаланың атауы (жай дыбыстармен, кегль 12);

  4. Төмен жағына лектрондық мекенжай (курсивпен, кегль 10);

  5. Түйіндеме 60-80 сөз болу керек (кегль 12), (егер мақала орыс тілінде болса, түйіндеме қазақ, ағылшын тілдерінде болуы керек);

  6. Кілт сөз 10 сөзден кем болмау керек, жай дыбыстармен, курсивпен, кегль 12

  7. Жоғары, төмен, оң, сол жақ -20 мм, түрі – кітаби;

  8. Аралық интервалы – бірлік.



Әдебиеттерді рәсімдеу төмендегі үлгі бойынша:

1. Ерзакович Б.Г. Затаевич А.В. // Музыкальная энциклопедия. Т.2. – М.: «Сов. энциклопедия, 1974. – 439c.

2. Суперанская А.В., Подольская Н.В., Васильева Н.В. Общая 
терминология: Вопросы теории. – М.: Наука, 1989.  – 248 с.    

Мәтіннің ішіндегі сілтемелер келесі үлгі бойынша жасалады: 1,23, 1 – дереккөздің атауы, 23 – беті; 1;10, нүктелі үтірден кейін көрсетілген сан сілтеме жасалған әдебиетті көрсетеді.
Материалдар 2015 жылдың 20 қарашасына дейін (келесі мекенжай бойынша 050000, Алматы каласы, Абылай хан даңғылы, 86, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «А» корпусы, № 202 кабинетте dombyra2015@mail.ru эл. поштасына қабылданады.
Электрондық пошта тақырыбында міндетті түрде «Дәстүр мен даму» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысу үшін екендігін көрсету қажет. Керісінше болған жағдайда хат тіркеуден өтпеуі мүмкін. 8 701 887 76 55, 8 702 141 17 41 (Джунусова Балжан Бекеновна) телефоны хатты алу туралы растауды алу керек.
Халық музыкасы Факультеті құрылуының 70 жылдық мерейтойының өткізілу кестесі:
25 қараша,

10.00 – орта мамандандырылған музыкалық мекемелердің қатысушыларына арналға «Дәстүр және даму» атты байқау фестивалі (концерт залы)



26 қараша, «Дәстүр және даму» птты ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Үлкен зал

09.00 – 10.00 қатысушыларды тіркеу,

10.00 – 13.00 конференция қатысушылары мен қонақтарының қатысуымен пленарлық мәжіліс

13.00-14.00 – үзіліс (кофе-брейк),

14.30 – секциялар бойынша баяндамалар тыңдау

27 ноября

10.00-13.00 – Конференция қонақтарының, қатысушыларының шеберлік кластары (концерт залында, аудиторияларда, конференц-залында),

18.00 –Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның Үлкен концерт залында Гала-концерт.

Байланыс телефондары:

Балжан - 8 701 887 76 55, 8 702 141 17 41,

Алтынай - 8 701 628 0121,

Динара - 8 701 617 75 73.


Жұм.тел.: +7 727 261 78 95, 261 63 64
e-mail:

dombyra2015@mail.ru
Мекенжайы:

050000


Қазақстан Республикасы, Алматы каласы

Абылай хан даңғылы, 86

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

«А» корпусы, 202 офис


Аталған ақпараттық хатта көрсетілген шарттарды сақтауға назар аударуды ерекше өтінеміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет