АҚПараттық хат құрметті әріптестер!



жүктеу 47.21 Kb.
Дата28.06.2016
өлшемі47.21 Kb.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Операциялық жоспарына сәйкес «Педагогтің АКТ құзыреттілігін қалыптастырудағы біліктілікті арттыру жүйесінің рөлі» тақырыбында Республикалық он-лайн конференциясы өткізіледі.

Өткізу мерзімі: 2016 жылғы 30 наурыз, басталуы сағ.1000-де (Астана уақытымен).

Өткізу орны: Көкшетау қаласы, Абай көшесі 71, online.ripkso.kz/akmola

Конференцияның жұмыс тілі: қазақша, орысша

Конференцияның мақсаты: білім беруде және біліктілікті арттыру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиясын қолдану шеңберінде стратегияларды, саясат және озық тәжірибиелерді талқылау.
Он-лайн конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1) АКТ- педагогтің құзыреттілігі және кәсіби дамуы.

2) Педагогтің кәсіби құзыреттілігі дамуының құралы ретінде қашықтықтан білім беру технологиясы.

3) Біліктілікті арттыру жүйесінде АКТ құралдары арқылы педагогтердің ақпараттық құзыреттілігінің дамуы.

4) АКТ- біліктілікті арттыру жүйесінде АКТ пәнді жүргізуші - педагогтің құзыреттілігін қалыптастырудағы заманауи тәсілдер.

5) Сертификатталған мұғалімнің АКТ құзыреттілігі: тәжірибе және дамудың болашағы.

6) Білім беру қызметін ұйымдастыруда мектепке дейінгі, бастауыш және инклюзивті білім беруде желілік технологияларды және ресурстарды қолдану.

Конференция жұмысына «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалдарының басшылары, кафедралардың ПОҚ (профессор-оқытушылар құрамы) және бөлім мамандары, ЖОО (жоғары оқу орындарының) оқытушылары, ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім берудің) арнайы пән оқытушылары, білім басқармаларының, А(Қ) ББ (аудандық, қалалық білім бөлімдерінің) әдіскерлері, білім беру мекемелерінің басшылары, директорлардың орынбасарлары, білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.

1.Он-лайн конференцияға қатысу үшін беріліп отырған үлгі бойынша өтінім (1-қосымша);

2.Мақаланың мәтіні басылымдық талаптарға сай ресімделу қажет (2-қосымша);


Баяндама жасайтын конференция қатысушыларына сертификаттар жіберіледі.

Конференция жұмысына қатысу үшін 2016 жылдың 25 наурызына дейін көрсетілген akmolimk@mail.ru электрондық поштаға өтінімді және тезистерді жіберу қажет.

Конференция қорытындысы бойынша электрондық жинақ шығару жоспаралануда, ол akmol-orleu.kz сайтында жарияланады.


Он-лайн- конференциясының жауапты модераторлары:

Мұқанова Роза Ақылбайқызы, ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы - 8 (7162) 40-19-88, 87077276406

Сейпиев Даулет Маратұлы, ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы/техникалық мәселелер бойынша жауапты - 8 (7162) 40-19-88, 87761492393

1-қосымша

Республикалық он-лайн конференциясына қатысуға



ӨТІНІМ

«Педагогтің АКТ құзыреттілігін қалыптастырудағы біліктілікті арттыру жүйесінің рөлі»




Қатысушының аты-жөні (толық)






Ғылыми дәрежесі/ғылыми атағы,






Жұмыс орны, лауазымы (толық, қысқартусыз)






Баяндаманың тақырыбы






Бағыт






Ұсынатын ұйым, қала, облыс (қысқартусыз)






Байланыс телефоны (жұмыс) қала кодын көрсетумен






Ұялы телефон






E-mail



2-қосымша




МАТЕРИАЛДАРДЫ РеСІМДЕУДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ
- Материалдың көлемі 3-5 парақ, бет

- Шрифт «Тimes New Roman», кегль - 12, бір интервал, бос жері – 1,25, жолдары - 2 см;

Оң жақ жоғары бұрышында автордың фамилиясы, аты, әкесінің аты (толық);

- Төменде – қызметі, ғылыми дәрежесі, ұйым, облыс, қала;

- Мақаланың атауы бас әріппен, қалың қаріппен, соңында тыныс белгісіз, ортасында теңестіріледі;

- Мәтіннің соңында қолданылған әдебиет көрсетіледі (әдебиет саны 5 аспауы керек);

- Бөлек құжаттармен мәтін материалдары және өтінім бір папкада жинақталсын.

Ұсынылған материалдар Конференцияның тақырыбы мен мазмұнына және ресімделуіне қойылған талаптарына сай болмаса, ұйымдастыру комитеті жарияламау бойынша бас тарту құқығын өзіне қалдырады. Материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Жарияланған материалдың мазмұнына авторлар жауап береді.



Өтініштерді және баяндамалардың тезистерін akmolimk@mail.ru электрондық поштаға жіберіңіздер.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет