АҚпараттық хат



Дата17.06.2016
өлшемі21.44 Kb.
#142398

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Қазақ хандығына − 550 жыл» тақырыбы бойынша 2015 жылдың 9-10 сәуірінде университет ішілік студенттік «БҚМУ көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы өткізілетіндігі туралы хабарлайды және оның негізгі ережесімен танысуды ұсынады.
«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА - 550 ЖЫЛ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША СТУДЕНТТІК «БҚМУ КӨШБАСШЫСЫ» ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ережелер:

  • Аталған ереже «Қазақ хандығына - 550 жыл» тақырыбы туралы «БҚМУ көшбасшысы» интеллектуалдық сайысының ұйымдастырылуы мен өткізілуін реттейді.

  1. «БҚМУ көшбасшысы» интеллектуалдық сайысының мақсаттары мен міндеттері:

  • Студенттердің тарихи-танымдық және зерттеу әлеуетін анықтау;

  • Студенттердің патриоттық және шығармашылық қабілеттерін ашу, Отан сүйгіштік қасиеттерінің артуына ықпал жасау.

  1. «БҚМУ көшбасшысы» интеллектуалдық сайысына қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алуы шарт;

  • Сайыс мемлкеттік тілде өткізіледі.




  1. «БҚМУ көшбасшысы» интеллектуалдық сайысының ұйымдастырылу және өткізілу тәртібі:

  • «БҚМУ көшбасшысы» интеллектуалды сайысы екі кезеңнен тұрады (сырттай және іштей);

  • Алғашқы сырттай өткізілетін кезеңде қатысушылар 50 сұрақтан тұратын жазбаша тест тапсырады. Сол арқылы келесі кезеңге іріктеледі;

  • Екінші іштей кезеңге іріктелген 10 студент жолдама алады;

  • Екінші кезең 4 деңгейден тұрады:

1. «Аламан бәйге» кезеңінде қатысушыларға ортақ 10 сұрақ беріледі.

2. «Полиглот» кезеңінде 1 минуттың ішінде қатысушы 20 сұраққа жауап беруі тиіс.

3. «Ғажайып төрттік» кезеңінде экранда төрт тақырыпқа байланысты 10, 20, 30, 40, 50 баллдық сұрақтары бар ұяшықтар беріледі.

4. «Жас ғалым» тақырыбымен өтетін бұл кезеңде студенттерге «Қазақ хандығына - 550 жыл» тақырыбында баяндамаларын қорғау ұсынылады.



  • 10 қатысушы ішінен білімімен, тапқырлығымен алға суырылып шыққан студент «БҚМУ көшбасшысы» болуға мүмкіндік алады. Жеңімпаздар «Алғыс хаттармен», бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Байқаудың өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Достық даңғылы, 162. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.

Ұйымдастыру комитеті: БҚМУ студенттік ғылыми қоғамы

Байланыс телефондары:

БҚМУ студенттік ғылыми қоғамының төрағасы:

Сапарбаев Жұмабек Суевбаевич

Телефон: +7 7112 260368; +7 775 749 7216

Электронды почта: Jumabek_94@bk.ru



БҚМУ студенттік ғылыми қоғамының төрағасының орынбасары Жүсіпкереева Гүлжайнар

Телефон: +7 777 861 8637

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет