1996 ж. АҚШ ірі компанияларының қызметі туралы деректер берілген. № | Таза табыс, АҚШ млрд. долл., у | | Пайдаланылған капитал, АҚШ млрд. долл., х2 | | Компанияның нарықтық капитализациясы, АҚШ млрд. долл., х4 | 1 | 0,9 | 31,3 | 18,9 | 43 | 40,9 | 2 | 1,7 | 13,4 | 13,7 | 64,7 | 40,5 | 3 | 0,7 | 4,5 | 18,5 | 24 | 38,9 | 4 | 1,7 | 10 | 4,8 | 50,2 | 38,5 | 5 | к | 20 | 21,8 | 106 | 37,3 | 6 | 1,3 | 15 | 5,8 | 96,6 | 26,5 | 7 | 4,1 | 137,1 | 99 | 347 | 37 | 8 | 1,6 | 17,9 | 20,1 | 85,6 | 36,8 | 9 | 6,9 | 165,4 | 60,6 | 745 | 36,3 | 10 | 0,4 | 2 | 1,4 | 4,1 | 35,3 | 11 | 1,3 | 6,8 | 8,0 | 26,8 | 35,3 | 12 | 1,9 | 27,1 | 18,9 | 42,7 | 35 | 13 | 1,9 | 13,4 | 13,2 | 61,8 | 26,2 | 14 | 1,4 | 9,8 | 12,6 | 212 | 33,1 | 15 | 0,4 | 19,5 | 12,2 | 105 | 32,7 | 16 | 0,8 | 6,8 | 3,2 | 33,5 | 32,1 | 17 | 1,8 | 27 | 13,0 | 142 | 30,5 | 18 | 0,9 | 12,4 | 6,9 | 96 | 29,8 | 19 | 1,1 | 17,7 | 15,0 | 140 | 25,4 | 20 | 1,9 | 12,7 | 11,9 | 59 | 29,3 | 21 | -0,9 | 21,4 | 1,6 | 131 | 29,2 | 22 | 1,3 | 13,5 | 8,6 | 70,7 | 29,2 | 23 | 2 | 13,4 | 11,5 | 65,4 | 29,1 | 24 | 0,6 | 4,2 | 1,9 | 23,1 | 27,9 | 25 | 0,7 | 15,5 | 5,8 | 80,8 | 27,2 |
а) Көптік регрессияның сызықты теңдеуінің параметрлерін есептеңіз;
б) Икемділіктің орташа (жалпы) коэффициенттері көмегімен факторлардың нәтижелерімен бірге байланыс күшінің салыстырмалы бағасын беріңіз;
в) t-критерий көмегімен регрессиялық модель параметрлерінің статистикалық мәнділігін; теңдеу мәнділігі туралы нольдік гипотезаны бағалаңыз және F-критерий көмегімен байланыс тығыздығының көрсеткішін тексеріңіз;
г) Аппросимацияның орташа қателігі арқылы теңдеу сапасын бағалаңыз;
д) корреляцияның жұп және жеке коэффициенттер матрицасын есептеңіз және олардың негізінде t-критерий бойынша регрессия коэффициенті үшін модельге ақпараттық факторларды таңдап алыңыз;
е) егер факторлардың болжам мәні олардың максималды мәнінен 80% құраса, нәтиженің болжам мәнін есептеңіз;
ж) 5% немесе 10% (α=0,05; α=0,10) мәнділік деңгейі үшін қателікті және болжамның сенімділік интервалын есептеңіз;
з) Алынған бағаларды бағалаңыз.
4. студенттің өздік жұмысы
4.1.Өздік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар: студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) реферат түрінде орындалады және студенттердің өздік жұмысын қойлатын талаптарға сәйкес тапсырылады.
Өздік жұмысты бақылау келесі формада өтуі мүмкін:
– жасалған жұмысты көрсету;
– өздік меңгерген тақырып бойынша баяндама;
– аудиториялық сабақтарды немесе ОБСӨЖ-де ауызша сұрау;
– жазбаша орындалған тапсырмаларды қорғау.
Өздік жұмысының нәтижелерін тапсырмаған студент қорытынды аттестацияға жіберілмейді.
Өз бетімен меңгерген материал оқытушумен бірге меңгерілген материалмен қоса қорытынды бақылауға шығарылады.
4.2.Өздік жұмыс тақырыптары:
1. Математикалық модельдеудің экономикалық ғылымдағы орны. Экономикадағы статистикалық көрсеткіштер мінездемесі.
2. Тұтынушылардың тауар жиынтығын таңдауы. Слуцкий теңдеуі. Алмастыру және табыс әсері.
3. Фирманың ресурстар баға өзгерісіне реакциясы және монополия мен бәсекелік нарықтағы өнім бағасы.
4. Вальрас моделіндегі бәсекелік теңдестік. Вальрас заңы.
5. Леонтьев моделінің өнімділігі және табыстылығы. Нейман моделіндегі біртекті дамудың максималды қарқыны.
6. Ақша және тауар нарығы модельдері. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс функциялары. Экономиканың стационарлық жағдайы.
7. Тиімді экономикалық даму мәселелерін зерттеу.
8. Тарату заңы жайлы гипотезаны тексеру. Робасттық статистикалық бағалау.
9. Корреляциялық талдау. Кендалл, Спирмен коэффициенттері. Дисперсондық талдау.
10. Факторлық талдау. Негізгі факторлар әдісі. Көпдеңгейлі шкалдау.
11. Кластерлік талдау әдісі. Дискриминанттық талдау.
12. Экономикадағы жобалау. Эксперттік зерттеу көрсеткіштерін қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |