Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздерін меңгеру пәнінен модульді бағдарламаның ОҚУ-Әдістемелік кешені //І курс// //48 сағат// Дайындаған: Құнапия Н.Қ 2021-2022 оқу жылы «келісілді»



бет24/106
Дата15.01.2022
өлшемі1.47 Mb.
#454595
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   106
УМК Кәсіби АКТ1

Электрондық кесте – термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады. Кестелерді өңдеуге жататын іс - әрекеттер:

  1. функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептер жүргізу.

  2. түрлі – түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.

  3. тиімді ету мәселелерін шешу.

  4. белгілі бір критерийлерді қанағаттындыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.

  5. графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.

  6. мәліметтерді статистикалық талдау.

Электрондық кестелердің қундылығы, олардағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады

Microsoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жэүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай – ақ , оқып – үйренуге, ғылыми – зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.

Бұл программамен жұмыс істеуді үйрену алдында бірнеше жаңа ұғымдарды енгізелік.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Жолдардың максималдық саны 16384-ке, ал бағаналар саны 256-ға тең. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді (мәтін, сан, формула) енгізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет