Системалық меню – тереземен жасалынатын негізгі қимылдардың командаларының тізімі.
Сілтеме – 1.Байланысу адресі, сілтеу. 2. Курсор.
Сілтеуіш – файлдық жүйемен жұмыс істейтін программасы. Оның көмегімен каталогтар мен файлдар көшірмесін алуға, орын ауыстыруға, өшіруге, компьютерлік торапта жұмыс жасауға, программаларды іске қосуға, дискеттерді форматтауға болады.
Сканер – мәтіндік және графикалық информацияны оптикалық оқу тәсілі арқылы компьютерге енгізуге арналған құрылғы.
Сопроцессор – негізгі процессордың функционалдық мүмкіндіктерін толықтыратын мамандандырылған процессор.
Достарыңызбен бөлісу: |