Ақпараттық технологиялар кафедрасы 6В06101–«Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған



бет31/41
Дата14.03.2022
өлшемі277.21 Kb.
#456244
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Введение в спец лекция

Графикалық редакторлар. Бұл программа класы графикалық бейнелеуді өңдеу және құру үшін арналған. Берілген класта мынадай келесі категорияларға бөлінеді: растрлық редакторлар, векторлық редакторлар және программалық құралдар құру және үш өлшемді графиктерді өңдеу үшін (3D-редакторлар).
Растрлық редакторлар графикалық объект комбинациялық нүкте түрінде көрсетілген жағдайда қолданылады, яғни айқындық және түс қасиеттері бар растр пайда болады. Бұл жол тиімді, егер графикалық бейнелеудің көптеген жартылай түсті және элементтердің түсі туралы ақпараты бар болса, яғни құрастырылған объекті оның формасы туралы ақпараттан маңыздырақ. Бұл фотографиялық және полиграфикалық бейнелеулерге тән. Растрлық редактор бейнелеуді өңдеу үшін, фотоэффектіні құру және көркемділік композициялар үшін кеңінен қолданылады. Растрлық редактор құралының жаңа бейнеленген құру мүмкіндігі шектеулі және әркезде ыңғайлы емес. Көп жағдайда суретшілер әдеттегі саймандармен қолдануды жөн көреді, кейін суретті компьютерге арнайы аппараттың (сканер) көмегімен енгізеді және жұмысты растрлық редакторлардың арнайы эффект жолын қолданумен аяқтайды.
Векторлық редакторлардың растрлардан берілген бейнелеу туралы көрсетілімі әдісімен ерекшеленеді. Векторлық бейнелеудің элементар объектісі нүкте емес, түзу болып табылады. Бұл графикалық- сызу жұмысына тән, яғни ондағы құрастырылған жеке нүктелердің түсі туралы ақпараттан гөрі форманың сызығының үлкен мәні бар. Векторлық редакторларда әрбір сызық үшінші реттегі математикалық қисық түрінде қарастырылады, сәйкесінше комбинациялық нүкте түрінде емес, математикалық формуламен көрсетіледі. Элементарлы объектілерден қарапайым геометриялық объектілер құрылады. Векторлық график құралымен орындалған көркемдік суреттеу өзара бір-бірімен байланысқан он мыңдаған қарапайым объектіні ұстап тұруы мүмкін. Векторлық редактор бейнелеуді құру үшін ыңғайлы, бірақ тәжірибеде дайын суретті өңдеу үшін қолданылмайды. Олар жарнамалық бизнесте кең қолданыс тапты, сонымен қатар полиграфиялық баспаның тысын хаттау үшін және барлық жерде көркемдік стилдің жұмысы сызуға жақын болса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет