Сегiздiк санау жүйесi
Сегiздiк санау жүйесi, яғни сегiздiк негiздеушi санау жүйесi, сегiз цифрдың көмегiмен санды көрсетедi: 0,1,2,3,4,5,6,7.
Мысалы, 356 санын негiздеушi 8 қосындысы түрiнде жазайық:
356=3*82+5*81+6*80
Оналтылық санау жүйесi
Оналтылық санау жүйесiнде санды жазу үшiн ондық санау жүйесiнiң цифрлары 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 және жетпейтiн алты цифрды белгiлеу үшiн ондық сандарының мәнi 10,11,12,13,14,15 болатын сәйкес латын алфавитiнiң алғашқы үлкен әрiптерi: A,B,C,D,E,F қолданылады. Сондықтан оналтылың сандарда, мысалы, 3Е5А түрi болуы мүмкiн. Осы санды негiздеушi 16 қосындысы түрiнде жазайық:
3Е5А=3*163+Е*162+5*161+А*160
Сандардың қандай сандық жүйеде тұрғанын бiлу үшiн, оның төменгi жағына индекс жазылады және индекске қандай жүйеде екенi көрсетiледi.
Сандарды бiр санау жүйесiнен басқа санау жүйесiне ауыстыру Ондық санау жүйесiндегi сандарды басқа санау жүйелерiне ауыстыру
Ондық санау жүйесiндегi санды екiлiк санау жүйесiне ауыстыру үшiн санды 2-ге бөлу керек. Алынған бөлiндi екiден кiшi болғанша бөлiнедi де, қалған қалдықты керi бағытта жазады. Мыс:
129:2=64 (1) 12910=100000012
64:2=32 (0)
32:2=16 (0)
16:2=8 (0)
8:2=4 (0)
4:2=2 (0)
2:2=1 (0)
1:2=0 (1)
Ондық санау жүйесiндегi санды сегiздiк санау жүйесiне ауыстыру үшiн екiлiк жүйесiне ауыстырған әдiстi қолданады. Бiрақ бұл кезеде санды сегiзге бөледi. Мыс:
129:8=16 (1) 12910=2018
16:8=2 (0)
2:8=0 (2)
Ондық санау жүйесiндегi санды оналтылық санау жүйесiне ауыстыру үшiн тек санды сегiздiң орнына он алтыға бөлу керек. Мыс:
129:16=8 (1) 12910=8116
8:16=0 (8)
Басқа санау жүйесiндегi сандарды ондық санау жүйесiне ауыстыру
Екiлiк санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару:
100000012=1*27+0*26+0*25+0*24+0*23+0*22+0*21+1*20=128+1=12910
Сегiздiк санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару:
2018=2*82+0*81+1*80=128+1=12910
Оналтылық санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару:
8116=8*161+1*160=128+1=12910
Достарыңызбен бөлісу: |