Бағдарламалық қамтаманың (БҚ) эксплуатациялық шарттары қайсылар?
БҚ-ны эксплуатациялау дегеніміз не?
БҚ-ның дұрыстығы және сенімділігін түсіндіріңіз?
БҚ-ның әмбебаптылығы, қауіпсіздігі және тиімділігі ұғымдары?
БҚ-ның бағдарламалық және аппараттық сәйкестілігі дегенде нені түсінесіз?
БҚ-ның пайдаланушыға бейімділігі дегеніміз не?
Программалық жабдықтардың эксплуатациялау шарттарын атаңыз?
Программалық кодтарды кездесетін қателердің классификациялары?
Динамикалық қате дегеніміз не?
Логикалық қателерді қалай түсінесіз?
Программалауда кездесетін ерекше жағдайлар?
С++ -те ерекше жағдайларды өңдеу жолдары?
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖИНАҒЫ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС № 1
Тақырыбы: С++ тілінің стандартты типтері
Жұмыстың мақсаты: С++ тілінің базалық типтерімен таныс болу және қарапайым бағдарламалар жазужы үйрену.
Оқу-зертханалық құрылғылар тізімі: Дербес компьютер немесе ноутбук, Windows/Linux/macOS операциялық жүйелерінің бірі, Turbo С++/Dev C++/Visual C++ бағдарламалау орталарының бірі.
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Олар:
С++ тілінде мәліметтердің бірнеше негізгі типтері қолданылады.
char (8 бит) – символдық, яғни таңбалық тип;
short – қысқа бүтін сан;
int – бүтін сан типі;
long – екі еселенген бүтін сан;
unsigned – таңбасыз бүтін сан;
float – нақты сан типі, яғни жылжымалы нүктелі сандар;
double – екі еселенген нақты сан типі;
long double – ұзартылған әрі екі еселенген нақты сан типі.
Алғашқы төрт тип бүтін сандарды сипаттау үшін қолданылады.
Төмендегі кестеде әртүрлі типтердің ұзындықтары көрсетілген
Кесте 1. С тілінің ішкі құрамындағы мәліметтер типтері мен олардың ені (ұзындығы)
Достарыңызбен бөлісу: |